Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



жүктеу 4.85 Mb.
бет25/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.85 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Төраға мырза,
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясын және «Балалардың өміріне пайдалы әлемнің» қорытынды құжатты іс жүзінде іске асыру айтарлықтай деңгейде БҰҰ қатысушы-мемлекеттердің саяси еріктеріне, экономикалық мүмкіндіктеріне және қажеттілік туындайтын елдерде жүзеге асырылатын халықаралық қолдау көрсетудің тиімділігіне байланысты.

Осыған орай жоғарыда аталған құжаттарды іске асыру Қазақстанның ішкі саясатының басымдылығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы біздің әлеуметтік бейімделген мемлекетіміздің ұлттық саясатының маңызды бөлігі болып табылатын ана мен баланы қорғауға және әйелдер мен балалардың жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады.

Қазақстан балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін алға қою бойынша көп секторлы көзқарасты қолдайды. Бұл процеске өзара тығыз қарым-қатынастағы үкіметтік құрылымдар, Омбудсмен кеңсесі, ұлттық ҮЕҰ мен жастар қозғалысы тартылған.

Жалпы алғанда, адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту бойынша Қазақстанның мақсатты күш-жігері ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттерінің 2010 жылы біздің еліміздің осындай беделді ұйымға төрағалық етуі жөнінде консенсусты шешім қабылдауына негіз болды.

Қазақстан заңнама жүйесінің сапасын арттыруда және балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың денсаулығын қорғау үшін жағдай жасауда және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуде. Балаларды дамытуға бюджеттен бөлінетін қаржы жыл сайын арттырылуда. Мен Қазақстандағы балалардың шамамен 99% міндетті бастауыш білім берумен қамтамасыз етілетіндігін және бұл жерде қандай да бір гендерлік теңсіздік жоқ екендігін тағы да бір атап көрсеткім келіп отыр.

Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясын орындау туралы Қазақстанның баяндамасын бойынша ұсыныстары негізінде ҚР Үкіметі ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау комитетін құрды.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық жоспар оқу орындарының бағдарламасына балалардың құқықтарын оқыту пәнін қосуды қарастыруда.

Балаларды қорғаудың 2007-2011 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы балалардың құқықтарын қорғауды тиісінше қамтамасыз ету және алға жылдытудың негізгі саяси қағидаларын бекітеді және балалардың барлық санаттары үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ететін тиімді жүйені құрады. Осы стратегияның бастапқы сатысын орындауға 49 млн. долларға жуық қаржы бөлінді.

Үкіметтің Адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Күш қолданудың құрбаны болған әйелдер мен баларға арналған 38 дағдарыс орталықтары ашылды. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуыны алдын алу туралы» Заң қабылданды.

2007 жылы жергілікті мемлекеттік органдар әр облыста Балалардың құқықтары жөніндегі аумақтық департаменттер ашты.

Биыл «Мектепке дейінгі балалық шақ» ұлттық зерттеу орталығы құрылды. Оратылқтың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру стратегиясын әзірлеу және іске асыру, талдау жасау және осы пәнді зерделеу.


Қазақстан аз қамтамасыз етілген балалардың, әрекеті шектеулі балалардың қажеттіліктерімен қарсы ұшырасқан әлеуметтік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету бойынша бар күш-жігерін салады және балалы отбасыларға көмек көрсетеді. Қазақстан Үкіметі балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жыл сайын 160 млн. доллар көлемінде қаржы бөледі.

Алайда, осы шараларға қарамастан, мүгедек балалар, жетім балалар, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлер және қараусыз қалған балалар өзекті мәселе болып қалып отыр. Балалар өлімі бұрынғыдай мемлекеттің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. ВИЧ/СПИД-тің таралуы елдегі жаңа қауіп болып табылады.

Қазақстан Үкіметі БҰҰ Балалр Қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ халықты саны жөніндегі Қоры (ЮНФПА), БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Босқындары ісі жөніндегі басқармасы. БҰҰ білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) секілді БҰҰ халықаралық ұйымдары мен мамандандырылған мекемелерімен бірге аталған проблемаларды шешу жолдарын іздеуде. Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсарту бойынша ел бағдарламасы іске асырылуда.

Биыл біз Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы қатынастың орнатылуына 15 жыл толуын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде ЮНИСЕФ біздің Үкіметке толық мәнді қолдау және көмек өкрсетіп келді. ЮНИСЕФ-тің бүкіл әлемдегі, әсіресе, Қазақстандағы балалардың мүдделеріндегі нақты іс-әрекеттері мен көмек көрсетуін жоғары бағалай отырып, біз болашақта Қормен одан әрі тиімді ынтымақтастық жасайтындығымызға сенім білдіреміз.

Қорыта келе біз Мыңжылдықты дамыту мақсаттары мен БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Конвенциясын орындауды басты назарда ұстайтындығымызды тағы да бір атап көрсеткіміз келіп отыр.

Бас Хатшының 2002 жылғы Дүниежүзілік балалар мүддесіндегі жоғары деңгейдегі кездесудегі «Бала жағдайы жөніндегі арнайы сессияның шешімдерін орындау бойынша шараларды қарастыру» Баяндамасында атап көрсетілгендей, Мыңжылдықты дамыту мақсаттарын іске асыру бойынша күш біріктіруді қажет етеді.

Осыған байланысты біз балалардың өміріне пайдалы әлемді қалыптастыру уәдеміз бен міндеттерімізді орындамай тұра алмаймыз.


7. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініш берушілердің өтініштері бойынша ұсынымдары

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Р.Т. Түсіпбековке ұсыным

Құрметті Рашид Төлеутайұлы!
Маған Алматы қаласы, Родостовец көшесі, 152-үй, 35-пәтер мекен жайының тұрғыны азаматша П. өтініш білдіріп, 2004 жылғы 5 қыркүйекте белгісіз себептермен күйеуі П. қайтыс болғандығын хабарлады. Өтініш білдіруші оның күйеуінің өліміне қатысы бар адамдарды қылмыстық жазаға тарту мақсатында құзыретті мемлекеттік органдарға бірнеше рет жүгінген. Алайда тергеу органдары П. өліміне қатысты қылмыстық істі бірнеше рет тоқтатқан.

П. жазбаша өтініші мен оның ауызша түсініктемесі бойынша аталған істі қарастыру барысында ішкі істер органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бірнеше рет бұзуға жол берген.

Осылайша, тергеу барысында 2004 жылғы 4 қыркүйекте У. пен П. бірге балық аулауға барған адамдар тобы анықталмаған. Ет өнімдерін сататын дүкеннің сатушысының түсініктемесі бойынша У. пен П. бірге машинада екі әйел болған, олардың біреуі У. әйелі Г. болуы мүмкін.

Шақыру бойынша Первомайка кентіне келген дәрігер жәбірленушінің қасында алкогольдік масаң күйдегі екі әйел болғандығын және оның көмек сұрап айғайлағандығын естігендігін айтқан.

2004 жылғы 21 қазандағы сот-медициналық сарапшысының № 323 қорытындысына сәйкес П. мәйітін зерттеу кезінде сүйек қаңқасында көптеген сынықтар, терінің көптеген сыдырылуы түрінде дене жарақаттары табылған, оң аяғында кесілген жара болған. Аталған жарақаттар автокөлік доңғалақтарымен басып өту кезінде доғал қатты заттың (заттардың) әсерінен болуы мүмкін.

Жәбірленуші П. әйелі оның күйеуінің денесінен табылған дене жарақаттарының барлығы, жәбірленуші шатырда болғандықтан, тек автокөлікпен басып өтуден ғана болуы мүмкін емес деп есептейді. Оның ойынша, П. белгісіз адамдар қатты доғал затпен соққан, одан кейін, қылмысты жасыру мақсатында, оның үстінен автомашинамен басып өткен.

У. айғақтары бойынша, автомашина П. болған шатырға қарай бағыт алған. Көтергіштің көмегімен ол автомашинаны көтеріп, оның астынан жәбірленушіні алып шыққан. Бұл айғақтардан шығатын қорытынды, машина П. басып өтпеген, оны барып қаққан да тоқтаған. Жоғарыда аталған сараптамаға сәйкес, жарақаттар автокөлік доңғалақтарымен басып өту кезінде доғал қатты заттың (заттардың) әсерінен болуы мүмкін.

Сонымен бірге, өтініш беруші егер салмағы 1320 кг автомобиль. П. басып қалса, алынған жарақаттардың әсерінен (оң және сол жақ қабырғаларының көптеген сынуы) ол У. көмекке шақыра алмайды деп есептейді.

Тергеу жұмыстары «Ниссан-Блюберд» автомашинасы жәбірленуші П. болған шатырдан 8-10 метр қашықтықта тоқтаған. Өтініш иесі У. қармақтарды қарау үшін жағаға кеткен кезде өздігінен жүріп кетуі мүмкін емес деп есептейді. Бұған қоса, машина 8-10 метр қашықтықтан орнатылған шатыр мен ода болған П. өздігінен басып өтуі мүмкін емес.

Сонымен бірге, өтініш беруші автомашинаның жүріп кету мүмкіндіктерін тексеру үшін оқиға болған орынға барған тәжірибе бас машинамен және шатыр мен манекен орнатылмай жүргізілгендігін айтады. Яғни машинаның жүріп кету мүмкіндігі дерегі анықталғанымен, шатыр мен ондағы адамды басып кету мүмкіндігі анықталмаған. Автомобильдің қозғалыс жылдамдығын өлшеу актісі тәжірибе кезіндегі істе тіркелмеген.

Тергеу барысында жәбірленуші болған шатыр заттай айғақтар қатарына қосылмаған және оқиға болған орыннан табылып, П. сақтаулы тұрған басқа заттармен бірге зерттелмеген.

П. қайғылы оқиғаның куәгері У. оның жәбірленуші күйеуіне медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдамаған деп есептейді. Демалыс аймағында оқиға болған орыннан 25 метр қашықтықта болған адамдардан немесе сорғыш станциясынан, немесе МАИ бекетінен, немесе 10 км жақын қашықтықта орналасқан Капшағай ауруханасынан көмек сұраудың орнына ол алкогольді масаң күйде жәбірленушіні оқиға болған жерден 55 км қашықтықта орналасқан Первомайка кентіне алып барған.

Жоғарыда жазылған жайттарды назарға ала отырып, өтініш беруші оның күйеуі Первомайка кентінде емес, оқиға болған орында қайтыс болған деп есептейді.

Криминалистің анықтамасына сәйкес, П. қайтыс болу дерегі бойынша оқиға болған орынды тексеру барысында «Зенит 122» фотоаппараты пайдаланылған. Түсірілген таспаны шығару нәтижесінде фототаспаның сапасы төмендігіне байланысты ондағы фотоларды басып шығаруды жүзеге асыру мүмкін емес.

Өтініш беруші бұл дерек тергеу жұмыстарын жүргізген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің істің мән-жайын нақты анықтауға қызықпағандығын жанама куәландырады деп есептейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабына сәйкес сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.

Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 24, 26-тармақтарына сәйкес Сізден өтініш берушінің істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды толық және объективті зерттеу құқықтарының іске асырылуына ықпал етуіңізді сұраймын.

Қаралу нәтижесі туралы маған хабарлауыңызды сұраймын.


Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл Б. Байқадамов


Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Р.Т. Түсіпбековке ұсыным

Құрметті Рашид Төлеутайұлы!
Маған У. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасының (бұдан әрі – ҚР ІІМ ӘТБ) оған қатысты қылмыстық іс қозғауына келіспейтіндігі туралы өтініші келіп түсті. Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына өтініш иесінің дәлелдерін тексеру туралы хат жолданған болатын (05.04.2007 шығыс № 300/02-881).

Іс материалдары бойынша, 2004 жылғы 19 ақпанда Ұлан гарнизонының әскери прокуратурасы дизельдік жанармайдың ұрлануы фактісі бойынша У. қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 176-бабы 3-бөлігінің «б, г» тармақтарында, 314-бабында, 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

2005 жылғы 15 ақпанда Алматы гарнизонының әскери сотының үкімімен У. ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілей және 2 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайныдалған.

2005 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы әскерінің Әскери соты Алматы гарнизоны әскери сотының 2005 жылғы 15 ақпандағы үкімін өзгертті. Үкімнің У. ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша соттау бөлігі жойылып, істің осы бөлігі жаңа құрамдағы бұрынғы сотқа қайтадан сот қарауына жолданған.

2005 жылғы 30 қарашада мемлекеттік айыптаушы сотта Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚІЖК) 37-бабының 5-бөлігі тәртібінде қылмыстық істі сұрап алу туралы қолдаухатты мәлімдеген.

2006 жылғы 14 қарашада ҚР ІІМ Ұлан ӘТБ У. қатысты қылмыстық істі дәлелденбеуіне байланысты ҚР ҚІЖК 37-бабының 2-бөлігі негізінде тоқтатқан.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хатында (25.04.2007 шығыс № 15/27-04) 2007 жылғы 6 ақпанда Бас әскери прокуратураның У. қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыдан заңсыз деп бас тартылған. 2007 жылғы 7 наурызда ҚР ІІМ Ұлан ӘТБ У. қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған және істі ҚР ІІМ Тергеу комитеті қарау үстінде.

Жоғарыда аталған Алматы гарнизоны әскери сотының 15 ақпандағы үкімі бойынша У. ҚР ҚК-нің 314-бабы және 380-бабының 1-бөлігі бойынша ақталған. Соттың бұл үкіміне Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен У. ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша сотталуы бөлігіне өзгеріс енгізілген, басқа бөліктер өзгеріссіз қалдырылған.

Осылайша, У. 380-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қылмыстық іс сот талқылауының мәні болған және ол бойынша жоғары тұрған сотпен күші жойылмаған заңды күшіне енген сот шешімі қабылданған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабы 3-тармағының нормасы соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болатындығын жария етеді.

ҚР ҚК-нің 3-бабына сәйкес, қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 7-тармағына сәйкес, әрбір елдің қылмыстық іс жүргізу құқықтар ымен заңдарына сәйкес бұрын сотты болған немесе ақталған қылмыстары үшін ешкімді қайта соттауға немесе жазалауға болмайды.

Осылайша, У. қатысты 380-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғау оның халықаралық және ұлттық құқық нормаларында көзделген азаматтық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады.

Бұдан басқа, У. өзінің өтінішінде 2004 жылдан бері 06.05.2004 күні Бас әскери прокурорға жолдаған өтінішіне жауап ала алмай жүргендігін көрсетеді.

Жоғарыда жазылғандарға байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес Сізден, құрметті Рашид Төлеутайұлы, мен көтерген проблемаларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдауыңызды және У. бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіруге ықпал етуіңізді сұраймын.

Қаралу нәтижесі туралы маған хабарлауыңызды сұраймын.



Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл Б. Байқадамов

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы

Сот әкімшілігі комитетінің Төрағасы З.М. Мақашевқа ұсыным

Құрметті Зейнулла Мұхамединұлы!
Маған Қостанай қаласының тұрғыны Т. «Қостанай облыстық сот әкімшісі» ММ лауазымды адамдарының өтініш иесінің және оның баласының еңбек құқықтарын бұзғандығы туралы өтініші келіп түсті.

Осы өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне (бұдан әрі – Комитет) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) сауал жолдаған болатын.

Комитеттің берген жауабына сәйкес, Т. мен оның баласы Т. құқықтарының бұзылуы анықталмаған, ал өтініш иесінің арызын негізсіз деп тану қажет.

Сонымен қатар, Министрлік берген жауап бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторы ұсынылған құжаттар негізінде Т. 2005 жылғы 23 наурызда шектеусіз мерзімге жеке еңбек шарты жасалғандығын анықталған.

Осыған байланысты жұмыс беруші «Қостанай облыстық сот әкімшісі» ММ (бұдан әрі – Сот әкімшісі) бастамашылығы бойынша шартты бұзу «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабына сәйкес жүргізілуі қажет. Алайда, 2005 жылғы 9 желтоқсанда Сот әкімшісі өтініш иесіне Заңның 25-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаны туралы хабарлаған.

Т. жеке еңбек шартын бұзу негізі Заң талаптарын бұза отырып қолданылған.

Сонымен бірге Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру барысында Т. 2005 жылғы 2 қараша мен 2005 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы белгілі бір мерзімге жеке еңбек шартымен Сот әкімшісіне жүргізуші болып қызщметке қабылданғандығын анықтаған. Аталған шарт пен жұмысқа қабылдау туралы бұйрық Т. қол қойып таныстырылмаған. Т. жеке еңбек шарты 2006 жылғы 5 қаңтардан бастап Сот әкімшісінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 1-л бұйрығына сәйкес Заңның 10-бабын бұза отырып тоқтатылған.

Сот әкімшісі Т. 2006 жылғы 1 қараша мен 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығына екінші жеке еңбек шартын жасаған. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық тағы да оған қол қойып таныстырылмаған.

Тексеру нәтижелері бойынша Сот әкімшісі басшылығына Мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасын бұзуға жол бергені үшін ұйғарым берді.

Министрліктің Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне ұсынған ақпараты Т. арызы негізді болып табылатындығын және өтініш иесі мен оның баласының еңбек құқықтарының бұзылуы фактілері бар екендігін растайды.

Бұдан басқа, Комитет өтініш иесінің мәліметтері бойынша оған және оның баласына қатысты Сот әкімшісінің лауазымды адамдарынан келіп түскен қудалау және қорқыту фактілерінің растығы туралы ақпарат ұсынылмады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қарашадағы Заңымен ратификацияланған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 7-бабына сәйкес, азаматтардың әділетті және қолайлы еңбек жағдайына, атап айтқанда, сыйақы алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін, тынығу, бос уақыт және жұмыс уақытының орынды шектелуі және мерзімді ақылы еңбек демалысына құқылы.

«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік және қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтағына, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабылеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.

Осы баяндалғандар негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес маған берілген өкілдіктерді пайдалана отырып, Сізден, құрметті Зейнулла Мұхамединұлы, көтерілген проблемаларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдауыңызды және Т. құқықтарын қайта қалпына келтіруге ықпал етуіңізді сұраймын.



Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл Б. Байқадамов

Алматы қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетовке ұсыным

Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы!
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша («Kazakhstan today» ақпараттық агентінің 09.02.2007, «Gazeta.kz» интернет-газетінің 09.02.2007, «Караван» газетінің 09.02.2007, «Эпоха» газетінің 09.02.2007, № 5 (227) санының мәліметтері) «Алматыжер» мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 6/1214 қаулысы бойынша әрекет ете отырып, Бағанашыл шағынауданында орналасқан № 1 облыстық балалар үйіне жер учаскесін «мемлекет қажеттілігі үшін» алатындығы туралы хабарланған 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 10514 хабарлама жолдаған. 2,5 га жерді алып жатқан балалар үйінде 200-ден астам тәрбиеленуші тұрып жатыр. Бұл ретте, балалар үйінің жер учаскесінің қосалқы шаруашылығы орналасқан бөлігін алу көзделуде. Бұл учаскеде балалар көкөністер мен ағаштар өсіреді. БАҚ ақпараттары бойынша, балалар үйі Алматы апортын жаңғырту бағдарламасы бойынша БҰҰДБ миссиясымен ынтымақтастықта. Балалар өз қолдарымен 20 мыңнан астам алма көшеттерін отырғызған.

Жер учаскесін алу балалар мүддесін қозғайтындығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың саяси және әлеуметтік-экономикалық маңызды міндеттерінің бірі мемлекет пен қоғамның балаларды, қазіргі және болашақ ұрпақты жан-жақты кепілді қорғау болып табылады. Бұл міндет балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясаттың басым қағидаларын бекітетін Конституцияның 27-бабында және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның 6-бабының 2-тармағында айқын көрсетілген. Өз отбасының қамқорынан айырылған балаларға ерекше назар аударуға және әлеуметтік көмек көрсетуге кепілдік беріледі.

Осылайша, балалардың құқықтары барлық басқа құндылықтар мен мүдделермен, соның ішінде қала құрылысы секілді экономикалық сипаттағы мүддеден де басым болуы тиіс.

Тіпті егер жерді алып қоюда мемлекеттік қажеттілік айрықша сипатқа ие болған күннің өзінде, бұл ретте міндетті шара балаларға бұрынғыдан кем емес (оған тең) жағдайды қамтамасыз ету (жасау) болуы тиіс. Бұл ереже балаларға қатысты халықаралық құқық қорғау стандарттарының негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормаларды қолдайды. 1994 жылы Қазақстан Баланың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Аталған халықаралық шарттың 3-бабында әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдауына тәуелсіз барлық іс-әрекеттерде назар ең алдымен балалардың мүдделерін барынша қамтамасыз етуге бөлінуі қажет.

Бұл ретте аталған Конвенцияның 4-бабында қатысушы-мемлекеттердің Конвенцияда белгіленген құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заңдық, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайтындығы белгіленген. Қазақстанға елдік баяндаманы қарау нәтижесін бойынша ұсынылған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің қорытынды ескертулерінде мекемелерде жағдайды жақсарту жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға ұсыныс берілген.

Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға қол жеткізуге және оларды сақтауға әрдайым талаптанады. Жетімдерге және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсету қоғамның дамуының және биліктің легитимдігінің көрсеткіші болып табылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңында тәрбиеленушілердің адамдық қасиеттеріне құрметпен қарау құқығы бекітілген. Ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың қадір-қасиеті осындай балаларды білім беру ұйымдарында ұстау жағдайында мемлекет пен қоғам тарапынан тиісті қамқорлыққа алынады, азаматтардың осы санатына мемлекет қолдау көрсетеді және әлеуметтік қорғауға кепілдік беріледі.

Жазылғандарды ескере отырып, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету барлық маңызды шешімдер қабылдау кезінде басымдылық ретінде танылуы қажет, құндылықтарды таңдауда әрқашан балалардың пайдасына шешілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 15, 16-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Сізден Алматы облыстық № 1 балалар үйінің жерін алу жағдайына қатысты ақпарат ұсынуыңызды сұраймын.



Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б. Байқадамов

Қазақстан Республикасының Әділет министрі З.Я. Балиеваға ұсыным

Құрметті Зағипа Яхянқызы!
Қазақстан Республикасы өткен жылдары Қазақстанның бұрынғы кеңестік кеңістіктегі озық пенитенциарлық жүйе туралы халықаралық деңгейде де айтуға мүмкіндік беретін қылмыстық-атқару жүйесін ырықтандыру бойынша нақты шарлар қабылдағаны белгілі.

Сонымен бірге, соңғы уақытта маған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚР Әділетмині ҚАЖК) түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарының бұзылуына байланысты келіп түскен өтініштердің саны арта түсті.

Өтініштер ҚР Әділетмині ҚАЖК мекемелеріндегі сотталғандардан, олардың мүдделі туыстары мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан келіп түсуде.

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын мынадай түрлерге бөлуге болады: арнайы құралдарды (қол кісендерін, келдектерді және т.б.) заңсыз қолдану; сақтауға рұқсат берілген жеке заттарды заңсыз алып қою; сотталғандарға қатысты бейәдеп сөздер қолдану; таза парақтарға күштеп қол жинату; өз-өзіне қол жұмсауға зорлап көндіру; санитария бөлігінің медициналық көмек көрсетпеуі; карцерге негізсіз қамау; нәсіпқұмарлық зорлық әдістерін пайдаланумен қорқыту; сауқаттар мен туыстарымен кездесуге тыйым салу.

Жоғарыда жазылған жайтттарға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге (бұдан әрі – Уәкіл) келіп түскен мынадай өтініштер дәлел бола алады.

ЛА-155/8 (Алматы облысы, Заречный кенті), УК-161/12 (Қостанай облысы, Арқалық қаласы), ЕЦ-166/1 (Ақмола облысы, Державинск кенті), ИЧ-167/3 (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы) мекемелеріндегі сотталғандардың мүдделерінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар басшыларының ұжымдық өтініштері.

Аталған өтініштерде сотталғандармен көрсетілген мекемелерде жазасын өтеушілердің жаппай дене мүшелеріне зақым келтіру актілеріне алып келетін адамдық қадір-қасиетті таптайтын және қатал қарым-қатынас туралы хабарлайды.

Кейбір жағдайларда сотталушылардың қарсылық көрсету шараларына «Құқықтық тәртіп» деп аталатын белсенділер қатарына күштеп енгізу себеп боып табылады. Бұл олардың адамгершілік қадір-қасиетіне қарама-қайшы деп санайтындар және одан бас тартатындар жүйелі түрде ұрып-соғуға дейін алып баратын қатаң қудалауға ұшырайды.

Р. 2007 жылғы 31 қазандағы ҚР Әділетмині ҚАЖК Қостанай облысы бойынша басқармасының УК-164/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан күйеуі Р. мүддесіне қатысты өтініші. Өтініште оны аталған мекеменің қызметкерлері ұрып-соққанна кейін ол дене мүшелеріне зақым келтіретін кесім жасалып, соның нәтижесінде ол қайтыс болған.

А. 2007 жылғы 13 маусымдағы ҚР Әділетмині ҚАЖК Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/26 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың мүдделеріне қатысты өтініші. Өтініш иесі өзінің өтінішінде аталған мекеме қызметкерлер тарапынан сотталушыларға қатысты қатал және адамгершілік қадір-қасиетті қорлау қарым-қатынасын көрсетеді.

Ә. 2007 жылғы 9 қарашадағы ҚР Әділетмині ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан күйеуі Ю. мүддесіне қатысты өтініші. Өтініш иесін өтініште мекеме қызметкерлері тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге қарсылық көрсету белгісі ретінде сотталушының өз-өзіне қол жұмсауына әрекет ету шешімін қабылдағандығын көрсетеді.

Сотталушылардың ауруларын дер кезінде анықтамайтын, алдын алу жұмыстарын жүргізбейтін, тіпті өтініш білдірген кезде сотталушыларға тиісті медициналық жәрдем көрсетпейтін медициналық қызметтерге де арыз-шағымдар келіп түсуде. Осындай құқық бұзушылықтарға мына өтініштер мысал бола алады.

ҚР Әділетмині ҚАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасының АК-159/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан И. 2007 жылғы 20 ақпандағы өтініші. Өтініш иесі өзінің шағымында аталған мекемеге онда туберкулездің бастапқы сатысы табылғаннан кейін ауыстырылғандығын хабарлайды. Алайда, ол ауысып келген кезден бері ауруынан айықпағандығымен қоймай, жаңа аурулармен ауырған. Сотталушы И. бел омыртқасына күрделі операция жасау қажеттігіне, бірақ та мекеме әкімшілігі оны ұйымдастыруға және жүргізуге тиісті шаралар қабылдамай отырғандығына шағымданады.

А. ҚР Әділетмині ҚАЖК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ЕС-164/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан баласы А. қатысты 2007 жылғы 31 қазандағы өтініші. Аталған мекемеге тексеруге жіберілген А. туберкулездің ашық түрімен ауыратын аурулармен бірге ұсталған, соның нәтижесінде, өтініш иесінің пікірі бойынша, сотталушы А. денсаулығы қатты нашарлаған және қазіргі уақытта оған хирургиялық операция жасалуы керек.

Уәкілге сотталушылардан, олардың туыстарынан және үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен өтініштердің ішінде жазасын өтеп жатқандарды басқа колонияларға ауыстыру туралы сұрағандары да кездеседі. Өтініш иелері өздерінің шағымдарында бас бостандығынан айырылған сотталушылар өздері тұрған немесе сотталған облыс аумағындағы түзеу мекемелерінде жазаларын өтейтіндігін белгілейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабын басшылыққа алады. Тұрғылықты немесе сотталған жері бойынша тиісті түзеу мекемесі немесе сол жердегі түзеу мекемесіне орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда сотталушылар Қазақстан Республикасының басқа облысы аумағында орналасқан жақын жердегі түзеу мекемелеріне жіберіледі. Сотталушыларды ауыстыру туралы шағымдарға мына хаттар мысал бола алады.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Қостанай облыстық филиалы директорының Х. мен оның ҚР Әділетмині ҚАЖК УК-161/4 басқармасында (Қостанай облысы, Құсмұрын кенті) жалпы режимде жазасын өтеп жатқан баласы Х. мүдделеріне қатысты 2007 жылғы 28 қазандағы өтініші.

Өз өтінішінде өтініш иесі Х. жазасын өтеу үшін тұрғылықты жері бойынша Қарағанды облысының ұқсас түрдегі түзеу колонияларының біріне ауыстыруды сұрайды.

Е. 2007 жылғы 23 тамыздағы сотталған баласы Е. мүддесіне қатысты өтінішінде ҚР Әділетмині ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша басқармасының ЗК-169/5 мекемесінен тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруды сұрайды. Бұған негізгі себеп сотталушының анасынытұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруды сұрайды. Бұған негізгі себеп сотталушының анасының ауыр науқасы болып табылады.

Уәкіл аппаратына бас бостандығынан айыру орындарынан алдын ала тергеу, сот процесі, кешірім жасау мәселелері бойынша заң көмегін көрсету туралы сауалдар келіп түседі, бұл, ең алдымен, сотталушылардың ақпаратқа қол жетімділігі құқықтарын іске асыру мақсатында заңдық әдебиеттермен өте аз қамтамасыз етілуімен байланысты.

Мысалы, сотталушы Н. оған 1997 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 34/169 ұсынысы бойынша қабылданған Лауазымды адамдардың құқықтық тәртіпті қолдауы бойыша іс-әрекеті кодексін жіберуді сұрайды.

Өзінің 2007 жылғы 10 тамыздағы екінші өтінішінде сотталушы Н. сотталушыларды шартты-мерзімінен бұрын босатуға және кешірім беру туралы ұсыныс беру тәртібін түсіндіруді сұрайды.

Осыған байланысты Қазақстанның негізгі құқық қорғау құжаттарына, соның ішінде 1998 жылы ратификацияланған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға (БҰҰ, Нью-Йорк, 1984 жыл), Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамаға (БҰҰ, Нью-Йорк, 2007 жыл) қол қойғандығына қарамастан, Қазақстанның қазіргі сәттегі пенитенциарлық жүйесінің жағдайы азаматтық қоғам тарапынан қызығушылық тудырып отыр.

Жоғарыда келтірілген мысалдар маңызды проблемалардың бірі болып табылатын қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің адам құқықтарын бұзуын көрсетеді, ал Уәкілге жолданған шағымдардың жалпы саны бұл проблеманың біршама өскендігін білдіреді.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріндегі қолданыстағы заңнаманы және халықаралық құқықты бұзуды түп-тамырымен жоюды олардың мәдени және кәсіби дайындықтары деңгейін арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолдану жолымен шешуге болады.

ҚР Әділетмині ҚАЖК түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуді ойына да алмайтын адамдар қызмет етуі тиіс. Кадр қызметі жұмысқа қабылдау кезінде болашақ қызметкердің адамгершілік сапасын тексеруі қажет.

Зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді тәсілі қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне дұрыс ұйымдастырылған ведомстволық бақылау қою болып табылады.

Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес Сізден, құрметті Зағипа Яхянқызы, ҚР Әділетмині ҚАЖК мекемелері жұйесіндегі аталған бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу бойынша қажетті шаралар қабылдау мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын.

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет