Зерттеу базасы: тәжірибелік эксперименттік жұмыстарымыз 38 мектепте жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігi мен негізділігі: тақырыпқа байланысты жүргiзiлген ғылыми әдiстер мен талдаулар бүгiнгi күннiң қажеттi тұрғысынан қарастырылды. Зерттеу проблемасын негiздеу, зерттеу оқу пәндерiнiң бағдарламалық мақсатына сәйкес, олардағы үздiк тәжiрибелер мен әдiстерiн тоғыстыра пайдалану арқылы танымдық түсiнiк қызығушылық қалыптастырудың тиiмдi жолдары айқындалды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелердің әдіснамалық негізделуімен, теориялық түбегейлігімен, зерттеудің мақсатына міндетіне ізденіс логикасына сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелермен дәлелденіп, негізделді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибе енгізу:
- студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мәнiн оқыту үрдісінде халықаралық және республикалық конференцияларда баяндап пiкiр алысылды;
- зерттеу жұмысының мазмұны ғылыми журналдарда жарияланды;
- республикалық, қалалық бiлiм жетiлдiру институттары ұйымдастырған курстарда мұғалiмдерге арнап лекциялар оқылды;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: диссертация кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі мен маңызы анықталып, ғылыми жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәнділігі ашып көрсетілген, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі баяндалған.
«Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасының элементтерін пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері » деген бірінші бөлімінде танымдық қызығушылықты қалыптастыру идеясының пайда болуы мен қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, танымдық қызығушылық ұғымына түсінік берілді. «Оқыту процесінде халық педагогикасының элементтері арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру формасы мен әдістері » деген екінші бөлімінде халық педагогикасын пайдалана отырып, студенттердің танымдық қызығушылығының қалыптасуының деңгейлері мен көрсеткіштері анықталды. Халық педагогикасын оқыту арқылы студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптасуының басты дидактикалық шарттары ғылыми негізделді.
Қорытындыда студенттердің танымдық қызығушылығын оқыту үрдісінде қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері нақтыланды. Зерттеу нәтижелері негізінде жасалынған негізгі тұжырымдау келтірілді, зерттеудің перспективалары көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |