Жуматай УРАЗБАЕВ, проректор по научно-исследовательской работе Евразийского национального университета им. Л. Гумилева
Стратегические ориентиры вузовской науки
Для ученых страны важнейшим положением в Послании Президента народу является принятие на уровне государства стратегии инновационного развития. В Послании сделан акцент на том, что уже в «2013 году необходимо принять меры по полноценной кооперации науки и бизнеса». Стало быть, не просто пришло время ученых, а наступила самая горячая пора. Впрочем, научному сообществу Евразийского национального университета им. Л. Гумилева ближе понятие стабильного устойчивого развития научных иссле-дований, внедрения науки в производство. В связи с принятием нового Закона РК «О науке» наблюдается положительная динамика роста объемов научно-исследовательских работ (НИР), так, если общая сумма финансирования в 2011 году по университету составила 276 млн. тенге, то в 2012-м объемы выросли до 1,1 млрд. тенге. Только по линии грантового финансирования НИР, прове-денного Министерством образования и науки, наши ученые реализуют 140 проектов на сумму почти 0,6 млрд. тенге в год. Кроме того, научными школами вуза реализуются НИР в рамках таких госбюджетных программ, как «Целевое развитие университетской науки, ориентированной на инновационный результат», «Ғылыми Қазына», «Тюркский геополитический феномен: истоки, преемственность» (более 230 млн. тенге), ведется совместная работа и с зарубежными партнерами. Это тоже является свидетельством доверия МОН РК к квалификации ученых и научных школ университета. С целью повышения социального статуса ученых-исследователей, а также с целью поднятия престижа занятий наукой в ЕНУ им. Л. Гумилева принято Положение о мерах поощрения профессорско-преподавательского состава, сотрудников и обучающихся по результатам публикаций в научных журналах, входящих в базы данных Thomson Reuters и Scopus. Денежные поощрения автору или авторскому коллективу за каждую публикацию в научных журналах варьируются в пределах от 50 до 200 месячных расчетных показателей. По итогам 2012 года выплачено материальное вознаграждение 38 ученым на сумму около 9 млн. тенге. Направления научных исследований в университете определены исходя из основ общенациональной идеи как базы устойчивого развития современного Казахстана, а также приоритетных направлений ГП ФИИР. К примеру, в области физики – ядерные, космические и нанотехнологии, химии и биологии – биотехнологии, математических наук – проблемы математического моделирования и информационных технологий, социально-гуманитарных наук–евразийские и тюркологические исследования и так далее. Значимость этих научных направлений напрямую зависит от уровня развития научных школ. В ЕНУ им. Л. Гумилева сформировались научные школы молекулярной генетики доктора биологических наук, академика НАН РК профессора Рахметкажы Берсимбая, функционального анализа и его приложений д. ф.-м.наук,академика НАН РК Мухтарбая Отельбаева. ЕНУ им.Л.Гумилева по праву гордится и научными достижениями ученых социально-гуманитарного направления. Здесь необходимо прежде всего отметить заслуги академика НАН РК Жабайхана Абдильдина как в целом в становлении отечественной философской науки, так и в организации научной
18
школы философии вуза. Несомненно, значительный вклад в развитие представлений о жизни и быте тюркских племен внесли археологические находки ученых, работавших под руководством профессора Каржаубая Сарткожаулы на территории современной Монголии. Одним из выдающихся достижений казахстанской науки можно считать открытие древнего городка Бозок вблизи Астаны. Научную школу филологии возглавляет видный государственный и общес-твенный деятель, ученый-фольклорист, литера-туровед, д.ф.н.,академик НАН РК Сеит Каска-басов. В 2012 году кафедру истории возглавил известный ученый, академик НАН РК, д.и.н. Булат Кумеков, с приходом которого научная школа историков ЕНУ им. Л. Гумилева, несомненно, станет еще сильнее. В 2012 году два проекта – «Разработка технологии и организация опытного производства отечественных флуоресцирующих полимерных материалов» (руководитель – доктор химических наук, профессор Ирина Иргибаева) и «Коммерциализация магнегаз-технологии в Казахстане» (руководитель – д.ф-м.н., профессор Аскар Арынгазин) выиграли конкурс на получение грантов по программе МОН РК и Всемирного банка «Коммерциализация технологий», получив финансирование в размере 1,5 млн. долларов каждый на три года. К значимым достижениям университета можно отнести работы в области космологии, проводимые профессором Института фундаментальных исследований ЕНУ им. Л. Гумилева Владимиром Джунушалиевым, который в соавторстве с коллегами из Ольденбургского университета (Германия) в 2011 году опубликовал научную статью, получившую освещение на сайте новостей Discover. Назову и имена молодых, но уже заявивших о себе в науке ученых. Прежде всего это директор лаборатории инженерного про-филя, обладатель государственной научной стипендии для талантливых молодых ученых на 2008–2010 годы Максим Здоровец, председатель Совета молодых ученых, автор двух статей в высокорейтинговых журналах, обладательница премии ректора ЕНУ и акима Актюбинский области, математик Аксауле Жубанышева и другие. Нами установлен 25%-ный – пороговый уровень привлечения обучающихся магистрантов и докторантов к реализации финансируемых НИР. Считаем, что такая практика полностью оправдает себя, так как есть вероятность, что многие из них впоследствии свою жизнь посвятят служению науке. Прежде всего, хотелось бы отметить, что сейчас мы стали уделять особое внимание реализации НИР, направленных на развитие так называемых «зеленых» технологий, или альтернативной энергетики. Здесь особое внимание уделяется становлению и деятельности Инновационного парка, созданного на базе вуза. Так, на площадке ЕНУ выполняется пилотный проект по альтернативной энергетике – перевод котельной с дизельного топлива на альтернативное – водомазутную эмульсию. Данный проект разработан и реализован для дальнейшего мультиплицирования в масштабах страны. Если учесть, что внедрение данной технологии позволит уменьшить на 20–25% расход топлива, на 50% – энергозатраты на собственные нужды топливного хозяйства, сократить выбросы вредных и парниковых газов, общий эффект очевиден и исчисляется в сотнях миллионов долларов в год.
Также Инновационный парк ЕНУ им. Л. Гумилева осуществляет реализацию решений наукоемких задач промышленности. Так, в ближайшее время будет проведен первый научно-технический семинар-совещание на площадке Министерства индустрии и новых технологий, на котором ученые ЕНУ им. Л. Гумилева с партнерами представят первые решения задач, полученных от национальных компаний Казахстана.
Своеобразным вкладом нашего университета в индустриально-инновационное развитие страны явился запуск в эксплуатацию установки по генерации электроэнергии, источником которой является солнце. Солнечная установка мощностью 10 кВт стала результатом сотрудничества Инновационного парка университета с немецкими компаниями DENA и PRETHERM Solution GmbH в рамках программы Федерального министерства экономики и технологии «Экспортная инициатива: возобновляемые источники энергии».При разработке Стратегии развития ЕНУ им. Л. Гумилева до 2020 года мы определили нашу миссию – быть ведущим научным и образовательным центром евразийского региона, обеспечивающим проведение исследований, подготовку кадров для развития приоритетных отраслей экономики, несущим ответственность перед государством и обществом за результаты своей деятельности. ЕНУ им. Л. Гумилева должен стать национальным исследовательским университетом, базирующимся на тесной интеграции образования, науки и производства.
//Казахстанская правда .-2013.-24 января.- С.5
Әлима ӘБДІХАЛЫҚОВА, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Жаңа Жолдау – Жарқын Мұрат
«Алдыңда не кутпіп тур, соны ойла. Игі мақсатқа тура журген жетеді» деген ұлы ғұлама Фирдоусидің ұлағатты қағидасына сүйенетін болсақ, Елбасы кезінде 2030 жылға дейінгі даму перспективамызды болжап, ондағы басым бағыттарды айқындап берген болатын. Еліміздің қолындағы артықшылықтар мен ерекшеліктерге ерекше мән беріп, ұзақ мерзімді басым бағыттарды іске асырудың Стратегиялық жоспарын да нақтылады.
Биыл міне, «Қазақстан — 2030» Стратегиясының жария етілгеніне де он алтыншы жылға аяк басып барады екен. Адамзаттың даму тарихымен салыстырғанда, әрине, аз уақыт болғанымен, маңыздылығы, өміршендігі жағынан бүкіл бір дәуірге тең. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық дамуы айкындалатын осынау басты құжаттың басым бағыттарының кезең-кезеңімен, уақыттан оза іске асып жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Таяуда, ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығы қарсаңында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жаңа Жолдауын жария етті. Тақырыбы да жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулардан ерекше, мұнда Қазақстанның алдағы 2050 жылға дейінгі даму жолы жаңаша сипатталған. Жаңа құжат мазмұнымен жете танысқан адам «Қазақстан -2030» Стратегиясы еліміздің қалыптасу кезеңіндегі дамуын көрсетсе, тың Жолдаудың әлемдік аренада әбден танылып, тұғыры нық қалыптасқан мемлекеттің ұзақ жылдарға арналған жаңа саяси бағыты екендігіне көз жеткізеді.Тек еліміз үшін ғана емес, әлемдік деңгейде салмағы басым кұжат мазмұнына еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жоспарымен катар мемлекетіміздің халықаралық беделінің дағдарыста сыналуы, жаңа ғасырдың қауіпті қатерлері, өзгермелітарихи жағдайдағы тың ұстаным, әлеуметтік кепілдіктер, қазақстандық жаңа патриотизм мәселелері арқау болған.
Бүкіл саналы ғұмырым, бар болмысым, қызметім де жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру бағытындаболғандықтан да, жаңа Жолдаудағы осы мәселелердің маңыздылығына тоқталғым келеді. Көлемді де мазмұнды құжаттың «Білім және кәсіби маіиық — заманауи білім беру жуйесінің, кадр даярлау мен қайта, даярлаудың негізгі бағдары» деп аталатын төртінші бөлімінің өн бойы білім берудің қазіргі өзекті бағыттарына арналған.«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу ушін біз сауатты лығы жоғары елге айналуымыз керек» деген Елбасының қанатты, қағидасымен басталатын аталған бөлімнің мазұны жедел даму үстіндегі өзгермелі, ақпараттық қоғамдағы ең заманауи өндірістерде мамандарымыздың жұмыс жасай алу машығын меңгеруге дайын болуымен тұжырымдалады.
Әрине, ол үшін болашақ мамандар тек отандық ғана емес, әлемдік озық технологияларды меңгеріп, оны өз еліміздің өркениетті дамуына жұмсауы керек. Елбасының «Кәсіби - техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешкетегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек» деген талабы осы кезеге дейін күрмеуі қиын болып тұрған мынадай мәселелердің оңтайлы шешілуіне көмектеседі деп ойлаймын: Әр өңірдің экономикалық ерекшеліктеріне карай ең қажетгі мамандар даярланады; халықты еңбекпен қамтамасыз етеді;мамандардың
20
бәсекеге қабілеттілігі, құндылығы артады. Жолдауда жеке бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкер шілігінің білім беру саласында айрықша көрінуіне ерекше мән берген. Бұл, бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға материалдық көмек болса, екіншіден, қазір өндірістің дені жеке сектор қолында болғандықтан, олар өз кезегінде сапалы мамандар даярлауға мүдделі болады. Осы бағытга мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желілерінің құрылуы мамандар даярлайтын оку орындарының білім беру сапасын арттырары сөзсіз.
Ал, Жолдаудағы оку орындарының кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық түрғыда бекіту мәселесінің көтерілуі - өте тың және құптарлык дүние. Осы кезге дейін теориялық білімнің басым болып келгені шындық. Бүл талап бойынша ендігі жерде сұранысқа ие емес пәндердердің орнына заманауи, болашағы бар бағыттарды ұстану қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр.
Ақиқаттан идея айқындалып, оның тәжірибеде көрініс табатынын ескерсек, қабылданар заңнамадан оку орнының да, өндірістің де ұтары көп.
Демек, аталған құжат - еліміздің инновациялык инфрақұрылымын дамытудың бірден-бір тетігі - білім саласының нақты прагматикалық стратегиямен жұмыс жасауына жол ашады.
//Ақмешіт апталығы.-2013.-24 қаңтар.-4б.
21
Асқар ӘБДУӘЛІ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.
Білім беруді жетілдіру –
дәуір талабы
Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі кезеңдерінде өзінің жасампаздығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына көтерген көшбасшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты алыстан болжаған халықаралық деңгейдегі бастамалары бүгінде даму мен жаңа қарым-қатынастардың теңдессіз үлгісіне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің айқындалған шағы. Мемлекетіміздің өтпелі кезеңінде қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру барысында басым бағыттарының мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы жаңа серпілісті қажет етті. Тарих шежіресіне алтын әріптермен жазылған «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру барысында үш бірдей жаңғырту: мемлекеттің іргесін қалау, нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалыптастыру, қоғамдық сананы қайта өзгерту жүргізілді. Осы жылдары еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Нәтижесінде, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісінде бәсекеге қабілетті елдердің арасында 51-орынға ие болды. Кез келген елдің дамып, өркендеуі – ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікке байланысты. Президент Н.Назарбаевтың тұрақты түрде жүргізе білген сындарлы саясатының арқасында Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын ынтымағы мен бірлігі тұтасқан үлгілі мемлекетке айналды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы жаңа белестерді айқын-дайтын маңызды тарихи құжат болып табылады. Бұл маңызды құжат мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясын негізге ала отырып, осы уақыт ішінде жүзеге асырылуға тиісті 7 басымдықты анықтап берді. Елбасы сарабдал саясаткер ретінде, есімін әлем таныған тұлға ретінде өз халқына ауқымды және нақты, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын іс-әрекеттер жоспарын ұсынды. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан Президенті кезең-кезеңмен елімізді, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге қол жеткізуге, әл-ауқатын арттыруға мол күш жұмсады. Соның нәтижесінде, бүгінгі күні Қазақстан әлемдік қауымдастықта беделді орынды иеленіп, соңғы 15 жылда ел экономикасының өсімі 16 есеге, білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есеге артқан. Ал ғылым саласына бөлінетін қаржы 2011 жылы 26,8 млрд. теңгені, 2012 жылы 48 млрд. теңгені құрады. Алдағы уақытта бұл салаларды мемлекет тарапынан қаржыландыру арта түсетіні де белгілі. Бұл өз кезегінде, білім, ғылым және инновация саласында жаңа бағыттардың дамуына мол мүмкіндік береді. Еліміздің жаңа даму бағытында білім беру жүйесін модернизациялау: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты үш басты бағытқа ерекше мән берілді. Елбасы бұл орайда жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері
22
ұсынатын білім беру қызметтерінің арасындағы елеулі алшақтыққа жол беруге болмайтынын, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екенін ерекше атап көрсетті.
Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен еліміздегі жоғары оқу орындары секілді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқу үдерісін демократияландыру бағытында кредиттік оқыту технологиясы жүйесін жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңашыл әдістерін қолдану, Дублин дескрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын дайындау, көптілді білім беруді жетілдіру сияқты ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы атап көрсеткен өзектілігі кеміген және сұранысы төмендеген білім пәндерін заманауи жаңа академиялық пәндермен алмастыру басты назарда болып отыр. Академиялық еркіндікті дамыту бағытында білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны таңдау пәндерімен толықтырылуда. Тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері және 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән берілетін жаңа элективті пәндер оқу үдерісіне кеңінен енгізілуде. Элективті пәндер жұмыс берушілердің және еңбек нарығы сұраныстарын талдау негізінде дайындалуда. Атап айтқанда, сұранысы көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мақсатында «12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйе-мелдеу», «Акмеология негіздері», «Инклюзивті білім беру» және т. б. пәндер жоспарланған. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан инновациялық технологиялық іс-әрекетті жүзеге асыра алатын және ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау мақсатында институттың оқу-тәрбие үдерісіне «Мектеп күні» енгізілді. Ғалым-оқытушылар жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияны ендіру, оқушының жеке интеллектуалдық қабілеттерін арттыру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Соңғы он жылдың аясында еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру және зерттеу жұмыстарының трендіне айналды. Мұндағы білім мазмұны мен сапасының артуы еліміздегі білім беру жүйесін жаңғырту үдерісінің бірі ретінде Елбасының ақпараттық технологияларды жаңаша қалыптастыру секілді ұлттық кешенді шараларға деген тікелей ықпалын байқатады. Жаңа әлемдегі даму жолына түскен жаңа Қазақстанның қуаттылығы мен бәсекеге қарымдылығын арттыра түсу үшін еліміздегі жоғары оқу орындарының ұлттық инновациялық жүйедегі жаңашылдығы мен талапшылдығын, білім беруді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Жолдауда Елбасы жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың он-лайн жүйелерін белсендіруді тапсырды.
Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді.
//Егемен Қазақстан.-2013.-26 қаңтар.-2б.
23
Ерлан СЫДЫҚОВ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ректоры, профессор
Ғылым мен инновация – жаңашылдық арқауы
2012 жыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін табысты аяқталды. Оқу орны мәртебелі марапат – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Бұл сыйлыққа университет ұжымы ең алдымен студенттерге сапалы білім берудегі табыстары үшін ие болғаны анық. Сонымен бірге, «Алтын сапаны» Еуразия ұлттық университеті инновациялық зерттеулерді дамытудағы жарқын жетістіктері үшін де иеленіп отыр. Осыған орай біздің осы оқу орнының ректоры, профессор Ерлан Бәтташұлы СЫДЫҚОВПЕН сұхбатымызда әңгіме арқауы негізінен ғылыми зерттеулердің жай-күйі болды. Өйткені, «Ғылым туралы» Заңға сәйкес, ғылыми және инновациялық қызмет білім берумен қатар жоғары оқу орындарындағы басты қызмет түріне айналмақ.
– Ерлан Бәтташұлы, бүгінгі университет – ғылымның қайнар көзі, сондай-ақ отандық инновация серпілісінің тірегі. Республиканың жетекші оқу орны ретінде осы бағыттағы қандай әлеуетті ерекше атар едіңіз?
– Қазір мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Сондықтан міндеттер де нақтыланды. Мақсат-міндеттің негізгісі Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясынан өрбиді. Бұл құжат ел болашағын айқындап, жаңа басымдықтар арнасын көрсетіп отыр. Мұнда Мемлекет басшысы: «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет» деп атап көрсетті. Біз қазір жұмыс бағдарын осы тапсырмаға сәйкес қайта жан-жақты пысықтадық. Үкімет қаулысымен ашылған Инженерлік зертханамыздан бастап жаңашыл Инновациялық паркімізге дейін іс-шара жоспарында Стратегия межесін өлшем етіп алды.
Елбасымыз 2009 жылы ғылымды басқарудың жаңа моделін айқындап берген болатын. 2011 жылы жаңа «Ғылым туралы» Заң қабылданды. Мұнда 5 басым бағыт анықталды. Осыны жүзеге асыруға байланысты мемлекет қомақты қаржы бөліп келеді. Мысалы, ғылымды дамытуға 2010 жылы 20 миллиард теңге бөлінсе, 2012 жылы ол 48 миллиардқа жетті. Ғылымды дамыту механизмі жүйесі белгіленді. Олар: әлемдік ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізу, Қазақстанға шетелдік аса танымал ғалымдарды шақыру, ғылыми ұтқырлықты дамыту, жоғары рейтингті журналда мақала жариялаған ғалымдарды ынталандыру, жастарды тарта отырып университет ғылымын өркендету. Соңғы екі жыл ішінде университеттердің ғылымға қатысуы 33 пайыздан 57 пайызға өсті. Ғылым жетістігін әлемге жариялайтын Thomson Reuters (АҚШ), Springer (Германия), Elsevir (Нидерланд) компанияларымен келісім-шартқа қол қойылды. Осының нәтижесінде Қазақстан ғалымдарының әлемдік рейтингтегі басылымдарда 2010 жылы 405 мақаласы жарық көрсе, 2012 жылы 850 мақаласы жарық көрді. Оның ішінде 110 мақала Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының еңбегі екенін мақтанышпен айта аламын. Білім және ғылым бойынша жаһандық бәсекелестік индексінде Қазақстан 21 позицияға көтеріліп, әлемде 51-орынды иеленді. Осы қиын да жауапты табыста біздің ғалымдарымыздың да орны бар.
Еуразия ұлттық университеті – ерекше білім шаңырағы, ол – Елбасымыздың тәуелсіздік жылдары ашқан тұңғыш университеті. Бұл оқу орны аз уақыттың ішінде Еуразия идеясының арманнан ақиқатқа айналғанын ғылым-білім тұрғысынан дәлелдей алды. Бүгінгі білім алушы және ғылыммен шұғылданушы жастарымыз осыны терең түсініп, елшіл маман болуға жұмылып отыр. Олар алдыңғы буынның білімін сақтап әрі молайта отырып, республикамыздағы ғылыми серпілісті жақсы түсінеді.
Елбасының сенімі, елордалық мәртебе және сол сенім мен мәртебеге лайық жауапкершілік біздің қызметіміздің салмағын ауырлата түседі.
– Жастарды ғылымға тарту мен ғылым мен бизнестің кооперациясы қалай жүріп жатыр?
– Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарымызды анықтаған тарихи Жолдауында: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру» деді. Осы тұрғыдан келгенде, біз үшін ғалымдар мұрасына байланысты шараның бәрі де ел абыройы мен ғылым беделін көтеру, жастарды жаңа биіктерге жұмылдыру. Саладағы серпіліс аясында біз жастарымызды бакалавр – магистр – докторантура жүйесіне сәйкес ғылымға тартып отырмыз. Мемлекет бөлген қомақты
24
қаржы олардың шетелге шығып, әлемдік тәжірибені меңгеруіне, зертханаларда жұмыс істеп, рейтингті журналдарда мақала жариялауына мол мүмкіндік туғызды. Мысалы, Елбасы идеясымен Астанада өмірге келген жаңа «Оқушылар сарайының» бір бөлігі біздің Инновациялық парк жәрдемімен Ғылыми-танымдық орталыққа айналып, баламалы энергетика, техникалық физика, ақпараттық технология, биотехнология, т.б. зертханалардың негізі қаланды. Бұл балаларды жасынан ғылымға тартуға ықпал етеді.
Ғалымдарымыз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Бұл жобалардың ішінде таза ауыз су мен бұзылған топырақты залалсыздандыру сияқты елге аса пайдалы қолданбалы зерттеулер бар. «Самұрық-Қазына» ұсынған көкейкесті 146 инновациялық жобаның 47-сін Еуразия ұлттық университеті орындауға жұмылып отыр. Яғни біз осыншама жоба ұсындық. 18 ақпанда бұл жөнінде арнайы республикалық семинар-кеңес өтеді. Қазіргі күні университетте бірнеше бастама-сараптама зертханалары жұмыс істеп жатыр. Олардың негізгі мақсаты – ғылым мен өндіріс арасын жақындату. Ғылым мен кооперация ықпалдастығын кезең-кезеңмен орындау – біздің негізгі бағытымыздың бірі. Мына заманда ғылым өндіріске шығудың жолын өзі іздеу керек.
– Ел экономикасына әсер ететін ғылыми қамтымды жүйеге ерекше басымдық беру керек дейміз. Осы туралы өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
– Экономиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі – ұлттық экономиканың шикізаттық қалыбынан инновацияға қарай бет бұруын қамтамасыз ету, қауқарлы ғылыми қамтымды технологияларды енгізу.
Бұл мәселеде Елбасымыз бен Үкіметіміз, Білім және ғылым министрлігі университеттік ғылым мен білімге үлкен сенім артып отыр. Мемлекет басшысы Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және т.б. әлем елдерінің даму тәжірибесін алға тартып, ғылым мен инновацияны екінші орынға ысырып қойған ел ешбір салада бірінші бола алмайтынын атап көрсеткен еді.
Ғылыми және инновациялық қызмет үшін кадрлар даярлайтын зерттеу университеттері деген ұғым енгізілді. Олар инновациялық экономика өсуінің белсенді нүктелеріне айналуы тиіс. Зерттеу университеттері арнайы бағытталған бағдарламалар негізінде жұмыс жасауы керек әрі жоғары дәрежелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып, оның практикада қолданылуына жол ашуға міндетті болып отыр.
Елдің бірнеше беделді жоғары оқу орындары секілді, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стратегиялық ұлттық зерттеу университетіне айналу бағытында тиімді білім-ғылым-өндіріс ықпалдастығын жүргізіп отыр. Шетелдік және отандық ғалымдарды барынша жұмылдырып, білікті мамандарды қалыптастырып, мемлекет пен бизнес кластері жүйелеген әлемдік деңгейдегі іргелі әрі қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Осы жөнінде сала басшысы Б.Жұмағұлов республиканың жетекші ЖОО басшыларына нақты тапсырма берді.
Қазіргі таңда қазақстандық зерттеу университеті – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру – отандық ғылым-білімнің абыройлы міндеті. Бұл дәрежеге жетуде әр оқу орнының өз көздеген жолы бар. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын әзірлеу барысында біз өз міндетімізді анықтап алдық. Жақын болашақта ЕҰУ білім-ғылым мен өндірістің тығыз ықпалдастығына негізделген ұлттық зерттеу университетіне айналады деп сенемін.
– Жалпы, инновациялық зерттеу университеті дегенді қалай сипаттар едіңіз? Қазіргі заманғы университет қандай болуы керек?
– «Инновациялық зерттеу университеті» деген ұғымды инновациялық даму анықтайды. Ал инновациялық даму дегеніміз – әлемдік деңгейде өнім шығару және жаңа нарық пен бәсекеге қарай тоқтаусыз ұмтылу деген сөз. Ал бұл ұмтылыс бар жұмысты ғылыми-техникалық және технологиялық қамтамасыз ету арқылы ғана жүзеге аспақ. Елбасымыз 2050 жылға дейінгі Стратегияда: «Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет болады» деп елеулі мақсаттарды белгіледі.
Білім және ғылым саласындағы инновациялық қызмет мемлекеттік және өңірлік ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарымен орайласуы қажет. Іргелі және
25
қолданбалы зерттеулердің күшімен жоғары технологияларды дамытуға қол жеткізе отырып, соның нәтижесі негізінде өнімдерді сыртқы және ішкі нарыққа шығару, инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу – бүгінгі инновацияның алғышарты.
Қазіргі заманғы ЖОО инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы білім берудің, ғылыми жұмыстардың сапалы деңгейіне қол жеткізіп, оларды оқу үдерісіне тиімді енгізе алуы тиіс. Сонымен қатар, бүгінгі университет жаңашыл бағдарламалары арқылы мемлекет пен қоғамның қажетін толық қанағаттандырып, олардан қаржылық қолдау тауып, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми салалардың дамуына айтарлықтай үлес қоса алуы керек.
– Ғылым мен өндіріс ықпалдастығын қалай салаландырып жатырсыздар?
– Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында білім, ғылым, өндіріс байланысын ерекше айтты. Әлем осы жолмен келеді, біз де сол жолмен өркендей аламыз. Қазақстандағы жетекші университет ретінде басым бағытымыз – ғылыми-зерттеу жұмыстарының инфрақұрылымын дамыту, сонымен бірге білім-ғылым мен өндірісті ықпалдастыру. Бұл істе басты назар іргелі әрі қолданбалы ғылыми-зерттеу жүргізетін ғалымдар мен университеттің ғылыми бөлімшелеріне аударылады. Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жобаларымыздың көлемінің өсімі байқалады. 2011 жылы университеттің бұл саласына 276 млн.теңге бөлінді. 2012 жылы ғылымымызды қаржыландыру 1,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Ғалымдарымыз бір жылда 0,6 млрд. теңгені құрайтын 140 ғылыми жобаны ұтып алып, жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бұл – университетіміз үшін үлкен жетістік.
Бұдан бөлек, университеттің ғылыми мектептері мемлекеттік бюджет бағдарламалары шеңберінде жалпы сомасы 230 млн. теңгені құрайтын ғылыми жобаларды орындап отыр. Мұның өзі – Білім және ғылым министрлігінің ғылыми мектептеріміздің біліктілігіне сенгені. Ғылым мен өндіріс байланысы дегенде, Еуразия ұлттық университетіндегі баламалы энергиямен шұғылданатын Инновациялық парк (директоры В.Ким), трек мембранасы негізіндегі металдық наноқұрылымдарды алумен айналысатын Инженерлік зертхана (директоры М.Здоровец), мегнегаз технологиясын қарастыратын Іргелі зерттеулер институты (директоры А.Арынғазин), компьютерлік лингвистика және ақпарат жүйесін зерттейтін Жасанды интеллект институты (директоры А.Шәріпбаев), молекулярлық биология, биохимия және генетиканы зерттейтін Биотехнология институты (директоры Р.Омаров), Жел энергиясын зерттейтін ғылыми топ (жетекшісі А.Әлімғазин), т.б. орталықтардың сәтті жұмысын айта аламыз. Айтқандайын, біз әлемдік рейтингтік журналдарда мақала жариялаған ғалымдар мен докторанттарымызды үнемі ынталандырамыз. Мысалы, 2012 жылы осындай 38 ғалымға 9 млн. теңге көлемінде материалдық сыйақы бердік. Бұл бастама университет ғалымдарының белсенділігін арттырып келеді.
– Ерлан Бәтташұлы, ғылыми зерттеу жұмыстарыңыздың басым бағыттарын айтып өтсеңіз.
– Университетіміздегі ғылыми зерттеу жұмыстарының қайнар көзі Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясынан және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінен бастау алады. Жаңа Қазақстанның тұрақты дамуы, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мысалы, физикадағы – ядролық, ғарыштық және нанотехнологиялық бағыттар, химиядағы – трек менбранасының наноқұрылымы, биологиядағы – биотехнология, математикадағы – математикалық модельдеу, ақпараттық технологиялардағы – жасанды интеллект мәселелері, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бағытындағы – еуразиятану, түркітану, фольклортану, қыпшақтану, алаштану зерттеулері және т.б.
Әлемге мәлім Жабайхан Әбділдин, Мұхтарбай Өтелбаев сынды академиктерімізден бастап, жас та болса танымал Уәлібай Өмірбаев, Асқар Арынғазин сынды ғалымдарымызға дейін Қазақстан ғылымының атын, дәрежесін әйгілеп отыр. Профессор М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының көне түркі тарихы мен этногенезіне, жазба жәдігерлеріне қатысты тың зерттеулері – ғылымға қосылған елеулі үлес. Астана маңындағы көне Бозоқ қаласын жүйелі зерттеп жүрген ғылыми топ – марқұм профессорымыз К.Ақышевтің шәкірттері.
Университетімізде экономика, заңтану, фольклортану, журналистика тарихы және тағы да басқа бағыттар бойынша ғылыми мектептер сәтті қызмет етіп келеді.
Әрине, біздің елеулі ғылыми бағытымыз – шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен, аса танымал ғалымдармен байланыс орнату
Мысалы, соңғы жылдары университетімізге Нобель сыйлығының 9 лауреаты келіп, дәріс оқыды. Бұлар – әр ғылымның көшбасшылары. 2011-2012 жылдары оқу орнымызға арнайы шақыртылған 550-ден астам шетелдік профессор PhD докторанттар мен магистрант-тарымызға дәріс оқыды, ғылыми кеңес берді. Хиросима, Леон, Техас, Кардифф, Том университеттері сияқты әлемдік ғылыми орталықтардан ұзақ мерзімге 25 белгілі ғалымды шақырттық. Салалық мемлекеттік бағдарлама негізінде олардың барлық әлеуметтік жағдайы шешілді. Осы профессорлар біздің ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп отырғанын мақтанышпен айтамыз. Жақында израильдік Нобель сыйлығының лауреаты бізге ұзақ мерзімге келіп, ғылыми жұмыс істеуге келісімін берді.
– Отандық жоғары білім және ғылым жүйесіндегі елеулі мәселе – ғылыми әлеует жасының ұлғаюы екені баршамызға белгілі. Осыны қалай шешіп отырсыздар?
– Қазақ атамыз «Баланы – жастан» деп бекер айтпайды. Болашақ ғалым да кемі студент күнінен баулынуы тиіс. Біз 1-курстан бастап студенттердің ғылыммен айналысуына жағдай жасап отырмыз. «Алтын белгі» иегерлері ең көп университет есебінде жастарымызға бірінші семестрден ғылыми тақырып беріп, академиктер мен білікті профессор маңына топтастыру – қалыптасқан дәстүріміз. Магистратура және докторантурада оқып жүрген жастар белгілі шетелдік ғылыми орталықтарға барады. Осындай білім алу жүйесі оларға өз көздерімен өзге елдердің ғылыми инфрақұрылымын көруге және біздегі білім беру жүйесінің озық жағы мен қалыңқы тұстарын бағалауға, саралауға мүмкіндік жасайды.
Ғылыми жобаны жүзеге асыруға білім алушы магистранттар мен докторанттарды міндетті түрде қатыстырамыз. Яғни жоба орындаушылардың 30 пайызы жастар болуы тиіс.
Талапты жастарымыз аз емес. Солардың ішінде Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі, жоғары рейтингтік журналдарда жыл сайын бірнеше мақала жариялайтын математик, PhD докторы Ақсәуле Жұбанышова, егіз математик Руслан мен Нұрлан Наурызбаевтар қазірдің өзінде республикаға танылып үлгерді. Қазір бізде жетекші профессорлардың семинарлары, ғылыми-шеберлік сыныптары өз нәтижесін беріп келеді. Шақырылған шетелдік профессорлардың да сапасына, еңбегіне қатты көңіл бөліп отырмыз. Бұл ретте Назарбаев Университетінің тәжірибесі – бізге үлгі. 2012 жылы біз бұл университетпен ынтымақтастық меморандумына қол қойдық.
– Университет ғалымдарының елеулі деген ғылыми жетістігі туралы не айтар едіңіз?
– Данышпан әл-Фараби: «Ғалым адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет ету» деп жазған екен. Тәуелсіздіктің 21 жылдығында нағыз ғалымдарымыз осы сөздің растығын дәлелдеді. Экономикамыздың қиын кезінде де ғылымнан қол үзбей, ел болашағын ойлап қызмет етті. Енді жаңа тыныс, жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мұны Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында жақсы айтты.Бүгінгі таңда біз «жасыл технология» немесе баламалы энергетиканы дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулерге баса назар аударып отырмыз. Елдің индустриялық-инновациялық дамуына университетіміздің өзіндік қосқан үлесі – күннен алатын электр энергиясы генерациясын жүзеге асыру жобасын бастау. Мұны біз Германия компанияларымен бірлесіп атқарудамыз.
Отандық сәулелендіргіш полимерлі материалдарды өндіру технологиялары мен магнегаз технологияларына қатысты зерттеулерімізді Білім және ғылым министрлігі мен Бүкіләлемдік банк көмегімен жүзеге асырудамыз.Космология саласындағы профессор В.Д.Жунушалиевтің Ольденбург университеті ғалымдарымен (Германия) атқарған ғылыми жобасы Дискавери жаңалықтары сайтында жарияланды. Генетика саласы бойынша ғалымдарымыздың жаңалықтары Жапония ғылыми орталықтарын қызықтырып отыр. Т.Инербаев, В.Буренков, А.Жұмагелдинов сынды Жапония, Ұлыбритания, Франция ғылыми мектебінен өткен ғалымдарымыздың жетістігі де біршама. Ағылшын тіліндегі «Еуразия математика журналы» атты ғылыми басылымымыз халықаралық беделге ие.
– Сұхбат соңында әріптестеріңізге не айтар едіңіз?
– Менің әріптестерім – білім және ғылым саласының қызметкерлері. Ақыл-ой еңбегінің адамдары. Абай атамыз бізге «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. ХХІ ғасырда ғылым – жай қағаздағы, кітаптардағы ғылыми жаңалықтар емес, халықтың әл-ауқатының деңгейі, сапасы. Сондықтан біздің бірлесе атқарып келе жатқан жұмысымыз қызықты да жауапты. Меніңше, Қазақстан ғылымы мен білімі қазір тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр. Оның тарихилығын халқымыз бен Елбасымыздың «мәңгілік ел» мұратына қызмет ету анықтайды. Қазір біздің саламыз түбегейлі жаңару, жаңғыру үстінде. Бізде білікті мамандар, жақсы жетістіктер мен әлемдік деңгейдегі зертханалар бар. Ендеше Мемлекет басшысының сенімімен жаңа биіктерді бағындыруға жұмылуымыз керек. Осы жолда әріптестеріме сәттілік тілеймін.
– Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сүлеймен МӘМЕТ,//Егемен Қазақстан.-2013.-29 қаңтар.-7б.
Достарыңызбен бөлісу: |