Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


-бөлім. Есептік кезең ішіндегі қызметті талдау



бет2/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

2-бөлім.

Есептік кезең ішіндегі қызметті талдау


  1. Өтініштермен жұмысты талдау

1.1. Келіп түсетін өтініштердің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның мен азаматтың құқықтарының сақталуын қадағалайды және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шара қолданады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыттарының бірі адам құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, оларды қалпына келтіру жөнінде шара қолдану болып табылады.

Өтініштердің талдауы адам құқықтарының бұзылуының негізгі себептерін, заңнаманың кемшіліктерін, жүргізіліп отырған реформалардың динамикасын, азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық тапсырушылар есебінде қанағаттанушылығын анықтауға мүмкіндік береді.

2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне 1684 өтініш келіп түсті, олардың 1286 жазбаша және 398 ауызша.

Барлығы Уәкіл қызметінің 5 жылында 9456 ауызша және жазбаша өтініш келіп түсті.


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне

бес жыл ішінде келіп түскен жазбаша және ауызша

өтініштердің саны


Атауы

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006 жыл

2007 жыл

Барлығы

Жазбаша өтініштер

855

1156

1965

1374

1286

6636

Діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампанияларының шегінде жазбаша өтініштер

-

-

-

757




757

Ауызша өтініштер

297

358

528

482

398

2063

ЖИЫНЫ

1152

1514

2493

2493

2613

9456

Келтірілген диаграммада бес жыл бойы келіп түскен өтініштердің жыл сайынға динамикасы көрсетіледі.

2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны азайды. Әдеттегідей, ең үлкен топты сот шешімдерімен келіспейтін азаматтардың шағымдары құрайды. Уәкілдің қызметі мен құзырын БАҚ-та жариялау, шағымданушыларды хат алмасу, ауызша қабылдау, аумақтарға бару кезінде ақпараттандыру уәкілдің құзырына жатпайтын өтініштер санын азайтуға әкеп соқты. Сонымен қатар діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампанияның аяқталуына байланысты жазбаша өтініштер саны азайды.

Қатыстылығы жоқ хаттар санының көбею үрдісі жалғасты: 2005 жылы осындай 82 хат түссе, 2006 жылы 130 хат келді, есептік кезеңде 188 хат келіп түсті.

Қосымша құжаттарды талап ететін хаттар саны (25 тен 40 дейін), қері қайтарып алынған өтініштер (2 ден 4 дейін) сана екі есеге жуық өсті, анонимді өтініштер саны екі еседен астам көбейді (2 ден 6 ға дейін). Мазмұны түсініксіз хаттар саны (11 ден 12 дейін), алғыс хаттар саны (3 тен 4 дейін) сәл көбейді.

Қарауға қабылданбаған хаттар туралы нақты ақпарат келесі кестеде көрсетіледі.


Қарауға қабылданбаған өтініштер


Атауы

Өтініштер саны

Қатыстылығы жоқ хаттар

188

Мазмұны түсініксіз

12

Құжаттарды қайтару

5

Алғыс хаттар

4

Қайтарып алуға өтініш

4

Иесі көрсетілмеген хаттар

6

Қайтарып алынған өтініштер

2

Қосымша құжаттарды ұсыну

40

Барлығы

262

Қайта келген

283

Өткен жылдармен салыстырғанда қайта келген хаттардың саны азайды: 2005 жылы 433-тен, 2006 жылы - 298, есептік кезеңде 283 дейін.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметі барысында жазбаша өтініштер республикамыздың барлық облыстарынан келіп түседі.

Есептік кезеңде хаттардың неғұрлым көп деген бөлігі Астана (13 пайыз) және Алматы қалаларынан (10%), Алматы (9,7%), Ақмола (9%), Шығыс Қазақстан (8,9%), ең аз өтініш Батыс Қазақстан (1,3%), Маңғыстау (1,6%), Қызылорда (1,9%) облыстарынан келді. Орташа алғанда аумақтар бойынша хаттардың арақатысы соңғы үш жылдар бойы тұрақты болып отыр.



2007 жылы шет елдерден келген хаттар саны қүрт азайды (2006 жылы – 215 тен 2007 жылы 94 дейін).Өткен жылы шетелден келген хаттар көлемінің өсуі көбінесе дін тұту бостандығына құқықтарды іске асыру мәселелерімен байланысты болды. Жазбаша өтініштердің аймақтық сипаттамасы төмендегі кестеде ұсынылады.

Өңірлерден келген жазбаша өтініштер


Аймақтар

Өтініштер саны

Өтініш білдірушілер санына пайыздық ара қатынасы

Астана

161

13

Алматы

129

10

Алматы облысы

124

9,7

Ақмола облысы

114

9,0

Шығыс Қазақстан облысы

113

8,9

Шет елден

94

7,4

Қарағанды облысы

76

6,0

Ақтөбе облысы

71

5,6

Жамбыл облысы

68

5,3

Қостанай облысы

67

5,2

Оңтүстік Қазақстан облысы

65

5,1

Солтүстік Қазақстан облысы

49

3,8

Павлодар облысы

46

3,6

Атырау облысы

28

2,2

Қызылорда облысы

25

1,9

Маңғыстау облысы

21

1,6

Батыс Қазақстан облысы

17

1,3

Жиыны

1268



Жазбаша өтініштердің географиялық бөлінуінің аса маңызды өзгерістерін келесі диаграммада байқауға болады.



Есептік кезеңде ұжымдық хаттардың саны жазбаша хаттардың жалпы санынан 8,5 пайызды құрды, ал 2006 жылы осы көрсеткіш 43 пайызды құрды. Сонымен бірге былтырғымен салыстырғанда ҮЕҰ-дан келген хаттар саны көбейді (2006 жылы -15, 2007 жылы -31).

Ұжымдық және жеке жазбаша хаттар санының арақатысы төменгі диаграммада ұсынылған.


2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне ауызша кеңес алу үшін 398 адам жолданған, оның ішінде Уәкіл Ақмола және Алматы облыстарына барған кезде 40 адам жолданды.

2007 жылы Уәкілге жолданған кезде алдыңғы жылдардағыдай Астана қаласы мен Ақмола облысы тұрғындары жоғары белсенділік танытты, олардың хаттарының саны жолданған азаматтардың жалпы санынан 67 пайызын құрайды.

Қарағанды және Алматы облыстарының көптеген азаматтары Уәкіл мекемесінде ауызша қабылдауда болды (тиісінше 6% және 5,5%).



Ауызша тәртіппен жолданған азаматтардың географиялық бөлінуі төмендегі кестеде берілген.
Өңірлерден түскен ауызша өтініштер


Ауызша кеңес алу үшін жолданған азаматтар тұратын аймақтар

Жалпы саны

Астана

201

Ақмола облысы

69

Қарағанды облысы

24

Алматы облысы

22

Қостанай облысы

17

Павлодар облысы

11

Алматы

9

Оңтүстік Қазақстан облысы

9

Жамбыл облысы

8

Ақтөбе облысы

7

Оңтүстік Қазақстан облысы

5

Шығыс Қазақстан облысы

5

Қызылорда облысы

3

Маңғыстау облысы

2

Ресей Федерациясы

2

Батыс Қазақстан облысы

1

Атырау облысы

1

Өзбекстан Республикасы

1

Германия Федеративтік Республикасы

1

Барлығы:

398

Азаматтардың ауызша жолданулары кезінде қозғайтын өзекті мәселелері, бұрынғыдай, сот шешімімен келіспеу, тұрғын үй құқықтарын іске асыру, құқық қорғау органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігі.

Сонымен бірге 2007 жылы ауызша жолдану кезінде өтініш берушілер қойған мәселелердің басымдылығы былтырғы жылға қарағанда аздап өзгерген, егер 2006 жылы азаматтардың ауызша қабылдау кезінде азаматтардың тұрғын үй құқықтарын бұзу мәселелері алдыңғы қатарда болса, есептік кезеңде сот шешіміне келіспеу мәселелері (16,3%) өтініш берушілердің тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселелерінен (16,1%) асып кетті.

Сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігіне арыздарының саны көбейді 2006 жылы 6,8% есептік кезеңде 10% дейін. Жергілікті атқару және өкілетті органдардағы әкімшілік етудің тиісті деңгейде еместігіне өтініш берушілердің 8% жолданды. Ауызша кеңестер барысында азаматтардың көтеретін мәселелері сипатының жалпы суреттемесі келесі кестеде ұсынылған.



Ауызша өтініштерде көтерілген мәселелер сипаттамасы


Мәселелердің өзіндік ерекшелігі

Саны

Сот шешімімен келіспеуі туралы

85

Тұрғын үй мәселелері

84

Құқық қорғау органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне арналған шағымдар

52

Жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына әкімшілік ету мәселелері

42

Жеке тұлғалармен өзара қарым қатынас мәселелері

32

Еңбек құқықтары

31

Орталық атқару органдарына әкімшілік ету мәселелері

22

Әртүрлі негіздермен әлеуметтік қамтамасыз ету

16

Үкіметтің қатысы жоқ заңды мекемелердің әрекеттеріне шағымдар

16

Сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі туралы шағымдар

15

Жер құқықтары

15

Тіркеу, азаматтықты алу, тұрғылықты орналасу түріне, азаматтың жеке тұлғалылығын растайтын құжаттар мәселелері

13

Зейнетақы тағайындау және төлеу мәселесі

10

Пенитенциярлық жүйе мекемелері әкімшіліктерінің әрекеттері мен әрекетсіздігі

8

Қылмыстық іс қозғаумен келіспеуі

7

Оралмандар құқықтары

7

Кәсіби заңгерлік көмек алу құқығы

5

Ақпарат алу құқығы

5

Жеке меншік құқығы

5

Денсаулық сақтау құқығы

5

Бала құқығы

5

Cот шешімдерінің орындалмауы

4

Білім алу құқығы

4

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы

3

Мүгедектер құқығы

3

Тұтынушылар құқықтары

3

Бір пенитенциарлық мекемеден екіншіге ауыстыру

2

Басқа мемлекеттік органдарға тапсыру туралы өтініштер бар хаттар

2

Жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке және отбасы құпиясы, қадір қасиетін қорғау құқығы

1

Сайлану және сайлау құқығы

1

Қолайлы қоршаған ортаға құқық

1

Басқалар

16

Барлығы

520


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет