Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері



бет7/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
сапаркулова

сурет 1. Танымдық әрекеттің құрамды бөліктері


Адамның анатомиялық жаратылысынан бастау алатын таным, ең алдымен, табиғи жүйенің бір бөлшегі, ішкі физиологиялық тәртіптің жемісі деп қарастырылары анық. Өзге салаларға қарағанда, әлде-қайда бұрын дүниеге келген когнтивтік психология да танымның антропологиялық негіздерін дәл анықтауға көмектеседі. Танымдық процестер психологиясын адамның ментальды дамуымен сабақтастырған аталмыш ғылым алғашында теориялық бағыттардың бірі ретінде қалыптасса, кейін ол «когнитивтік төңкерілістің» алғышартын құрады, себебі «Жалпы психология» курсында «психика - объективті әлемнің субъективті қабылдауда көрініс табуы»,-деп түсіндіріліп келеді.[29] Осыған орай, психологиялық әдістер де, бір жағынан, аналитикалық зерттеулерге сүйенсе, екінші жағынан, синтетикалық ізденістердің жүзеге асуын қадағалайды. Алғашында өмірдің әр түрлі кезеңдеріне, адамның әрекет ету өзгешеліктеріне қатысты айқындалатын психика элементтерін танып білу көзделетін болса, келесі зерттеулер алуан түрлі психикалық көріністерді сұрыптау негізінде жалпы адамзатқа тән ортақ белгілерді дәйектеуге бағытталды. Осыған орай, адам психологиясын таныммен байланыстыру қажеттігі туды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 ж. ғылыми айналымға ұсынған У.Найссер оны бихевиористік теорияға қарсы дамыған бағыт деп сипаттады. Адамның ішкі психикалық өзгешеліктерін зерттеу кезінде байқалған қарама-қайшылықтар әр теориялық тұжырымның өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын сұрыптады.[30] Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды. Сол себепті Р.Л.Солсо танымдық психологияның ғылыми-теориялық принциптерін жалпы психологияның 10 негізгі саласы мен олардың тұжырымдары құрайды деп есептеді. Олардың қатарында ғалым қабылдау, бейне-образдарды тану, көңіл-бөлу, жады қызметі, елестету, даму, ойлау мен мүмкіндіктерді шешу, адамның ақыл-парасаты мен жасанды интеллект, тілдік функциялар сияқты құбылыстардың психологиялық белгілерін атап өтті. Бастапқы кезде психологтар танымдық әрекетті ойлау жүйесінің бір бөлігі деп қана бағаласа, кейін зерттеушілер оны функционалды-прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат тірішілігіне аса қажет фактор ретінде саралады. Сөйтіп, психология ғылымының нысанын құраған көптеген мәселелерді жаңа қырынан талдауға әрі адам табиғатының ішкі мүмкіндіктерін тың сипатта түсіндіруге жағдай жасалды. Мәселен, бала психологиясының өзіндік проблемаларын зерттеген ғалымдар 60-жылдарда оның тек ойлау жүйесінің қызметіне және азды-көпті жекеленген заттарды тану әрекетіне назар аударды. Когнитивтік психологияның қалыптасуы баланың ақыл-санасының дамуына ықпал етер факторларды жан-жақты таразылауға мүмкіндік берді, себебі бұдан былай «адам - ерекше танымдық жүйенің иесі» ретінде айқындалып, хабар алу, оны өңдеу, жадыда сақтау мәселелерінің барлығы дерлік психотанымдық негізде талдана бастады. Нәтижесінде алғашқы проблемалар жігі бала санасында көрініс табатын бейнелі образдарға сипаттама берумен шектелсе, уақыт өте келе, олардың қатарына баланың хабарды меңгеруі, оған өзіндік қарым-қатынасын байқатуы секілді мәселелер қосылып, негізгі танымдық ұғымдарға мән беру көзделді. Қабылдау, елестету, пайымдау, сезу, сезімін білдіру - барлығы когнитивтік теорияның маңызды проблемаларына айналды.
Қабылдау. Қабылдау – психологияның, когнитивтік психология мен танымдық ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Өзінің табиғи ерекшелігіне орай аталмыш термин пәлсапада да, физиологияда да, нейроғылымдарда да дәстүрлі зерттеулер нысанын құрағандықтан, қабылдау шеңберіне адамның болып жатқан оқиға-құбылыстарға қатысымен қатар, оның қоршаған әлемді бейнелеу, даралап жалпылау әрекеттері де енді. Жекеленген сенсорды процестермен бірге, қабылдауға адамның біріктіру, алған деректерді саралау, шынайы болмыстан белгілі бір сапалық өзгешеліктерді бөліп көрсету, соның негізінде олардың тұтасқан бейнесін жасау әрекеттері де жатқызылды. Сөйтіп, хабарларды өңдеу, оларды әр түрлі материалдық сигналдар мен стимулдар тұрғысынан бағалау ұстанымдары қалыптасып, қабылдаудың өзіндік белгілері айқындалды. Кезінде Аристотель сенсорды қабылдаудың басты амалдары қатарында жекеленген сезім ағзаларының қабілеттері мен қызметтеріне назар аударған болатын. Осы мақсатта ойшыл ғұлама көру, есту, сезу, иіс сезу процестерінің жүзеге асу ерекшеліктерін ескеріп, қабылдауды солардың механизмі, яғни функционалдық белгісі деп таныды. Осыған орай, когнитивтік ғылымда қабылдау тек қоршаған әлемді еш әрекетсіз тану емес, онымен үздіксіз байланыста болу, оның негізгі заңдылықтарына бейімделу, келіп түскен хабарлар тізбегінен өзіңе қажет мәліметті бөліп алу қабілетіне ие болу негіздері деп зерттеліп келеді. Қабылдау адамның өз ақыл-ойына сәйкес қоршаған дүниені танып-білуге, оны сезімдерінің қайнар көзі ретінде бағалауға мүмкіндік береді, сол себепті оның табиғатын зерделеу барысында физикалық және нейрофизиологиялық аспектілермен қатар, танымдық негіздер де маңызды роль атқарады. Демек, когнитивті тұрғыдан қабылдаудың ойлаумен байланысы, ментальды көзқарастармен сабақтастығы, білім мен оны жинау тәсілдерімен ұштасу ерекшелігі және т.б. проблемалар ескерілу керек немесе ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, «Кез келген здеген немесе құбылысты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізінде жүзеге асады». [31]
Зейін. Зейін хабарды өңдеу барысында айқын байқалатын әрі сол хабарға не болмаса объектіге, яки процеске назар аударуға мүмкіндік беретін танымдық қабілеттердің бірі болып табылады. Аталмыш нысананы саралап қарастыру мақсатында бөліп талдау, сипаттау, жіктеу амалдары қолданыла келе, адам ойында көрініс табатын шынайы болмысты саралау, оның белгілі бір ерекшелігін шектеп айқындау, зейіннің негізгі түйінін хабардың құрамды бөлігі немесе бөлшегі арқылы дәйектеу мәселелерінің барлығы дерлік адам миында қалыптасып, жүзеге асатын білімнің белсенділігін арттыруға, сырттан келіп түсетін хабарлар жүйесін реттеп отыруға жағдай жасайды. Адамзат болмысына қатысты, яғни оның табиғатына тәуелді деңгейде өңдеуден өтіп отыратын хабарлар желісі жеке тұлғалардың еркі мен эмоциясына, тәжірибесіне, жадыда сақталатын мезеттік және мәңгілік деректер тізбегіне орайласа айғақталатындықтан, адамның зейіні де бір саладан екінші салаға оңай ауыса келе, танымдық процестердің жеделдігін, бір бағытқа бағыныштылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Зейін адамға келіп түскен мәліметтердің ішінен өзіне керектісін, маңыздысын және қызықтысын бөліп зерделеуге мүмкіндік береді, сондықтан объективті фактордың негізінде белгілі бір хабарды таңдап алу әр субъектінің жеке тәжірибесіне, түсіну, пайымдау әрекетіне қатысты сұрыпталады.
Ес. Ес hам еске түсіру.Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады.Ал енді,сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі,бұрынғы ретімен жанның тіріліп алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі.Кейбіреулр тез алып,яғни тез жаттап алып,тез ұмытады.Кейбіреулер шабан алады,бірақ тез ұмытады.Кейбіреулер шабан алады,бірақ тез ұмытпайды.Кейбіреулер тез алады,сонда да ұмытпайды.Адамның білімді болуына,әрине,естің осы төртінші түрі пайдалы.
Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді:
1)көру есі.Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін есінде ұстап қалады.Мысалы,таныс адамдарының пішіні есіндеболады,аты,фамилиясы есінде болмайды.Яки бір шәкірт бір фәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда,сол фән кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады.
2)есту есі.Есту есі күшті адам здегенң дыбысын есінде ұстампаз болады.Мысалы,кейбір адам таныс адамдарының аты,фамилиясы,пішінін де ұмытып қалып,жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады.Яки кейбір шәкірт сабақты өзі оқығаннан да мұғалімнің сөйлегенін тыңдағанда тез жаттап алатын болады.
3)қозғалу есі,яки мотор есі.Қозғалу есі күшті адам здегенң қозғалуын есінде ұстайтын болады.Мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады.Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы көбінесе тұқым қуалайды.Мысалы,әнщі,домбырашы,өлеңшінің баласында есту есі күшті болады.Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті болып,көңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін.Мысалы,өлеңді тез жаттампаз болады.Атақты жаратылыс ғылымы Линней өсімдік аттарын жаттауға шебер болған да,шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.
Адам өмірі үшін естің керектігі.Ес өмір үшін аса керек.Ес болмаса,бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса,өмірінде адамның білімі артпас еді.Адам адам да болмас еді.Ес болса ғана адам білімді бола алады,ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады.Ес неғұрлым мол,бай болса,ой да терең болады.Терең ойлы адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі.Балада ес болмаса,оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес.Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса көп күш жұмсау керек [32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет