Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



жүктеу 4.85 Mb.
бет26/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.85 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Атырау облысының әкімі Б.С. Рысқалиевке ұсыным

Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Маған Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентінен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы бірнеше өтініштер келіп түсті.

«Мақат-Су арнасы» КМК жұмысшыларының ұжымдық өтінішінде олардың құқықтары мен бостандықтарына жүйелі түрде қысым көрсетілгендігі, еңбек туралы заңнаманың өрескел бұзылғандығы, санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер талаптарының сақталмайтындығы, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша әрекетсіздігі көрсетілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аталған фактілер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Атырау облысы әкімдігіне жолдаған сауалдарын қарау нәтижесінде бұл фактілердің көпшілігі расталды. Мысалы, аталған мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша Мақат кентінің сумен жабдықтау объектісінде пайдалануға берілген кезден бастап ғимараттар мен технологиялық желілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, аумақта темір қоршаулар ішінара бүлінген, су сорғысы станциясының ғимараты күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді, алты сорғы агрегаттарының төртеуі жұмысқа жарамсыз күйде. Хлорсүзгіш құрылғы пайдалануға берілмегендіктен, зарарсыздандыру жұмыстары қолмен жасалады. 4 ауызсу резервуарының санитарлық-техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде, барлық резервуарлар әр-әр жерден опырылған, олардың екеуі ғана алдын ала жуып тазартылған және дизенфекцияланған.

Сонымен қатар тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, қызметкерлерді жұмыс беруші тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен сақтандыру талаптарына сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киімдермен қамтамасыз ету шарттарының болмауы бөлігіндегі нормалары бұзылғандығы анықталды. Бұған қоса, тексерулер зейнетақы аударымдарын дер кезінде аудармағандығын, сондай-ақ жалақы есептеу кезінде сағаттық тарифтік мөлшерлеменің кемітілгендігін анықтап берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша «Мақат-Су арнасы» КМК жұмысшыларының өтініштерін Атырау облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы бірнеше рет қарастырғандығын, оның нәтижелері бойынша еңбек заңнамасын бұзуға жол бергендігі үшін ұйым басшысына бірнеше рет ұйғарымдар жіберілгендігін атап өту қажет. Алайда, берілген ұйғарымдар кәсіпорын басшысының жиі ауысуы себебінен орындалмаған.

Жоғарыда көрсетілген фактілер азаматтардың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына конституциялық құқықтарына қысым көрсетілгендігін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 7-бабында берілген талаптардың толығымен сақталмай отырғандығын куәландырады.

Мақат кенті тұрғындарының Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жолдаған келесі өтініштерінде адамның денсаулығын сақтау құқығы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы), адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғау (Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабы) секілді конституциялық бекітілген құқықтарының бұзылғандығын көрсетеді. Оларда аталған елді мекеннің атқарушы органдарының жоғарыда аталған Халықаралық пактінің 12-бабы сақталмаған жағдайда әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болатын санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуы бөлігін сақтамайтындығы туралы мәліметтер бар. Бұл жерде тұрғын үйлердің астындағы антисанитарлық жағдай, қоқысты жинау және оны тастауға арналған контейнерлер санының жетіспеушілігі, азаматтардың келісімінсіз зиянды объектілер салу туралы сөз болып отыр.

Сонымен қатар өтініш иелерінің қауіпті жағдайда тұрмыс кешіп жатқандықтары туралы да мәліметтер кездеседі, атап айтқанда, аталған елдімекендегі КПД-5 үйінің тұрғындары кент және аудан әкімдіктерінің әрекетсіздіктері салдарнан алты жыл қатарынан жылусыз, су құбырлары мен кәріз жүйесі бұзылған, біршама уақыттан бері күрделі жөндеуді қажет ететін үйдің қабырғалары мен іргетасының құлау қаупі жағдайында өмір сүріп келеді.

Сондай-ақ Мақат кенті азаматтарының лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне қарама-қайшы, барлық мемлекеттік органдардың беделін түсіретін адамның қадір-қасиетін бірнеше рет кемсіткен жағдайларына шағымданған өтініштері қаралуда.

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентінің лауазымды адамдарының адам құқықтарын бұзу фактілері дәлелденгендігін, сондай-ақ аталған елді мекеннен адам құқықтары бұзылғандығы туралы ақпарат бірнеше рет алынғандығын назарға ала отырып, Сізден орын алған проблемаларды тез арада шешуге және азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын толығымен қайта қалпына келтіруді сұраймын.



Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.М. Сапарбаевқа ұсыным

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!

Бұқаралық ақпарат құралдарында Сіздің Алматы облысына жасаған сапарыңыз туралы жарияланды («Қазақпарат» ҰАА сайты, 09.11.2007 ). Талдықорған проблемалы балаларға арналған балалар үйіне барған кезіңізді Сіз балалар үйлері мен интернаттардағы қоректік заттардың шығындары нормасын қайта қарау қажеттілігі туралы айтқан болатынсыз.

Осыған байланысты, Сіздің өтінішіңізге ортақтасқым келетіндігін хабарлағым келіп отыр.

Балалар өздерінің дене күші мүмкіндіктеріне қатысты халықтың ең әлсіз қорғалатын топтары ретінде қалып отыр.

Сондықтан Сізден тек қоректену проблемасымен ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан облыстарындағы мекемелері жүргізген мониторинг нәтижелері көрсетіп отырғандай, балалар мекемелерінде бола отырып олар кездесетін қиындықтарға да назар аударуыңызды сұраймын:

балалар үйіндегі балаларды жұмыс берушілер арзан жұмыс күші ретінде заңсыз пайдаланатын және тәрбиелеушілер үшін баю құралы болып табылатын жағдайлар ұшырасады (Литер.кз сайты, 12.11.2007, «Невольные хлеба»);

интернат-үйлердің көпшілігі күрделі жөндеуді, алаңын кеңейтуді қажет ететіндіктен, олардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру қажет;

білім беру жүйесін нығайту, оқытудың жаңа тиімді әдістерін ендіру талап етіледі; балалар үйінің балалары мектепті бітіргеннен кейін түрлі себептерге байланысты білім деңгейлері төмен болып келетіндігі рас;

балалар мекемелерінің штатын білікті кадрлармен толықтыру қажет, балалар мекемелерінде жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің көбісіне біліктілігін арттыру қажет;

қазіргі балалар үйлерінің мүмкіндіктері балалардың ойынға, өзін-өзі дамытуына деген қажеттіліктерін қанағаттандырмайтындықтан, балалардың демалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мәселесін қайта қарастыру қажет.

Осыған байланысты, Сізден, құрметті Бердібек Мәшбекұлы, халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы ретінде балалар мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың қажеттіліктеріне баса назар аударуыңызды сұраймын, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Сіз басқарып отырған министрліктің ғана емес, жалпы алғанда мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Бұған қосымша, 2005 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің балалардың проблемалары өзекті мәселе ретінде көтерілген «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын сақтау туралы» арнайы баяндамасы жарық көргендігін ескертеміз.



Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Г. Дерновойға ұсыным
Құрметті Анатолий Григорьевич!
Маған Жамбыл облыстық ғылыми-практикалық қоғамының мүшелері дәрігер-зертханашылардың өтініші келіп түсті.

Өтініштің мазмұны бойынша, бір кездері республикада жоғары білікті, бірақ та ЖОО-ның биология және химия факультеттерін бітірген мамандар ұзақ уақыт бойына (15 жылдан астам) зертханашы лауазымында қызмет атқарған.

Дәрігер-зертханашылар жұмысқа педагогикалық институттарды биология және химия мамандығы бойынша бітірген мамандар денсаулық сақтау ұйымдарына дәрігерлік және провизор лауазымдарына жұмысқа қабылданбайтындығын белгілеген ҚР Денсаулық сақтау министрінің 1996 жылғы 17 мамырдағы № 227 бұйрығы (бұдан әрі – № 227 бұйрық) шыққанға дейін қабылданған.

Осыған байланысты шағымданушылар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 151 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – № 151 бұйрық) оларға біліктіліктерін растаудан бас тартылғандығымен келіспейтіндіктерін білдіреді.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдаған болатын. Министрліктен алынған ақпарат бойынша, денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігер лауазымын иеленуге рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін әрбір маманның барлық құжаттарымен жеке-жеке танысу қажет. Осыған байланысты шағымданушыларға көтерілген мәселелер бойынша түсінік алу үшін қажетті құжаттарымен Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Жамбыл облыстық басқармасына жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар министрлік № 151 бұйрыққа № 227 бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарына дәрігер лауазымына жұмысқа қабылданған медициналық емес білім алған мамандарға біліктілік санаттарын қосу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын хабарлады.

Сонымен бірге, № 227 бұйрыққа 1996 жылдың мамыр айына дейін тікелей медициналық сипатта қызмет көрсетпейтін мамандар ретінде (дәрігер-зертханашылар) еңбек жолын бастаған және институттарды биология және химия мамандығы бойынша бітірген адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында қазіргі уақытта қызмет атқарып жатқан лауазымдарында жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігін ұсыну жөнінде түзетулер енгізбей, № 151 бұйрыққа түзетулер енгізу туындаған жағдайды шешудің тиімді әдісі болмайтындығын атап өту қажет.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 15 және 25-тармағын басшылыққа ала отырып Сізден, құрметті Анатолий Григорьевич, 12 жылдан астам дәрігер-зертханашы лауазымында қызмет еткен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қайта қалпына келтіруге ықпал ететін 1996 жылғы 17 мамырдағы № 227 бұйрыққа жоғарыда көрсетілген түзетулерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын.

Құрметпен,
Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл А. Шәкіров


Қызылорда облысының әкімі М.А. Құл-Мұхаммедке ұсыным

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

Осыған қарамастан, Қызылорда қаласының тұрғыны А. өтініші бойынша оның мемлекеттік органдарға жүгіну құқығы бұзылып отыр.

Мысалы, өтініш иесінің хабарлауы бойынша, ол Қызылорда облысы әкімінің жеке қабылдауына 7 айға жуық кезекте тұр. Алайда осы уақытқа дейін қабылдауында болмаған.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық шағымданушының мәліметтерінің растығын анықтау үшін Қызылорда облысының әкімдігіне сауал жолдаған болатын, алайда жоғарыда көтерілген мәселе бойынша жауап келген жоқ.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларымен бірге мемлекеттік қызметшілердің өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуі тиіс Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің нормасы да бұзылып отырғандығына толық негіз бар деп есептеуге болады.

Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес маған берілген өкілеттіктерді пайдалана отырып, Сізден, құрметті Мұхтар Абрарұлы, көтерілген мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдауыңызды және А. жеке қабылдау туралы өтінішін қанағаттандыруыңызды сұраймын.

Құрметпен,

Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл А. Шәкіров


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

2007 жылғы 12-13 маусым аралығында Ақмола облысына жасаған сапарының нәтижелері бойынша ұсынымдар

ЕЦ-166/23 тергеу изоляторы-мекемесі

(ұсыныс 07.08.2007 жылы ҚР Әділет министрлігіне жолданды)


1. Күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау жағдайларын сотталушылар пайдаланатын барлық үй-жайларды, әсіресе ұйықтау бөлмелері барлық санитарлық талаптарға жауап беруі тиіс, бұл жерде жарықтандыруға, жылуға және желдетуге басты назар аудару қажеттігі белгіленген сотталушылармен қарым-қатынас жасаудың минималды стандартты ережелерінің 10-тармағына сәйкес келтіру мақсатында жақсарту үшін шарлар қабылдау қажет.

2. Күдіктілер мен айыпталушыларды олардың құқықтарын сақтай отырып ұстау жағдайының айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында мекеме аумағында құқық қорғау ұйымдарының жүйелі түрде қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Үкіметтік емес ұйымдар күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаттықтырушылар мен сарапшыларды тарту бойынша жұмысты, бірлескен жобалар шеңберінде шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, мекеме қызметкерлеріне олардың шетелдік әріптестерінің жұмыс жағдайларын және басқа мемлекеттердегі күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау жағдайымен таныстыруды дұрыс жолға қоюы тиіс.



Щучье балар үйі

(ұсыныстар 07.08.2007 жылы ҚР Денсаулық сақтау министріне жолданды)


1. БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті ұсыныстарының 17-тармағына сәйкес, бюджетті арттыру және балалардың, әсіресе әлеуметтік-оқшауланған және қауқарсыз топтардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын іске асыруға қолда бар ресурстардан ең жоғары көлемге дейін бюджеттен қаржы бөлу басымдығын белгілеу мәселелеріне басты назар аудару қажет.

2. Конвенция және ескертілген Ұсыныстар шеңберінде медициналық қызмет көрсету деңгейін тұрақты түрде арттырып отыру қажет.

3. Бала құқықтары жөніндегі қызметті белсенді ету, Конвенция туралы жалпы қоғам ортасында ғана емес, балалар арасында да хабардар ету деңгейін арттыру, сондай-ақ Ұсыныстардың 21-тармағын, сондай-ақ 43-тармағын орындауға ықпал ететін консультациялық және техникалық көмек алу мақсатында халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда ЮНИСЕФ-пен, БҰҰ даму бағдарламаларымен, Ұлттық ҮЕҰ-мен және қызметі балалардың құқықтары мен мүдделерін іске асыруға бағытталған азаматтық қоғамның басқа да секторларымен ынтымақтастықты қарқынды дамыту қажет.

4. Жетім балалардың санын азайту мақсатында балалары «Үміт» тобында тәрбиеленіп жатқан ата-аналармен жұмысты күшейту керек.



Ақмола облыстық психиатриялық ауруханасы

(ұсыныстар 07.08.2007 жылы ҚР Денсаулық сақтау министріне жолданды)


1. Мекеме шығындарын бюджеттік жобалау тиімділігі арттырылсын, аурухана бюджетінің көлемі арттырылсын.

2. Мекеменің штатта кестесі медициналық қызметкерлерді, соның ішінде аз кездесетін мамандық иелерін барынша көбейту тұрғысында қайта қаралсын.

3. Күрделі жөндеу және қайта жаңарту және/немесе жаңа ғимарат құрылысын салуды жүзеге асыру арқылы аурухананың барлық ғимараты жаңалансын.

4. Аурухананың материалдық-техникалық базасы жабдықталсын.

5. Мекеменің медициналық қызметкерлерінің біліктілігі шетелдік мамандандырылған орталықтар мен клиникаларда тұрақты түрде көтеріп отырылсын.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

2007 жылғы 26-27 қараша аралығында Алматы облысына

жасаған сапарының қорытындысы бойынша ұсынымдар
Алматы облысының әкімі С.Ә. Үмбетовке

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Ағымдағы жылдың 26-27 қараша аралығында мен Қазақстан өңірлеріндегі адам құқықтарының сақталуына жоспарлы мониторинг жүргізу шеңберінде Алматы облысында болып қайттым.

Іссапар барысында облыс әкімлігінің ықпал етуімен 12 азаматты жеке қабылдау жүргізілді, онда мынадай өзекті мәселелер туралы сөз болды:



Тұрғын үй құқығын іске асыру туралы

Бұл топтағы шағымдарды өтініш иелері олардың тұрғын үйге қатысты мынадай құқықтарының бұзылғандығын хабарлайды: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй ала алмау; тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде кезекте болмау; жатақханадан шығарылу; тұрғын үйді жекешелендіру проблемасы.

Мысалы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру туралы Ауғанстан соғысының ардагері өтініш білдірген. Оның өтінішінде осы өтініш бойынша 2005 жылы Талдықорған қаласының әкіміне жүгінген, алайда жергілікті атқарушы органдар оның өтініші бойынша шаралар қабылдамаған. Бүгінгі күні өтініш иесі мен оның әйелі ең үлкені 17 жасқа, ал ең кішкентайы 3 айлық 4 баласымен бірге, оның айтуы бойынша, иесіз қалған ұйым қарауылының үйінде тұрып жатыр.

Өтініш иелері өздеріне берілген қызметтік тұрғын үйлерге меншік құқығын белгілеуге байланысты өз құқықтарын іске асыра алмайтындықтары жөнінде шағымданған өтініштер де кездеседі.

Мысалы, сондай өтініштердің бірі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратал аудандық басқармасы балансындағы қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру мәселесіне байланысты. Өтініш иесі аудан әкімдігі жанындағы жылжымайтын мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға өтініш білдіргеннен кейін, аталған қызметтік тұрғын үйді жекешелендіріп алған. Алайда қызметтік тұрғын үй балансында болып табылатын аталған Басқарманың бастығы мүлікті заңдастыру және тұрғын үйді мемлекеттік тіркеу жөніндегі комиссияның шешімін сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етіп отыр.

Тұрғын үй мәселесіне қатысты тағы бір өтініште шағымданушы тұрғын үйге қатысты басқа жеке тұлғамен арадағы дауды оң шешіп беруге ықпал етуді сұрайды.

Қалалық соттың өтініш иесін шығару туралы бұрынғы шешіміне қалалық прокуратура қарсылық білдірген. Қазіргі уақытта аталған азаматтық іс апелляциялық тәртіпте облыстық соттың қарауында жатыр.
Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері туралы

Өтініш иелері құқық қорғау органдарының өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңсыз құралдар мен әдістерді қолданатындығына, сондай-ақ олардың тиісті әрекет ету шараларын қабылдамайтындығына шағымданады.

Мұндай өтініштердің бірі өтініш иесінің жан-жақты және объективті тергеу жұмысытарын жүргізу үшін оның Талдықорған қалалық ІІБ ТБ-не берген заттай айғақтарын – кісі қолынан қаза тапқан қызының құрбысының жазбаларын – тергеу бөлімі қызметкерлерінің жоғалтып алуына байланысты шағымы болып табылады. Шағымданушының пікірінше, аталған жазбалардың мазмұны бойынша оның қызының өліміне кінәлілердің жеке қасиеттерін анықтау кезінде оны маңызды әрі дәйекті айғақ ретінде пайдалануға және оларға айып тағуға болады.

Құқық қорғау органданың әрекетсіздігіне шағымданған тағы бір өтініш Текелі қаласы тұрғындарының өтініші болып табылады, олардың пікірінше, АІІБ полициясы қызметкерлерінің тергеу барысында қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының нормасын бұзуының салдары олардың балаларының қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына алып келген.



Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету туралы

Зейнетақымен қамтамасыз етуге, материалдық көмек көрсетуге, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік жеңілдік беруге қатысты өтініштер шағымдардың саны бойынша үшінші орында тұр.

Өтініш берушілер белгіленген жәрдемақы, өтемақы көлемдеріне, сондай-ақ оларды тағайындау мерзімдері мен кезеңдеріне келіспейтіндіктерін білдіреді.

Бұл санаттағы өтінішке қарт ананың өзінің қызының мүддесі бойынша бала күтіміне байланысты белгіленген төлемдердің көлемдеріне келіспейтіндігін білдірген шағымы жатады. Өтініш иесі 13 мың теңге көлемінде зейнетақы алады, ал оның қызы жалғыз басты ана ретінде балаларына 1 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. Осылайша, өтініш білдірушінің отбасы өмір сүруге жеткілікті қаражаты болмай, қиын жағдайға тап болған.

Жалпы отбасылық табысы 14 000 теңге бола отырып, бұл отбасының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысын алуға, сондай-ақ медициналық дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен алуға толық негіздері бар екендігі бола тұрса да, әлеуметтік қорғау органдарына жүгінулері нәтижесіз қалып отыр.

Талдықорған қаласының бір тұрғыны жұмыссыз отырған кезеңі бойынша ақшалай жәрдемақы алуына ықпал етуді өтініп сұрайды. Өз өтінішінде ол материалдық жағдайының қиын екендігін, жұмысы жоқ екендігін, қазіргі уақытта жүктіліктің соңғы айында отырғандығын хабарлайды.

Маған келіп түскен өтініштердің бірқатары сот шешімдерінің орындалмауына байланысты болып келеді, бұл азаматтардың құқықтарын ғана бұзып қоймайды, сонымен бірге жалпы алғанда сотқа және мемлекеттік билік органдарына сенімсіздік тудырады.

Сот шешімдерінің тиісінше орындалмауына Алматы облысы Қаратал аудандық сотының 2007 жылғы 25 маусымдағы өтініш иесі мен басқа жеке тұлға арасындағы жер дауына байланысты шешімінің оның пайдасына шешілгендігін, бірақ та заңда берлігенген мерзім ішінде орындалмағандығын хабарлаған өтініш мысал бола алады.

Осыған ұқсас сот органдары шешімдерінің орындалмауына қатысты өтініште өзінің бұрынғы күйеуінен алимент өндіріп алуға ықпал етуді сұрайды, сот органдары берген орындау парағы бойынша өтініш иесіне оның күйеуі кәмелетттік жасқа толмаған екі балаға алимент төлеуге міндетті.

Мүлікті заңдастыру мәселелері туралы

Кейбір жағдайларда өздерінің бұзылған құқықтарын қорғауды қажет ететін адамдардың өтініш білдіру себептері шенеуніктердің азаматтардың проблемалары мен қажеттіліктеріне немқұрайды қарауы болып табылады.

Азаматтар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы келеңсіз жағдайға байланысты өтінішке Алматы облысы Өтеген батыр кенті тұрғынынан маған келіп түскен шағым мысал бола алады. Өтініштің мазмұны бойынша, Іле ауданы әкімдігі оның жер учаскесін иелену құқығын бұзып отыр.

Өтініш иесінің мәліметтері бойынша, ол 2007 жылғы тамыз айында жер учаскесін заңдастырған. Алайда осы уақытқа дейін ол Іле ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінен жерді пайдалану құқығына мемлекеттік акті ала алмай отыр. Актінің берілмеу себептерін бөлім қызметкерлері түсіндіре алмай отыр.

Азаматтарды қабылдау нәтижелері олар көтерген мәселелерді шешу негізінде жергілікті билік органдарының құзыретінде екендігін көрсетіп отыр.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Сізден, құрметті Серік Әбікенұлы, өтініш иелерінің проблемалық мәселелерін шешуге және қажет болған жағдайда олардың бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіруге ықпал етуіңізді сұраймын.



Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Б.М. Сапарбаевқа ұсыным

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!
Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру құқығы азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген өте маңызды әлеуметтік құқықтарының бірі болып табылады.

Зейнетақы есептеудің белгіленген тәртібімен келіспеу туралы шағымдар менің атыма келіп түскен өтініштердің жалпы саны бойынша салыстырмалы түрде аз мөлшерде болғанымен, өзекті мәселе ретінде қалып отыр.

Зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша өтініштердің мониторингі мынадай топтарға бөліду көздейді:
1. 1995 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге зейнетақыны қайта есептеудің қателігіне байланысты шағымдар.

Мысалы, Д. (19.11.2007 кіріс № 75/03-1070(10) және Ш.(19.11.2007 кіріс № 150/03-1069(9) шағымдары.

Зейнеткерлердің бірнеше рет көтерген мәселелерінің тарихы мынадай.

ҚР Министрлер Кабинетінің «Бұрын тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу тәртібі туралы» 02.04.1992 жылғы № 309 қаулысымен әрбір зейнеткерге жеке қайта есептеу коэффициентін белгілеуге негізделген зейнетақыны қайта есептеу механизмі бекітілді.

Алайда 01.10.1994 орташа айлық жалақының болжамды деңгейі жалақының ең төменгі деңгейінен 15 есе асып кетуіне байланысты, 01.10.1994 жылдан бастап зейнетақыны қайта есептеу ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 23.09.1994 жылғы № 5 алқа шешімімен бекітілген 01.09.1994 жылға орташа айлық жалақы негізінде жүргізілді.

Осылайша, зейнетақының базалық есептеу көрсеткіші кемінде 2 есеге қысқарды.

ҚР Бас прокуратурасының өтінішіне байланысты ҚР Жоғарғы Сотының Шаруашылық істері жөніндегі алқасының 03.06.1996 жылғы шешімімен министрлік алқасының 23.09.1994 жылғы № 5 қаулысы (халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қызметшілердің 1994 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы орташа айлық жалақысы) зейнетақыны қайта есептеу үшін 1091,10 теңге көлеміндегі базалық көрсеткішті қолдану бөлігінде құқықтық база ретінде қолданылуы мүмкін еместігі белгіленді.

ҚР Үкіметінің 17.07.1996 жылғы № 899 қаулысымен жоғарыда аталған алқа қаулысның күші жойылды және осы қаулымен министрлікке 1994 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы орташа айлық жалақы негізінде 1994 жылға зейнетақыны қайта есептеуді жүргізу туралы тапсырма берілді.

Аталған жайттарға байланысты 02.04.1992 (ҚР Министрлер Кабинетінің № 309 қаулысының қабылданған күні) мен 21.09.1995 (ҚР Министрлер Кабинетінің № 1277 қаулысының қабылданған күні) аралығында 02.04.1992 жылғы № 309 қаулымен бекітілген есептеу механизмі қолданылуы тиіс болатын.

Алайда Министрліктің аталған алқа шешімінің күшін жойылды деп тану зейнеткерлердің қосылған соманы ала алмаған белгілі бір бөлігіне зейнетақы көлемін қайта есептеуге ықпалын тигізбеді.

Көптеген зейнеткерлер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ала алмаған ақшаларын қайтару туралы шағымданумен әртүрлі сот инстанцияларына өтініш білдіргеніне қарамастан, олардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды.

Осыған байланысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде зейнеткерлік жастағы адамдардың мүдделеріне, оларды аталған процеске тарта отырып, толығымен ескерудің орынды екендігі ұсынылады.



2. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнеткердің еңбек өтілі мен жалақысы ескерілмей белгіленеді.
Бұған А. 24.07.2006 кіріс № 756/03), Д.(25.06.2007 кіріс № 611/03), Л.(05.10.2007 кіріс № 932/03), П. 09.10.2007 кіріс № 945/03), М. 02.11.2007 кіріс № 1011/03), П.(10.04.2006 кіріс № 374/03), С.(07.03.2006 кіріс № 199/03), Д. 12.12.2006 кіріс № 1254/03), С.(12.12.2006 кіріс № 1252/03) өтініштері мысал бола алады.

30 жылдан астам еңбек өтілі бар өтініш иелерінің мәлімдеуінше, 01.06.2003 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру ережесін бекіткен ҚР Үкіметінің 11.06.2003 № 564 қаулысына сәйкес тағайындалған ең төменгі зейнетақы алушы болып табылатындықтан, олардың лайықты зейнетақы алу құқықтарына қысым көрсетілген.

Есептеудің қолданылған формуласы көптеген зейнеткерлердің дербестендірілген есептік коэффициенті төмен және еңбек қатысының кэффициенті, тиісінше, ең төменгі зейнетақыны ғана есептеп бере алады.

Осыған байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін белгілеу кезінде еңбек өтілі мен бұрын алған жалақыға сүйенуді талап ететін көптеген ұсыныстарға назар аудару қажет.

Бұған қоса, ЗТЖМО зейнетақы тағайындау және есептеуге алатын еңбек қызметінің жүзеге асырылу кезеңі туралы мәселе туындайды. Орталықтар зейнетақы мөлшерін есептеу үшін зейнеткерлердің жалақысы ең төмен болған жылдарды пайдаланды, бұл өз кезегінде мәселелер мен олардың тарапынан наразылықтарды туындатады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Сонымен бірге, көптеген азаматтардың пікірі бойынша, үш жылғы жұмыс еңбек қызметінің барлық кезеңінде алған сыйақының көлемі туралы нақты объективті жағдайды сипаттауы мүмкін емес. Зейнетақы көлемін белгілеу кезінде жұмыстың ұзағырақ кезеңін (мысалы, он жыл) пайдалану туралы ұсыныстар келіп түсіп жатады, бұл, әрине, Заңның жоғарыда аталған бабына және тиісті заңға тәуелді актілерге түзетулер енгізуді талап етеді.


3. Жекелеген зейнеткерлердің зейнетақылары қайта есептеу жүйесіне енгізілмеген.
Өтініштердің ішінде жасына қарай зейнетақы алып отырған Ш. ағымы (07.06.2007 кіріс № 537/03) ерекше болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 564 қаулысымен 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу жүргізілді. Бұл ретте өтініш иесіне зейнетақы төлемі 2003 жылғы 18 мамырда тағайындалғандығына байланысты қайта есептеуден бас тартылды. Сонымен бірге онда зейнетақыны қайта есептеуден бас тартудың заңсыздығы туралы күдік пайда болды, себебі оған зейнетақы 1995-1997 жылдардағы жалақысы бойынша тағайындалған. Осыған байланысты өтініш иесі оның зейнетақысы да қайта есептеуге жататынды деп есептейді.

Адамның және азаматтың құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 25-бабына және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабына сәйкес әлеуметтік мемлекеттің мақсаты адамның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен жеткілікті тұрмыс деңгейінде өмір сүру, жасы келген кезде және өзге жағдайларда одан тәуелсіз мән-жайлар бойынша өмір сүруге қаражаты болмаған жағдайда қамтамасыз ету құқықтарына кепілдік беру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында (Астана қаласы, 2006 жылғы 1 наурыз) біздің аға буын өкілдері, ана мен бала, жастар, ел тұрғындарының барлық қабаттарының жоғары сапалы және алдыңғы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам қамқорлыққа және адамдардың назарына әлеуметтік бағытталған қоғамды қалыптастыратындығымызға мән берді.

Осыған байланысты, Сізден, құрметті Бердібек Мәшбекұлы, біздің зейнеткерлеріміздің лайықты қарттық шағын қамтамасыз ету мәселелерін барынша оң шешуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база тиіті түзетулер енгізу мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын.

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.Ә. Мәмиге хат

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
Маған келіп түскен өтініштерге жүргізілген талдау шағымдардың көпшілігі сот шешімдеріне келіспеушіліктерге байланысты екендігін көрсетіп отыр.

Мысалы, 2006 жылы мұндай өтініштер жыл сайын келіп түсетін өтініштердің 18,74 %-ын (409 өтініш) құраса, 2007 жылдың 9 айында 31,6 %-ды (419 өтініш) құрап отыр.

Бұл жерде азаматтардың барлық өтініштері негізді деп санауға болмайды. Сонымен қатар, олардың көптеген бөлігі азаматтардың соттың қорғауы құқықтарын жүзеге асыру саласында белгілі бір проблемалардың бар екендігін көрсетіп отыр.

Жалпы қорытынды бойынша соттардың әрекеттері мен шешімдеріне қатысты шағымдарды мынадай ірі топтарға бөлуге болады:


1. Жазаның жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкессіздігі
Бұл топтағы шағымдарға мына өтініштер мысал бола алады:

Б. оның зорлауға зорлаудың құрбаны болған немере сіңілісінің құқықтарының бұзылуына байланысты сот шешіміне келіспейтіндігі туралы өтініші (16.08.2004 кіріс № 153/04-733(2). Аталған ауыр қылмысты жасағаны үшін кемінде үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленгендігіне қарамастан, өтініш иесінің мәліметтері бойынша қылмысты жасауға кінәлі адам аудандық соттың үкімі бойынша бар-жоғы екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

Өт. соттың оның баласына қатысты алдын ала тергеу барысында, өтініш иесінің айтуы бойынша оның баласына айыптау үкімін шығару үшін негіз болған қылмысты жасағанын мойнына алуға полиция қызметкерлері тарапынан дене күші қолданылғандығы туралы өтініші (17.05.2005 кіріс № 795/02). Соттың үкімі бойынша Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге 12 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары мерзімді жаза тағайындалғаны назар аудартады. Бұл ретте сотталушы бұрын сотталмаған, тұрғылықты жері және оқу орны оған оң мінездеме беріп отыр, үкімде сот аяғы төбелеске ұласқан дауды жәбірленушінің өзі бастағандығын көрсетеді.
2. Соттардың істі қарау кезіндегі әділетсіздігі, олардың кінәсіздік презумпциясы қағидасын сақтамауы, соттардың айғақтарды тексеруге және бағалауға дұрыс назар аудармауы.
Бұған мына шағымдар мысал бола алады:

С. сотта, оның пікірі бойынша, судья мен жауапкердің достық қарым-қатынасы салдарынан оның тұрғын үй және жер құқықтары бұзылғаны туралы өтініші (09.10.2007 кіріс № 940/03).

П. сотталған баласының мүддесіне қатысты өтініші (13.06.2003 кіріс № 189/04), онда соттың істегі айғақтарды объективті және жан-жақты бағалауының жеткіліксіздігі туралы және «айыптаудың барлық нұсқаларының негізіне берілген айыптау қорытындысын жасау кезінде фактілерді қасақана бұрмалау және айғақтарды бұрмалау» болғандығы туралы көрсетеді. Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясы қағидасын бұзатын сот талқылауындағы айыптаудан жалтару туралы дәлелдер келтіріледі.

Ә. соттың сотталушы ғана емес, сонымен бірге оның отбасы мүшелері де тұратындығы ескерілмей шығарылған үйді тәркілеуді көздейтін сот шешімімен келіспейтіндігі туралы өтініші (28.10.2007 кіріс № 991/03). Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық атқару кодексінің қосымшасындағы Сот үкімі бойынша тәркілеуге жатпайтын мүліктер тізбесіне сәйкес, егер сотталушы мен отбасы тұрақты тұрып жатса, тұрғын үйі, пәтері немесе олардың жекелеген бөліктері тәркіленуге жатпайды.

ҚР-ның бұрынғы азаматшасы С. өтініші (28.02.2007 кіріс № 1238/03-194(3), онда өтініш иесі «Защита-2001» ЖШС мүлкін кейіннен сату құқығымен жалға беру шартын онда көрсетілген мерзімнің сот талқылауы басталардан 2 жыл бұрын өтіп кеткендігін ескермей жасауға мәжбүрлейтін сот шешімімен келіспейтіндігін білдіреді.

Ж. өзі қатысқан жол-көлік оқиғасы туралы істі соттың толық емес және әділетсіз қарағандығы туралы шағымданады (23.11.2007 кіріс № 1084/02). Оның жолдаған мәліметтері бойынша, ол ЖКО кезінде жәбірленуші бола отырып, ЖКО-на нағыз кінәлі болып табылатын адам жәбірленуші болып ұсыныла отырып, өзін осы оқиғаға кінәлі етіп шығарған. Сонымен бірге Ж. органдар тергеуді және тексеріп анықтауды әділетсіз жүргізді, фактілер бұрмаланған, ал сот материалдардың қарама-қайшылықтары мен дәлелсіз айғақтарға назар аудармады деп есептейді.

Сотталушы М. (16.10.2004 кіріс № 888/02) пен С. (16.10.2004 кіріс № 889/02) өз өтініштерінде алдын ала тергеу барысында оларға полиция қызметкерлері тарапынан дене күші және психологиялық ықпал көрсетілгендігін, адвокатты уақытылы ұсынбағандықтан оларды қорғау құқықтары бұзылғандықтарын, ұылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларының бұзылғандықтарын хабарлайды. Полиция қызметкерлеріне қатысты алдын ала тергеу жүргізу кезіндегі олардың заңсыз әрекеттері фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі сот іс бойынша жинақталған айғақтарды бағалау кезінде назарға алмаған.

А. соттың жауапкер тарапынан құжаттардың бұрмаланғандығына тиісті назар аудармағандығы туралы өтініші (21.11.2007 кіріс № 22/03-1079 (3).

Шағымданушы оның еңбек ақысын сақтамау демалыста болуы туралы, жол жұмысшысы қызметіне ауысуы туралы және алдыңғысының күші жойылғандығы туралы бұйрықтар еңбек заңнамасының нормалары бұзыла отырып (өткен күндермен) шығарылғандын мәлімдейді. Мысалы, бірінші бұйрықты жұмыс беруші ол кезекті еңбек демалысында жүрген кезде, ал соңғы екеуін оның еңбек ақысын сақтамау демалыста жүрген кезде шығарған.

Сонымен қатар, өтініш иесі Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының отырысында өзінің және оның өкілінің сөздері тыңдалмағандығын, тараптардың істің мән-жайын толық және объективті түрде қарастыру құқықтарын жүзеге асыруға жағдайлар жасалмағандығын, бұл ҚР АІЖК-нің 15-бабын және ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағын бұзу болып табылатындығын хабарлайды.

Т. Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық сотының 30.03.2004 өтініш иесінің «И.» АҚ-ның өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты кінәсін мойындаудан бас тартып, жауапкер-АҚ тарапын қабылдағандығы туралы өтініші (25.12.2007 кіріс № 1175/03). Соттың 15.05.2006 шешіміне қадағалау тәртібімен ҚР Бас прокуратурасының жазатайым оқиға өндіріс учаскесінің бастығы лауазымының нұсқаулығы шеңберінде әрекет еткен Т. кінәсінен емес, шахтаның өзі аса қауіпті көз болып табылатындықтан, келтірілген залалға жауапкешілік жауапкерге жүктелуіне байланысты (ҚР АК-нің 921-бабының 1-бөлігі және 931-бабының 1-бөлігі) аварияны жоюға жауапты адамдардың және кәсіпорынның кінәсінен болғандығы көрсетілген наразылығы білдірілген.

Алайда Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық сотының 08.08.2006 шешімі мен ҚР Жоғарғы Соты бақылау алқасының 15.03.2007 қаулысы бойынша шағымданушының өтінішін қанағаттандырудан бас тартылған.


3. Соттардың іс жүргізу нормаларын және талап арыздарды мәні бойынша қарау мерзімдерін бұзуы
Бұған мына өтініштер мысал бола алады:

К. қылмыстық істі тергеу кезінде сөзбұйдаға салуға, сотта істі қарау кезінде іс жүргізудің бұзылуына, мерзімдердің сақталмауына, бұл үкімнің заңдылығы мен негізділігіне әсер еткендігіне шағымданған өтініші (14.07.2004 кіріс № 437/02-616). Өтініш иесінің пікірі бойынша жауапкер өз әрекетіне жауапкершіліктен заңсыз босатылған. Өтініш иесінің осы қылмыстық істі қарау мерзімінің бұзылуы мәселесі бойынша облыстық сотқа бірнеше рет жүгінгенімен, өтініш иесінің растауы бойынша, оған дәлелсіз және негізсіз жауаптар ұсынылған.

В. Рудный қалалық сотының оның талап арызын, өтініш иесінің пікірі бойынша, соттың жеке қызығушылығы себебімен, қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы шағымы (11.11.2003 кіріс № 617/04).

ҚР Әділетмині ҚАЖК Маңғыстау облысы бойынша басқармасының ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан М. сот шешімімен танысу және оның көшірмесін алу құқығының бұзылғандығы туралы шағымы (17.06.2004 кіріс № 515/02). Өз өтінішінде ол үш жыл бойына Оңтүстік Қазақстан облыстық сот органдарына аудандық сот үкімінің және оған қатысты аудандық және облыстық соттар шығарған сот қаулыларының көшірмелерін жолдауды өтініп бірнеше рет жазбаша жүгінген. Шағымданушы аталған сот шешімдері көшірмелерінің ұсынылмауы олардың аяқталған сот шешімдеріне қадағалау тәртібінде шағымдану құқығын іске асыруға кедергі келтіріп отыр деп санайды.

Н. Шар қалалық № 2 сотының судьялары мен қызметкерлерінің талап арыз қабылдаудан бас тартқандығына шағымданған өтініші (05.11.2007 кіріс № 1023/03).

С. өз өтінішінде (06.12.2006 кіріс № 1233/02) судьялардың әрекетсіздігіне және істі Астана қаласы Алматы аудандық сотында қарау мерзімін созып келе жатқандығына шағымданады.



4. Заңды тиісінше қолданбау
Бұған мысалдар:

С. түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан баласын колония-қонысқа ауыстыруға сотталушының мемлекетке 80 мың теңге кіріс өтемегендігі себепті судьяның бас тартуына келіспейтіндігін білдіретін өтініші (29.11.2007 кіріс № 1540/02-1109). Бұған қоса, айыпталушы залалды өтеуден бас тартпайтындығын, алайда жалпы режимдегі колонияда оның көрсетілген соманы табуға мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлайды.

ҚР Әділетмині ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының ОВ-156/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Г. 6 жыл бұрын тәртіп бұзуы негіз болған шартты мерзімінен бұрын босатуды ұсыну туралы ұсынысты соттың қабылдамауына келіспейтіндігі туралы өтініші (12.11.2007 кіріс № 1045/02). Сонымен бірге шағымданушы соттың қаулысын қабылдағаннан кейін 18 күнтізбелік күннен кейін уақытылы алмағандығын, осыған байланысты оның шағымдану мерзімінің өтіп кеткендігін хабарлайды.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 8-бабына сәйкес, әрбір адам оның әділ сот шешімін, дәлелденбеген кідіртусіз сот талқылауын, талқылаудың жариялылығын, соттың әділдігі мен тәуелсіздігін көздейтін конституциялық немесе заңмен ұсынылған негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзыретті ұлттық соттармен құқықтарын тиімді қалпына келтіруге құқылы.

Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау құқығын іске асыруға ҚР Конституциясында кепілдік берілген және тұрақты тиісті бақылауды, адамның құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарға жауап беретін нақты заңды механизмдері мен рәсімдерін құруды талап етеді.

Бұл бағыт барынша маңызды құқық қорғау қызметінде ұсынылады, негізінде бұл құқықтың сотпен, әділ сот және білікті заңды көмекпен қорғалудан өтуімен байланысты. Құқықтардың бұл санаты адам құқықтарының барлық спектрлерінің сақталуы процесіне ынталандыру ықпалын тигізеді.

Жекелеген судьялардың жұмысының жетілмегендігі халықтың жалпы сот билігіне сенімсіздігінің өсуіне ықпал етеді.

Қабылданған сот шешімдерінің негіздемелеріне дау атпай, сондай-ақ әділ соттың жіберілуі процесіне араласу мақсатынсыз, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағынбасшылыққа ала отырып, Сізден, құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, сот жүйесіндегі аталған бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың соттарда істі тура және әділ талқылау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын.



Құрметпен,
Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

8. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің тізімі








Калюжный Вячеслав Афанасьевич

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы

тел. 8 (7172) 752967





Қасенова Марал Қайырбайқызы

Азаматтардың шағымдары жөніндегі бөлімнің меңгерушісі

тел. 8 (7172) 752969





Сақалова Күлпаш Зиядинқызы

Әкімшілік бөлімнің меңгерушісі-

бас бухгалтер

тел. 8 (7172) 752975




Оразбаева Әсия Қайыргелдіқызы

Азаматтардың шағымдары жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы

тел. 8 (7172) 752980


Шнитковская Нина Андреевна

Сараптама бөлімнің

бас сарапшысы

тел. 8 (7172) 752482



Тикебаева Тұрғайша Әміртайқызы

Кадрлармен жұмыс жөніндегі әкімшілік бөлімнің бас сарапшысы

тел. 8 (7172) 321767


Хисметдинова Алмагүл Жақсылыққызы

Азаматтардың шағымдары жөніндегі бөлімнің

консультанты

тел. 8 (7172) 752980




Байжұменов Марат Амангелдіұлы

Сараптама бөлімнің

бас сарапшысы

тел. 8 (7172) 216329



Марьина Галина Анатольевна

Іс қағаздарын ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік бөлімнің бас сарапшысы

тел. 8 (7172) 752973


Жақыпова Әсел Бейсенбекқызы

Азаматтардың шағымдары жөніндегі бөлімнің

бас маманы

тел. 8 (7172) 752969



Раисова Айгүл Казезқызы

Сараптама бөлімнің жетекші маманы

тел. 8 (7172) 216329


Артықбаева Лаура Жұмабекқызы

Әкімшілік бөлімнің жетекші маманы

тел. 8 (7172) 752970








Балапанова Айнагүл Серікқызы

Шаруашылық мәселелері жөніндегі әкімгері



тел. 8 (7172) 752975


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет