Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет7/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125495
1   2   3   4   5   6   7   8

Жақсыбек ЕГІЗБАЙҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, профессор

Жаны жайсаң, жүзі жарқын жан еді.

(Жүніс Алмабаевтың 80 жылдығына арналады)


Қазақта «Құдай біреуге берем десе, үйіп-төгіп бере салады екен», – деген сөз бар. Үлкен бабамыз Сүлеймен Жаңабайұлы Алланың көңілі түскен адамның қатарындағы жан болатын. Ол кісінің ақыл-парасатын, елге сіңірген ерен еңбегін, көркем мінезін, ол кісіге жасалатын сый-құрметті он адамға бөліп берсе де, сол он адамның әрқайсысы өмірден өз орнын тапқандай жүрер еді. Парасатты, байсалды, қабырғалы, қабілетті, тіпті кәдімгі пенде ретінде де оқшау тұрған азамат туралы әңгіме айтудың өзі қиын. Бірақ бүгін айтуды парыз санап отырмыз.

Оңтүстік өңірде ел аузында ақиқатпен аңызға айналған елді мекендер жетерлік. Үш жүздің мәслихатта басын қосқан «Ордабасы», «Отырар төбе», «Қос Тұра», «Жеті сұлу», «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Ордаған», т.б. киелі орындар да осында. Бұлардың барлығы Қаратаудың биік жоталарынан бастау алып, көп майса көгалды терең сайлардың жота бойларында орналасқан. Сондықтан да мұндағы елді мекендердің аттары да «Төлесай», «Ағашсай», «Кеңсай», «Борылсай» атаулары болып келеді.

...Соғыс жылдары туылған біздер, үлкендер жұмысына ертерек араласа жүріп етек-жеңімізді тезірек жинап есейдік. Ой-санамызға сергектік ерте қалыптасты. Жас болсақ та балаң кездегі кейбір көріністер арада көп жыл өтсе де ұмытыла қойған жоқ. ... Шамасы төрт-бес жасар кезім. Бұл 1947 жылдар. Тау асып Төлесай елді мекенінде Түзеннен тарайтын Алатай, Құлатай, Бодан атты және Түзенің төртінші ұлы Жаңабайұлы Сүлеймен бабамыздың асы өткізіліп, оған қазіргі көршілес жатқан Жуалы, Түлкібас аудандарынан алыс-жақын туыстар шақырылды. Осы асқа денсаулығына байланысты соғысқа бармай қалған Түзеннің Құлатайұлынан тарайтын әкем Егізбайдың ағасы Оңласын атаммен және әкемнің шаңырағының түтінін түтетіп отырған анам Ұлсүйер де барып қызмет жасап қайтқаны есімде. Тау асып барғанымыз болмаса Сүлеймен бабамыздың асы өтіп жатқан жері қазіргі Бауыржан Момышұлының туған ауылы Жуалыдан небары он-ақ шақырым жерде болатын. Тау жолы бір адам ғана жүре алатын жалғыз аяқ жол болатын. Анам Ұлсүйер мені арқалаған күйі атамның асқа атап апара жатқан қызыл түсті танасының артынан еріп отырды. Төлесайдағы бұлақты жағалай көп киіз үй тігіліпті. Әр жерде үлкен қара қазандар бұрқ-бұрқ қайнап жатты. Сол киіз үйлердің арасында табақ тартып жүрген адамдардың саны көп. Құлаққа жағымды бір әуендердің ырғағы да естіледі. «Көкпарға дайындалыңдар!» – деген дауыстар да естіліп жатты. Бұл әңгімеге өзек еткелі отырған Жаңабайдың баласы, Алмабайдың әкесі Сүлеймен бабаның асы болатын. Алмабай Сүлейменұлы қарияның көз алдында біздің балалық шағымыз өтті. Әкеміз соғыстан оралмаған біздер аталас туысқан болғандықтан әрі беткеұстар қариямыз ретінде ол кісіге арқа сүйейтінбіз. Бәрімізге сырттай қамқоршы болып жүретін. Кейін есейген кезде алыс жолдан ауылға келгенде әдейі барып сәлем беріп, бата сұрайтын едік. Алмабай атаның шапағатын сол кездері ауылдың көптеген азаматтары да көрді. Әсіресе, ашаршылық, колхоздастыру кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандарды қорғай білді. Олардың батасын алды. «Менің ұзақ өмір сүруіме, ұрпақтарымның арлы азамат болып қалыптасуына сол кісілердің батасының септігі тиген болар», –

57

деп отыратын. Сөзі мен ісі сай келетін, туысқанға бауырмал қария еді. Бұл қасиеттері кейін ұрпақтарына да жұғысты болды. Соғыс жылдары ферманы басқарып, егін, мал шаруашылығының өркендеуіне көп үлес қосты. Соғыстан кейінгі жылдары техникамен адам күші жетіспейтін кезеңде ауылдағы ес біліп қалған бозбалалар ауылшаруашылық жұмыстарына қатысатын. Бұғанасы қатпаған балалар қол еңбегінің ащы дәмін ерте тартты. Сол арқылы қиыншылық пен тұрмыс тауқыметін жеңе білуді үйренді. Олардың қатарында қазіргі кезде 70-тен асқан мен де Алмабай атаның ұл-қыздары да болды. Алмабай қария 90 жасты алқымдап қалғанда өмірден озды. Бұл аз жас емес. Елге қадірлі қарияның артында оңтүстік еліне белгілі ұл-қыздары, шөбере, шөпшегі қарияның өмірлік ұстанымын, әке өнегесін жалғастырып келеді.

Үлкен ұлы Алмабайұлы Жүніс тірі болғанда, биыл 80 жасқа толар еді. Соғыстан кейінгі жылдары әсіресе, ауыл жастарының білім алуға мүмкіндіктері бола бермейтін. Жастайынан өжет, еңбекқор болып өскен Жүніс Түлкібас ауданындағы «Балықшы» орта мектебін үздік бітірді. Одан әрі оқу іздеп Алматыға аттанып, кездері көпшіліктің қолы жете бермейтін Қазақстандағы бірегей оқу орны С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін тамамдады. Түлкібас, Шаян аудандарының мектептерінде химия пәнінің ең үздік маманы ретінде танылған ол зейнеткерлікке шыққанға дейін Байжансай және Кентау қалаларындағы қазақ орта мектептерінде 25 жыл бойы директорлық қызмет атқарды. Еңбегі де елеусіз қалмады. КСРО және ҚазССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері атағымен марапатталды. Жұбайы Айзада Айтпекқызы да білім саласының үздік қызметкері ретінде марапаттан кенде емес. Үлгілі отбасы атанып, өнегелі ұл-қыз тәрбиеледі. Үлкен ұлы Ардақ кәсіпкер, кенже ұлы Ербол банк қызметкері, қызы Ақмарал дәрігер. Бәрі де қазір Оңтүстік өңірінде ел аузында жүрген азаматтар. Жүніс Алмабайұлының балалық шағы халқымыз бастан кешкен аса ауыр – ұжымдастыру, ашаршылық, соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Жүніс десе, елде елең етпейтін адам жоқ болатын. Нар тұлғалы, жомарт жүректі, жаратылыс бір бойына бар қарым-қабілетті үйіп бере салған ағамыз адами болмыстың нағыз иесі еді. Ол кісінің тағдыры – ешкімді қайталамайтын ғажап тағдыр. Артына өрнекті сөз, өнегелі із қалдырған Ж.Алмабайұлын туысқан інісі ретінде еске алып жатқаным – соның айғағы. Менікі осынау сегіз қырлы, бір сырлы ардақты ағамыздың рухына бас ие отырып, інілік лебізімізді ақтарсам деген ой. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ топырағында көптеген дарын иелері дүниеге келді. Қашан да талантқа бай халқымыз үшін олар сан жағынан аз болса да, аздық еткен жоқ, жыл сайын қатары жаңа толқынмен молығып келе жатса да көптік етпеді. Бұл – ұрпағынан өнегелі істі ғана дәмететін, барына асып-таспайтын, жоғын іштей ғана іздейтін тәубешіл, қанағатшыл қазақтың бойындағы мінезі. Осындай мінезді, қылықты, төзімді, дарынды халықтың тарихына жазылған адал ұлдардың бірі – Жүніс аға болатын. Жүніс ағаның барлық жағдайда сабырлы, сырбаз қалпы, кішіпейілдігі, дәлірек айтсақ, кісілік келбетінің биіктігі, әсіресе, «мен» деген сөзді бүкіл ғұмырында бойынан, ойынан аулақ ұстауы бекзаттығы болса керек. Бұл ұлы Абайдың «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деген ұлағатты сөзіне нақты жауап іспеттес.

Жүніс ағаның болжампаздық қасиеті, шығармашылық көкжиегінің телегей кеңдігі, қойған мақсатқа жетудегі қажырлылығы бәрі-бәрі алпамсадай

58

тұлғасынан керемет жарасым тауып тұратын. Айналасын жарықтандырып, сәулеге малып, шуаққа бөктіріп жүретін. Ол кісінің жолын қуған қаншама шәкірттері шабыт қанатында ғажап еңбектер тудырып, қаншама ғылым докторы және ғылым кандидаттары шықты. Шарапаты тек шәкірттеріне ғана жұғысты болған жоқ. Ол өзінің ғажайып парасатымен, жан-жақты мәдениеттілігімен, шығармашылық қуатымен бүкіл оңтүстік өңірінің зиялы қауымының қалыптасып, жаңа сатыға көтерілуіне үлесін қосты деп есептеймін.



Жүніс ағаның өмір жолы, асқан адамгершіліктері болашақ жастар үшін сайрап жатқаны айқын, даңғыл жол, ал ғибратты «өнегелі сөздері» таусылмас қазына, тағылымды тарих болып қала бермек. Өмірінің соңына дейін өзгеден ағалық қамқорын аямады. Жүністің түр-сипаты, бой-болмысы, келбеті, келісті, сұңғақ бойлы, аққұба, қаз дауысты көрікті аға еді. Өзара әңгімеде әдемі келісті сөз ырғақты даусымен кез келген адамды өзіне баурап алатын. Әр сөзінен адамгершіліктің екпіні естіліп тұратын. Жеңгеміз Айзаданың «Әрқашан Жүністің орны бөлек қой» деп марқайып отыратынын талай естігенбіз. Жүністің тікелей тәрбиесінде болған (орта мектепті үйінде жүріп бітірген) Ыдырыс қазір республикаға белгілі ғалым-хирург. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. С.Ж.Аспендияров атындағы Ұлттық медицина университетінде профессор, пайым-парасаты, интеллектуалдық деңгейі жоғары ғалым. Ыдырысұлы Ғабит та әке жолын жалғастырып келеді. Ол да медицина ғылымының кандидаты. Қызы Айгүл де медицина ғылымдарының докторы, доцент Астана Медициналық университетінде қызмет атқарады. Ыдырыстың жұбайы Шахеризада алтын асықтай осындай ұл-қызды тәрбиелеп, өнеге бергені үшінде ардақты ана.

Жалпы, Алмабай әулетінің қайсысы болмасын, елде және өңірде өздерінің жоғары адами болмысымен танылған азаматтар. Әрине, бұл құрметті Алмабай қарияның үлкен ұлы Жүністің ақыл парасатымен байланыстыруға болады. Ол әке үлгісін қарындастарымен інілеріне дарыта білді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – деген осы шығар. Ал Жүністің білім тәрбие саласында қызмет жасаған жылдардағы шәкірттеріне берген тәрбиесі, өнегесін қазіргі кездегі республиканың көптеген аймақтарында жұмыс жасайтын шәкірттері мақтанышпен еске алып жүргенін талай естідік. Осы аз-кем ой пікірімді Жүніс ағаның рухына бағыттай отырып, ұрпақтарының өркені өсе берсін деймін.


//Айқын.-2013.-17қаңтар.-26б.

59

С.НАРЕНОВА химия және экология кафедрасының меңгерушісі,



К.АРЫНОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты
Күлбарам келбеті
Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық педагогикалык білім беру ғылым академиясының мүше корреспонденті Күлбарам Сәдуақасқызы үстіміздегі жылы мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Күлбарам Сәдуақасқызының есімі химия ғылымында алар орны ерекше. Химияның тарихы мен оқыту әдістемелері саласында айтулы орын алады. Ол аталмыш ғылымдар бойынша алға жүйрік шығып, іргелі оку орнында шәкірттер тәрбиелеп, ғылым мен білімнің дамуына зор үлесін қосып отырған тәлімгер — ұстаз. Сонымен қатар, облысымыздағы мектеп мұғалімдеріне арнап әдістемглік көмек беріп жүрген танымал тұлғалардың бірі. Ол кісі 1943 жылдың каңтар айында Қармақшы ауданындагы Ақжар кеңшарында дүниеге келген. К.Сәдаукасқызы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың

жаратылыстану факультетін 1965 жылы бітіргеннен кейінгі, бүкіл саналы ғұмыры химияны оқыту мен оның әдістемесімен байланыста өрбіп келеді. Өзінің ізденгіштігі мен шығармашылығы арқасында жоғары мектеп пен ғылым салаларының баспалдақгарынан өткен оның өмір жолы кімге болса да үлгі тұтарлық.

2006 жылы Еуразия гуманитарлық институтының диссертациялық кеңесінде «Оку процесін нәтижеге бағыттау жағдайында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу» тақырыбында «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шыкты. Ол 2007 жылдан бастап ЖАК доценті, ал 2008 жылдың казан айынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылор­да мемлекеттік университетінің «Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасының академиялық профессоры, 2009 жылы Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының мүше-коррес понденті болды. Қазірде К.Сәдуақасқызы кафедрада жастарға сапалы білім мен парасатты тәрбие беру жолында заман талабына сай еңбек етіп, ұжымымыздың құрметіне бөленіп жүрген тәжірибелі әдіскер — ұстаз.

К.Сәдуақасқызының ғылыми жетекшілік етуімен студенттері бірнеше дүркін студенттердің республикалық ғылыми—тәжірибелік конференцияларында жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының облыстық сырттай химия олимпиадасында К.Сәдуақасқызының дайындауымен №4 ОДМИ оқушысы Жаленова Салтанат 1-орын алса (2012), оқушылардың «Жас ғалымдар альянсы» ұйымдастырған ғылыми-жоба сайысында№3 мектеп-лицей оқушысы Әли Әйгерім -1-орын (2011), Қармақшы ауданының №183 мектеп оқушысы Айгүлім Ербөлекова Гранпри иегері (2012) болды.

К.Сәдуақасқызының ғылыми еңбектері сонау 80-жылдардың ортасынан бері жарық көріп ке­леді. Қазір олардың саны 200-ден асса, оның ішінде окулықтары мен оку құралдарының өзі 20-ға жуық. Негізгілерін атасақ: «Оқу үрдісі нәтижеге бағытталған жағдайдағы оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу» атты монографиясы, «Жалпы және анорганикалық химиядан тест

60

тапсырмалары», «Оқу-танымдық тапсырмалар — бақылау және өзіндік бақылау құралы», «Химия есептері», «Органикалық химия. Тест тапсырмалары», «Нәтижеге бағдарланған оқыту процесі аясында химия са- бақтарын ұйымдастыру» және басқалары бар. Күлбарам Сәдуақасқызының ғылыми-педагогикалық еңбектері ескерусіз қалған жоқ. К. Сәдуақасқызы «Мұғалім әдіскер» «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері. Ал 2003 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, 2007 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие болды. 2009 жылы Қызылорда облысының 70 жылдық мерейтойына арналып шығарылған мерекелік медалімен және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (2011) марапатталған. Сонымен қатар ол 2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының үздік окытушысы» атты ЖОО оқытушыларына берілетін Мемлекеттік грантын жеңіп алса, 2010 жылы облыс әкімінің шешімімен «Жылдың Үздік ұстазы» номинациясына ие болды.



Талай жас ұрпақтарды алтын ұядан ұшырып қияға жеткізген, барлық саналы ғұмырын ғылым мен білім, оқу-әдістеме саласына және тәрбие беру жолына арнаған ұлағатты ұстаздың қомақты еңбегі өз кезегінде Қазақстан ғылымы мен халық ағарту ісінде лайықты орын алатыны сөзсіз.

Күлбарам Сәдуақасқызы, өзінің 70-жылдық мерейтойын күш-қуаты кемел шағында, шығармашылық шабытымен және болашақта жүзеге асырылатын жасампаз ой-идеяларымен қарсы алып отыр. Сондықтан ұжымымыздың атынан Күлбарам Сәдуақасқызын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, еңбегіне табыс тілей отырып, әлі де білім мен тәрбие беру саласында жігерлі еңбек ете беріңіз демекпіз.

//Ақмешіт апталығы.-2013.-24 қаңтар.-10б.

61
Дастан СӘТБАЙ, тарих ғылымдарының докторы


Ұлттық идеяның шырғалаңы

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ
Кеңестік идеологиялық жоне саяси өңдеуге көп үшыраған, сондықтан барынша шатастырылған үғымдардың бірі - ұлт ұғымы. Тіпті, оны кеңестік ұғым координаттары жүйесінде түсіну мүмкін емес. 10-15 жылдан астам уақыт өтсе де, Қазақстан қоғамының олі күнге дейін "ұлт" пен "этнос" үғымдарының мағынасын ажырата алмай әлекке түсуі өте заңды қүбылыс.

Мәселенің анық-қанығына шыңдап жету үшін, қолымызға кеңестік "бас кітап" болып саналатын 1977 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопедиясын алайық. Кеңестік арнайы жазылған үлт мәселесі туралы том-том кітаптардың пайдасынан зияны көп. Энциклопедиядан қажетті деген беттерді ашып "тайпа", "халық" және "ұлт" ұғымдарының анықтамаларын іздедік. Алайда, ұлт мәселесіне қатысты ұзақ-сонар, бірақ дәмі мен түйірі жоқ жалпылама сөз тіркестерінен бас көтере алмадық. Мәселеге барынша жақын келетін тіркестерді іздеу де оңайға түспегенін айтуымыз қажет. Бұдан шығатыны - жалпы кеңестік энциклопедияларға сындарлылықтан гөрі "бүлдірушілік", "қиратушылық" сипаттар тән...

Сонымен, кезекті "бас кітапқа" берейік. Мұнда "ұлт мәселесі феодализмнің жойылуы және капитализмнің нығаюы кезеңінде туды" делінген. Мақұл дейік, алайда, терең тарихи анықтама қайда? Әрі қарай бұлай деп толтырылған болады: "Ұлттық буржуазиялық мемлекеттердің қалыптасуы кезеңінде "ұлттық принцип" бытыраған феодалдардың қалдықтарына жоне ұлттық езгіге қарсы күресте жақсы рол атқарады". Бұдан нені түсінуге болады? Бас кітаптан "тайпа" ұғымына жақын келетін анықтаманы таба алмадық. Халық ұғымына "Қоғамдық дамудың әртүрлі сатыларында таптық құрамы түрліше болып келетін. Тарихы өзгеріп отырағын әлеуметтік топтардың бірлігі" деген тұманды анықтама беріледі. Өкінішке қарай, осы тақырыпқа қатысты соңғы жиырма жыл көлемінде "мамандар" тарапынан жазылған мақалалар мен жарыққа шыққан кітаптардың да берері аз болғаны сондай, ұлт пен этностың ара-жігін ажыратып түсіндіру ісімен еңбірінші кезек те зиялы қауым өкілдерінің, О.Сүлейменовтей тұлғаның айналысуға мәжбүр болғаны бізді таңқалдырды...

Бізге кеңестік бас кітаптағы "бұлыңғыр түсіндіру" мен қазіргі шатасушылықтың арасында белгілі бір заңдылық бардай көрінеді. Парадокстігі сонда, әлемдік практикада ұлт болып қалыптасу белгілі бір

елдегі халықтардың бірігуіне, яғни ұлтқа бірігуіне қызмет етсе, біздің елімізде әлі де болса түсінбестік басым. Әділдік үшін айту керек, Қазақстан билік орындары мұны түсінеді, бірақ зиялылар арасында түсінбеушілік бар... Шырғаландардың барлығы біздің еуропалық координаттар жүйесіне жүгінуімізді тездетті.
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮЛТТЫҚ ҰСТАНЫМ
Еуропалық координаттар жүйесінде этнос - халық, тайпа деген мағынада қолданылады, яғни қазақтың қүрамына кіретін тайпалар мен үлкен рулар ерте еуропалық түсінікте этностар болып табылады. Тайпалық, халықтық бірлестік - қандық, биологиялық қауымдастық. Мүнда қандық, биологиялықжақындық шешуші рол атқарады. Үлт дегеніміз - биологиялық, қандық жақындық емес, керісінше, азаматтық, саяси қауымдастық жоне заңның, келісім-шарттың маңайынатоптасушылық. Мысалы, барлық саксондық немесе баварлық неміс үлтына жатады. Бірақ, барлық немістер бавар емес. Қазақшалайық: барлық жалайыр қазақ, бірақ барлық қазақ жалайыр емес қой.

Енді барлығын жүйелі түрде таратып корелік. Ұлт - бастапқыда таза батыс еуропалық құбылыс. Мамандардың назарынан көбіне тыс қалатын нәрсе - орта



62

ғасырлардағы батысеуропалық мемлекет ұғымына деген көзқарастардың ерекшелігі мәселесі. VI-XV ғасырлардағы батыс еуропалық дәстүрде ел, ұлыс, держава тек империя мағынасында түсіндірілетін.

Империялардың діни-әлемдік миссиялары болды. (христиандық олемдік рим империясы, т.б), яғни олар трансценденттік ағымдармен байланыстырылады. Сондықтан оларға "қасиетті", "киелі" деген эпитеттер таңылып отырылады. Оргағасырлық империялар - әскери-феодалдық діни миссиялық империялар, ал XIX ғасырдағы империялар - нарықтық фундаментализм негізіндегі империялар. Үйымдық, базалық, қүрылым принциптері мүлде болек. Орта ғасырдың соңына қарай Батыс Еуропа елдерінде барлық католиктік, шіркеулік ескі қүндылықтардан бас тарту кезеңі басталды. (Қайта өрлеу модениеті, реформация). Империя мен қоғамға деген ілімдер де жаңарды. Ерте жаңа заманның (XVI-XVI1 ғ.ғ) жаңа түрпатты зиялылары: итальяндықтар Макиавелли мен Манчини, француз Боден, ағылшын Гоббс, бельгиялық Лорен империя мен этностық, тайпалық ерекшеліктерге мемлекет пен ұлттық принциптерді қарсы қойды. Бір мемлекеттің құрамына біріккен ортақ заңдарға, саяси бірлестікке бағынған этнос, тайпалар енді ұлттар деп аталынды. Мысалы, баварлар, швабиялықтар, вестфальдықтар, юрингиялықтар бір мемлекетке бірігіп неміс ұлтын құрады. Олармен бірге көрші халықтардың кейбір этностары да неміс ұлтына бірігіп кетті және серісінше... Қандық жақындықтан гөрі, заңнамалық, саяси жақындық алға шығарылды. Алғашында "ұлт" пен "мемлекет" синоним ретінде қолданылды және міндетті түрде империялық құрылымға қарсы қойылды. Яғни, лемлекет ұғымының мағыналық ерекшеліктері болды. Жаңа "мемлекеттік және үлттық" принциптер барлық этностық, тайпалық жергілікті ;үндылықтарды, "мифтерді", "киеліліктерді" рансценденттік үғымдарды, "миссиялық рөлдерді" кінші кезекке ығыстырып тастады, яғни (есакрализациялады. Тарихи саналық революция күзеге асып, ренессанстық, азаматтық қоғамдық іікір пайда болды. Тағы да қайталап айту керек, іемлекет дегеніміз - "мыңжылдық" немесе әлемдік", "миссиялық" империяға қарсы қойылған -саңа институт, жасанды қүрылым. Империя юдандары император мен шіркеудің немесе иенеуніктің маңайына күштеп және дінмен оптастырылса, ендігі жаңа жағдайда қоғам іемлекеттің маңайына заңның, азаматтық идеяның, 'лттық және саяси қүндылықтар негізінде оптасады. Яғни, мемлекет империяға қарсы ;ойылса, этносқа, тайпаға үлт қарсы қойылады. Осы 'ақыттан бастап бүгінгі күнге дейін келе жатқан уропалықтардың ортақ үлттық идеясы адам қүқын қорғау, заңға бас ұру және омы орындауда шкімнен, ештеңеден тайсалмау - феномен ;үбылыс. Бұл - өте өміршең де жасампаз әмбебап идея. Ортағасырлық аурулар мен әдеттен арылу еуропалықтар үшін оңай болған жоқ. Вассалитет сүйесі, коммуналдық революциялар (XI-XIV ғ.ғ), қайта өрлеу кезеңі (XIV-XV ғ.ғ) және реформалық қозғалысты бастан өткеру арқылы орасан зор әлеуметтік, мәдени, саяси жұмыстар жүргізілді. Сапиталистік қатынастардың қосарлана дамуы :үшті материалдық қолдау болды. Нәтижесінде нтикалық азаматтық идеялардың салтанат құруы басталып, адамдардың жаңа қауымдастығы ұлттың пайда болуына алып келді. Бұл үлттық- этностықты жоққа шығару емес.

Жоғарыда аталған тарихи кезеңдердің, мәдени интеллектуалдық қозғалыстардың бірде-бірі Ресей тарихында кездеспейді. Демек, орыс халқы еуропалық саяси өлшеммен алғанда ұлттық деңгейге толық көтерілмеген, заңға табынушылық дәстүрі қалыптаспаған халықтар қауымдастығы болды. Бүгінгі орыс менталитетіндегі олқылықтардың көпшілігі осыдан туындайды.


ҰЛТ БОЛУДЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
Жаңа хандықтың негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек және оның төңірегіндегілер саяси одақтың атын "Қазақ хандығы" деп атап, даналық шешім қабылдаған. Жаңа хандықпен бірге мемлекеттік идеология - қазақ хандығын қалыптастыру идеясы пайда болды. Жаңа "қазақ" идеясының маңайына топтасу динамикасы айрықша зор еді. Өздерінің бастапқы атауларынан (этнонимі) бас тартпай, жаңа халықтық этнонимді қабылдауда халық даналығы, халықтық дипломатия, тіпті халықтық инстинкт үлкен рол атқарады.

63

Қазақ халқының үлттық санасының ерекшелігі сонда, әрбір қазақ адамы озінің қазаққа дейінгі этнонимін жақсы біледі. Мысалы, кез келген қазақ әуелі өз этносының (тайпасының) адамы, онан кейін барып қазақ. Соған қарамастан, қазақтарға бүл үғымдарды бір-біріне қарама-қарсы қоймау тән (Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін).



Сондықтан "қазақ" анықтамасынан бас тартпай, "қазақстандыққа" айналып жатсақ, бүл диалектикалық қарама-қайшылықтардың өзара енуі заңына қайшы келмейді. Керісінше қалған этностарды, яғни қазақтардың қүрылымына кірмеген халықтарды - қазақтардың маңына магниттей тарта түседі. Қазақтар шынайы үлт қүраушы үйытқысына ие болады.

XX ғасырдың соңында еліміздің дербес мемлекетке айналуымен халқымыз жаңа тарихи кеңістікке және уақытқа шықты. Неофеодализмнен (коммунизм) капитализмге кошу бір кездері Еуропада көтерілген (ерте жаңа заманда) идеяларды, "мемлекеттік пен үлттық принциптерді" біздің де алдымыздан шығарып отыр. Адам қүқы, демократия, бостандық, теңдік, ынтымақтастық идеяларын, нарықтыққүндылықтарды мойындасақ, бүл міндеттерді де мойындауға тура келеді. Бүл - уақыт талабы, уақыт мәселесі. Қазақ халқы оған қалай жауап береді? "Қазақстандық ұлт" идеясы объективті түрде өзінен өзі сұралып түрғандай. Алдыңғы қатарлы қазақ элитасы бір кездердегі қазақ хандығының негізін қалаушылардай даналық танытып, "қазақ" атауынан бас тартпай, "қазақстандық үлт" идеясын қолдайтындай сыңай танытуда. Бүған қарсылар да коп. Қазақстандағы барлық үлттарды "Қазақстан халқы" қазанында қайнатып, сіңіріп жіберу - қазақтардың тарихи міндеті. Иә, бүл - қазақ тілі мен мәдениеті негізінде жүзеге асырылуға тиіс үзақ- сонар тарихи жұмыс.

Көптеген халықтар мұндай ұзақ мерзімдік міндеттерді тамаша шешті. Бұл ешуақытта қысқа мерзімдік үдеріс бола алмайды. Қазақ халқы оны шеше ала ма? "Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" ұстанымы қазақ менталитетінде әуелден болмаған. Ұлт болудың шырғалаңы оңай емес.

//Әлімсақ.-2013.-№1.-8-9б.

64

БОЛАШАҚҚА МЕЙІРІМ КӨЗІМЕН ҚАРАҒАН ҚАРТ



(Қуандық Әлімбетов 80 жаста)
Ертеректен жеткен дана сөздерге үңілер болсақ, қариялы үйді қазынаға теңеп, ауылыңда қартың болса, жазылмаған хатпен тең" деп, үлкеннің ақыл-ой дариясына зер шып, құрметпен қараған. Таласа келген тентектердің өздері тереңнен сөз қозғайтын данагой қарттарға құлақ асқан. Үлкендікке жасы еткендер салмақты ой қозғап, сабырмен сөз түйіндеген. Осындай сүйекке сіңген асыл қасиет угінгі қариялардың бойынан табылып жатса, өзінің асылдығында деп жоруымыз керек. Ондай дана қарттардың ұрпақтары тәлімді тәрбиеден кенде қалмасы анық.

Қуандық Әлімбетовті білетіндер оның ойынан осындай қасиетті көре алады. Жасы сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның көргені де, көкейге түйгені де көп. Өзі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уииверситетінің профессоры. Салмақты, әрбір істі ақылға салып шешетін, шәкірттерінің алдында ұлағатты ұстаз, балалары мен немерелерінің ортасында бақытты та. Оның өмір жолына зер салған адам тынымсыз тірлігіне бас шұлғиды.

Қ.Әлімбетов 1933 жылы 10 қаңтарда Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында дүниеге келген. 1949 жылы №51 қазақ орта мектебінің 9 сыныбын бітіріп, сол жылы Түркістан педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1950 жылы үздік бітіреді. Бұдан соң бірнеше жыл Жанақорған ауданының мәдени-ағарту мекемесінде инспекторлық қызметін атқарған.

Білім жолына ден қойған таланты жас жігіт 1951 жылы Ташкент қаласындағы қазіргі салықшаруашылық инстнтутының ауылшаруашылық экономика факультетіне түсіп, оны 1955 жылы бітіреді. Жоғары білімді маман атанғаннан кейін екі жыл Жаңақорған аудандық жоспарлау комнссиясының бас экономисі, одан кейін осы ауданның бұрынғы "Бірлік" қой совхозында бас экономист болып, қызмет атқарады.

Қ.Әлімбетов 1958 жылдан бастап өзінің тыңғылықты еңбегі арқасында партия қызметіне көтерілді. Әдепкіде, Жаңақорған аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кейін Қызылорда облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1961-1965 жылдары облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі болады. Облыстық партия комитеті мен облыстық Кеңес атқару комитеті жанындағы бақылау комитетінде екі жылдай инспекторлық қызмет атқарады. Жігері тасып, еңбекке құлшынысы артқан ол еңбек жолында сатылап көтерілді. 1968 жылдан 1974 жылға дейін Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасының орынбасары, 1974-1976 жылдары Қызылорда облыстық партия комите­тінің ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Осы жылдары ғылыммен айналысуға ден қояды.

1973 жылы Мәскеу қаласыпдағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алады. Ал 1978 жылы СССР Министрлер Советі жанындағы Жоғарғы аттестаңиялық комиссиясының шешімімен "Бас ғылыми қызметкер" атағына қол жеткізеді.Бір айта кетерлігі, Қуандық Әлімбетов - күріштің "Маржан" сортын шығарушылардың бірі. Саналы ғүмырын өңірдің шаруашылығының дамуына арнаған оның бұл жаңалығы туған жеріне деген сүйіспеншілігінен туындаса керек.

65

Осыдан кейін оның өмірлік бағыты ғылыммен жалғасты. 1976 жылдан бастап қазіргі Қызылорда күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып 16 жылдай қызмет жасады. 1993-1995 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ғылыми-өндірістік орталығы төрағасының бірінші орынбасары, 1995 жылдан 1997 жылға дейін Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің кафедра професоры және меңгерушілік қызметін атқарды.



1998-2004 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан экономикалық ииститутында алғашқыда кафедра доценті, кейіннен кафедра меңгерушісі, 2004 жылдан 2006 жылға дейін Алматы экономика және статистика академиясының Оңтүстік Қазақстан институтында "Қаржы" кафедрасының доценті, 2006 жылдан 2009 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Маркетинг" кафедрасының доценті болды. Сыр еліне табан тіреген ол қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Экономика және менеджмент" кафедрасының доценті болып қызмет атқаруда.

Қуандық Әлімбетов 1961 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Көп жылдар бойы бұрынғы "Путь Ленина" газетінің ауылшаруашылық бөлімінің штатган тыс тілшісі болды. Бұрынғы облыстық "Ленин жолы" және "Путь Ленина" газеттерінде ауылшаруашылық саласындағы, оның ішінде күріш шаруашылығының өзекті мәселелері жөнінде 600-ден астам мақалалары жарық корғен. Экономист ретінде Қ.Әлімбетов жеке өзі және әріптестерімен 169 ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. Оның ішінде екеуі монография, 12 кітапша, 20 ұсыныс және жоғарғы оқу орындарына арналған "Табиғатты пайдалану негіздері", "Кәсіпорын экономикасы» атты оқу құралдары сол құралдары сол салада еңбек етіп жүрген мамандарға таптырмас құрал.

Ол "Қүрмет белгісі" орденімен марапатталды. Одан озге 9 медаль кеудесінде жарқырап тұр. Саяси бағытта да жолы бар азамат. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің және Халық депутаттары Қызылорда облыстық партия комитетінің кандидаты және мүшесі болып сайланған.

Өзі қызмет етіп жатқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазыналы қартына, қадірлі ғалымына құрметпен қарайды. 2012 жылы оқу орнының Ғылыми Кеңесінің шешімімен Қуандық Әлімбетовке университеттің Құрметті профессор атағы беріліп, бір марқайып қалған. Енді, міне биыл жылдың басында өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойда тілек білдіргендер оның ғалым ретінде ғылымдағы орнына, шәкірт дайындаудағы ерекшелігіне, ең бастысы, адамгершілік қасиетіне, үлкендік жолды ұстанған қария екендігіне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Қуандық Әлімбетов - бақытты қария, ардақты ақсақал. Жұбайы Роза апаймен тату- тәтті шаңырақ көтеріп, үш қызы мен бір үлына тәлім-тәрбиесін беріп, үлгілі отбасына айналды. Қазірде ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере-шөбере сүйіп отыр.

Ғалымдық жолда ізі бар, ұстаздықты ұлы қызмет санаған, адамгершілік қасиеті биік Қуандық Әлімбетов бүгінде әлі қолынан кітабы мен қаламын тастаған жоқ. Ұрпақтың сапалы білім алуына аянбай қызмет етуден жалыққан емес. Біз де ақсақалдық жолды абыроймен аттаған абзал ағаны сексен жасымен құттықтап, ұрпақ жолында атқарған қызметтеріне құрметпен қарап, әзіне зор қуат, отбасына аманшылық тілейміз.

Н.Көбегенұлы

//Әлімсақ.-2013,№1.-21-22б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет