Зерттеу әдiстерi: зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық әдiстемелiк әдебиеттерді теориялық және қолданбалық тұрғыдан талдау; белгiленген мiндеттердi шешiп, ғылыми болжамды тексеру және оны тәжiрибе арқылы байқау; студенттердің орындаған жазбаша жұмыстары мен ауызша жауаптарын талдау; пiкiрсайыс, сауалдама, диалог туралы тұжырымдама жасау; оқытудағы дәстүрлi әдiстегi құндылықтар мен жаңа технологияның тиiмдi тәсiлдерiн көрсету; тiлдердi оқыту барысында студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиiмдi жолдарын айқындау, берілген әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- студенттердің танымдық қызығушылығын технологиялық, жеке тұлғалық жаңа талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық негізі анықталды;
- оқыту барысында студенттердің танымдық қызығушылығын халықтық тәрбие арқылы қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштері негізделді;
-студенттердің танымдық белсенділікті арттырудың дидактикалық шарттары анықталды;
- ЖОО оқу үрдісінде халық педагогикасының элементтерін қолдана отырып танымдық қызығушылығын арттырудағы педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәндiлiгi: диссертацияда негізделген теориялық пайымдаулар мен практикалық ұсыныстарды жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді дайындауға және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- студенттердің танымдық қызығушылығын оқыту үрдiсiнде қалыптастырудың теориялық негіздері;
- оқыту үрдiсiнде студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компонеттері, көрсеткіштерінің сипаттамасы;
- оқыту үрдiсiнде студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттарының жиынтығы;
- оқыту үрдісінде студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерінің жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |