Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы


-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ



бет5/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125495
1   2   3   4   5   6   7   8

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім

1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы банк Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

2. Қатысушы банктерге мынадай талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы;

2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу;

3) облыс орталықтарында, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда филиалдардың болуы;

4) ынтымақтастық туралы келісім жасасу (қайта жасасу) кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған күші бар шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) санкциясының болмауы.

3. Оператор білім беру қызметтеріне ақы төлеу білім беру жинақтау салымының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы бекітілген үлгілік келісім негізінде ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

4. Ынтымақтастық туралы келісімде нысанасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың өзара іс-қимылының шарттары, тәртібі және жауапкершілігі қамтылуға тиіс.

16-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың салым шартын жасасу және оның қолданылуы кезіндегі өзара іс-қимылы

1. Салым шартын жасасу кезінде қатысушы банк салымшының осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетіндігін, сондай-ақ салымшының атына ашылған қолданыстағы салым шартының жоқтығын тексереді.

37

2. Әрбір салым шарты бойынша қатысушы банк ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға салымшы, шоттың жай-күйі, салымшы ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де қажетті мәліметтерді ұсынады.



3. Оператор салымшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 1 қаңтарға қарай оларды ұсынады.

17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы

1. Оператор жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қатысушы банктердің салым шарттары бойынша ұсынған мәліметтерінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органға алдағы қаржы жылына арналған мемлекет сыйлықақыларын есепке жазудың болжамды есептеулерін ұсынады.

2. Есепті жылдың қорытындылары бойынша оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган мен құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органнан қажетті мәліметтерді алғаннан кейін,есепті жылдан кейінгі жылдың 15-қаңтарына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептеуін ұсынады.

3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган оператордан мемлекет сыйлықақылары сомасының түпкілікті есептеуін алғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін оператордың шотына мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударады.

4. Оператор білім беру саласындағы уәкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасасылған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызуды жүргізеді.

5. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызады.

18-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезіндегі өзара іс-қимылы

1. Білім беру жинақтау салымы арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу салымшының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі ұсынылған кезде қатысушы банк бір жұмыс күні ішінде қаражатты білім беру жинақтау салымынан білім беру ұйымының банк шотына аударады.

2. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде, салымшы

38

үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкке және операторға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.



3. Білім беру ұйымы:

1) салымшының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкті және операторды хабардар етеді;

2) салымшының немесе қатысушы банктің талап етуі бойынша қажет болып тұрған академиялық кезеңдегі оқу құны немесе анықтама берілетін күнгі оқудың толық құны туралы анықтама береді;

3) оператордың сұрау салуы бойынша білім беру ұйымында білім алатын салымшы туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;

4) салымшы басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл жөнінде операторды үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Білім беру ұйымы салымшының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығы болып табылады.



5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
19-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiн мемлекеттік қолдау

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады.

2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi шеңберінде салымшы білім беру кредитін жеңілдетілген шарттармен алуға өтініш білдіруге құқылы. Білім беру кредиті қарыз алушыға жинақталған сома оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кем дегенде елу пайызы мөлшерін құраған кезде білім беру ұйымында оқу құнының ұлғаю сомасына оны түзету мүмкіндігімен қалған сомаға кредитордың кредиттік желі ашуы арқылы мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 14 қаңтар. № 67-V ҚРЗ

//Егемен Қазақстан.-22қаңтар.-9б.


39
Қанат Қабділмәжит


Миллионер мұғалімдер көбейсін

(Білім министрі жоғары оқу орнының үздік оқытушыдарын марапаттады)


Білім және ғылым ми­нистрі Бақытжан Жұмағұлов еліміздің маңдай алды мұғалімдеріне «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағының сертификаттары мен төсбелгілерін табыс етті. Бұған қоса ол оқытушылардың материалдық жағдайын жаксартып, қолдарына қомақты қаржы ұстатты. Білімі мен білігінің арқасында миллионерге айналып шыға келген 200 оқытушы алдағы уақытта мемлекет берген материалдық игілікті оңды-солды шашпай, оны отандық білім мен ғылымның кәдесіне жаратуы тиіс. Мемлекетгік грантқа қол жеткізген окытушылар алдағы уакытта Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвия, Ресей сиякты елдердің ең белді жоғары оку орындарында тәжірибеден өтіп, педагогикалық шеберліктерін шыңдайды. Бұған қоса олар халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдар мен конгрестерге және семинарларға қатысады. Сондай-ақ үздік оқытушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына студентгер мен магистранттарды жұмылдырып, оларды ғылым жолына жетелейді. Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің окытушысы, техника ғылымдарының докторы Ажар Баяшева қазірдің өзінде алдағы уақытта Санкг-Петерборда өтетін семинарға баруды, одан кейін Лондонға табан тіреуді жоспарлап отыр. Ал Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалык университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы, профессор Ораз Сатыбалдиев 3 мил­лион теңгесін мемлекетгік тілде окулық шығаруға шығындамак. «Біз осы грант арқылы өзіміздің ғылыми жобаларымызды іске асырамыз. Мен бұл ақшаны Түркия, Қытай, Жапония мемлекеттеріне ғылыми сапарға баруға және мемле­кетгік тілде заман талабына сай окулық жазуға пайдаланғым келіп отыр», — деді ол бізге. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Б.Жұмағұлов Елбасының Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында білім-ғылым саласына нақгы тапсырма берілгенін атап көрсетіп, сала қызметкерлері білім берудің тиімді жүйесін құруға және ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейге шығаруға тиіс екеніне тоқталды. Бұдан кейін ол жо­ғары оқу орындарына жаңа міндет жүктеп: «Назарбаев университеті мүлдем бөлек принцип: білім беру, ғылым және инновация бойынша құрылды. Бүгінде бұл қазіргі заманды біріктіріп отырған үштік. Онсыз қарқынды даму болмайды. Сондықтан Назарбаев университетінде жасалған жүйені отандық жоғары мектептерге бейімдеп, енгізу мақсаты тұр. Мұны іске асыруға алғашқы жол салушы сіздер боласыздар», - деді. Отандық білім жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырағанын тілге тиек еткен бас ұстаз XXI ғасыр жастарды ізденуге, еңбек етуте, алған білімді күнделікті өмірде жарата білуге бағытгап отырғанын жеткізіп: «Заман талабына сай мамандарды даярлау ісі толығымен жаңаша көзкараспен жасақталуда. Біз қазіргі уақытта болашақ мамандардың кәсіби стандарттарын жасаудамыз. Жоғары мектептердегі үдерістер де жаңартылуда. Қазақстанға жыл сайын шетелдің ең үздік мыңнан астам профессорлары шақырылады. Ешбір елде бюджеттік қаражаттың есебінен шетел профессорларын шақыру бағдарламасы жоқ. Студенттердің академиялык ұтқырлық бағдарламасының шығыны да мемлекет қазынасының есебінен өтеліп отыр. Ал әлем елдері бұл бағдарламаны студенттердің өз есебінен іске асыруда», — деді.

Айтпакшы, биыл топжарғандардың арасында Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, Алаштың айтулы айтыскер ақыны Аманжол Әлтаев пен Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, дәстүрлі әнші Қайрат Байбосынов бар. «Сахнада жүріп алған Сыйлығым аз емес, бірақ бұл марапаттың орны бөлек. Бұл менін білім беру саласындағы 35 жылғы еңбегімнің нәтижесі деп білемін», — деді журналистерге қазақ әндерін орындаушылардың қазіргі корифейі.

//Класс TIME.-2013.-23қаңтар.-2б

40
Жинақтау жүйесі іске қосылды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада «Мемлекеттік, білім беру жинақтау жүйесі туралы ҚР заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Заң білім алу және білім қызметтерін қаржыландыру, білім деңгейін кө­теру үшін қаражат жинақтаудың қолжетімді құралдарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа жүйенің маңсаты - кәсіптік-техникалық, жоғары білім алуға мемлекет қолдаудың жаңа тетігін енгізу. Мамандардың айтуынша, мұндай жинақтау жүйесі Бельгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ секілді мемлекеттерде қолданылып келеді. Ал жүйенің негізгі ерекшеліктеріне келсек, онда баланы оқыту үшін ата-анасының қаржы жинауына мемлекет жеңілдіктер мен субсидиялар беру арқылы қолдау көрсетеді. Яғни Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі халыққа балаларын оқыту үшін қаржы жинауына жеңілдік жасап, оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады.

//Класс TIME.-2013.-23қаңтар.-2б


ҮНДІСТАННЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БӨЛІНЕДІ
Үндістан үкіметі білімімен ерекше көзге түскен Қазақстан азаматтарына 2013-2014 оқу жылында үндістандық жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар бөледі, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш гранттар Үндістанның мәдени байланыстар кеңесінің (ICCR) Мәдени стипендиялық бағдарламасы аясында беріледі. Грант өнер бакалавры, магистрі, ғылыми докторантура бағдарламалары, докторлықтан кейінгі зерттеу жұмыстары, әлеуметтік, өнер мен гуманитарлық ғылымдар саласындағы ізденушілерге арналған.

Үміткерлер Үндістанда жоғары білім алуы үшін ағылшын тілін еркін білуі шарт. Қосымша ақпараттарды www.iccrindia.net сайтынан білуге болады.

//Класс-TIMES.-2013.-30 каңтар.- 14б.


41


Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Жоғары білім:

Валерий ХИЖНЯК

Овощи-фрукты, свежие продукты
За окном искрится снег, а в теплице КГУ им.Коркыт Ата идет традиционный сбор урожая. С первых дней в этом научном хозяйстве работает ученым агроном Галина Дямуршаева.

-Наша теплица была построена десять лет назад в рамках международного проекта содействия профессиональному образованию в области сельского хозяйства, в котором участвует Казахстан, Канада и Кыргызстан, - рассказывает Галина Евгеньевна. – С тех пор мы покрываем потребности столовых университета в свежих огурцах, томатах, болгарском перце и другой витаминой продукции практически круглый год. Если в странах Европы тепличные овощи выращиваются с января по ноябрь, то в нашем регионе – с сентября по май.

-Выходит, два месяца теплица не работает. Чем же вы занимаетесь в это время?

- Готовим рассаду под закладку будущего урожая, убираем растительные остатки, дезинфикцируем помещение и готовим новый субстрат.

- Субстрат?- удивляюсь я. –Получается, что для выращивания овощей вы не используете землю?

-В том-то и дело,- объясняет агроном,- В качестве субстракта мы используем рисовую лузу и древесные опилки, то есть практически отходы, кроме того, у нас установлена система капельного орошения. Это технология, адаптированная к местным природно-климатическим условиям. Особенно это актуально в условиях нашего резко-континентального климата. Субстрат – замечательная альтернатива почве, благодаря которой можно строить теплицы даже на малоплодородных землях, непригодных для сельского хозяйства, подверженных опустыниванию и засолению. В таких субстратах можно выращивать все что угодно – от укропа до цветов.



  • В рамках договора с ведущей голландской фирмой по производству семян овощных культур в теплице университета проводится сортоиспытание гибридов томатов, огурцов и перца, а разработанная малообъ­емная технология выращивания огурцов и томатов успешно внедрена в производство в местном тепличном хозяйстве.

  • Резонный вопрос: если вы выра­щиваете овощи без земли, то насколь­ко они получаются вкусными и полез­ными?

  • Нам самим было интересно получить ответ на этот вопрос, поэтому мы обра­тились в местный филиал национальной экспертизы, где получили сертификаты соответствия на нашу продукцию. Был проведен и подробный анализ, какие ве­щества содержатся в наших овощах. Ре­зультаты таковы: содержание нитратов, которое является ключевым показателем для продукции растениеводства, в 4-5 раз ниже установленных минимальных предельно допустимых норм. То есть наша продукция не только полезная и вкусная, она еще и экологически абсолютно чистая. Вообще, технологии беспочвенного

42

  • выращивания растений появились еще в советское время. Соответствующие шаги были сделаны и местными учеными, просто они тогда не получили широкого производственного внедрения. Как водится, после перестройки идея ушла на Запад и в ее современном прменении пришла к нам из Израиля и Канады.

  • Почему сделан акцент именно почвенных субстратах?

  • Потому что в земле содержатся не только полезные микроорганизмы, но и бактерии, вирусы, грибки. И у вас никогда не будет гарантии того, что вы можете вырастить рас­тения без риска заражения их каким-либо заболеванием. За рубежом используется в качестве субстрата либо минеральная вата, либо ко­косовая стружка. А это очень до­рого для наших аграриев. Благодаря современной аппа­ратуре мы знаем, сколько мы да­ли воды растению, сколько дали полезных веществ. Если недокор­мили - докормим, если перекорми­ли - отрегулируем процесс питания, - говорит заведующая тепличным хо­зяйством.

Есть у агрономов и своя лаборатория, оснащенная современным оборудованием, там проводят анализ не только овощей, но и питательного, и дренажного растворов.

- В том, что наше производство работает по отлаженной схеме, с высокими показателями по урожайности (огурцы - 35-40 кг/кв. м, бол­гарский перец - 20-25 кг/кв. м, томаты - 20-25 кг/кв. м) есть большая заслуга нашего ректора, Кылышбая Бисенова, - подчеркивает Галина Ев­геньевна. - Он стоял у истоков зарождения те­плицы, он помогает нам развивать нашу техно­логию, обобщать и распространять наш опыт.

Г.Дямуршаева выделила ряд факторов, которые отражаются на развитии тепличного хозяйства. В основном это касается специали­стов. Развитие тепличного производства не­возможно без грамотных сотрудников, кото­рых, к сожалению, у нас мало. Как правило, их привлекают со стороны. Главная задача на сегодня - это подготовка квалифицированных кадров. С этой целью здесь проводятся заня­тия для студентов вуза, созданы курсы профес­сиональной подготовки техников-овощеводов, семинары-тренинги для фермеров, даются консультации. Ведущие специалисты участво­вали в международных семинарах по обмену опытом в Китае и Голландии. Сейчас на базе теплицы выполнены 4 дипломные работы, 13 курсовых проектов, 7 научных работ, в процес­се завершения магистерская диссертация.

Эксперты прогнозируют, что в третьем тыся­челетии растениеводство в развитых странах перейдет "под крышу". Высокотехнологичные теплицы обеспечат выращивание урожая кру­глый год, а также защитят овощи от непогоды и засухи. Эта идея все больше захватывает умы аграриев. Благо все предпосылки для подоб­ного производства есть.


//Класс TIME.-2013.-16января.-С.13

43

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ, «Өрлеу» білікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктігін арттыру институтының директоры.
Кемелдік пен парасат
Жас ұрпақтың бойына мұғалім бере алған білім арқылы қалыптасады.

Өткен ғасырдың 60-жылдары америкалық экономист Т.Шульц «Адам капиталы» ұғымын енгізді. Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның бойындағы бай рухани құндылықтарымен бағаланып келсе, бүгінде оған елдің жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарайды. Бұрын капитал ұғымы қаржы, байлық, ақша, құн мағынасында түсіндіріліп келген болатын. Қазір оқу-білім, ақыл, парасат, ғылым экономика саласына жұмсалса адам капиталына айналады. Сондықтан қазір «ақылды экономика», «білім экономикасы», «парасатты экономика» терминдері қолданыс табуда. Соңғы жылдары адам капиталын өлшейтін «адам әлуетінің даму индексі» пайда болды. Ол 3 критерийден тұрады: адамның өмір сүру ұзақтығы, ересектердің сауаттылығы мен балалардың мектеппен қамтылуы, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы үлесі.

Бұл бағыттарда тәуелсіздік алғаннан бері қыруар жұмыстар жасалынды: еліміздегі адамның өмір сүруінің орта жасы 64 жастан 69,6 жасқа жетті, орта және жоғары білімді адамдар халықтың 96 пайызын құрайды, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы үлесі еселеп артуда. Тәуелсіздік жылдары елімізде 800 мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Қазір дүние жүзі әлемдік қаржылық дағдарыстың екінші толқынын бастан кешіруде. Көптеген елдердегі мемлекеттік қызметкерлер саны қысқаруда, жалақылары азаюда, зейнеткерлердің зейнетақысының мөлшері кеми түсуде, жұмыссыздар саны көбеюде, студенттердің оқу ақысының мөлшері артуда.

Біздің еліміздегі жағдайға келсек, әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру жүйесіне бөлінген қаржы мөлшері жылдан жылға өсуде: 2011 жылы бөлінген қаржы 1,0 трлн. болса (2010 жылы 797,4 млрд.теңге), 2012 жылы 1,2 трлн. теңгені құрады. Соңғы 10 жылда білім беру жүйесін қаржыландыру 10 есеге өскен, яғни ішкі жалпы өнімнің 3,8% пайызы, ЮНЕСКО талабы бойынша 5-6% пайыз болуы керек. Ғылымды қаржыландыру көлемі де айтарлықтай молайды: 2011 жылы 29 млрд.теңгеге, ал 2012 жылы 42 млрд.теңгеге жетті. Қазір еліміз мектептерінде 2,5 млн. оқушы, 600 мыңнан астам колледж, жоғары оқу орындарында 630 мың студент білім алуда, 538,5 мың бала мектепке дейінгі білім мекемелерінде тәрбиеленуде.

Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов біліктілік арттыру институттарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базаларының төмендігі, онда еңбек ететін әдіскерлер жалақыларының жартымсыздығы, біліктілік арттыру институттары арасындағы өзара іскерлік байланыстардың нашарлығы да – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екені жайлы баса айтты. Осы олқылықтың орнын толтыруды қозғады. Соның нәтижесінде, биылғы жылдың 17 ақпанында Үкіметтің ««Өрлеу» «Біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын» құру жөніндегі қаулысы қабылданды. Оның құрамына Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 облыстық педагог қызметкерлердің

44

біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енді. Сөйтіп, әрқайсысы



өз бетінше жұмыс жүргізіп жатқан институттар бір жүйеге келтірілді. Ортақ оқу бағдарламалары негізінде біліктілік арттырудың мазмұны түбегейлі өзгертілді.

Біліктілік арттыру институттарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базаларын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен әрбір институтқа 28 миллион теңгеден қаржы бөлініп, оған физика, химия, биология кабинеттері, компьютерлік сыныптар, әмбебап интерактивті және мультимедиялық кабинеттер жабдықталды.

Біздің институтта биылғы жылы 450 мұғалім курстардан өтті. Біліктілік арттырған ұстаздардың 3 дәрежелі сертификат алғандарының жалақысына – 30, екінші дәрежелі сертификат алғандарына – 70, ал бірінші дәрежелі сертификат иелеріне – 100 пайыз үстемақы қосылады.

Жалпы ««Өрлеу» «Біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ар­қылы биыл 6600 мұғалім 3 дайындықтан өтсе, алдағы жылы олардың саны 14500 болмақ.

Әлемдік тәжірибе мен мектептердің бүгінгі таңдағы талаптары ескеріле отырып, деңгейлік курстар жеті модуль бойынша өткізілуде:

– білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар;

– сыни ойлау жүйесі;

– оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері;

–орта білімдегі менеджмент және 12 жылдық оқытуға көшу жағдайындағы құзыреттілік негізде оқыту;

- «e-learning» оқытуды пайдалану;

- дарынды балалармен жұмыс істеудің қазіргі заманғы технологиялары.

Яғни, білім беру процесіне мұғалім мен оқушының тең қатысуы, оқушыға белгілі бір білім мөлшерін толығымен дайын түрінде емес, оның ішкі мүмкіндігін пайдалану арқылы сыни тұрғыдан игерту басты мақсат. Сонда ғана білімнің сапасы артып, дамыған елдердегідей кемел ақыл, парасат, білім, ғылым экономикаға жұмсалмақ, адам капиталының көрсеткіштері де сапалы жаңа биікке көтерілмек. Бүгінгі күннің басты ұраны білікті ұстаз – сапалы білім кепілі.


//Егемен Қазақстан.-2013.-22қаңтар.-15б.

45
Валерий ХИЖНЯК
В чужом краю терзаюсь но не каюсь...
Вопреки расхожему мнению, десятилетняя казахстанская ссылка Тараса Шевченко связана не только с Мангышлаком. Неизвестные для современников сведения о пребывании опального поэта и художника в Приаралье посчастливилось отыскать в библиотеке КГУ имени Коркыт Ата. (см. «КТ» за 28 ноября 2012г. «История одной библиотеки»).

Ии этих достоверных источников стало известно, что "художника Шевченко за сочинение возмутительных и в высшей степени дерзких стихотворений, как одаренного крепким телосложением» определили рядовым в Оренбургский отдельный корпус, «поручив начальству иметь стражайшее наблюдение, дабы от него ни под каким видом не могло выходить возмутительных пасквильных сочинений». Известна и резолюция Николая І на жандармском докладе: «Под строжайший присмотр, запретив писать и рисовать».

О думы миои! О слава злая!

Из-за тебя напрасно я страдаю,

В чужом краю терзаюсь... но не каюсь!

Магелланы Арала

Несмотря на царский запрет, уже на первых порах ссылки Шевченко заводит маленькую книжечку, «переплетенную в дегтярный товар, которую всегда носит при себе. «Что делать нам взаперти, в беспредельной степи за Уралом?" - вопрошает Тарас и отвечает: "Не для людей и не для славы пишу я теперь эти стихи, а для себя, милые братья. Мне легче становится в не­воле, когда я пишу их, и они ра­дуют мою бедную убогую душу".

В особенности новоиспеченного солдата страшил предстоящий по­ход в низовья Сырдарьи, где уже собиралась две парусные шхуны. Пугали не тяготы походной жизни, а неизбежное отрешение "от ум­ственного общения, отказ даже от переписки, какую поддерживали с опальным поэтом не успевшие еще забыть его друзья". Все знали, что руководить экспедицией прибыл военный моряк Алексей Бутаков, прославившийся своим участием в кругосветном плавании.

Опасения оправдались. Отряд в составе двух рот солдат и двух сотен уральских казаков в сопровожде­нии громадного обоза выступил 12 мая 1848 года. Предстояло пройти по безводным степям больше 700 км от Орска до Раимского укрепле­ния. Задача перед экспедицией сто­яла непростая. Помимо "розысков каменного угля" необходимо было "стараться завести на Аральском море пристань". Фактически это было первое крупное исследование неведомого моря в песках. Знаме­нитый географ и путешественник А. Гумбольдт потом назвал участ­ников экспедиции "Магелланами Аральского моря".

На этот раз пожаловаться на свою "долю" ссыльный солдат не мог. Он попал в экспедицию "как художник для срисовывания бере­гов". Капитан-лейтенант Бутаков отнесся к поэту весьма гуманно, дозволив ему идти отдельно от роты и даже носить штатский ко­стюм. Во время плаванья, которое

46

продолжалось с перерывами около полутора лет, Шевченко разме­щался в офицерской каюте и зани­мался исключительно рисованием карандашом и акварелью. Он не только составил альбом берего­вых линий, но и успел сделать зарисовки и описания быта и обычаев казахов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет