Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125495
1   2   3   4   5   6   7   8

Рахила ДОСПАЕВА Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасының бөлім меңгерушісі

ғасыр мұрасының жанкешті сақшылары

Кітап арабша жазба, түрікше дәптер деген ұғымды білдіреді. Кітап- рухани қазына, өмір тізбесі, замана құпиясын, тұлғаның тұнық сырын бойына жинап тым-тырыс іштей бұрқылдап жатқан қайнар бұлақ. Кеудесінде сығырайған пілтедей сәулесі бар жан кітап-қайнар бұлақтың көзін түртіп ашса, сыздықтай аққан білім нәрі, ілімнің кәусар иріміне тартары сөзсіз. Бабаларымыз «Білім инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаған болар.

Дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар: еврей тіліндегі «Тауарат» (Библия, б.з.б. 28 ғ.), чин қытай тіліндегі «Конфуция» (б.з.б. 25 ғ.), парсы тіліндегі «Авеста» (25 кітаптан тұрады, б.з.д. 20 ғ.), юнан (грек) тіліндегі «Інжіл» («Евангелие», б.з.б.18 ғ. бұрын), араб тіліндегі «Құран» (б.з.б. 7 ғ.) жаратушыға сыйыну дұғалары, уағыздары сияқты діни мазмұнда болуы да тегін емес, себебі Кітап – оқу-тәрбие құралы, саяси идеологиялық күрес қаруы. Кейін діни ғақлиялық өсиеттер, аңыз хикаялар, патшалар жылнамалары, өнегелік мысалдар, әлем тану шығармалары дүниеге келді. Баспа өнерінің дамуы кітаптың өркендеуіне жол ашса, бұл әлемге әйгілі жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы кітапхананың пайда болуына себепкер болды.

Адамзат тарихындағы көне, ең ірі кітапханалардың бірі Александрия, «Үлкен Совет энциклопедиясында»: «Ежелгі дәуірдің ең әйгілі Александрия кітапханасы б.э.д. ІІІ ғасырда алғашқы Птолемейлер кезінде Александрия қаласында негізі қаланған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх, Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған» десе, қазақ жеріндегі Отырар кітапханасы заманында әлемдік өркениеттің дамуына теңдессіз үлес қосқан кешенді білім ордасы. Білім бұлағы – Отырар кітапханасында – «Әлемнің екінші ұстазы» ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби білім нәрінен сусындап өскен.

ХХ- ғасырға дейін кітапханашылық ер азаматтар атқаратын мәртебелі қызмет болғандықтан арнаулы мемлекеттік атақтар берілген. Тарихта белгілі атақты кітапханашылардың бірнешеуіне тоқталайық.



Каллимах (б.з.д. 310-240 жж.) - ақын және ғалым. Александрия қаласына жас кезінде білім іздеп келген ол жас ақындар үйірмесін ашып, оларды өлең жазудың қыр-сырына үйреткен. Патша ІІ Птолемей Сарайға шақырып, мәртебелі қызметтердің бірі Александрия кітапханасынан орын ұсынған. Кітапханада 20 жыл қызмет жасаған Каллимах тарихтан, грамматикадан 800-ге жуық ғылыми шығармалар жазады. Оны поэзияда жаңа «александриялық» бағытты құрушы деп дәріптеген. Каллимахтың 120 томнан тұратын «Таблицы тех, кто просиял во всех областях знания и трудов, которые они сочиняли» деген ерекше еңбегі - грек әдебиетінің барлық тізімі және авторларының өмір деректері жинақталған алғашқы библиографиялық жинақ. Сондықтан да «библиогафияның атасы – Каллимах» деп атайды.

Клавдий Птолемей – б.з.д.ІІ ғасырда Александрия кітапханасында көп жылдар бойына қызмет ете жүріп, ежелгі астрономия ғылымының негізін қалаушы «Великое математическое построение в ХIII книгах» деп аталатын он үш ғасыр әлем жүйесін зерттеуде өзгеріссіз қолданылған құнды еңбегін жазып шыққан.

67
Ричард де Бери – бірнеше жыл Оксфорд университеті кітапханасының сақтаушысы бола жүріп Италия, Франция, Германиядан қолжазбалар жинаған. Орта ғасырдың атақты кітаптарының бірегейі «Philobiblon» -ды («Любокнижие») жазған. Өзінің 1500 том жинақты кітаптар топтамасын Оксфорд университетінің кітапханасына сыйлады.



Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646–1716 жж.) неміс философы, математик және астрономы. Сол кезде Еуропадағы ең ірі кітапхана болып саналатын Вольфенбют және патша Сарайындағы Ганновер кітапханаларында 23 жыл бойына ғылыми-зерттеу жұмысы мен кітапханашылық қызметті қоса атқарған. Кітапхана ісі туралы алғашқы ойларын осы кезден қолға алып, кітапхананы білім алудың құралы ретінде қарастырады. Білім алуға толық мүмкіндік тудыру үшін кітапхана құрамында мұрағат, баспахана, оқу орындары, ғылым мен мәдениеттің мекемелері бірге болу керек деп, өзінің кітапхана туралы ғылыми концепциясында ой түйген. Әлем кітапханаларына ортақ біріккен каталог жасауды және қоғамға ең қажетті кітаптары бар ерекше кітапхана қорын жасауды ұсынды.

Иоганн-Даниил (Иван Данилович) Шумахер (1690–1761 жж.) Ресейдің алғашқы кәсіби кітапханашысы. Страсбург университетінің философия факультетін бітірген. Он жыл бойына Германия, Польша, Финляндия т.б. елдерден кітап жинай жүріп, 1724 жылы І Петрдің қолдауымен ашылған Ғылым академиясына кітапханашы болып тағайындалды. Шумахер Ресейдің жаңа типті кітапханасын көпшілік-ғылыми ортаға айналдырды. Шет елден әкелінген (Рим, Берлин, Оксфорд, Кембридж т.б.) және өзі құрастырған 4 томдық каталогтар жүйесі бойынша жұмыс жүргізді. Сол кездегі еуропалық ғалымдар оның кітапханасын жоғары бағалады.

Оленин Алексей Николаевич (1763-1843 жж.) –белгілі орыс ғалымы, қоғам қайраткері, Көркем өнер Академиясының Президенті. 1811жылы Оленин Императордың көпшілік кітапханасының директоры болды. Ол қызметке поляк және француз тілдерін меңгерген, Ресейдің ұлттық кітапханасына білімді адамдарды таңдады. Олар: ақын және аудармашы Н.И. Гнедич, мысал жазушы И.А. Крылов, лингвист А.Х. Востоков және т.б. Оның ойынша, кітапхана - ең алдымен ағартушы орын, ғылым мен әдебиеттің, өнердің үздік шығармаларының қоры, өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін орталық. Кітапханашылар отандық мәдениетті таратушылар деп, қызметкерлерге жоғары талап қойды және талапқа сай жағдай жасай білді. Оленин Императордың көпшілік кітапханасын 35 жыл басқарды. Оның білімі, күш қуаты, ықпалы кітапхананы Ресейдің ғылыми және мәдени орталығы ретінде қалыптастыруға жұмсалды.

Крылов Иван Андреевич (1769–1844 жж.)- атақты мысал жазушы, сатирашы. 1812 жылы Петербургте Императордың көпшілік кітапханасының директоры А.Н. Олениннің ықпалымен кітапханашылық қызметке тұрады. 30 жыл қызметінде орыс тіліндегі әдебиеттер қорын жинақтап, кітапханалық каталогтар жүйесін құруға ат салысады. Крылов: каталог оқырманға қажетті мәліметті нақты сипаттайтын, ал кітапханашыға тез тауып беретіндей қарапайым болу керек дейтін. Ұзақ жылдар бойына библиографиялық қызмет атқарды: тақырыптық тізім құрастырып, анықтамалар берді. Оның замандастары тілінің өткірлігін, ойының ұшқырлығын жиі мақтайды.

68

Корф Модест Андреевич - ірі қоғам қайраткері, Императордың көпшілік кітапханасының директоры. Көпшілік кітапхананың «Ережесін» жасап, оқырмандар билетін енгізді. Оқырмандар сұрауы бойынша әдебиеттер тізімін жасап, анықтама үстелін орнатты. Келушілер санын мыңнан асырған Корф алғаш рет кітап қорын толтыру үшін патшадан арнаулы қаржы бөлуді талап етті. «Құрметті оқырмандар» атағын ойластырып үнемі сый жасап отыруды, алғаш рет кітаптар көрмесін ұйымдастырып дәстүрге айналдырды. Газет- журналдарға қорға түскен жаңа кітаптар, көрмелер туралы хабарлап, мәліметтер беріп тұрды. Оқырмандар залын арнаулы мүліктермен, кітап сөрелерімен жабдықтап, портреттер ілгізіп, бюст, статуэттермен безендірді. Ұйымдастырғыш қабілеті зор, талантты Модест Андреевич көмекшілеріне де зор көңіл бөліп, үнемі оларға қолдау көрсететін. 1872 жылы демалысқа шығарда патша Александр ІІ оған граф деген құрметті атақ берді.



Мелвил Дьюи –дүние жүзіне әйгілі «ондық классификацияны», классикалық каталог карточкасын ойлап тапқан, АҚШ-тың кітапхана ісінің көрнекті қайраткері. 1870 жылы Дьюи Амхерст колледжіне түсіп, бітірген соң сол колледждің кітапханашысы болып қызметке тұрады. Дьюидің ондық классификациясы (ДКД) алғаш рет 1876жылы жарыққа шығып, 12 рет қайта бастырылады. Оның классификациясы бойынша барлық ғылым түрі негізгі 10 топқа, әрбір негізгі топ тағы да 10 бөлікке, ал бөліктер 10 бөлімге бөлінді. Әлем бойынша қолданылатын бұл жүйе қазірде электронды каталогтарда да пайдаланылуда. 57 елдің ұлттық библиографиясы осы ДКД бойынша жұмыс жасайды. Кітапхана саласына өшпес із қалдырған Дьюиді кітапхана ісінің атасы деп бекер айтпаған, алғаш рет кітапханашыларды кәсіби дайындауды қолға алды. Ол «Кітапхана журналын» (дүниедегі алғашқы кәсіби басылым), Американдық кітапханалар Ассоциациясын және 1887жылы Колумбия университеті жанынан тұңғыш рет кітапханашылар мектебін ашты. Мелвил Дьюи өзінің мақалалары мен шығып сөйлеген сөздерінде кітапхана қызметіне әйелдерді тартуды ашық айта бастады. Бірақ тек қана ер азаматқа лайық деп саналған қызметке қоғам, әйелдер араласуына қарсы болды. Мелвил Дьюи кітапханалар серіктестігі туралы идеясын ұсынып, халықарық кітапханалық қатынасты өрбітті. Дьюи 1931 жылы 26 желтоқсанда қайтыс болып, Лейк-Плэсиде жерленді.

Атақты кітапханашылар шоқжұлдыздарының қатарын Эратосфен, Антонио Мальябекки, Готфрид Лейбниц, Н.И. Лобачевский, В.Ф.Одоевский, В.В. Стасов, Н.Ф. Фёдоров, П.И. Бартенев, Н.А. Рубакин есімдерімен толтыруға болады. Кітапханашылық қызметпен өз өмірлерін байланыстырған белгілі адамдар қатарына «Қытайдың ұлы көсемі» атанған Мао Цзэдун Пекин университетінің жанындағы кітапханада кіші қызметкер болып жүріп, 1921 жылы Қытай Коммунистік партиясының құрылуына қатысқан және Лев Николаевич Гумилевті жатқызуға болады. Көрнекті еуразияшыл ғалым Л.Н.Гумилев 1947 жылы Шығыстану институтының аспиранты кезінде «халық жауының баласы» ретінде түрмеге қамалады. Сол кездері Лев Николаевич түрменің жүйке аурулары ауруханасының кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған. Осы жылдары ол өзінің ғұндар және ежелгі түріктер туралы еңбегін жазып бітірді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «еуразияшылық мектебі»

69

жолын ұстанушылардың бәрінен де озық кеткен даңқты ресейлік ойшыл Лев Гумилевтің көзқарастары әркез менің көңілімнен шығады» - деп жоғары баға бергені белгілі.



Егеменді Қазақ елінің кітапхана тарихына үңілсек, 1910 жылы Верный қаласында оқу залы ретінде ашылып, 1928 жылы округтік, ал 1931 жылы Қазақ КСР-ның мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылған. Тұңғыш директоры болып белгілі қоғам қайраткері Ораз Жандосов тағайындалды.

Жандосов Ораз Қыйқымұлы (1889-1938жж.) – мемлекет қайраткері. Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа өнімдерін жинауға күш салды. Кітапхананы ұлттық кітап қорын және жазба мұраларын жинақтап, сақтайтын маңызды мекемеге айналдырды.

1991 жылы Ұлттық кітапхана мәртебесін алып, кітапханатану, библиография, кітапхана жұмысын автоматтандыру және компьтерлендіру бағытында Қазақстанның ірі ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік орталығына айналды.



Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – филолог-шығыстанушы, жазушы, қазақ-қытай «Көрші» журналының бас редакторы. 2003-2007 жылдары ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры қызметін атқарды.

Бүгінгі таңда республикамыздың түпкір-түпкіріндегі барлық түрдегі кітапханалар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Жаңа кітапхана ақпараттардың қазіргі заманғы сандық және виртуальді қоймасының эталоны болады», - деп айтқан тапсырмасына сай жабдықталып ел игілігіне қызмет атқаруда.

Алғашқы кітапханашы әйелдер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қызметке араласты. Сауатсыз қараңғы халықтың көзін ашу алғашқы кітапханашы әйелдер міндетіне жүктелді. Кітапхана халық үшін мектеп, клуб және мұражайға айналды. Кітапхана оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып қала береді. Бүгінгі кітапхана - ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлі болмысына табан тірей отырып, электронды техника көмегімен ақпараттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздестіру, насихаттау және тарату процестерін жүзеге асыратын әлеуметтік орталық.

Кітапхана өмірі – сырт көзге байқала бермейтін, ағысы баяу дария болғанымен, іштей сан алуан білім қуатымен буырқанған асау мұхит. Сол білім мұхитына бойлап, кітапханашы мамандығының қыры-сырына үңіле білген жан өзгеге рухани азық сыйлайды. Кітап оқыған адам ғасырлық құндылықтарға жақындай түсіп, әлемдегі түрлі елдер мен ұлт өкілдерінің мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, тарихын зерделеуге деген құштарлығын арттыра түседі. Кітапхана қызметкерлерінің өркениет жолында алар асулары әлі алда.

//Әлімсақ.-2013,№1.-35-37б.
70


Қазыбай Қ¥ДАЙБЕРГЕНОВ, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор
Ел Көшербаевтан не күтеді?
Жаңа аймақбасшысы, ең алдымен, облыстағы «сақалды» кұрылыс мәселесіне баса мән берсе деген тілегім бар. Өйткені көптеген кұрылыс нысандары басы бар, аяғы жоқ боп орта жолда жиі қалып жатады. Қаламыздағы Назарбаев мектебінің, перинаталды орталыктың кұрылысы, мысалы, әлі күнге бітпей келеді. Мұндайды көптеп тауып, көзге шұқып тұрып көрсетуге болады. Екіншіден, көшелердің жайына көңіл бөлсе деймін. Көбінің сапасы сын көтермейді және оны қадағалап жатқан ешкім жоқ. Мысалы, Жақсылық Бекқожаев атындағы көшемен көліктің қатынауы қиын. ¥сақ-түйек боп көрінгенмен, бұл мәселе халықтың көкейінде жүргені сөзсіз.

Идеология саласы бізде бетімен кетті. Қаладағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығына бірде немеремді ертіп апардым. Балалар атыс-шабыстың қызығына түсіп кеткен. Оң-солын ажыратып үйренбеген олар ненің жаман, ненің жақсы екенін қайдан білсін?! Қазіргі жастарға кінә артқанда, алдымызға жан салмаймыз. Шын мәнінде біз кінәні өзімізден іздеуге тиіспіз. Алдымен өзімізді өзіміз түзетіп алуымыз керек. Әлгіндей орындар, қала берді, телеарналар балаларымызды қатыгездікке тәрбиелеуде. Мән-мағынасы жоқ ойындардың орнын үлттық ойындар алмастырса, құба-құп. Асық иіру мен атудың астарында түсіне білгенге қаншалықты философиялық астар жатыр?! Бұл ұрпағымызды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге коп көмектеседі. Атыс-шабыс, зорлық-зомбылық ойындарына, шыны керек, шет елдердің өзінде рұқсат етілмейді. Осылайша олар тек біздің санамызды жаулап алғысы келеді. Мұны идеологиялық экспансия дейді және ол өте қауіпті.

«Бәрін кадр шешеді» дегендей, бізге жеке басының емес, халықтың қамын бірінші орынға қоятын ықпалды азаматтар керек. Командада сайдың тасындай білікті, білімді, іскер басшылар қалғаны дұрыс. Қазір, қарап отырсаңыз, қызметке жап-жас жігіттерді апарып кояды. Әлбетте, ондайда тәжірибесінің аздығы білініп тұрады. «Жастығына қарамастан, қалай бастыкқа айналып шыға келді?» деп ойлайтыныңыз күмәнсіз. Паракорлық, тамыр-таныстық белең алған тұста оған таңғалудың қажеті жоқ сияқты. «Көкесінің» көмегімен көтерілгендер ұзаққа бармайды. Бұл түбінде ешкімге абырой әпермейді. Жоғарғы жақтағылардың жемқорлықпен «күресіп» келе жатқанына біршама уақыт болды. Бірақ пайдасы көзге көрінбей тұр. Бұдан зардап шегетін — басқа ешкім емес, қарапайым халық. Сондықтан билікте қолы, ары таза адамдар коп болса деген тілек біздікі.
//Халық.-2013.-31 қаңтар.-5б.

71

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - ЭКСПО- 2017


Мемлекет басшысының Өкімімен ТАҒАЙЫНДАУ:


  • Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

//Егемен Қазақстан.-2013.-17 қаңтар.-1б.


Нина МИТЧИНОВА, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Ұлт мерейі
ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесін өткізу жөніндегі дүниежүзілік бәсекеде қол жеткізген Қазақстан жеңісінің маңызын жете түсіну үшін осы халықаралық көрмелер шежіресін ой елегінен өткізу керек. Ал Бүкіләлемдік көрмелер тарихының шежіресі бір жарым ғасырдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатыр. Міне, осындай айтулы жаһандық шарада әлемдік тарих сахнасында лайықты орнын енді ала бастаған жас елорда – Астананың жеңіске жетуі шын мақтанарлық құбылыс.

Көрмелер шежіресіне ден қояр болсақ, ол алғаш рет «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмысының ұлы көрмесі» деген атпен 1851 жылы Лондон қаласында бастау алды. Оған шамамен 20 мыңдай қатысушы келіп, көрмеге 100 мыңдай экспонат қойылды. Экспозициялар өткен атақты «Хрусталь сарайында» сол уақытқа дейін дүниежүзінің өнеркәсіп саласында қол жеткен озық жетістіктер паш етілді. Лондондағы осы алғашқы көрмені 6 миллионнан астам адам тамашалапты.

Бүкіләлемдік бірінші көрме дүниежүзінің мемлекеттері мен халықтарына өнеркәсіп өндірісі саласында жаңа мәдени байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Бұл көрме Англияның, сонымен бірге, бүкіл әлемнің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне тың серпін әкелді. 1851 жылы Лондонда өткен ЕХРО көрмесінен кейін АҚШ, Франция және басқа мемлекеттердің басшылары осындай халықаралық ауқымды шараны өздерінде өткізуге ынталы болды.

Еске салатын бір мәселе, осы бірінші дүниежүзілік өнеркәсіптік көрмеде көптеген техникалық жаңалықтар паш етілді. Алғаш рет осы көрме шеңберінде адамзатқа лифт, лампа, телеграф, мотор, автокөлік сияқты техникалық ғасыр жаңалықтары таныстырылды. ЕХРО көрмесі арқылы бүкіл дүниежүзі өндірісте ашылған өнертапқыштық жаңалықтармен танысты. Содан кейін ғана бұл озық технологиялар өндіріске енгізілетін болды.

1889 жылы Бүкіләлемдік көрме Париж қаласында өтті. Бұл көрмеге қойылған экспонаттар өзінің озық жаңалықтарымен ерекшеленді. ЕХРО – 1889 Парижге Эйфель мұнарасын сыйлады. Бұл көрмені тамашалауға 3 миллионнан астам адам қатысты.

Бүкіләлемдік көрме шежіресі басталған 161 жыл ішінде ЕХРО көрмесі 3 және 5 жыл мерзім ішінде жүйелі түрде өткізіліп келеді. Көрмелер аралығындағы бұл мерзім бір-ақ рет бұзылды. Яғни, 1939 жылы Сан-

72

Францискода өткен көрме мен 1958 жылы Брюссельде өткен көрме арасына 20 жылға жуық мерзім түсіп кетті. Бұл адамзат тарихындағы ұлы трагедия – екінші дүниежүзілік соғыс еді. Ал 1970 жылы ЕХРО Бүкіләлемдік көрмесі алғаш рет Азия құрлығында, Жапонияның Осака қаласында өтті.



Енді міне, ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі алғаш рет Орталық Азияда, бірінші рет ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстанда өткізілгелі отыр. Тәуелсіз Қазақстан шежіресінде тұңғыш рет Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесінің өткізілуі шын мәнін­де – ұлттық жеңіс. Бұл жеңіске біз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана да сара басшылығының арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіз Қазақ елінің еркін ұлдары мен қыздарының басым мақсаты біреу, ол – тәуелсіз еліміздің гүлденуі. Елбасы, дүниежүзі таныған реформатор, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біз бұдан да биік асуларды аламыз.

//Егемен Қазақстан.-2013.-16 қаңтар.-б.


73

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ



Күн сәулесінен қуат алған
Жамбыл облысында алғашқы күн электр стансасы іске қосылды

Қордай ауданында ерекше электр стансасы іске қосылды. Бұл – еліміздегі күн сәулесінен қуат алатын алғашқы электр стансасы.

Жамбыл өңірінде жүзеге асқан бұл станса Отар кентінің маңайына орналасқан. Өйткені «Қазгидрометтің» деректері күн қуатын пайдалану үшін бұл жердің ауа райы өте-мөте қолайлы екенін растайды.

Станса құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған. Жақында оның қуаты 504 киловатқа жететін алғашқы кезегі іске қосылды.

– Станса алғашқы тексеруден өткеннен кейін межелі 7 мегаватқа көшеміз, – дейді ерекше жобаға қаржы салып, оның құрылыс жұмысын да өздері қолға алған «ҚазЭкоВатт» ЖШС-ның директоры Сәрсен Көкебаев.

«ҚазЭкоВатт» ЖШС қосымша қаржы көздерін тарту үшін «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл ауқат қоры» АҚ еншілес кәсіпорны «Самұрық-Энергомен» іскерлік байланыс орнатуда. Соның нәтижесінде еліміздегі алғашқы күн электр стансасы биыл толық қуатында жұмыс істейтін болады деп күтілуде.

Күн электр стансасының құрылысын салу барысында ауданның 80 адамы жұмысқа тартылыпты. Бүгінде іске қосылған стансада 6 оператор жұмыс істейді. Олар алдын-ала оқудан өткен. Ал станса толық қуатында жұмыс істеген кезде мұндай операторлардың саны 60 маманға дейін жетпек.

Отар кентінің атымен аталған алғашқы күн электр стансасының ашылуына қатысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев 2017 жылы елімізде өтетін EXPO-ның тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуы бекерден-бекер емес екеніне тоқталды.

Күн электр стансасының құрылысымен жақын танысқысы келген адам арнайы бөлінген жерге 51 күн қондырғысы орнатылғанын көреді. Олардың әрқайсысында 235 ватт электр қуатын өндіре алатын 42 панель бар. Ал станса барлығы 2142 панельден тұрады. Кварцтық модульдер күн қуатын тұрақты электр қуатына, ал қосымша құралдар оны үш фазалы электр тогына айналдырады. Бұл ток одан кейін трансформаторға өтіп, әрі қарай аумақтық электр жүйесіне, яғни тұтынушыларға жеткізіледі.

Облыста соңғы үш жылда экологиялық жағынан таза бірнеше электр стансасы іске қосылса, енді біразының жобалары қолға алынуда. Мысалы, 2010 жылы қуаты 1,5 МВт Меркі су электр стансасы, 2011 жылы қуаты 1,5 МВт Қордай жел электр стансасы іске қосылды. Биылғы алғашқы жартыжылдықта Қарақыстақ және Тасөткел су электр стансалары іске қосылмақ. Сондай-ақ, Central Asia Green Power компаниясы Жаңатас қаласынан қуаты 100 МВт болатын жел электр стансасының құрылысын бастамақ.

Ал Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылы маңынан іске қосылатын қуаты 24 Мегават күн электр стансасы құрылысының жобасына Франция елінің «Fonroсhe Energie SAS» деп аталатын компаниясы қаржы салып отыр. Ол үшін 150 гектар жер бөлініп, күн электр стансасының техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптауға жіберілді.

//Егемен Қазақстан.-2013.-16 қаңтар.-1,3б. Жамбыл облысы.

74






ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА

АНЫҚТАМА - БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ

және ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ


Білім және ғылым жаңалықтары


Тақырыптық іріктелім

Қаңтар

(2-ші шығарылым )

Қызылорда 2013

Анықтамалық-библиографиялық және әдістемелік бөлім



Құрастырған: Доспаева Р.Т.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет