Мазмұны ғаббасов 2-15 бет. Болғамбаев 16 Бірімжанов Ғазымбек



бет19/19
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#20255
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Башқұрт ұлттық әскері – Ақтөбе, орал және Оңтүстік Урал бағытындағы іс-әрекетке көшеді. Соның ішінде «Алашорда» әскерінің жасағына қатысты өте бір қызықты дерек бар: Самар өкіметімен, феодалдық казактармен, қазақстандық жасақпен жүргізген барлау жұмысымыз өте сәтті болды. Орал (Теке) – Ханордасы – Астрахан губерниясы – Гурьев (Үйшік), Омбы-Батыс тобы құрылды. Башқұрттың ұлттық ақыны Сеитгерей Мағаз, Шайхзада Бабич, өзбек ақыны Әбілхамид Сүлеймен (шолпан), қазақтың жас журналисті бірімжан және тағы бір оқыған айтыскер ақын қазақ қызы қалаларда жасырын ұйым құрып, Орынбордағы орталықты құнды деректермен қамтамасыз етіп отырады. Қазақтың ақын қызы мен ақын Шайхзада Бабичтің басынан кешкен қиын да, қызықты екені сондай, ол туралы роман жазуға болар еді. Мысалы: Қазақстанда кеңес өкіметін орнату тапсырылған жанкелдин о қызға сенгені сондай, Москвадағы істің барысын толық баяндап отырады. ... соның нәтижесінде Ашхабадтағы 11 шілде күнгі әскерлердің көтерілісі, ағылшын әскерінің Түркіменстан мен Бакуге басып кіруі, тіпті ағылшын барлау топтарының Александров фортына келуін, түрік армиясының Әзірбайжанға басып кіруін, Бөкей ордасындағы Орал мен Гурьевтегі, Хива мен Бұқарадағы оқиғаларды қазақтың зерек қызы арқылы біліп отырдық.» (253-254 беттер).

Бұл - өте қызықты әрі тағдырлы оқиға. «Айтыскер, ержүрек қыз кім, оның тағдыры қалай қалыптасты, «Алаштың» батыр арулары да ұмытылмауы тиіс. Мысалы, алаш қозғалысы тұсында жауынгерлік тапсырмалар орындаған Аққағыт (Аққағаз-? – Т.Ж.) Доспанова кім?



Жалпы түркі тектес халықтардың тәуелсіздігі жолындағы саяси стратегиялық іс-қимылдарды реттеп, үйлестіріп, шешім қабылдауда 30 тамыз бен 7 қыркүйектің арасында Орынбор мен Самарада өткен Башқұртстан, Қазақстан, Түркістан үкіметтерінің мүшелері - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Қоқан үкіметінің төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев, сыртқы істер министрі (Қоқан үкіметінің) Мұстафа Шоқаев, Убайдулла Хожкев т.б. қатысқан мәжіліс шешуші шешімдер шығарады. Онда осы үш үкіметтің негізінде «Оңтүстік-Батыс мұсылмандары федерациясы» құрылып, қазақ-башқұрт біріккен әскерін жасақтау жөнінде ұйғарым жасалды. Сондай-ақ Социалистердің азаттық партиясының бағдарламасы түрік халықтарының талабына сәйкес келетіндіктен де, сол партияның айналасына бірігу көзделді. Мұны Әлихан Бөкейханов және оның жақтастары дерліктей қолдады. Низам Хожаев, Шолпан, Әбділхамит Арипов те қосылды. Ең бастысы кеңес өкіметі тапапынан қысымға ұшыраған түркі зиялылары Түркістанға шоғырлансын, қандай жағдай болса да күресті ешқашанда тоқтаппау керек деген ұйғарымға келді.

Ресейдегі әскери-саясат жағдай шиеленісіп, Клочактың Сібір үкіметі, Құрылтай үкіметі өзара қақтығысып, большевиктерге күресті әлсіретіп1921 жылы қараша күні Колчак өзін Ресейдің билеушісі деп жариялап алды. Башқұртстан мен «Алашорданы» мойындаудан бас тартып, оларды тартып, ату жазасына кесу туралы бұйрық берілді. Сондықтанда Башқұрт әскері мен «Алашорда» жасағы төрт жақты: Колчак үкіметі әскері, казак атамандары әскері, қыз армия және жергілікті ұлт жасақтары (башқұрттар үшін – татар атқыштары, қазақтар үшін – Жанкелдин мен Иманов жасағы) қыспаққа түседі. Қиын жағдай қалыптасты. Франция, Англия, АҚШ, Жапония Колчакпен қойындасып ұлттық федерацияларды шеттетті. Енді төрт жақты қысымға түсіп, жазаға ұшырау қаупі шындыққа айналды. Иманов оқиғасы әскерді қырғынға ұшырату, не өзге амал табу тиіс болды (272 бет).

Валидов.



Бұл туралы Заки Валидов: «Соған қарамастан «Алашордамен» бірігіп Ақтөбе майданындағы қарсыластарға соққы беруді тездетіп, Түркістандықтардың қарулы күшімен қосылуды ойластырдық. Торғайда бізді Ғадельхаң Ғабитов пен қазақ Ғазымбек Біржанов жанкешті еңбек етті. Темір жол арқылы байланыстың үзілуіне байланыстыБіз «Алашордамен» тек салт атты шабармандар арқылы хабарласып тұрдық. Оқиға сондай үрейлі жылдамдықпен дамыды. Біз дұшпанның төрт жақты: Самара мен Ақтөбе жақтан қызылдардың және Дутов пен Колчактың әскерінің қыспағында қалдық» - деп еске алды. Сондай құрсаулы қортуда кеңес өткізіп, Түркістаннан жасырын келген Мұстафа Шоқаевті сыртқы істер министрі міндетін атқару мақсатында Гурьев арқылы шет елге жасырын жібереді. Ермолаевка селосындағы башқұрт, қазақ біріккен әскери кеңсесіне түскен барлау мәліметтері «майдан шебін өзгертуге» мәжбүр етеді. Бұл «Алашорда» үкіметінің де бағыт-бағдарын өзгерткен, «алаш» автономиясының да, қазақ қоғамының да дамуына бетбұрыс әкелген бетбұрыс еді. Үү Қазақстан, оның ішінде «Алашорда» тарихында көмескі қалған және біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар осынау бір қатерлі күндердің қатираға түскен деректерді қысқаша баяндап өтуді қажет деп таптық. Мұнда талай тарихи пайымдауларға жол ашатын астарлы тағдыр таңбалары бар. өйткені кеңес өкіметі идеологтары мен тарихшылары Башқұрт пен «Алашорда» үкіметінің тарихын бұрмалап, мән-маңызын өшіріп, жеккөрінішті етіп көрсеткені сондай, бостандыққа ұмтылған бодан ұлттардың азаттық күресі мен азаматтық тұлғалары қақында еске алатын ақылға сиымды, шындыққа негізделген бір сөйлем табу мүмкін емес. Тәуелсіз Қазақстанның тарихшылары да «Алашаорданың» кеңес өкіметі жағына шығуының психологиялық қысымдарын толық талдап берген жоқ. өкінішке орай сол тұстағы булығу мен буырқаныстың ішкі иірімдері жөнінде жазылып қалған естелік жоқ. Тек түрме тергеушілеріне берген түсініктемелері, сұраққа жауаптары, көрсетінділері, «салпаңқұлақтар» мен үндеместердің домалақ арызы сақталған. Ал бұлар өткен оқиға туралы нақты шындықты, пайымды көзқарасты бермейді. өйткені өзін де, өзгені де ұстап бермес үшін жалтарып, сылтау араластрып, мойындаудан бас тарта жауап берген. Бұл астыртын саяси ұйымда жұмыс істегендер үшін жазылмаған заң. Ал «Алашорда» үкіметінің мүшелері эмиграцияға кетуге тиым салған, «қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс» - делінген. Сондықтан да өмірбаяндық естелік жазуға мүмкіндіктер болмады. Оның орыны өзге бір «Тар жол, тайғақ кешулер» толтырды. Сондықтан да «Алашорданың» басына бұл үйірілгенде қайғы-қасіретті, қуаныш-үмітті, амалды-амалсыз булығуларды бірге өткізген Башқұрт азаткері Заки Валидовтің «Қатираларын» барынша тиянақты, ықтиятты түрде пайдалануға тырыстық. Өйткені тергеу барсындағы сұрақ-жауаптардың астарын аштын бұл естеліктер «Алашорда» тарихы үшін де маңызды. Сонымен, «төрт құбыладан» қадалған дұшпан қысымынан құтылудың жолдары талқыланған әскери кеңесте (оған «Алашорданың» атыннан Саидазым қадырбаев қатысқан) мынадай халықаралық саяси оқиғалара анықталады: Бакудегі түрік әскері Ашхабадқа бет алады, ал ондағы ағылшын әскері Ауғанстанға шегінбек; Ауғандықтар ағылшындармен соғысу үшін кеңңес өкіметінен қару-жарақ алмақ. Егер оқиға былай дамығанда: кеңес өкіметіне қарсы соғысу – түркиямен, ауғаныстанмен, Үндістанмен соғысу, Ағылшындармен одақтасу - деген сөз. Ал ол Ресей жағдайында мүмкін емес. Сондықтан да еріксіз кеңес өкіметін мойындаудан басқа амал қалмайды. Екінші себеп: сібірдегі Колчак өкіметінде Құрылтай кеңесі үкіметі де: Башқұртсан мен «алашорда» әскерін күшпен таратып, олардың жетекшілерін ату жазасына кесу, сөйтіп олардың түркістанға қосылып, Түркия мен Германияның әскери көмегіне қол артуына мүмкіндік жасамау туралы бұйрық шығару еді. Үшінші себеп «қатирада»: «Алашорда» үкіметі өкілдерінің әкелген хабары. Олардың қатарында Ғалымбек Бірімжанов пен жазушы Мұхтар Әуезов болды. Олада Колчакпен одақтастардың: ұлттық әскер мен ұлттық үкімет құруға қарсы жазалау әрекетіне көшкендіктен де, еріксіз кеңес үкіметімен келісуге мәжбүр болыпты. Кейіннен Ғазымбек Германияға келіп, сонда білім алды, ал отанына қайтып оралғаннан кейін зауалға ұшырады. Мұхтар Әуезов көрнекті кеңс жазушысы болды, алпыс жасқа толған мерейтойы кеңінен аталып өтті, Қазақстан ғылым академиясының академиктігіне сайланды. Ол 1961 жылы дүниеден қайтты» (277 бет).

Мұхтар Әуезовтің өміріндегі бір құпия оқиға осы. «Алашорданың» атынан кеңес үкіметі жағына шығу туралы өкілдікке баруы Заки Валидовтың «қатираларыннан» басқа құжаттарда расталмайды. Тек шындығы, сол тұста «Алашорданың» семейдегі шығыс бөлімі оқшау қалып, қызылдар мен ақ гвардияшылардың, казак атамандарының және жергілікті орыс, қазақ большевиктердің қыспағында бірде астыртын, бірде ашық әрекет етті. Бұл оқиғалар «Алашорданың» шығыс бөлімінің төрағасы Халел Досмұхамедовтың, Әлімхан Ермековтің көрсетінділерінде қамтылған. Мұхтар Әуезовтің Колчак пен қызыл әскердің жазалауынан бой тасалап елге шығып кеткені туралы досы Балтақай Толғанбаевтың естелігі бар. Ал оның Башқұрт үкіметінің бас штабы орналасқан Емельянов селосына құпия баруы тек қосымша дерекпен ғана, алашордашыл жастардың Омбыдағы жиналысына қатысқан тұстарындағы мәліметтер жанама жорамалға мүмкіндік береді. («Талқыда» бар) Егерде әскери жағдай кезінде жол жүрудің өзі өте қауіпті екенін ескерсек, М.Әуезовтің қандай қатерге бас тіккені өз-өзінен түсінікті.

Сонымен, «Қазақстанның өкілдері қатысқан құпия келіссөзде кеңестер жағына шығаудың шарттары тиянақты түрде талқыланды және ортақ мәмілеген келдік. Егерде Орынбор қызылдардың қолына көшсе, қазақ үкіметінің мүшелері қалада қалады, содан кейін бізбен бірге Москваға баратын болып шешілді. «Алашордалықтарға» біз юрматы кантонының (ауданының- Т.Ж.) төрағасы Ғадолло Ильясты жібердік. Бізідің жоспарымызды Түркістардың ұйымдарға жеткізу үшін ташкентке өзіміздің құпия өкіліміз Әбділхамит ариповты жібердік. Кейіннен ол бұқара үкіметінің әскери министрі болды. 15 желтоқсан күні Уфадағы кеңес мекемесіне үкімет мүшесі Маулен Халықов пен Хайредтин Сейітовты аттандырдық. Кеіңес армиясының қолбасылары біздің өкілдерімізбен келіссөз жүргізуге асықпады.

1919 жы 23 қаңтардағы хабар бойынша ... Түркия кеңес үкіметін мойындап, большевиктердің ішкі ісіне араласпайтындығын 15 ақпаннан Стамболдың маңындағы Ханзада аралында келіссөз бастауға дайын екенін жариялапты. Уфа кеңесінің төрағысы, Эльцин біздің шартымызды қабылдамады. Онда Башқұртстан: «... ішкі және экономикалық мәселелерді толық тәуелсіз шешеді, башқұрт әскері тек кеңес командованиесіне ғана бағынады, ішкі өмір сүру амалын өзі таңдайды, республикада коммунизм құрлысын орнату міндетті емес» - делінген. Алайда ленин мен Сталин башқұрт армиясынан сескенген содай Келіссөздің аталған шарттарына қол қою туралы телефон арқылы бұйрық берді» (278-79 бет)- деп жазды.

Келісім уақыты 2 айға созылған. Осы арада З.Валидов таға да бір тосын дерек келтіреді:



«1919 жылыдың ақпан айының басында Құлғын ауылына Қазақстанның екі өкілі, аттарын ұмытып қаладым, келді. Жаңылмасам, оның біреуі Мағжан ақын болуы керек., ол мұнда бұрын да келген. Тек оның «серал» атты өлеңінде башқұрттардың орыс шапқыншыларымен күресі баяндалғаны есімде. Ол екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыноавтан хат әкелді. Онда: кеңес үкіметі жағына шығуымыздың қалай жүріп жатқанын сұрапты және олардың пікірінше: тек үкіметтің батыс бөлімінің ғана кеңес үкіметі жағына шығатынын, ал Шығыс Қазақстан бөлімі Колчак армиясының генералы Беловтың қармағында қалуға мәжбүр болып отырғандығын жазыпты. Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа ранап хат жаздым. Мазмұнын өзім де ұмытып қалған бұл хат «Алашорданың» архивінде сақталып қалыпты, кейін қызылдар оны жариялады... Сөйтіп біздің қызылдар жағына шығуымыз қазақтармен келісілді. Бұл қазақтар үшін де өте маңызды болатын: өйткені әскердің кеңес жағына өтуі нашар ұйымдастырылса, онда олардың қырылып қалу қауіпі бар еді. Сонымен қатар, егерде Москваға қазақтар мен бірге барсақ, біздің позицияларымызда мықты әрі келіссөздің табысты өтуіне де ықпал жасайтын» - деп (279,81 беттер) жазды.

«Алашорда» үкіметінің кеңес үкіметімен келіссөзге барып, оны мойындауы туралы құжаттар біршама бар және онда үш үкіметтің де (Кеңес, Колчак, Алашорда) көзқарасы қамтылады. Ол туралы Әліби Жанкелдин: «...» - деп жазды. Сондай-ақ оның себептері А.Байтұрсыновтың ашық хатында барынша қамтылды. М.Дулатов пен М.Испуловтың, Ғ.Бірімжановтың түрмедегі жауаптарында бұл оқиғалар нақтылық сыпат алады.

өзінің «Қатираларында» Зәки Валидов «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің тарихындағы белгісіз, бірақ 1921-22 жылдары қайтадан қозғалған бір мәселені еске алады. Ол барлық түркі тектес халықтарға ортақ жаңа саяси партия құру мәселесі. Бұл идея кейін Түркістандық қайраткерлер тұрғысынан да қолдау тапты, бірақ олардың идеясы да, мақсаты мен міндеті де, құрылымдық жүйесі де, заман ағымына қарай өзгерген еді. Тергеу барысында осы партия төңірегінде сұрақ қойылады. Алайда ол оқиғадан хабары бар Х.Досмұхамедов пен М.Тынышбаевтан басқа адамдар жауап қайыра алмайды. Және Ташкенттік ұйым бұл саяси партияны кеңес үкіметі саяси көзқарасқа еркіндік берген жағдайда ғана ұйымдастыру ниеті болғанын айтады. Ал оның алғашқы негізі, З.Валидовтің естиелігі бойынша 1918-19 жылдары қаланған екен:

«Кеңес үкіметі жағына шықпас бұрын саяси күштерді біріктіру мақсатында коммунистік партиядан өзге, социалистік партия құру мәселесімен айналыстық. Бастапқыда оның теориялық тұғырнамасын жазумен Ильяс Алкин айналысты. Ол азат социалитік апртия аталуы тиіс еді. Бұл туралы қазақ жетекшілеріне хабарлай отырып, оларға: «Алаштың» неосоциалистік қоғамдық-экономикалық платформасының негізінде Қазақ социалистік партиясын құруды ұсындық. Бағдарламаны біз әзірледік. Оның бір данасын қазақтарға бердік. Кейіннен бұл бағдарлама (1926) Прагада жарық көрді... Біз партия мәселесімен шұғылданып жатқанда майдандағы оқиғалар да тез өзгере бастады. 21 қаңтар күні Орынбордан шетіндегі, Ор қаласы да қызылдардың қолына өтті. Біз толықтай қоршауда қалдық...» (282 бет) – дейді З.Валидов.

Демек, кеңес үкіметінде саяси еркіндік болған жағдайда онда ұлттық партия құру мәселесі 1919 жылы талқыланды. Ташкентік ұйым Бұқарадағы З.Валидовпен байланыс жасауға ұмтылғанда осы жобаны жүзеге асыруға ұмтылған. Ал оының платформасының 1926 жылы шетелде жариялануы тергеудегілердің алдынан шыққан. Голщекиннің: «Алашоршыларданың» шетелмен байланысы бар. Валидов пен большевик


Валидов: қатиралар


Бакуде 1-5 қыркүйек аралығында өткен «Баку Шығыс ұлттар құрылтайы» әуелде Мәскеуде Башқұртстан уәкілдігінде Жемал мен Халил Пашалар құзыры тарапынан ұсынылса да бұл іс Сталиннің «Ұлттық істер комиссарлығы» мен «Мұсылман коммунистер орталығы» тарапынан ұйымдастырылды. Құрылтай басқару Зиновев пен К.Радекке жүктелді. Мен әлі қашуда едім. Кеңестер мені ол жерге барады деп ерекше әзірленуде еді. Жасырын полиция мені Баку, Аштархан, Дербенд, Красноврскта(?) және басқа жерлерде ұстау үшін 300-ге жуық адамды тартқандығы туралы хабар алдым. Олардың көбі мені жақсы танитын қызметкерлер-міс. Қазақстан мен Өзбекстаннан келетін делегатта кімдер барлығы және олардың бір пойызда сапар шегетіндігінен хабардар болдым. Мен бұл пойызды 29 тамыз Ашхабаттың батысындағы елеусіз бекет Бамиде қарсы алдым. Жүк пойызына атыммен кіргенімде вагонда Тұрар Рысқұлов пен Ибрахим Жанұзақовты кезіктірдім. Олармен Бакуде қалай кездесетіндігіміз және онда қалай әрекеттенетіндігіміз туралы Красноводсктан берідегі Жебел бекетіне дейін талқылап бардық. Сонда Тұрар маған қызықты бір жазба берді |336-337|.

Бұл жазба (хат) Ресей сыртқы істері мен Таяу Шығыс маманы Павловичтің Таяу Шығыс, Араб, Түркия, Иран мен Ауғанда өркендеп тұрған таптық жік пен капитализмнің кертартпа әсерін Ресейлік мұсылмандарға көшіру, олар арасындағы қатынастарды қиындату, яғни орыстандыру мәселелері талданған-тын. З.В.Тоған бұл хатты 1923 жылы татар зиялысы Осман Тоқымбет Берлинге әкеткенін жазды.

Бұл құрылтайға Әнуар Паша, Бәкір Сами мен Жүсіп Кемел мырзалар да қатысты. Бірақ мен олармен көрісе алмадым, себебі олар маған жақын келе алмады. Әнуар Пашамен хат арқылы сөйлестік. Ол да менің Жемал Паша сияқты кеңестерден жасырынуымды керексіз деп санайтын 339.

Баку құрылтайына қарапайым түрікмен кейпінде барып, ізқуарлардың көзіне түспей Петровск қаласына өткен З.В.Тоған 12 қыркүйек 1920 жылы атақты хатты пікірлестеріне таратады. Ленин мен Сталиннің ашық айтылмаған көптеген көзқарастарын қамтыған хаттан үзінді: «Түрік комиссиясы басындағы жолдас Фрунзе мен Қойбишев те Тротский сияқты TSK тарапынан зерттелген саясатты зымиян, жалған саясат екендігін Рысқұлов және З.В.Тоған жұмыстан кеткесін өз сессияларда ашық жариялаған. Партия мүшесі болған жолдастарымыздан ескі дәстүрлі орыс империализмін бетперделі кейпінде көрсеткісі келгендер Түркістан халқынының таптық жігін ислами тұрғыдан (суни суретінде) жандандыратын Рысқұлов, Валидов сияқты ұлтшылдары жерлік жұмысшылардың дұшпаны екендігін, жерлік зиялылар арасында өздерін «октябрист » көрсететін орыс империализміне садық пенделер дайындайтындықтарын және бізді оларға ездіретіндігін Түрік комиссия сессияларында айқын баяндаған. Бірақ есіңізде болсын, біз отырықшылардың суни сынып дұшпаны болмаймыз және бізді келеке еткендерге кешіріммен қарамаймыз» (340-341)- дей келе, хат мазмұны ұсыныстарға көшеді, яғни таптық жіктелудің әлі де амалға аса алмауының себебі ұлттық зиялыларда. Шығысты толық бағындыру үшін көзі ашық оқығандарының көзін жою керек, сонда қарабайыр халық айдауыңа жүреді.

Петровсктан шыққан З.В.Тоған адай жері Ақтөбе арқылы Хорезмге өтеді. Адайлар арасында барымтаға билік айтқандығын кейін Ә.Бөкейхан есітіп, «қазақ арасында қан-ірің аққан бір жараны жаздың» деп бағалаған. Хорезмде З.В.Тоғанды башқұрт зиялысы Нүрметтуллах Еділбаев қарсы алды.345

Ургенчке келгенде Гүнеид хан болмай, оның бектерімен кездеседі. Апа Бала (Anne Bala) деген бек: «Хиуаға барарда жәдиттер сізді өлтірмей ме?» деп сұрады. 352

Хиуадағы кезімде Ташкент пен Бұқарадан және қазақстаннан достарымыз жаңа хабарлар жеткізді. Бұхарада 1921 жылы қаңтар басында болатын құрылтайға кешікпеу қарастырылды. Мен де осының әрекетінде едім. Жолдар өте қауіпті-тін. Себебі Чарсу жолы орыс әскерінің жолы еді. Алайда барлық жолдар өткен өңір түрікмен басмашыларының қолында болатын. 358

19 желтоқсан құрылтай үшін жасырын жолға шықты. Жанында жол нұсқаушысы Махмұтпен Қарақұм арқылы Чарсуға бет алды. Апа Мұрат (Anne Murad) есімді басмашымен (kaltaban) танысады. Кейінгі қиын кезкңдерде басмашы Апа Мұрат Гүнеид ханмен байланысты жеңілдетуге септігін тигізді.

31. 12. Бұхараға келді.

Негізгі жұмысымыз - әмірге қарсы күресу мақсаты, соны сылтауратып Бұхара ұлттық әскерін жасақтау және Хиуа, Түрікменстан және Қазақстаннан өкілдер жинап, «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымын құру болатын - деп, мәжілістің қалай ұйымдастырылғаны туралы өрбітеді.

Қазақтардан Алаш Орда мүшелері мен түрікмен оқығандарын шақырдық. Олардың келуін күтіп жүргенде Бұхараның солтүстігіне орналасқан Харгос деген ауылдағы Әмір жасақтарынан болған бір байдың үйінде тұрдық. Бұл үйді үкімет тартып алған екен. Башқұртстан әскери жасағынан Еухади Ишмурзин, менің көмекшім Ибрахим Ысқақов және бірнеше офицеріміз полковник Хейбетуллах Сүйіндіковтың басшылғымен ұйымдастырылып, Бұхара армиясында жауапты қызметтер алды. Қаршы, Шахрисабз, Нұр, Гузар, Кермине әскери жасақтары осылардың қолында болатын. Бұлардың бәрін Ариф тағайындайтын. Біздің мақсатымыз – орыстар ұлттық әскердің құрылуына қарсы шыққанда, не құрыла бастаған армияны таратқан жағдайда басмшылармен бірігіп, шабуылға шығу болатын. Алайда ұлттық мүддені басмашыларға түсіндіру керек еді. Бұл мәселені ташкенттік, фарғаналық достарымыз жақсы қолға алды.

