Ұстаздан шәкірт озар
12 сәуір – Ғылым күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан — 2050» стратегиясы: Білім – Ғылым – Инновация» атты Республикалық форумының шеңберінде «Ғылымды дамыту мен ауқымды халықаралық жобаларға және EXPO–2017 ғалымдардың қатысуы» атты тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді.
Басқосу барысында еліміздегі жетекші ЖОО-лардың ғылым саласындағы ізденістері мен жетістіктері сараланды. Сонымен қатар ғылыми зерттеулерді жаңғырту мәселелері бойынша қоғамдық пікір алысуды жүргізу, ғылымды одан әрі дамыту және қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық жобаларға қатысуы да сөз болды. Экономикалық қайтарым және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру, ғылым мен бизнестің, келешегі бар ғылыми және инновациялық кластерлер мен консорциумдарының кооперациясы, халықаралық бағдарламалардың шоғырлануы мен ғалымдардың халықаралық жобаларға қатысуы, іргелі және қолданбалы зерттеулердің мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын жасау мәселелері де шет қалмады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жану мәселелер институтының директоры Зұлхайыр МӘНСҮРОВ шетел ғалымдарымен тығыз байланыстың арқасында студенттер жаңа технология бойынша дәріс алып жатқандығын атап өтті. Оқу орнында 2001 жылдан бері инновациялық жобалар қолға алына бастаған. Бұл ретте Германия, Ресей, Қытай секілді мемлекеттермен бірлесе жасалған жобалар нәтижесін беріп, PhD докторанттарының саны артқан. Брайтон университетімен халықаралық жоба бойынша атқарылған жұмыс тәжірибесін әріптестерімен бөлісті.
ҚР БҒМ Ғылым комитеті математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры Тынысбек ҚАЛМЕНОВ жастардың жаңа жобалары мен жаңалықтарын, ізденістерін халықаралық журналдарға жариялау маңызды екендігін баса айтты. Өзі басқарып отырған институт қызметкерлерінің биылғы жылы халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген мақалаларының ұзын саны 24-ке жеткен. Бүгінде математика саласына бет бұра бастаған жастар аз болғанымен Б.Байжанов, А.Жұмаділдаев, У.Өмірбаев сынды математиктердің өкшесін басып келе жатқан жүйріктер бар.
Дөңгелек үстел ғалымдардың халықаралық жобаларға қатысуын белсендіруге септігін тигізері анық. Себебі ғылымды одан әрі дамыту, оның тиімділігін арттыру, халықаралық деңгейде өзекті зерттеулерді, келешегі бар жобаларды бір төңірекке шоғырландыру Қазақстан ғылымы үшін маңызды қадам болмақ. Оқу орындары үшін ғылыми зерттеулердің мүмкіндіктерін оқу процесі, білім алушылар мен оқытушыларды даярлау және қайта даярлауды кеңінен пайдалану нәтиже бермек.
Арайлым БИМЕНДИЕВА,
Алматы//Класс Тайм.-2013.-17 сәуір.-3 б.
16
Шарафаддин ӘМІРОВ,
Жолдау жүйелі іске бастайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру еліміздің ұзақ мерзімді кезеңдегі басты басымдықтары болып табылады. Алматыда Жолдауды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай шаралардың бірі кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болып өтті.
Елбасы Жолдауын талқылауға арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуының берік негізі» атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова қатысып, сөз сөйледі.
– Биылғы жылы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында қаламыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр, – деді Зәуреш Жұманәліқызы, – жыл басынан бері Түрксіб ауданында халықаралық стандартқа сай келетін №24 қалалық емхана ашылды. Сонымен қатар, Алатау ауданында жалпы білім беретін 3 мектеп пайдалануға тапсырылды. Жыл барысында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін жаңа 4 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, мектептер аумағында 4 балабақша құрылысы жүргізілуде. Метрополитеннің екінші кезегінің салынуы, 6 жолайрықтың құрылысы, 25 әлеуметтік дәріхананың құрылуы, ипотекалық және жалға берілетін үйлердің пайдалануға берілуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы – барлығы халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар.
Конференцияда М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанов, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің экономика институтының директоры Сәкен Еспаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Саттар Мәжітов сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауына қатысты ой-пікірлерімен ортақтасты.
Ғылыми форум жұмысына жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, бизнес құрылымдарының жетекшілері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының қызметкерлері қатысты.
//Егемен Қазақстан.-2013.-17 сәуір.-2б.
17
Марьям ТУРЕЖАНОВА
«Болашак» – устремленный в будущее
С момента старта в 1993 году уникальной инициативы Главы государства – программы «Болашак» – прошло уже 20 лет. Достижениям и перспективам важного образовательного проекта было посвящено вчерашнее заседание Правительства, прошедшее под председательством Премьер-Министра Серика Ахметова.
Открывая заседание, глава Правительства отметил значимость идеи Президента Нурсултана Назарбаева об учреждении международной стипендии «Болашак», которая направлена прежде всего на повышение конкурентоспособности казахстанской нации и государства.
Далее об итогах 20-летнего периода «Болашака» рассказал министр образования и науки Бакытжан Жумагулов. Так, с 1994 по 2013 год присуждено 9 250 стипендий, число выпускников – 5 714 человек. На сегодня 2 796 стипендиатов проходят обучение в 33 странах мира. При этом те казахстанцы, кто прошел обучение по программе, показывают примеры высокой профессиональной самореализации, подчеркнул руководитель МОН. Многие из них занимают ответственные посты на госслужбе и в нацкомпаниях. Среди них Бауыржан Байбек, Габидолла Абдрахимов, Куандык Бишимбаев, Каныш Тлеушин и другие. Статистика международной стипендии такова: в государственном секторе работает свыше 20% всех выпускников, в нацкомпаниях и компаниях с государственным участием – 21%, в частных компаниях – 55%, в международных организациях и НПО – 4%.
Б. Жумагулов назвал имена и других успешных «болашаковцев»: инженер Максут Бактибаев, специалист по защите растений Казбек Толеубаев, врачи Айгуль Бримова и Канат Тосекбаев, хирург Дмитрий Горбунов, известные дирижеры Алан Бурибаев и Абзал Мухитдинов. Гордится Казахстан оперной певицей Марией Мудряк, которая занесена в Книгу рекордов Гиннесса. Это ли не замечательный пример повышения имиджа нашей республики на мировой арене?
За 20 лет программа, конечно же, претерпела изменения. Существенно модернизирован был «Болашак» за последние 2 года, акцентировал внимание министр. Так, с 2011 года прекращена подготовка бакалавров. Программа теперь ориентирована на подготовку магистров, докторов PhD и стажировки в рамках академической и научной мобильности. Пересмотрен список иностранных университетов, их число сокращено до 200 – все они занимают высокие позиции в мировых рейтингах.
Среди новинок международной стипендии также – переход на программно-целевой метод подготовки кадров, запуск информационной системы «е-Болашак», расширение доступности программы для регионов республики, улучшение их обеспеченности квалифицированными кадрами. Скажем, пересмотрены требования по залоговому обеспечению, из-за чего было слабое участие сельских претендентов. Эта проблема решена, подчеркнул Б. Жумагулов.
Как сказал министр, в целях улучшения профессиональных стажировок госслужащих будут вынесены соответствующие законодательные
18
предложения. Ведется работа по подготовке кадров по дефицитным специальностям в сфере национальной безопасности, культуры, журналистики, IT-технологий.
У Премьер-Министра Серика Ахметова возникли вопросы о трудоустройстве выпускников программы «Болашак», о проводимом МОН мониторинге их занятости.
По информации Б. Жумагулова, на сегодня 87 «болашаковцев» – без работы. Но все они окончили вузы в текущем году. Основная причина, как объяснил министр: иностранные учебные заведения пока не выдали казахстанцам все необходимые документы.
О «болашаковцах», которые уже работают, о направлениях деятельности по программе на заседании рассказали министр труда и социальной защиты населения РК Серик Абденов, председатель правления АО «ФНБ «Самрук-Казына» Умирзак Шукеев, руководитель АО «Центр международных программ» Саясат Нурбек.
Резюмируя итоги обсуждения, С. Ахметов отметил важность определения дальнейших направлений реализации программы «Болашак».
– Сегодня тысячи «болашаковцев» трудятся в различных отраслях экономики, – сказал Премьер-Министр. – Поэтому поддержка одаренной молодежи, желающей получить качественное образование, будет продолжена.
Глава Правительства дал поручения Министерству образования и науки, заинтересованным госорганам разработать комплекс мер по обеспечению занятости выпускников программы «Болашак». Центральные и местные исполнительные органы должны будут подготовить программу подготовки кадров за рубежом с учетом приоритетов развития экономики на перспективу и потребностей рынка труда.
//Казахстанская правда.-2013.-17 апреля.-С.1-2
19
Динара БІТІКОВА,
«Болашақ» болашаққа бағдарланған
Биыл «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толып отыр. Ал осы жылдар ішінде бағдарлама бізге не берді? Болашақ түлектері қазір қайда, қалай жұмыс істеп жүр? Осы мәселелер кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. «Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен тағайындалған «Болашақ» халықаралық стипендиясы – бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды бағдарлама. Елбасының бұл тарихи бастамасы ұлттық экономиканың білікті мамандарға деген сұранысын барынша қанағаттандыруға ықпал етуде», деп атап өтті С.Ахметов отырысты аша отырып. Одан соң сөз кезегін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа ұсынды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1994-2013 жылдар аралығында 9250 стипендия тағайындалыпты. Бітірген түлектер саны – 5714. Ал 2 796 стипендиат әлемнің 33 елінде білім алып жатыр. «Бұл бағдарлама әрқашан елімізге қажетті мамандарды даярлауға бағытталды. «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің көпшілігі мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жауапты қызмет атқаруда», деді министр. Бүгінде түлектердің 20 пайызы мемлекеттік секторда жұмыс істейді екен. Ал ұлттық компанияларда – 21 пайызы, жеке меншік компанияларда – 55 пайызы, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда 4 пайызы жұмыс істейді.
Жалпы, «Болашақ» бағдарламасы экономика мен қоғамға зор үлес қосып отыр деген сенімін білдірген Білім және ғылым министрі бағдарламаның Қазақстанға әкелетін материалдық емес активтеріне де тоқталды.
«Біріншіден, еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыру. Екіншіден, идеологиялық фактор. Яғни, «Болашақ» бағдарламасы еліміздің жетістіктері мен мүмкіндіктерінің символына айналды. Сондай-ақ, сапалы білімнің жастар үшін тамаша әлеуметтік лифті екенін көрсетті. Үшіншіден, бағдарлама түлектері әлемнің үздік жоғары оқу орындарында өз құрдастарымен, яғни әлемнің болашақ элитасымен қарым-қатынас жасап, әлеуметтік капиталға да ие болуда», деді Б.Жұмағұлов.
Министр, мұнымен қоса, «Болашақ» бағдарламасын жаңғырту жүріп жатқанына тоқталды. Бағдарлама соңғы екі жылда барынша жаңартылды, дейді ол. Біріншіден, 2011 жылдан бастап бакалавр даярлау тоқтатылыпты. Қазіргі кезде бағдарлама магистрлер мен PhD докторлар даярлауға бағытталған және академиялық, ғылыми жұмылушылық тұрғысында тағылымдамадан өтуге баса назар аударылған. Шетелдік университеттердің тізімі қайта қаралған. Қазір олардың саны әлемдік рейтингі жоғары 200 университетті ғана құрайды.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі түбегейлі шешілгенін алға тартты. Бүгінде жұмысқа орналаспаған түлектердің саны 87 адамды құрайды екен. Ал олардың жұмысқа орналаспай отырғанына бірден-бір себеп – кейбір шетелдерде диплом құжаттарын дайындау мерзімі 3 айдан 9 айға дейін созылады, ал дипломын қолға алмаған түлек біздің елде жұмысқа орналаса алмайды. Сондықтан олар уақытша жұмыссыз, дейді министр.
20
Сонымен қатар, Б.Жұмағұлов енді шетелде білім алушылардың елге оралуы және жұмыс істеуі қатаң бақылауда болатынын атап өтті. Бұл орайда министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп «Шетелдегі студент» ақпараттық жүйесін енгізіпті.
Тағы бір жаңалық – мемлекеттік органдардағы мамандарды кәсіби тағылымдамадан өткізу. Аталған мәселе «Білім туралы» Заңда заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілмек. Бұл ұсынысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де қолдап отыр екен. «Болашақ» бағдарламасы, сондай-ақ елдегі тапшы мамандықтар бойынша мақсатты топтарды ұйымдастырмақ. Соған орай Мемлекеттік хатшының төрағалығымен өткен республикалық комиссияның соңғы отырысында мамандық топтарын нақты даярлау туралы шешім қабылданыпты. Бұл мәдениет, журналистика, ақпараттық технологиялар саласына, сондай-ақ, техникалық және қоғамдық-саяси мамандықтарға, ұлттық қауіпсіздікке қатысты мамандықтар болып отыр.
«Елдегі сұранысты толық қанағаттандыру үшін мамандықтардың атауына ғана емес, даярлау мазмұнына да назар аударуымыз қажет», деді Б.Жұмағұлов. Бұл ретте тіпті диссертациялық және зерттеу жұмыстарының тақырыптарын таңдауда стипендиаттарды «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы міндеттерді іске асыруға бағыттамақ.
Аталған шаралар «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттері мен басымдықтарын іске асыру үшін «Болашақ» бағдарламасын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді деп отыр. Үкімет отырысында, сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, мәселеге қатысты ойларын білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр өкілетті органдарға «Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлектерін жұмыспен қамту бойынша және еңбек рыногындағы нақты сұраныстар мен экономиканы дамытудың басымдықтарын есепке ала отырып, кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
«Болашақ» стипендиясын тағайындау – Мемлекет басшысының маңызды тарихи шешімі. Бұл – білім саласы бойынша Қазақстанның үлкен жетістігі. Бүгінде мыңдаған болашақтықтар экономиканың түрлі салаларында жемісті еңбек етуде. Сондықтан, сапалы білім алуға ұмтылған дарынды жастарды қолдау одан әрі жалғасатын болады», деп сөзін түйіндеді С.Ахметов.
Динара БІТІКОВА,
//Егемен Қазақстан.-2013.-17 сәуір.-2б.
21
Гүлбиғаш ОМАР
ЖИЫРМАҒА ТОЛҒАН «БОЛАШАҚ»
Осы аптадағы Үкімет отырысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Биыл бұл стипендияның тағайындалғанына – 20 жыл. Сол уақыттан бері ақпарат құралдарында «Болашақ» стипендиясы туралы көп айтылды, талай жазылды. «Түркістан» газетінде де бірнеше жыл бұрын бұл мәселеге қатысты журналистік зерттеулер жарияланған болатын. Алғашқы жылдары стипендия туралы дерек өте тапшы болғанымен, соңғы жылдары халықаралық бағдарлама туралы ақпарат тарату мәселесі жолға қойылғанын айту ләзім.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, 1994-2013 жылдар аралығында барлығы 9250 стипендия тағайындалған екен. Жиырма жылда 5714 түлек оқуын ойдағыдай аяқтап, халықаралық дәрежедегі дипломға ие болған. Қазіргі таңда отыз үш елде 2796 стипендиат білім алып жүр. Олардың жартысына жуығы Ұлыбритания мен Ирландияда (43 пайыз), төрттен бір бөлігі АҚШ-та (27 пайыз) оқиды. Одан кейінгі «болашақтықтар» таңдауы Еуропа елдеріне (16 пайыз), Азия және Океания аймағына (5 пайыз), Ресей (5 пайыз), мен Канадаға (4 пайыз) түскен.
Бұған дейін «болашақтықтарды» жұмыспен қамту мәселесі көп сыналғаны белгілі. Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Саясат Нұрбек бүгінгі таңда бар-жоғы 87 түлек жұмыссыз жүр деп мәлімдеді. «Олар оқуын аяқтаса да, дипломдары әлі қолдарына тиген жоқ. Шет елдерде, мысалы, Ұлыбританияда диплом оқу аяқталған соң алты айдан соң ғана беріледі», – деді ол. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жауапты қызмет атқарып жүрген «болашақтықтар» жетерлік. Олардың ішінде ең танымалдары: Бауыржан Байбек, Ғабидолла Әбдірахымов, Қуандық Бишімбаев, Қуаныш Тілеушин. Бақытжан Жұмағұлов айтулы жетістіктерімен белгілі болған «болашақтықтар» қатарында опера әншісі Мария Мудрякты, инженер Мақсұт Бақтыбаевты, өсімдіктерді қорғау маманы Қазыбек Төлеубаевты, дәрігер Айгүл Бримованы, дәрігер Қанат Төсекбаевты, хирург Дмитрий Горбуновты, дирижерлер Алан Бөрібаев пен Абзал Мұхитдиновтарды атады.
Жалпы, ресми деректерге жүгінсек, осы бағдарлама аясында шет елдерде оқып келген жастардың 20 пайызы – мемлекеттік салада, 21 пайызы – ұлттық компанияларда, 55 пайызы жекеменшік компанияларда жұмыс істейді екен. 4 пайызға жуығы халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда қызмет етіп жүр. «Президент бастамасымен қабылданған бұл бағдарлама ұлттық экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз етуге толықтай ықпал етуде», – деді Серік Ахметов. Бұл бағдарлама аясындағы соңғы жаңалықтардың бірі – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры қажетті мамандар дайындауға тапсырыс береді, сонымен қатар ұлттық компанияларда жұмыс істеп жүрген тәжірибелі мамандарды тағылымдамадан өткізу туралы да келісім жасалған.
//Түркістан.-2013.-18 сәуір.-10 б.
22
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Ғылыми жаңалық өндіріске ене бастады
Кез келген шетелдік жоғары оқу орындарының құрамында арнайы ғылыми орталықтар мен зертханалық бөлмелер жұмыс істейді. Бұл болашақ маман иелерінің кәсібін ынты-шынтысымен зерттеп, ғылыми жаңалықтар ашуына өзіндік септігін тигізеді. Қуаныштысы сол, бұдан былай отандық іргелі оқу орындары да ғылым жолындағы ізденіске айрықша көңіл бөлмекші.
Елімізде әлемдік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес жұмыс істейтін бірнеше оқу орны бар. Соның бірі әрі бірегейі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Білім және ғылым министрлігінің тікелей қолдау көрсетуінің арқасында аталмыш оқу орнының базасында Алматы облысы, Іле ауданында арнайы Агро-био орталығы іске қосылды. Негізін 2009 жылы қалап, тексеру шаралары арқылы лицензияға қол жеткізген орталықтың соңғы үлгідегі құралдармен жарақтандырылған зертханасы мен зауыты бар. Мұнда екі жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия, биология факультетінің студенттері, магистранттары мен аспиранттары арнайы тәжірибеден өтіп, ғылым баспалдағына жол ашуда. Орталық директоры Бөкейхан Қодаровтың айтуынша, мұнда нанотехнология, биотехнология, экология, генетика, селекция, ботаника, дәрі-дәрмек өсімдіктері бойынша зерттеулер жасалады. «Жас ғалымдар теориялық білімін тәжірибеде ұштастырып, екі-үш айға шетелге жіберіледі. Орталық «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы мен алтын өндіруші мекемелермен жұмыс істеуді жоспарға қойған. Еңбектің негізгі нәтижесі – инновациялық ғылыми жаңалықты өндіріске енгізу», – дейді ол. Бүгінде орталық еңбегінің жемісін де көре бастаған. Зертханада су тазалайтын сүзгінің алғашқы легі өндіріліп, қолданысқа енді. Бұл негізінен ауызсуды, қоршаған ортаға залал келтіретін ағындарды тазартып, экологиялық жағдайды жақсартады. Бағасы да басқа елдердің тауарымен салыстырғанда едәуір арзан көрінеді. Сусыз тіршілік жоқ. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Адам ағзасының 50-90 пайызы судан тұрады. Сондықтан да сапалы сүзгіні тұтыну – үлкен істің бастауы. Мемлекеттің басты капиталы – халықтың денсаулығын жақсарту негізгі міндет. Әуелгіде 500 данамен шыққан отандық өнімді Қарағанды, Қызылорда облысы арнайы тапсырыспен сатып алған. Қалған сүзгі балабақшаларға сыйға берілген. Ал мемлекет тарапынан қаржылай қолдау молая түссе, орталық халықтың сұранысын қамтамасыз етуге сақадай-сай.
Агро-био орталығының тұсаукесеріне Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары қатысты. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов оқу орнының мақтанышына айналған орталық жайлы: «Ғылыми зерттеулер көп. Бірақ оның өндіріске, экономиканың игілігіне еніп жатқаны шамалы. Бұған дейін тау-кен, металлургия, су тазарту мен фармацевтика, экологияға қажетті белсенді көміртегіні шетелден сатып алдық. Бір мақтанарлығы, көміртегінің жеті түрі болса, оның бес түрі осы тәжірибелік-өнеркәсіптік зауытта шығарылады. Шын мәнінде, әр ғылыми зерттеуден пайда табуға болады. Қазір болашақ жас мамандардың жаңа өндіріс орнында жобасын қорғап, жаңалық ашуына мүмкіндігі мол. Тағы бір айта кетерлік жайт, технология бойынша отыз адамды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылды. Біз кешегіге дейін инновация өндіріске енбей жатыр деп келдік. Бұл осы орталықтан басталады», – деген жүрекжарды қуанышымен бөлісті.
Ал Білім және ғылым министрлігі, «Ғылым қоры» Басқарма төрағасы Қуатжан Уәлиев «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданғалы бері ғылыммен шұғылданып жүрген жастарға айрықша көңіл бөлініп отырғандығына екпін түсірді. «Былтыр Қазақстанның ғылымына бөлінген қаржы еселеп өсіп, 51 млрд. теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі жарым, төрт есеге көп. Алайда, бұл әлі де аз. Дамыған елдерде ғылымға бөлінген қаржы ІЖӨ-нің 3 және 4 пайызын құрайды. Ал бізде 0,3 пайыз ғана. Елбасының тапсырмасына сәйкес, ғылымға
23
кететін шығынды 2014 жылы ІЖӨ-нің бір пайызына жеткізу назарға алынуда. Білім және ғылым министрлігі бұл жолда көп жұмыс істеуде. Өздеріңіз куә болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Агро-био орталығы Қазақстан БҒМ мен Дүниежүзілік банктің бірлесіп атқарған коммерцияландыру бағдарламасына сәйкес жасалынған бес жұмыстың бірі. Елімізде дәл осындай 20 жоба іске қосылды. Соның бірі физика-химиялық бағытта жұмыс істеуде. Бұл келешекте шунгиттің түрінен белсенді көмір алатын үлкен зауыт болатын түрі бар. Мұндағы пайдаланылатын шикізаттың бәрі отандық. Шығыс Қазақстан облысындағы «Бақыршық» кен орнынан әкелінген өнімді қайта өңдеп, одан қажетті шунгиттік негізде белсенді көмір алады. Бүгінде «Қалалық су құбыры» мекемесі суды тазалау үшін пайдалануға келісім жасады. Айта кетерлігі сол, зауыттың құрал-жабдықтары Қазақстанда жасалған және қазақстандық ғалымдардың ойлап шығарған немесе патенттелген дүниесі», – деп атап көрсетті.
Біз атбасын тіреген екінші нысан – академик З.Мансұров жетекшілік ететін «Жалын» ЖШС. Осыдан екі жыл бұрын академик Мансұров «Ғылым қорынан» 250 млн. теңге алып, зауыттың іргетасын қалаған екен. БҒМ республикалық «Ғылым қоры» мен Жану проблемалары институтының мұрындық болуымен іске қосылған зауыт аз уақыттың ішінде отқа төзімді электр кабель мен пластикаттар, микротыңайтқыштар, көмірсутекті-минералды сорбент, т.б. өнімдер шығарады. Алдағы уақытта табыс түсімі молайса, біртіндеп қарызды қайтару да назарда. Кабель өндіретін зауыт Қырғызстанда, Ресейде, Қытайда, Еуропа елдерінде бұрынан бар болса, ал елімізде отандық өнімнің тамырына енді ғана қан жүгірді.
Сондай-ақ, мұнда наноқұрылымдық сорбенттер, био-фито стимулятор өндіріледі. Бұл әсіресе, құрғақшылық кезінде өсімдікті өсіруге арналған. Мәселен, 1 гектар жерге 10 мг фузикоксин сепсе болды, жайқалып шыға келеді екен. Ал қондырғының бәрі ҚазҰУ ғалымдарының еңбегінің жемісі. «Жалын» ЖШС бөлім меңгерушісі Сандуғаш Тәңірбергенова отандық өнімге деген жарнаманың аздығын айтады. «Нақты өнімді былтырдан бастап шығара бастадық. Біздің кабельдің ерекшелігі, пластикаттың құрамына өзімізде өндірілген көмірсутекті қоспалар қосылады. Бұл зерттеулер өте қымбат. Сондықтан да Қытайдан келетін сапасы төмен кабельдермен бәсекелесе алмай жатыр. Шикізатты табудың қиындығы жоқ. Бәрі қолжетімді. Бізге бастысы жарнама қажет. Білім және ғылым министрлігі, «Ғылым қоры» қолдап, қаржы жағынан көмектесуде. Сұраныс артса, оны қанағаттандыруға мүмкіндігіміз мол», – деген ойымен бөлісті.
Жас ғалымдар өсіп келеді
Елімізде Ғылым қызметкерлері күніне орай, түрлі басқосулар мен конференциялар жалғасын тапты. Соның қорытындысы ретінде Ғылым ордасында «Қазақстан-2050 стратегиясы: білім-ғылым-инновациялар» республикалық форумы ұйымдастырылып, ғылым саласындағы мәселелер мен жетістіктер сарапқа салынды.
Мерекелік басқосуға Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, «Астана Экспо – 2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияв және еліміздің ғылыми әлеуетінің дамуына үлес қосқан майталман ғалымдар қатысты. Әуелі олар ESI-2013 ғылым мен техника жетістіктерінің республикалық көрмесін тамашалап, жастардың талпынысына оң баға берді. Көрмеге «ЭКСПО-2017»-ге бағытталған 12 инновациялық жоба, еліміздің іргелі және қолданбалы зерттеулері бойынша 36 жоба көрсетілді.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ғалымдарды төл мерекесімен құттықтап, инновациялық ғылыми жаңалықтарды енгізу барысында аянбай тер төгудің керектігін атап өтті. «Соңғы жылдары ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. «Ғылым туралы» заң қабылданды, ғылымды басқарудың жаңа үлгісі мен қаржыландырудың жаңа тетіктері жұмыс істей бастады. 2010 жылмен салыстырғанда, ғылымды қаржыландыру 2,7 есеге өсіп, ғылыми
24
жобаларды гранттық қаржыландырудың 4 конкурсы өтті. Бұл іске әлемнің 60 елінен 600 шетелдік сарапшы қатысып, ұлттық ғылыми кеңес 2 мыңнан астам ғылыми жобаларды іріктеп алған. Әлемдік ақпараттық ресурстар мен ғылыми басылымдарға қолжетімділік қамтамасыз етіліп, ғылыми-техникалық сараптаманың халықаралық жүйесі енгізілді, ғылым мен білімнің, өндірістің интеграциясы қарқынды дамып келеді» дегенді қадап айтты.
Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам адам қызмет ететін 345 ғылыми ұйым жұмыс істейді. Соңғы он жылда ұйымдардың саны 26 пайызға артса, қызметкерлер саны 38 пайызға өскен. Бұл тұрғыда министр Бақытжан Жұмағұлов: «Бүгінде 1500 студент ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. 2012 жылы 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38 пайызға артса, 45 жасқа дейінгі ғылыми қызметкерлер жалпы қызметкерлердің 56 пайызын құрап отыр. Бұл ғылым саласының жасарып бара жатқанын білдіреді» деп, жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ден қоя бастағанын қуанышпен жеткізді.
Ғұмырын ғылым жолына арнай бастаған жас ғалымның бірі, Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банктің «Технологияларды коммерциализациялау» бағдарламасы бойынша грант иегері «KazCatTechDamu» ЖШС-нің директоры Дамир Әбдіхалықов. Бұл ұжым Академик М.Жұрынов басшылық ететін Д.В. Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ-ның базасы негізінде құрылып, жартылай каталитикалық тотығу процесінде жеңіл алкандардан олефиндер алу үшін берілетін қасиеттері бар катализаторлар жасауды қолға алды. Жоғары селективті катализаторлар метаннан, этаннан олефиндер алу жолдары шағын модульды қондырғыларда, ал газдар «факелдерде» жағылатын мұнай өндіретін жердегі минизауыттарда ендіру үшін ұсынылады. Жұмыс нәтижесі отандық және елімізде жұмыс істейтін шетелдік мұнай-химиялық компанияларда, Палермо университетінде көрсетілді. «KazCatTechDamu» ЖШС қызметкерлерінің табиғи және ілеспелі газдардың тотыға айналу процестері үшін наноөлшемді және монодисперсті катализаторларды синтездеуде тәжірибесі мол. «KazCatTechDamu» ЖШС-нің директоры Дамир Әбдіхалықовтың пікірінше, жобаны іске асыру нәтижесінде экология мәселесін де шешуге болады. Біз мүмкін болатын үш нұсқаны ұсынып отырмыз. Біріншіден, әрекеттеспеген өнімдерді қайтадан реакциялық циклге айналуын, екіншіден, шығарылатын газдар жағып жіберуге жөнелтіледі. Бізде бұл бағыт бойынша үлкен тәжірибе бар, зертхана 20 жыл бойы автотранспорт және өндірістік өнеркәсіптерден шығарылатын қалдық газдарды залалсыздандырумен айналысады. Үшіншіден, өртеу нәтижесінде түзілетін жылу және сондай-ақ көміртек диоксидін жылыжайларда қолдануға болады», – дейді.
«Ғылым туралы» жаңа заңды іске асырудың екінші жылы да тәмам. Аз уақыттың ішінде ғылым саласында бірқатар жүйелі өзгерістерге қол жеткізілді. Мәселен, жоғары оқу орындарында ғылымды жылдам дамыту бағыты қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. 2010 жылы ғылыми жобаларды жүзеге асыру үлесі 33 пайызды құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 67 пайызға теңестірілген. Тағы бір жағымды жаңалық, Қазақстан ғылымының даму шекарасы да жылдан жылға кеңейе түскен. Қазіргі кезде отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері халықаралық рейтингі жоғары басылымдарда жарық көруде. «Өткен жылдың ішінде халықаралық басылымдарға жарияланған мақалалар саны 478-ден 11143-ке артқан. Бұл біздің ғалымдарымыздың әлемдік ғылымға қосқан үлесі деп білемін», – деген министр ғылыми дамудың жаңа міндеттемелерімен таныстырды. Алдымен еліміздің білікті ғалымдарын біріктіретін ғылыми орталықтардың деңгейі мен абыройын арттыру көзделіп отыр. Министр қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғылымды, оның ішінде саяси һәм экономикалық саладағы ғылымды дамыту керектігін, жоғары оқу орындары секторын дамытуды негізгі міндетке балады. Нәтижесінде 10 инновациялық бағыттағы жоғары оқу орындары анықталып, мақсатты түрде қаржыландырылып келеді.
25
Ал Алматы қаласы әкімі А.Есімов ғылым мен білімнің ордасы саналатын Алматыда 9 мыңға жуық ғылыми қызметкер еңбек ететіндігін мақтанышпен жеткізді. «Қазақстанда 149 жоғары оқу орны бар болса, соның 46-сы Алматыда орналасқан. Алматыдағы жоғары оқу орындарында 160 мыңнан астам студент оқиды. Ондағы профессор-оқытушылар құрамы 17 мыңға жуық», – деген әкім ғылымды дамыту бағыттары жайында айта кетті. Оның біріншісі – «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы. Екіншісі – тау-шаңғысы курорты мен Алатау ауданындағы өндірістік аймақты құру жұмысы. Үшіншісі – экологиялық мәселелер. Алматы қалалық әкімдік бұл бағыттар бойынша ғалымдардың ұсыныс-тілектерін қабылдап, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін ескертті.
Сәуірдің 5-12 аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтілген Ғылым қызметкерлері күнінің соңы салтанатты мерекеге ұласты. Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар «Білім саласының үздігі» төсбелгімен, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және алғысхатымен марапатталды.
//Түркістан.-2013.-18сәуір.-10б.
26
Н.Ә.Назарбаев: Әлемнің 30 елі қатарына кіреміз десек, осылай оқып, білім алуымыз керек.
Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев қорының» Жоғарғы қамқоршылар кеңесінің отырысын өткізді. Елбасының аты берілген бұл ұйымдарға үш жыл толғалы тұр. «Назарбаев университетінің» үлгісі – отандық жоғары оқу орындарына, ал «Зияткерлік мектептердің» тәжірибесі – барлық мектептерге таратылатындықтан, осы жиында бүкіл қазақстандық білім беру мен ғылымның келешек көкжиегіне шолу жасалды. Айтқандай, осы жиында Елбасы Бурабайда салынғалы жатқан «Зияткерлік мектептер» аясында жұмыс жасайтын «қазақстандық Артек» құрылысына тыйым салды.
Оның орнына Бурабайда тек кешенді экологиялық зертхана салынатын болды. Тағы бір жаңалық: «ЭКСПО-2017» өтетін орын кейін «Назарбаев университетінің» қоластына көшуі мүмкін.
– Біз өз алдымызға болашақта әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отырмыз, – деді Н.Назарбаев. – Біз сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Осы міндеттерді орындау білім берумен, ғылыммен және кадрлар даярлаумен тығыз байланысты. Президент білім озық болмай, алға озудың да болмайтындығын нықтады. «ХХІ ғасырда Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісіне тікелей байланысты болады. Бүкіл дүниежүзінде солай. Егер мәселен, Финляндияның тәжірибесіне үңілетін болсақ, әлемдегі ең озық білім жүйесін игерген бұл халық енді басқа жағынан да дамып, өркендеп, өсіп отыр».
Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Назарбаев университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобалары бойынша көп іс тындырылғандығын атап өтті. Олар Қазақстанның жоғары және орта білім беру жүйесінің беткеұстарына айналды. «Бұл ретте бірінші бөліктегі міндеттер орындалды, – деп жариялады Елбасы. – Яғни автономиялы оқу орны құрылды, ол жұмысқа кірісіп, студенттерді оқыта бастады. Оның құрамындағы ғылыми құрылымдар өнім өндіріп, өнертабыстарына патенттер бекітуге кірісті. Біздің университет аз уақыттың ішінде үлкен беделге ие болды. Қазір бұл оқу ордасы әлемнің жетекші университеттерінің қатарында келе жатыр». Бұл ғылым ордасы халықаралық стандарттарға сай мамандар дайындайтын болады. Қазақстан Көшбасшысы «әлемдік экономикада, білім беруде және ғылымда бәсекеге лайықты болу маңызды» деп мәлім етті.
Президент 1-1,5 жылдан соң, «Зияткерлік мектептерді» бүкіл Қазақстан бойынша салу жұмысының да өз мәресіне жететіндігін айтты. «Олар да халықаралық деңгейде мойындалды. Маған баяндалғанындай, 9-11-сыныптары халықаралық дәрежеде аккредитацияланыпты. Біздің ендігі міндет – 7-8-сыныптарды да бірте-бірте сол деңгейге көтеру. Яғни бүкіл әлемнің ең дамыған, озық мектептерімен енді тең тұратын болады. Осылайша, біздің балалар осы мектептерде оқып, бітірген соң, тек өзіміздің халықаралық университетімізге ғана емес, сондай-ақ бірден дүниежүзіндегі өзі таңдаған кез келген жоғары оқу орнына түсе алады» деді ол. Қазақстан Көшбасшысының аты берілген бұл мекемелердің бірегейлігі сол, олар үшін елімізде арнайы, жеке заңдар қабылданған. Оларға сәйкес, бұл білім және ғылым ордаларына «кең ауқымды автономия» берілді. Н.Назарбаев осы университет пен мектептерді дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясы бекітілгендігін еске салды.
Осыдан кейін «Назарбаев университеті» атқарушы кеңесінің төрағасы А.Саринжипов атқарылған жұмыстар және осы автономды ұйымның интеллектуалдық-инновациялық кластерін дамыту перспективалары жайында баяндады.
– Жақында университетіміз 3 жасқа толады, – деді Аслан Саринжипов, – Осы үш жыл ішінде біраз жұмыс жасалды. «Назарбаев университетiнің» 3 мектебінде – Инженерия, Ғылым мен технологиялар және Гуманитарлық ғылымдар мектептерінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу жүріп жатыр.
27
Мұның сыртында 2012 жылы біз 3 жоғарғы мектеп аштық, бұлар – Білім беру мектебі, Бизнес мектебі және Мемлекеттік саясат мектебі. Медицина мектебін құру бойынша жұмыс жасалуда. Бұған қоса, Тау-кен ісі мектебін және Қаржы мектебін ашу бағытында келіссөздер жүргізілуде. Медицина мектебі 2013 жылы өз жұмысын бастайды деп жоспарлануда. «Біздің алғашқы түлектер бакалавриатты бітіргеннен кейін, олар осы мектепке түсіп, америкалық жүйеде, «MD – Медикал доктор» бағдарламасы бойынша оқи алады» деді ол. Сондай-ақ «Назарбаев университеті» Астанада «Ғылыми онкологиялық орталық» ашу бағытында жұмыс жасауда. Оған қажетті жер мәселелері шешіліпті. Бұл істе саладағы көшбасшылардың бірі – Питсбург университеті стратегиялық әріптес болғалы отыр.Олармен келiсiмшартқа қол қойылған. Қазір бағдарлама әзірленуде екен. Осы университеттің Білім беру мектебінде еліміздің бүкіл жоғары және орта білім беру жүйесі үшін магистрлер мен басқарушылар даярланатын болады. «Осылайша, «Назарбаев университетінің» тәжірибесі бүкіл жүйеге трансляцияланады» деді «НУ» атқарушы кеңесінің төрағасы.
Ол ғылым ордасында мемлекеттік тілге ойып орын берілгендігін білдірді: «Студенттер бізде халықаралық бағдарламаларды игеру сыртында, қазақ тарихы мен әдебиетін зерттейді. Бізде Қазақ тілі кафедрасы құрылған және белсенді дамуда. Қазақ тілі барлық оқушылар үшін міндетті. Мұның сыртында біздің халықаралық әріптестеріміздің жәрдемдесуімен қазақ тілін оқыту әдістемесі жетілдірілуде: тілді үйретудің барлық заманауи әдістемелерін біз қазақ тілін оқытуға ендірудеміз». «Назарбаев университетінде» бүгінде 1 мың 450 студент оқып жатыр. «Бізде оқитын барлық студенттердің үштен бір бөлігі – «Алтын белгі» иегерлері» деді Аслан Бакенұлы. Бүгінде талапкерлерді іріктеп алудың 4-толқыны тәмамдалып қалыпты. Бұл ретте «NU»-ге түсуге тілек білдіргендер қатарының қалыңдығы аталып өтілді: 1 орынға 9-10 үміткерден келген көрінеді. Басқасын айтпағанда, биыл Елбасы атындағы университетке ендігі «Зияткерлік мектептерден» 190 жас түсіп отыр. А.Саринжипов жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті. Студенттердің бойына «толеранттылық рухы» дарытылуда екен. Осы тұста «Назарбаев университеті» атқарушы кеңесінің төрағасы Бурабайда «ғылыми-білім беру, сауықтыру орталығы құрылысының Бас жоспары әзірленгендігін» хабарлады.
– Бурабайда не салғалы жатырсыңдар? – деп оның сөзін бөлді Елбасы.
– Ғылыми-білім беру және сауықтыру орталығын, – деп қайталады Аслан Саринжипов. – Ол «Зияткерлік мектептер» аясында жұмыс жасайды.
– Сонда не, бұл демалыс орны бола ма?
– Ол жыл он екі ай жұмыс істейтін мектеп сипатында болады, – деп түсіндіруге талаптанды Үкімет басшысының орынбасары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ербол Орынбаев, – Ол «қазақстандық Артек» болады. Тек «Зияткерлік мектептердің» ғана емес, басқа да мектептердің жақсы оқитын оқушылары сонда жыл бойына бір айдан демалады. Кеңес кезінде «Артек» болды ғой, сондай...
– Оның керегі не? – деп таңғалды Мемлекет басшысы. – Келіңдер, алдымен құрылысы басталғандарын салып бітірейік. Мұның барлығы қаншама қаржыны талап етеді ғой! Әйтпесе, біз ол жерде не ұйымдастырамыз? Балаларды бүкіл Қазақстаннан жинаймыз ба?!
– Зияткерлік мектептерден бір ай бойына балалар сонда сауықтырудан да өтеді, оған қоса, оқуларын да жалғастырады, – деді Е.Орынбаев. – Оның жанында университеттің экологиялық мәселелер бойынша зертханасы болады.
– Асыра сілтеуді қою керек, – деп шорт кесті Н.Назарбаев. – Біреуін бітіріп алу қажет. Ол балалар не, каникулда өздері демалып, өздері сауыға алмай ма екен? Біз не қалап отырмыз, мен түсінбеймін! Ол жерде не істейміз? Не керегі бар? Оқу үшін мектеп бар. Ал каникул демалуға беріледі.
– Ол жерде тәрбиелік жұмыстар жүреді, – деп табандады Ербол Тұрмаханұлы, – Сондай бір маңызды істер...
28
– Мұндай орталықты неменеге құратындығымызды өзің тіпті түсіндіре алмай
тұрсың, – деп кейіді оған Президент. – Бірақ соған ақша шығындағалы отырмыз. Одан да мектептер салайық та! Әйтпесе, әлгінің не мағынасы бар. Бүкіл Қазақстаннан жинап алып, сол жерде оқыңдар дейсіңдер ме?
Бұған жауап ретінде вице-премьер ол жерде «өте маңызды идеологиялық тәрбие жұмысы жүретіндігін» мәлім етті. «Неге ол жұмысты мектепте жүргізбеске? – деп, қарсы дәлелді алдан тартты Н.Назарбаев. – Тек «Зияткерлік мектептерде» осындай тәрбие жұмыстарын жүргізеді екенбіз, басқалары қайда қалады?!»
– Мектептерде де жүргізуге болады, бірақ еліміз үлкен ғой, – деді Е.Орынбаев, – Кеңес кезінде жақсы тәжірибе болды. Қырымдағы Қара теңіз жағасындағы «Артекке» бүкіл Одақтан үздік оқушыларды жиятын. Олар бір-бірімен танысатын.
– Олар ол жақта ештеңе де жасаған жоқ! – деп сөзді үзді Мемлекет басшысы, – Ешқандай оқу жүргізілген жоқ ол жерде. Бұл жақсы оқитындарды жазғы пионерлік лагерьдегі демалыспен марапаттау болатын.Не туралы айтып отырсың? Егер лагерь ашқыларың келсе, ашығын айтыңдар. Нақты айқындалыңдар!
– Бұл «Артек» үлгісіндегі жыл бойғы пионерлік лагерь болады, – деп ашығын айтты Е.Орынбаев.
– Күн тәртібінен алынып тасталсын! – деп бұйрық берді мұны естіген Президент, – Барлық мектептер салынып болған соң, бұл мәселеге келерміз. Ары қарай кеттік!
Келешекте «Назарбаев университетінің» шәкірттері үшін тұтас қалашық – кампус салынбақ екен. Оның макеті көрсетілді. «Бұл жай ғана университеттiк қалашық болмайды, – деді «НУ» атқарушы кеңесінің төрағасы, – ол инновациялық кластерге айналады. Онда мектептің, ғылыми орталықтардың сыртында, коммерцияландыру орталығы, инжиниринг орталығы, технопарк, бизнес-инкубатор және ғылыми парк жұмыс жасайды». Қазіргі кезде осы кластерге қажетті «ғылыми-зерттеу» тұғырының түзілгендігі айтылды. Бүгінде «Назарбаев университеті» аясында шамамен 50-дей зертхана жұмыс жасауда. Оларда 150-дей жоба, зерттеу жүзеге асырылуда екен. Жиында Президенттің мақұлдауына «Назарбаев университетінің» 2020 жылға дейінгі стратегиясы ұсынылды. Бұған қоса, Елбасы қарауына осы ұйымның қайта жаңартылған Жарғысы мен Басқару құрылымының жаңа нұсқасы шығарылды. Нұрсұлтан Назарбаев отырыста ұсынылған бұл құжаттар қабылданысымен, университетте әлемдік стандарттарға жауап беретін «басқару құрылымы» жұмыс істеуді бастайтындығын мәлімдеді.
– Бұдан былай негізгі академиялық және атқарушылық функциялар бір органда біріктіріледі, – деп құлақтандырды Мемлекет басшысы. – Ректор, Академиялық және Ғылыми кеңестер бұрынғыдай тек академиялық бағыттармен шектелмей, университеттің қызметіне белсенді қатысады.Консультативтік-кеңесуші сипаттағы Академиялық және Ғылыми кеңестер енді дербес органдар өкілеттіктеріне ие болады. Президент «Назарбаев университетінің» озық дамыған елдерде қабылданған «басқарудың классикалық академиялық жүйесіне» көшуді аяқтағандығын жария етті. «Бұл – университетті дамытудағы маңызды тарихи меже! Мен осымен сіздердің барлықтарыңызды құттықтаймын!» деген ол «академиялық басқару жүйесін жетілдіру, қажетті сапаны қамтамасыз ету» үшін Үкіметке жыл соңына дейін университет пен зияткерлік мектептер туралы заңдарға өзгерістер енгізуді жүктеді. Өз сөзінде Елбасы инновациялық кластер құру мәселесіне жеке тоқталып, мұны «университеттің «күн тәртібінде» тұрған міндеттерінің бірі» деп белгіледі. Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл кластер «Қазақстанның интеллектуалдық-инновациялық даму міндеттерін шеше отырып, ел экономикасының қажеттілігін қамтамасыз етуге» қызмет етеді.
– Университетке кластерді қалыптастыруға ірі ұлттық және халықаралық компанияларды тарту бағытындағы жұмысты жандандыруды жүктеймін! – деді
29
Қазақстан Көшбасшысы. – Бұл – күрделі мәселе. Орынбаев оны қолға алсын, Премьер мұны қолдауға міндетті. Мен мұнымен шұғылдануға әзірмін, біз ол кластердің жұмысқа кірісуіне күш саламыз. Өз ғылыми-зерттеуші бөлімшелерін осы жерге орналастыру ісінің «ізашары» – «Самұрық-Қазына» қоры мен оның барлық ұлттық компаниялары болуға тиіс. Президент Әкімшілігі мен Үкімет бұл істі қадағаласын! Үкіметке «инновациялық кластер» инфрақұрылымын құруға қажетті қаржыны қарастыру туралы тапсырма берілді. «Кластер қызметінің «мөлдірлігін» және оған бақылауды қамтамасыз ету үшін университетке Бақылаушы кеңес құруды жүктеймін! – деді Елбасы. – Оған Аслан Саринжипов басшылық етсін. Кеңес құрамына бизнес, соның ішінде өнеркәсіптік сектор өкілдерін кіргізуді ұсынамын. Кластер аумағын «арнайы экономикалық аймақ» деп жариялау керек. Ол орналасатын жер Университет меншігіне берілсін!»
Осы тұста Н.Назарбаев бұл мәселені ендігі жұмыс жасап жатқан «Астана – жаңа қала» АЭА-сы аясында шешу туралы жиналғандардың пікірін білді. Нәтижесінде, Кеңес мүшелері «бөлек АЭА құру қажет» деген ұйғарымға келді. «ЭКСПО-2017 аймағын «арнайы аймақ» деп жариялаймыз ба?» деп сұрады Президент. «Жоспарланып отыр. Біз ЕХРО бойынша досьені қолымызға алған соң, тиісті ұсыныстармен келеміз. Мүмкін, университет кластері кейін сонда қамтылар» деді Үкімет жетекшісі С.Ахметов.
Осы орайда Қазақстан Көшбасшысы бір қызықты жайтқа назар аудартты. Еліміздің 2017 жылы жаһандық ғылыми-технологиялық жетістіктер көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алғандығы мәлім болғаннан кейін, Үкімет басшысы С.Ахметов пен Астана әкімі И.Тасмағамбетов «ЭКСПО – 2017» ұйымдастырылатын жер телімін бекіту үшін Мемлекет басшысының қабылдауына кірген болатын.
– Егер сіздер байқасаңыздар, – деді Премьерге және басқа да Жоғарғы қамқоршылар кеңесі мүшелеріне қайырылған Нұрсұлтан Назарбаев. – «ЕХРО – 2017» құрылысы орнын мен «Назарбаев университетіне» жақындаттым. Оны анағұрлым алыста орналастыру ұсынылған болатын. Енді міне, жандарыңызда, университетке қарама-қарсы, жолдың ар жағында. Мұны не мақсатпен жасадым? Болашақта ол да университеттің инновациялық кластерінің құрамына дайын күйде кіреді! Сонда зерттеулер жүргізіледі, студенттер оқи алады, сол жерде жаңа технологияларды жасаймыз! Елбасы кластер мен ғылыми орталықтардың тиімді жұмысы үшін оларға ғылыми-зерттеу қызметтеріне қажетті тауарлар бойынша жеңілдіктер қарастыруды тапсырды. «Сондай-ақ кеден, салық, жер заңнамаларына тиісті өзгерістер енгізілуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Үкімет осы мәселелерді күнделікті бақылауға алсын». Ол университетті Ұлттық медициналық холдинг құрамындағы «Ұлттық онкологиялық орталықтың» барлық ұйымдастырушылық мәселелерін биыл шешуге және құрылысын бастауға міндеттеді. Н.Назарбаев ағымдағы жылы университеттің, сондай-ақ «Бурабай» курорттық-сауықтыру аймағында Экологиялық зертхана құруға кірісуі қажеттігін бекітті. Зертхананың міндеті – Қазақстанның гидро, жел және Күн энергетикасының әлеуетін болжаумен, климаттық мониторинг, суды тиімді пайдалану және тазалау технологияларын зерттеумен, еліміздің су балансының динамикасын бақылап, болжамдаумен айналысу. «Осының барлығы «жасыл экономика» саласындағы зерттеулерге бағдарланған» делінді.
– Кеше Финляндия президенті сапармен келіп кетті, – деп еске алды Елбасы. – Бұл ел өнеркәсіптік суды пайдалану, су ресурстарын сақтау тұрғысынан үлгі-өнеге танытуда. Финляндия халқының 80 пайызы еш қорықпай-ақ суды краннан іше алады! Олардың су қоймаларының тазалығын осыдан-ақ бағамдай беріңдер! Өнеркәсіптік су қалдықтарын тазалау ең жоғарғы деңгейде жасалады. «Жасыл экономикаға» қарай қозғалыс деген – осы! Егер осындай зерттеулер жүргізілетін болса, әлгі зертхананы салу бекер іс болмайды. Президент тағы бір қызықты жайтқа назар аудартты: қазақ жерінде «Менделеев кестесі» тегіс бар деп мақтанамыз. Бірақ қазақ жерінің қойнауында тағы қанша қазына-байлық барлығын ешкім білмейді. Өйткені тек 300-400 метр тереңдегісі ғана көрінеді! Одан арғы тереңдік әлі күнге зерттелмей қалуда екен.
– Біз қатты пайдалы қазбалар бойынша 300-400 метрлік тереңдікті зерттедік, – деді Қазақстан Көшбасшысы. – Бүгінде технологиялар одан да тереңдегі 1000-2000 метрдегі биологиялық қабаттарды зерттей алады. Мұнай мен газды 5 мың метрден өндіреміз, ал қатты қазыналар бойынша тек жер бетіне жақындарымен ғана жұмыс жасаймыз. Бұл – өте маңызды іс! Осы орайда Мемлекет басшысы университет құрамында «Тау-кен ісі мектебінің» және «Инженерия мектебінің» пайда болуының маңыздылығына тоқталды: «Өндіруші салалар біздің экономиканың локомотивтері болып табылады және солай болып қала беретін де шығар, – деді ол. – Біз осы бағыттарда зерттеулердің дамуына мүдделіміз. Мен тау-кен ісі саласындағы әлемдегі жетекші Колорадо мектебінің бізбен жұмыс істеуге келіскендігін естігенде, қуандым. Таяу жылдарда университетіміз геологиялық ғылымды халықаралық деңгейде дамытатын «Жер туралы ғылымдар орталығын» құруды аяқтау қажет. Бұл жұмысты созбау керек!». Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке тау-кен саласындағы, қазақ жерінің қазынасын көсіп-қазып алып жатқан компанияларды университетпен әріптестікке бұруды тапсырды. «Бірлесіп жұмыс істесін, зерттеу және басқа жұмыстарға тапсырыс берсін!
Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл мәселесін де жеке сөз етті:
– Мен университеттің және гуманитарлық ғылымдар мектебінің мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеу бойынша қызметін қолдаймын! Үкімет оларды университеттен тысқары жерлерде де ендіруі керек. Біз үшін қазақстандықтардың неғұрлым көп бөлігінің мемлекеттік тілді меңгеруі маңызды. Жиында Н.Назарбаев оқулықтар сапасында да мәселе көптігін атап өтті және «Назарбаев университетіне» осы проблеманы шешу жұмысының басшылығын өз қолына алуды тапсырды.
Сөз соңында Қазақстан Көшбасшысы бүкіл елімізден Қаныш Сәтбаевтай, ғылымға, өнертабыстарға, ғылыми ашылуларға қызмет істейтін шын мәніндегі дарындарды, сондай генетикалық коды бар балаларды табуға, әлеуетін жүзеге асыруға шақырды.
– Мен осы университетті құрған себебім, басқа барлық отандық ЖОО-лар талпынып, осындай деңгейге келеді деп сенемін, – деді жиынды қорытқан Президент Н.Назарбаев. – Сол үшін университеттерге де, мектептерге де өнеге ретінде жасап жатырмыз. Егер біз әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіреміз десек, осылай оқуымыз, білім алуымыз керек. Осы есте болсын! Президент Әкімшілігіне бүгін айтылғанның бәрін бақылауға алуды тапсырамын.
// Айқын.-2013.-19 сәуір.-1б.
31
Достарыңызбен бөлісу: |