Ақпан айында түрікмендерден Қақажан Бердиев , Қазақстаннан Алаш Орданың өкілдері Хайретдин Балғынбаев (Болғанбаев), Мұхтар Әуезов (жаңылыс кетсе керек, негізі Ғазыибек Бірімжанов Т.Ж.) пен Дінше және әлі көзі тірі екі кісі келді. Бұхаралықтармен, өзбектермен жұмыс жасау оңай емес еді. Себебі бұқаралықтар мен ташкенттіктер өзара келісе алмайтын, әрі өзбектер арасында орыс мектебінен тәлім алған қазақтрға «миссионер» ретінде қарайтын басым топ бар болатын. Біз – бұхаралы, өзбек, түрікмен және қазақ өкілдерімен өз құзырымыз Харгоста және Әмірдің «Ситаре Мах Хасса» сарайында қалай топталып, ұйымдасатынымыздыж және Ұлттық Орталық бағдарламасын талқыладық. Нәтижесінде Өзбекстанда социалист емес, діни бағыттағы «Жадитшілдер» партиясы мен социалист «Ерік» партиясы қазақтардың «Алаш Орда» партиясымен бірігіп мен ұсынған жеті тармақтан тұратын Ортақ мақсатнама қабылдадық:



  1. Тәуелсіздік;

  2. Демократиялық мемлекет;

  3. Ұлттық армия;

  4. Экономикалық басқарма, темір жолдары мен қазба арналар (каналдар) негізі Түркістанның тәуелсіздігіне қызмет етуі;

  5. Оқу-ағартуды жаңарту және батыс мәдениетімен орыс ықпалынсыз басқа жолмен танысу мүмкіндігін іздеу.

  6. Ұлт мәселесінде мектептерді және мемлекеттің табиғи байлығын елдегі ұлттардың үлес салмағына сәйкестендіру;

  7. Дінде толық еркіндік, дін істерін дүние істерімен араластырмау.

Қазақтар Діншені өкіл тастап елдеріне қайтқан соң, соңынан келген Жадитшілдер мен Ерік партияларының жеке-жеке бағдарламалары анықталды. Бұл үш жұмыс Бұхарада жиналуымыздың үлкен нәтижесі еді. Жалпы алғанда, мемлекетті бірі либерал, екіншісі социалист бағыттағы екі партиялық жүйемен және олардың бағдарламаларымен басқару туралы шешім қабылданды. Бұған бәрі қуана келісімін берді. Сейіткерей Мағазов жеті тармақты Ортақ бағдарламаны өлең жолдарына түсірді. Бұл – үлгілі шығарма болатын. 366

Біз партия бағдарламасы мен Ортақ мақсатнаманы реттестірдік, тек Ортақ комитетті бірден құра алмадық. Бұхаралықтар мен Ташкенттіктер қазақтарға сенім арта алмады. Көп тартыстан кейін біз башқұрттар ташкенттік Мунаввар Қариды ұсындық. Комитет төрағасы қажет болған жағдайда жасырын өмір сүруі талабына байланысты Мунаввар Қари бұл ұсынысты қабыл алмады. Тәжіктер көсемі Садреддин Айниді ұсынғанымызда ол да осы себеппен бас тартты. Оның үстіне оны қолдайтындар да аз еді. (Бұл мәселеде тараптар ортақ мәмілеге келе алмады).

Шілдеде Анкарадағы Ұлы ұлттық мәжіліс мүшесі Исмаил Супхи Сойсаллыұлы Бұхараға келген. Ол сыртқы көзге коммунист партиясын жақтаушы түрік депутаты сияқты саяхат етуде еді. Осындай айламен Түркістанда еркін жүрудің амалын тапқан. Өзі Мұстафа Кемал Паша тапсырмасымен келген. Менің өтінішіммен біріне бірі бәсекелес болып отырған тәжік, өзбектермен кездесіп, оларды ауызбіршілікке шақырды. 30 шілде кезінде Мырза Әбдіқадыр үйіне жиналдық. Супхи мырза Ортақ комитет төрағалығына мені ұсынды, тараптар бірауыздан қабылдады. Сонымен тамыздың екісінен Түркістан ұлттық бірлігі, яғни Ортақ комитет төрағасы ретінде жұмыс істей бастадым. Осындай сынақ күндерде М.Кемал Паша тарапынан жіберілген өкіл қазақтарда Алаш Орда мүшелерінің, соның ішінде Дінше және ауған елшісі Әбдірасылханды Түркістан үшін ұлттық күрес майданының бел ортасында көріп, қатты әсерленді.

2-5 тамызда Ұлттық бірлік құрылтайы ашылды. Бұл – Мәскеуде ұйымдастырылған бірінші құрылтай еді. Одаққа «Орта Азия қарапайым мұсылмандарының ұлттық бірлігі» аты берілді.

Жемал мен Халил Пашалар.

Біздің алғашқы әрекетіміз Жемал мен Халил Пашалардың Түркістан мәселелерімен айналысуы еді, яғни олар Түркістан мәселелерімен айналысатындықтарын хабарлады. Жемал Паша бір жыл бұрын Ташкент пен Бұқара асып, Қабылға барған. Халил Паша мен Қажы Сами де Ташкентке келген. Олардың Орта азия мәселесіне қатынасы мынадай пікірлерінен көрінді: Түркістанды Түркияға көмекке тартып, батыста одақтарға қарсы жойылған соғысты Орта Азияда жалғастыру. Жемал Паша Ауғаныстан көмегімен Үндістанда көтеріліс ұйымдастыратынын және Түркістандағы көтеріліс буында жүрген түріктерді кеңестер көмегімен өзінің Ислам әскери жасағына қосып аламын деген ауыр әрекетте еді. Жемал Пашаның қисынсыз қиялдары бізді түңілтті. Жемал Пашаның ат қосшы офицері Рағып Бей және Қари Кемалмен Ташкентте, Қоқанда сөйлескен қазақ, өзбек зиялыларының біразы Бұхараға келген еді. Олар Жемал пашанының не істерін білмеген әрекеттерін бос әурешілікке балап, қай басмашы соғыс үшін Үндістанға барады деп сынады. Паша басмашылармен байламға келіп, оларды Үндістандағы соғысқа шақырғысы келді. Солай Түркістанды орыстарға жалғыз тастап кете бермек ойлары болды. Осылай арада түсінбеушілік пайда болды (376-379).

5-7 қыркүйек күндері Самарқанда Түркістан ұлттық бірлігінің келесі құрылтайы ашылды (Қады Айдар есімді бір оқыған бақшасында). Тағы бір жиналыс Матрид елді мекенінде болды. Матрид жиналысына қазақтардан Дінше келді. Дінше безгекке шалдығып, ауыр науқас болатын. Кейде естен танып қалса да құрылтайды тастап кетпеді. Маған өртеніп барамын деп, Шымбурыннан бір құмыра су әкелуімді өтінді. Шымбурын – Балқаштың солтүстігіндегі Бетбақдала шөлінде орналасқан өз ауылының жүз құлаш терең, суы мұз көлі екен. Кейін Шымбурыннан бір ұрттамасам емделмеймін деп, ауылына қайтты. Ол бір жақсы ақын және әртіс еді. Өзінің қыдырма труппасымен түрлі жерлерде театр ойнады. Сойсаллыұлы Ысмайыл Супхи Бей Түркістандағы саяхатында Қызыл Мешітте (Қызылорда болар) Дінше қойған сахнаны тамашалап, труппаның үлкен бір суретін Ыстамбулға әкелген.

Самарқан құрылтайында жиырма төрт тармақтан тұратын Одақ заңы мен Түркістан жалауы қабылданды. Жалауды қабылдаған комиссияда мен, Мунаввар қари және Жанұзақұлы т.б. болдық. Жалау негізі ХІ ғасырдың атақты түрік ғалымы Махмут Қашқари шығармасындағы Селжұқтар мен Қарахандар заманында ұлттық ту болған ал қызыл реңді Темір мен оның ұлдары заманында жазылған ескі шығармаларға сүйеніп анықтадық. Қазір бұл реңдегі түрік жалауының түп нұсқасын Шахрух заманында 1449 жылы жазылған Топкапы сарайында №781 нөмірімен сақтаулы Хайыр Хатунның «Хамсасынан» көреміз. Жалауға бес қызыл, төрт ақ – тоғыз жолақ беріліп, жиегіне көгілдір жүргізілді.

Бұл құрылтайға басмашылардан бірер кеңесші жіберулерін сұрағанда, Самарқан ауданынан «бас құрбасы», барлаушылар басшысы найман руынан Ашылбай, қасында өзбек оқығаны Кәміл қари мен бір топ зиялылары келді. (382-384)

Мәскеуде кеңестермен мәміле іздеген Әнуар Пашадан кеңестермен келісуді үгіттеген хаттар алып тұрдық. Түркістанның кеңеспен бір майданда бірлесуін жақтады, ал бұл мүмкін емес-ті. Әнуар Пашаның үгіттерінен жанымыз қысылды.

Башқұртстаннан келген бір баталеон Башқұрт ұлттық әскери бөлімшесін басмашылар сапына өткізу мүмкін еді. Тек Рысқұлов сияқтылар олардың басмашыларға емес, кеңестің ресми әскері қатарына қосылуын жақтады. (384-385)

Бұл күндері Зарвшан қауызында Ұлттық Одаққа тән мынадай басмашылар бар:

Ашылбек – найман, өзбектердің Қоштамғалы бөлімінен, отыз сегіз жастағы айтулы батыр, адамгершілігі мол, салмақты, ақылды әрі шаруалы тұлға. Ресей мен дүние саясатын газеттерден үйренеді. Жанында жалынды жиені жас Дәурен Ашыл бар еді. 412

Ташкентте жасырын ұйымдастырылатын құрылтайға Қызылқұм арқылы аш һәлімізбен үш кісі екі атпен қалай келе жатырмыз? 433

70 шақырым шамасындағы аралықты жылдам кешіп екінді намазы кезінде Ташкентке кірдік. Біздің мұнда қолбасшылық кеңсеміз белгілі еді. Қаланың қақ ортасында Қазақстан педагогикалық институтының ғимараты. Бұл ғимарат патша кезінде гимназия болатын. Айналасы саябақ. Аттарымызбен институт бақшасына кірдік. Мұғалім Әзімбек Бірімжан қарсы алды. (Онымен бірнеше жылдардан кейін Берлинде кездестім). Іздегеніміз де сол еді. Сол кеште бұрынғы Түркістан төрағасы, яғни бұрынғы Қоқан автономиясы ұлттық үкіметінің төрағасы Мұхамеджан аға Тынышбаевты көрдік. 442

Ташкент құрылтайы.

Таңертең Иванов бағына келдік. Мені мұнда күтуде еді. Шілде, тамыз айлары досым Әбдіқадырмен бірге Түркістан қаласындағы достарымызға жеткізілген Нефисе де осында келген. Бізге Ташкент пен оның төңірегінде төрт жерде жасырын орын дайындалды: бірі – осы бақ; екіншісі – Ташкенттің Бесағаш мекенінен жалданған пәтер; үшіншісі – Келес ауылы қазақтарының Әбдірахман мыңбасының үйі; төртіншісі – Аблықтағы өз бақшамыз. Күндіз Келесте кездесіп, жиындарды Бесағаш пен Иванов бағында өткізуге келістік. Маған кешке таяу маңызды хабар айтпақ ойлары болы, жалғыз есітсе ұйықтай алмас депті. Бұл хабардың бірі – Әнуар Пашаның екі күн бұрын Кулевте Қызыл әскерлер тарапынан өлтірілгендігі, екіншісі – сол күндері Самарқан ауданының ұйымдастырушы төрағасы Қари Кәмілдің өлтіріліп, басының орыстарға тапсырылуы еді. Әнуар Пашаның өліміне сенер-сенбесімді сұраған оларға жауабым: Басмашылардың бекіністері жоқ. Кейде онда бір күнде талай ажалмен беттесесің. Ал Қари Кемел өлімі туралы айтар болсам, 5-6 күн бұрын біз Үсмет қырларынан асқанда бізге берілуі тиіс аттарды бермеген сатқын Мұстақ өлтірген. Себебі сол күні Қари Кемел ешбір сақтық шараларынсыз отбасына кетіп еді. Сатқын Мұстақ бұл мүмкіндікті пайдаланып, намаздағы оны алыстан тапаншамен атқан да, басын Жизаққа әкеткен. Басты Ташкентте болатын Коммунистер құрылтайына жіберген. Мұнан хабардар болған жастар қатты әбігерге түсті. Қалай болғанда да енді сатқын Мұстақтың тірі жүруі екіталай. 443

Бұл кездері Балқаш көлі руларынан 30-40 адам Бетбақдалада, кезінде Бұқарада бірге болған, Дінше талабымен әскери жаттығулар үйренуде еді. Олар Самарқандағы бізге және Әнуар Пашаға көмектесу үшін, ал сырт көзге ат сатуға келгендей Ташкентке жетті. Бәрі де Ұлы даланың жалынды жастары екен. Ақын әрі театр әртісі Діншенің өзі де келіп, тағы да батыр жастар жіберетінін айтты. 444

Құрылтай қыркүйек айларының 18-20 өтуі керек еді. Бірақ Түркістан саясатының белді тұлғалары – Әлихан Бөкейхан, Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсын, Мұхаметжан Тынышбаев, өзбектерден Мунаввар Қари, Бұхаралық Хакімзада, Мырза Әбдіқадыр Мұхитдин, түрікмендерден заңгер Қақажан Бердібаев және басқалар кеңестердің қатаң назарында болғандықтары үшін құрылтайға келе алмайтын еді. 445

7-Түркістан ұлттық құрылтайы.

Құрылтайымыз 18 қыркүйекте басталды. Он алты адам жиналғаны есімде. Әсіресе қазақ айдындары жақсы жасақталған еді. Үш күн үш жерде топталдық. Қаралған қаулылардың бәрі шын жүректен қабылданды. Әуелгі Бұхарада түзілген «Орта Азия қарапайым мұсылмандарының ұлттық одағы» орнына тек «Түркістан ұлттық бірлігі» аты алынды. Қазақстандағы «Алаш Орда» атауы «Солтүстік Түркістан» болып өзгертілді. Мемлекет басқармасы одақ ішінде және ұлттық мәдениет істерінің жеке үстемдік соты мәселесін көтеріп, араларындағы теңдік және туыстық қатынастарды қамтамасыз ететін одақтық қағидаттарды қолдану, Түркістан мәселесін (сотын) Ресейдің ішкі істерінен шығарып ұлттар арасында бір сот формасына енгізу жолына көшу, Түркістан ұлттық сотын Ресейдің сыртынан жасақтау қажеттігі қабылданған қаулылардың бірі еді. Бұл жиналыс менің Түркістанда қалмай, Иран, Ауғанстан және Үндістан жолы арқылы Еуропаға кетуімді, Түркістан ұлттық бірлігінің орталығын сырттан басқару үшін Мұстафа Шоқайұлының да сыртқа кетуін мақұлдады. Маған осыған байланысты Құрылтай төрағасы қол қойған құжат та берілді.арамызда шет тілін жетік білетін болмағаны үшін бұл құжат орысша,және түрікше бір кездеме бөлігінің үстіне жазылды. Жұбайымды да бірге әкете аламын. 447



Әнуар Паша төртінші тамыз жұма күні Балшыбаннан 7-8 шақырым аралықтағы Шекен ауылында орыстармен қақтығыста шәхит болды. Оның мына сөзі: «Жеңіске жете алмасақ та, ең болмаса өлігімнің осында қалуымен Түркістан тәуелсіздігіне қызмет еткен болар едім» деуі оның шын жүрегінен шығып еді. 456-457

Айдың жиырмасында бір хат тасушы келіп, Тұрар Рысқұловтан хабар әкелді. Валидов Партия орталығының қаулыларында кешірілді, қаласа Рудзутакпен кездессін, тек «қайда болғаны» белгісіз кейпінде сөйлесуді көңілінде тұтсын деп, хат соңында оралмағаным жағдайда қалаған мемлекетке оңай кете алуыма көмектесетінін білдіріпті. Бұл кезде Түркістанның ұлы генералы Рудзутактың шақыруы маңызды еді. 459

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет