Орынбар мұғалімдер мектебін бітіргендер қазақ арасында тегін ұстаздық қызмет етті. Қазақ тілінде Тройцкі қаласында шығып тұратын жалғыз журнал „Айқапты” жаздырып алып тұрдым. Петербург қаласында шығып тұратын мұсылмандар газетіне тілшілік еп.. Менің „Ерікті адамдар” еп.а үшін газетке 400 сомға айып салды. 1916-шы жылы қарашада ол қызметтен шығып, „Қазақ” газетінің үндеуі бойынша майдандағы тыл жұмысында жүрген қазақтарға көмектесу үшін Орынбордағы Байтұрсыновқа келдім. Ол маған Москваға баруды ұсынды. Жолай Самарадағы Бөкейхановқа жолығып оның ұсыныстарын және жолдаған хаттарын алдым. Москвада Сейдалинмен, Болғанбаевпен, Мұса Секенбаевпен кездестім. Олар маған 1916-шы жылы майдандағы тыл жұмысына шақырылған қазақтарға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Зерттеудің негізінде еп.аці дайындап комитетке ұсындым. Басты талабымыздың бірі – орыс бөлімі сияқты комитеттің жанынан қазақ жұмысшылары бөлімін ашуды ұсындым. Оған қалмақ еп.ація де қосылды. Дулатов мен Бөкейханов Орынбарға қайтты, қалғандары өз жұмыстарын жалғастырды. Қазақ жұмысшыларын ауылына қайтару аяқталған соң, жеті адам – Ахатов, Бірімжанов, Бекбаев, Байхожин, Төренқұлов, Сәндібеков Орынборға келдік. 1917-ші жылы Торғай облыстық қазақ құрылтайы еп.. Мені төраға етіп сайлады. Құрылтайдан кейін біз Ақтөбеге қайтар жолда Орынборға тоқтап, Бөкейхановпен жолығып, анадағы келіспеушілік туралы ақылдастық. Бөкейхановтың Кадет партиясының мүшесі болғанына біз емес, Семей, Орал қазақтары да қарсы болды. Қазан айының басында марқұм Бірімжановтың ұсынысымен Бөкейханов мені Қостанай уезі кеңсесінің екінші көмекшісі етіп бекітті. Қостанайда жәрмеңке және цирк ойынын өткізуге жетекшілік еп.. 1917-ші жылы өткен Алашорданың құрылтайына науқастығыма байланысты қатыса алмадым. Қостанайдан өкіл боп қатысқан адамдар мені Қостанай уезінің тұрақты соты етіп тағайындағанын айтты. Қостанайдағы кеңес үкіметі құлаған соң уақытша уездік еп.а құрылды. «Алашорда» өкілдері Қостанайда өз қызметін жалғастырды. Самарада шақырылған Орынбор мен Башқұрт, Сібір үкіметінің мәжілісіне Байтұрсынов бастатқан «Алашордалықтар» қатысты. Сібірліктен басқалар «Алашорданы» қолдады.
Орынбордағы жиналысқа Торғай обылысынан мен, Қадырбаев, Бабишев қатысты. 1918-ші жылы тамыз-қыркүйек айларында Самара қаласына бардым. Алашорданың Торғай бөлімшесіне қосылдық. Орынбор үкіметі мен арадағы қатынасты реттеу керек болды. Орынбордағы казак әскерінің қасынан басқа ұлттардың әскери бөлімін ашып, қазақ-башқұрт жасағын құру туралы ұсыныс жасалды. Біз дербес әскер жасақтауды талап етіп, бұған қосылмадық. Өйткені, башқұрттардың еп. дербес әскери полкі бар. Ал бізде мылтық ұстап көрген жасақ жоқ болатын. Оларды әскери іске жаттықтыру керек еді. Мен бұған өзім танитын бір еп.аціяе тарттым. Сол кезде «Құрылтай мәжілісі мен үкіметі» (Самара) мен Сібір үкіметінің және қызылдардың арасында еп. соғыс басталып кетті. Бәледен қашық болу үшін біз тарап еп.а. Торғай, Ақтөбе, Қостанай уездерінің орталығы Орынборда еді. Қазақтарды шапқыншылықтан қорғау үшін керек деген сылтаумен Самарадан бір вагон қару алуға келістік. Біз қыр қазақтарынан отряд жасақтауға жақын болу керек деген еп. қаруды Ор қаласына әкелдік. Сөйтіп, ерікті әскери жасақ құрдық. Жасаққа Қаратілеуов, Хайреддин Болғанбаев, Есмағанбет қосылды. Біз тегі татар Дәулеткелдиев деген офицерді және үш казак офицерін жасақ құруға үгіттедік. Сол арада қызыл әскерлер Орынборға еп.. Ор және Тройцкі казактары қарсы көтеріліс жасады. Ол кезде қазақтардың көтеріліске қатысатындай мүмкіндігі жоқ еді. Бөкейханов Омбыда ұзақ уақыт тұрақтап қалды. Кәрім Тоқтабаев бізге Кеңес үкіметі жағына шығу туралы ұсыныс жасаған Жанкелдиннің еп. алып еп.. Ахмет Байтұрсынов, Дулатов, Қаратілеуов Торғайда болатын. Байтұрсынов пен Жанкелдин Алашорданың кеңес үкіметі жағына шығу мәселесін талқылау үшін өзара кездесіп, содан кейін осы мәселені түбегейлі шешу үшін Байтұрсынов Мәскеуге кетті. Торғайдың әскери комиссары болып Аманкелді Иманов бекітілді. Кәрім Тоқтабаевты «Алашордамен» қарым-қатынасты реттейтін көмекші етіп алды. Аманкелді қазақтарды жаппай әскерге шақыруды қолға алды. Дулатов келгеннен кейін «Алашорда» кеңесінің төрағасы ретінде Жанкелдиннің отрядын еп. жасақтады. Соның нәтижесінде қайшылықтар туындап, белгілі қайраткерлерді тұтқындау басталды. Соған жауап ретінде жиырмасыншы сәуірдің мөлшерінде Иманов тұтқындалды. Өйткені, ол Қостанайдан бізге қарай жазалау отрядінің шыққанын жасырып жүріпті. Біз винтовкамен қаруланып казак әскерлерінің алдынан тосқауыл қоймақ болдық. Сол кезде Қостанайдан қызылдардың жазалаушы отряды шығып, Торғайды қоршауға еп. болыпты. Біз қарсы шығып оларды қарусыздандырдық. Торғайға қайтып келгенде Аманкелді Имановтың атылғанын естідік. Сол кезде Қостанайдан шыққан казактардың, Ырғыз бен Шалқарға келген Қостанай жақтан шыққан Колчак армиясының Торғайға беттегенін, жолында кездескен қазақ ауылдарын атып, тонап жатқанын білдік. Қырғынға ұшырамас үшін қыстақта қалған жасақтарды Атбасарға қарай жөнелттік.
1919-ші жылы земствоның жиналысынан кейін Әбдіқадыров, Дулатов, Байтұрсынов, Қадірбаев және басқаларымыз Қостанайға келдік. Қостанайда Колчак әскері мені тұтқындады. Қадірбаевтың таныс еп.а мені босатты. Содан кейін Торғай тобымен Атбасарға қарай бет алдық. Шалқар, Арал маңындағы қызыл әскерлер Шалқарға қарай қозғалды деген хабар алдық. Қызылдардың, Колчактың, казактардың әскерінің жазалауына ұшырамас үшін мен, Дулатов, Бірімжанов, Тоқтабаев Кәрім, Сеидалин, Шонанов бәріміз 15 қазан күні Торғайдан Атбасар уезіне бет алдық. Торғайда кеңес үкіметі орнады. Семейге Шонанов, Дулатов, Бөкейханов кетті. Қадірбаев өз ауылына жақын болу үшін Орынборға кетті. Ор қаласында Валидов пен Бірімжанов кездесті. Олар еп. сөйлесетін. Қазақ-Башқұрт әскерін құру туралы ойласты”.
Осы көрсетіндідегі және жалпы «Алашорда» тарихындағы елеулі оқиға Самарадағы «Құрылтай жиналысы» үкіметінің құрылуы еді. Бұл «Жиналыс» үкіметі (қазақша оңтайлы аудармасы Кеңес үкіметі) большевиктерге де, Сібір (Колчак) үкіметіне де қарсы, Біртұтас Федеративтік Россия құруды жақтайды. Негізгі күші казактар, бас қолбасшы атаман Дутов. Ол ұлттардың автономиясын, соның ішінде Башқұртстан мен «Алалш» автономиясын мойындады. Сол құрылтайдың 1918 жылы 13 тамыз күні өткен төтенше мәжілісіне «Алашорданың» атынан Мырзағазы Есполов қатысты. Автономия мен әскер мәселесі талқыланды. Заки Валидов, татар Тухватуллин, атаман Дутов т.б. пікір алысып, қаулы қабылдады. Қазақ үшін Дутовтың шабындысынан құтылатын үлкен келісім сонда жасалды. Мұнда айтылған Есполовтың пікірлері сол кездегі жағдайды барынша нақты баяндап беретін болғандықтан да толық келтіремізә әрі көрсетінде жазылған «тамыз оқиғаларының» ең бастысы осы болатын. Есполов (Испулов):
«Жалпы қазақтардың жағдайымен таныстырып шықты. Орал, Торғай облысы, Түркістан, Жетісу мен Семей облыстары және Астрахань губерниясында бұрын қазақтар мекен ететін. Содан кейін аталған жерлерге қоныс аударушылар орналаса бастады, тіпті кейбір жерлерді қазақтардан қоныстанушылардың саны асып кетті. Әсіресе, 1906 жылғы жаппай қоныстану ерекше екпінмен жүрді. Бұл қоныстанды мемлекеттік мекемелер қолдағандықтан да, 1912 жылы Қасиетті синод бір қазаққа екі қоныстанушыдан келетіндей етіп орналастыру туралы жоспар жасады.
Ақпан төңкерісінен кейін қазақтардың арасында автономия алу мәселесі басты саяси бағыт ретінде күш алды. Барлығы да: бұл мәселені шешетін Құрылтай жиналысы шақырылады деп үміттенді. Дегенмен де Құрылтай жиналысын күтпестен қазақтар 1917 жылы 13 шілде күні жалпықазақ құрылтайында автономия жариялады. Өкіметтің большевиктерге өтуіне байланысты 6 –13 желтоқсандағы облыстық құрылтай қазақтардың автономия жариялау жөніндегі бірінші құрылтайдың шешімін бекітті. Орталық қазақ үкіметінің тұрақты орыны Семей қаласы болады деп шешті. Осымен бірге жергілікті қоныс аударушылармен келісім жүргізіліп, олар қазақ аятономиясы құрамында қала ма, жоқ па, сол туралы жергілікті ұсақ құрылтайлар өтті, бірақта құрылтайды большевиктер таратып жіберді. Семейді большевиктер басып алғаннан кейін 20 күн ғана өмір сүрді. Қаланы чехословактар қызылдардан тазартқаннан соң қазақ үкіметі қайтадан іске кірісті. Айта кететін мәселе, үкімет әкімшіліктің азаматтық істеріне араласқан жоқ, тек аятономияға дайындық жұмыстары жүргізілді» – деп хабарлама жасады.
М.Есполовтың пікірі пікірі майда, тілі жұмсақ. Ол түсінікті де. Не астана жоқ, не әскер жоқ, өзі айтып оытрғандай, құс қанаты талатын кең далада қазақ үкіметі табан тірейтін ұлтарақтай жер жоқ. Торғай облысының өкілі Лаванов міз бақпастан: «Торғай облысында қазақтар – 58 %, ал орыстар– 42%. Қазақтарды жеке ажыратып бөле алмайсың, өйткені олар орыстармен араласып отыр. Торғай облысы үш үкіметтің – Сібір, Құрылтай жиналысы мүшелерінің Самар үкіметі және Қазақ үкіметінің ықпалында тұр. Мұндай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Облыстың үш уезі Самараға іш тартады. Сібір үкіметіне де мойын бұратындар бар, олар Құрылтай жиналысынан кейін Самараға өтуге ыңғайланып отыр. Қалған екі уезд таза қазақтар, оларды Сібір үкіметіне қосқаннан көрі қазақ «Алашордасының» территориясына қосқан әділетті болар еді» – деп баспақтай қысты. М.Есполовтың жарыссөзде не айтқаны белгісіз. Бірақта қаулыдағы: «1. Башқұртстан мен Алашорда автономия алуы керек, бірақ орыс аралас болыстар земствоның құрамында қалады» – деген келісімге қол жеткізуі алаштың тәуелсіздігін мойындату деген сөз.
1919 жылы 28 наурызда Торғай облысының әскери басшысы Токарев Ақтөбеден Ленинге жеделхат жолдап: «Жанкелдиннің жеке нұсқауымен Торғай мен Ырғыздағы қазақтардың әскери адамдарымен үш айға жуық жүргізген келісімнің нәтижесінде: казактарға қосылып үнемі кеңес өкіметіне қарсы күресіп келген кадеттің жақтастары Бөкейханов – Байтұрсыновты Жанкелдин көндірді, олар «Алашорданы» тастап кеңес өкіметі жағына шығуға келісім берді. Соның кепілі ретінде Байтұрсынов Торғай уездік совдепінің төрағасы Қаралдиннің жолсеріктігімен Жанкелдинмен келісу үшін Шалқарға жүріп кетті. Егер олар шынмен кешірім сұраса, онда мұндай жағдайда не істеу керек. Аталған қарақшылардың дені қазақтардың арасында өте беделді интеллигенттер болып табылады. Оларды орталыққа шақырып, кеңес өкіметіне істеген қастандықтарын баспасөз арқылы мойындатса, игілікті болар еді. Жанкелдинге хабарладым» – деп хабарлады.
Араға жеті ай салып барып, 1919 жылдың 27 қазаны күні кеңес өкіметі жағына шығудың басты шарты – кешірім жасау (амнистия) туралы нұсқаудың жобасы жолданды. Ал нақты қаулы қабылдағанша тура бір жыл уақыт өтті. Бұл арада қазақ ұлтының тағдыры ғана емес, бүкіл дүние жүзінің картасы өзгерді. Ескі империялар құлап, ескі империялар құлап, жаңа империялар мен мемлекеттер пайда болды. Бүтін дүние екіге бөлінді. «Алашорда» үкіметі төрт құрсаудың - большевиктердің, Колчактың, Самар үкіметі казактарының, чехословак корпусының қоршауында қалды. Сондай қысылтаяң оқиғаның ең шешуші жанталасы Торғайда өтті. «Алашорда ісіндегі» тергеуде де, «Алашорда» тарихы үшін де, жекелеген тұлғалардың тағдыры үшін де, жалпы қазақ үшін де ерекше маңызы бар бұл оқиға туралы барлық деректерді салыстыра отырып беруді жөн көрдік. Оқырман қай куәнің сөзіне сенсе де, бұл жанталастың соғыс жағдайында өткенін еске саламыз. Ал соғыс құрбандықты таңдамайды. Торғайдағы оқиғаны басынан кешкен М.Денисов пен М.Гусманның 1919 жылы 10 желтоқсан күні Дала әскери комиссары Ә.Жанкелдин растаған куәлігі:
«... Көктемде, шамамен наурыз айында «Алашорданың» әскері Қостанайдан кеңес өкіметі билеп тұрған Торғайға қарай бет алды. Қалаға 70–80 шақырым қалғанда уездік атқару комитетіне үш адамды – Ахмет Байтұрсыновты, Мырзағазы Есполовты және Омар Алмазовты өкіл етіп жіберді. Олар: «Алашорда» әскері казактармен барлық байланысын үзді және кеңес өкіметі жағына шықты, сондықтан да кеңес өкіметі жағына толықтай шығу үшін Торғай қаласына келді. Өзге облыстардан келген өкілдердің алдында жігіттерді жасытпас үшін қалаға қаруларымен шеру тартып кіруге рұқсат беріңдер – десті. Әскерді қалаға қарумен жібере ме, жоқ қарусыздандырып жібере ме дегенді ұзақ талқыланды, әскери комиссар Иманов соңғы ұсынысты жақтады, сөйтіп алашордашылардың әскері қалаға қарусыз кірді. Алашордашылар өздері мойындамақ болған кеңес өкіметін аяққа таптап, атқару комитетіне: егерде біз кеңес өкіметін алдайтын болсақ, онда өзіміздің көсеміміз Байтұрсыновты Орталыққа келіссөзге жібермес ек – деп наразылықтарын білдірді.
«Алашорда» әскері қалаға кірген соң 18-19сәуірге дейін кеңес өкіметіне қарсы ешқандай қарсы әрекет жасаған жоқ. Соның алдында Ақтөбе майданынан Торғайдағы мекемелерді көшіру туралы жеделхат келген болатын. Әскери комиссар Иманов қоныс аударуға және жеке-жеке эскадрон бойынша қозғалуға бұйрық берді. Пасханың бірінші күні, яғни, 20-сәуір күні мен тәржімашы Ыдырыс Иусупов екеуміз Имановтың үйінде отырғанда екі орыс кіріп келді, олар өздерін Қостанайдың «көткрілісшілеріміз» деп таныстырды (бірінші адам – Таран, екіншісі – Иноземцев екен). Олар: қаладан 30-40 шақырым жерде тұрған отрядтарын қалаға толық қаруымен кіргізуге рұқсат беруін өтінді. Келе жатқан отряд тарапынан қандай да бір арандату орын алмас үшін Таран мен Иноземцевке қаруларын тапсыру қажеттігін өтінді. Таран мен Иноземцев оған толық келісті. Сол кезде Иманов: бұлар нағыз кеңес өкіметінің қорғаушылары екен, Торғай губерниясы бойынша төтенше комиссар Жанкелдинге қалаға қарумен кіру туралы рұқсат сұрап жеделхат жолдаңдар – деді.
Сол кезде «Алаш!» деп ұрандаған айқай мен мылтық дауысы естілді. Мұны ести сала Таран мен Иноземцев Имановтың үйінен сыртқа шығып кетті. Біз Имановпен жеке қалдық. Сол кезде эскадрон инструкторы Валерьян Денисов жүгіріп келіп, түрік азаматы Хидаят сатып кеткенін, қаланы алашордашылар басып алғанын айтты. Келесі күні аткомның жиналысында Омар Алмазов жұмыс істеуге мүмкіндік бермей, кедергі келтіре бергені үшін әскери комиссар Имановты және кеңес өкіметі жағындағы қызыл армияшыларды, Имановты қолдаушыларды алаштың әскері тұтқынға алғанын хабарлады. Солармен бірге Қостанай көтерілісшілері Таран мен Иноземцев, атбасарлық бас көтерушілер және басқалары да тұтқындады. Таранды тұтқындағаннан кейін олар оның отрядын алдаусырата отырып қарусыздандырды, оларды Атбасардан келе жатқан жазалау отрядына қарсы жіберді. Арарда аз кақыт өткен соң қаланы көтерілісші Жиляевтің отряды алашордашыларды талқандап, қаланы басып алды, пулеметтерды және басқа да қару-жарақты қолға түсірді. Жиляев пен алашордашылар соғысып жатқан кездеАлмазов пен Теміровтен: сәл шыдаңдар, Ақсуат станицасынан казактар көмекке келе жатыр – деп суыт хабар жіберді. Кейін білгеніміздей, бұл Могилевскийдің отряды екен. Жолай Алмазов пен Теміров кеңес өкіметін қолдаған адамдарды ұстап берді, мысалы, Бекжан Жасымбаев атылды. Отряд қалаға келген соң 18 адамды атты, бұған басты кінәлі адам уезд бастығы Омар Алмазов.
Бұл куәлікке Гусман қосымша мынаны айтты: мамыр айында Мргилевскийдің отряды келген кезде маған алашордашыл Мұзафар Қасымов келіп: сен бүгіннен бастап әскерге алынасың, «Алашордаға» қызмет етуге міндеттісің, қару-жарақты жөндеуге көмектесесің – деді.
«Алашордашылардың іс-әрекеті туралы көзі көргендердің бұл куәлігі Торғай уездік ревкомының мәжілісінде тыңдалды және ревкомның 12 желтоқсан күнгі мәжілісінде хатталды.
Дала өлкесінің ревәскери кеңесінің мүшесі және әскери комиссары Жангелдин.
Торғай уездік ревкомының төрағасы – (қолы).
Хатшысы – (қолы)».
Аманкелді Иманов пен Таранның қазасы туралы ең сенімді құжаттың бірі осы. Шындықтың ашылуына тікелей мүдделі дала комиссарының өзі жүргізген тергеудің хаттамасы. Бұл құжатта бір түсініксіздік бар және сол түсініксіздік үнемі өзге бір күдікке жетелейді. Анықтап алатынымыз мынау: соғыс жағдайында бір әскер тұрған қалаға екінші әскер қару-жарағымен кірмейді екен. Демек: большевиктердің «Алашордашыларды» қарусыздандыруы да, сондай-ақ «алашордашылардың» большевиктерді (Таранның отрядын) қарусыздандыруы да әскери талап. Сұрақ: бір әскер екінші әскердің қалаға отыз-қырық шақырым қалғанша тақап қалғанын білмеуі, не одақтасы ретінде хабар бермеуі майдан жағдайында мүмкін бе? Тіпті білмеген жағдайда да сол отрядтың командирлерінің өзі неге жасырын келеді? «Алаш!» деген ұранды естігенде Таран мен Иноземцев неге үйден сыртқа тұра қашады, ал Иманов нені күтіп үйінде эскадрон командирін күтіп отырды? Басқасын былай қойғанда, Таранды қорғауға міндетті емес пе? Ең басты сұрақ: жоғарыдағы оқиғаның ішінде тікелей қатысып отырған Иван Денисов кім? Таран сыртқа қашып шыққаннан кейін бұл бөлмеде не істеген? Эскадрон командирі кірген соң Аманкелді қандай бұйрық берді? Үйге біреулер басыр кірді ме, олар кімдер, Аманкелді сол жерде қолға түсті ме, жоқ атылды ма? Таң атқанша Денисов қайда болды? Міне, революциялық әскери кеңестің сұрайтын сұрағы, хаттайтын куәлігі осы емес пе. Бұдан кейінгі тура немесе жанама жүргізілген тергеулер де тура осы арада тұманданып сала береді.
«Алашорда» мен Торғай ревкомының арасында «тыңшылық пен арандатушылық әрекеттер жасау үшін» қызметке тартылған Б.Алмановтың 1929 жылы 3 маусым күні БКП(б) Орталық комитетінің Қазақстандағы партиялық тазалау комиссиясының төрағасы А.С.Булинге берген анықтамасын да назарға іле кетеміз. Мұндағы деректер бұрынғы оқиғаларға «барлаушының» көзімен қарауға мүмкіндік береді:
«...Жанкелдин жолдаспен бірге А.Иманов бастаған біздің отрядтың бір бөлімі – 60 адам, соның ішінде мен де бармын, алашордалықтардан тазартып онда кеңес өкіметін орнату үшін Торғайға бардық. Бұл 1918 жылдың желтоқсан айы болатын. 1919 жылдың март айында «Алашорда» контрреволюциялық үкіметі Торғай мен Ырғызды басып алуға ұмтылған екі-үш ұмтылысы сәтсіз аяқталған соң, амал-айлаға көшті. Өздерінің өкілдері арқылы (қазіргі жер жөніндегі халық комиссары, Өлкелік комитеттің бюро мүшесі Тоқтабае т.б.) дала өлкесінің төтенше крмиссары ж.Жангельдинмен: алашордашылардың кеңес өкіметі жағына шыққысы келетіні және оны толық танитыны туралы келіссөз жүргізді. «Алашорданың» Байтұрсынов, Дулатов, Кенжин (Қазақ халық комиссарлары кеңесінің төрағасы), Қаратілеуов, Тоқтабаев және басқалары кеңес өкіметі жағына шыққан алаш әскерін қарусыздандырмауды және оны сол қалпында Торғайдағы қызыл әскер бөлімдерінің құрамына қабылдау туралы талапты басты шарт етіп қойды. Байтұрсыновты Жангелдин жолдаспае бірге Москвадағы Ұлттар жөніндегі комиссарға бірге барады деп шешті. Контрреволюцияшыл алашордашыларды, оның үстіне қарулы әскерді Торғайға жіберуге Аманкелді мен біздің, ырғыздықтардың қарсылығына қарамастан, алашордашылар өздерінің тілегін орындатты, сәуір айының басында Торғайға келіп кірді. Байтұрсынов Жангелдинмен бірге Қаралдинді ертіп Млоскваға кетті. Алашордашылар 1919 жылы 17-сәуір күні Торғайда контрреволюциялық төңкеріс жасады, Аманкелді бастатқаг барлық коммунистерді тұтқындап, өкіметті өз қолдарына алды. Мұндай қара ниетті жүзеге асыруда өзгелермен бірге Кәрім Тоқтабаев (қазіргі жер жөніндегі халық комиссары) пен Аспандияр Кежин (Қазақ халық комиссарлары кеңесінің төрағасы), екеуі де Өлкелік комитеттің бюра мүшелері ерекше белсенділік танытты.
Ол кезде Қостанай қаласын Колчак әскері басып алған болатын, көтерілісшіл шараулардың партизандық отряды Ақтөбе майданына, Ташкент темір жолына қарай шегінді. Торғайға бірінші болып партияның ежелгі мүшесі Таранның отряды келді. Таранға қарсы алашордашылар Торғай ревкомының атынан бекітілген сенімхат пен Имановтың жеке куәлігімен қамтамасыз етілген өздерінің «өкілдерін» жіберді. Өкілдер Таранға: қасына екі жолдасын (ж.Жиляев және тағы біреуді) ертіп Имановпен кездесу үшін Торғайға баруды, ал жолдан шаршап келген отрядты екі-үш күн ауылда тынықтырып алуды ұсынды. Таран жолдас бұған сеніп екі жолдасын ертіп Торғайға келді, қалаға келісімен екі жолдасымен бірге тұтқынға алынды, сол түні үшеуі де атылды. Сонымен қатар Таранның отряды да тұтқындалып, көпшілігі (60-қа жуық адам) сол жерде атылды. Бұл оқиға кезінде «Алашорданың» офицерлері капитан Мұзафар Қасымов (кейін біз оны Ақтөбе майданында атып тастадық) және Бердімұхамед Сисекенов (қазір Оңтүстік түрксиб жолының 4-бөлімшесінің бастығының орынбасары) ерекше қатыгездік көрсетті. 3 күннен кейін Қостанай жақтан алашордашылардың контрреволюциялық төңкерісінен хабардар Жиляев басқарған тағы бір партизан отряды Торғайға келді, қарулы күшпен Торғайды алды, алашордашыларды уезд аймағынан ығыстырды. Алайда шегінген кезде алашордашылар тұтқында жатқан Аманкелді Иманов бастатқан 22 адамды атып кетті. Жиляевтің отряды олардың соңынан аты шыққан қанқұйлы Могилев бастатқан Колчактың әскері қуып келе жатқандықтан да Торғайда ұзақ тұрақтай алмады. Сөйтіп, Торғайдан шегінген «Алашорда» әскері Колчактың покімен қосылып, солардың штыктеріне сүйеніп Торғайды қайта басып алды, одан әрі қызылдарға ту сыртынан соққы беру үшін Ырғыз бен Шалқарға бет алды (Ақтөбе майданының штабы Ембі ст. Орналасқан еді)...» – деп көрсетеді.
Кейін осы көрсетінге А.Кенжин де жауап берді. Ол көрсетінді де Аманкелдінің қазасына байланысты ойға салып шайқауға болатын, жағдайды анықтай түсетін деректер бар. Сондықтан да біздің назарымызды аударатын тұсты ғана қысқаша тәржімалап береміз .Ол «Алаш» әскерін жасақтауға М.Дулатовпен, Қаратілеуовпен бірге қатысқанын, өзінің әскердің шараушылық жағын басқарғанын айта келіп:
«... Кеңес өкіметі жағына шыққаннан кейін мені «Алашорданың» құрылымындағы Әскери кеңестің мүшелігіне өткізді. Мен оған қарсы тұра алмадым, бұл менің төртінші қателігім...Маған мұндай «құрметті» лауазымнан бас тарту керек еді. «Алалшорда» кеңес өкіметінің шартын қабылдап, өзінің отрядымен қоса әскери комиссар А.Имановтың қол астындағы бұрынғы Торғай отрядының бастығы Хидаяттың қарамағына өтіп, біртұтас кеңес армиясына айналғанына тоқталып жатпай, Торғай оқиғасына бірден көшейін.
Торғайға келген күннен бастап маған ондағы жағдай ұнамады. Арғындар мен қыпшақтардың (Торғай тұрғындары арғын – қыпшақ деп екіге бөлінеді) арасындағы рулық дұшпандық бары анық сезіліп тұрды. Олар бір-бірімен жиі жауласып тұрады екен. Иманов пен «Алашорданы» көсемдерінің (Дулатов, Испулов) өзарасында бір сенімсіздік бар еді. Мұндай жағдайда Қаратілеуов екеуміз Имановқа келіп, жағдайды реттеу үшін шара қолдануды, «Алашорда» көсемдерінің кеңес өкіметін сатып кетуі мүмкін екендігін ескертуіміз керек еді. Бұл да менің қателігім екенін мойындаймын.
Кейін анықталғанындай, төңкеріс былай жүзеге асты: «Алалшорданың» жетекшісі Дулатов пен біріккен екі отрядтдың бастығы, тұтқындалған түрік офицері Хидаят екеуі өзара келісіп алыпты. Осыдан бір-екі күн бұрын қызылдар соғысып жатқан Шалқар майданынан Торғайдағы отрядтың сонда бет алуы туралы бұйрық келді. Екінші рет жеделхат келген соң (отрядтың шұғыл түрде Шалқарға жетуі туралы) уездік әскери комиссар Иманов отрядтың жорыққа дайындалуына үш күн пұрсат берді, ал шаруашылық бөлімінің бастығы ретінде маған арба мен азық-түлік, жем дайындау бұйырылды. Мен шұғыл түрде дайындыққа кірісіп кеттім. Жақын маңдағы ауылдарға шабармандар жібердім, өзім қаладан 15 жердегі жайылымдағы аттарға кеттім. Қайтып келсем, төңкеріс жасалып қойыпты. Содан кейін Иманов ұсталды...Содан кейін Таранның отряды қарсздандырылды (мен бармай қалада қалып қойғамын), Жиляевтің партизандарымен соғысты, мен Жиляевтің отрядына қосылмағаным да қателік болды, атып тастайды екен деп қорықтым...Алаш отряды қалаға қайтып оралды, ұрыс қарсаңында Имановты өлтірді. Оны мен Торғайдан шегініп кеткен күннің ертеңінде білдім. Шегінген түнде отрядтың дені қашып кетті, ал қалғандарының соғысарлық дәрмені жоқ еді. Могилев өзінің (ақтардың) отрядымен Торғайды қайтып алды. Содан бастап Могилевтің Торғайдағы қанқұйлы әрекеті басталды. Ол атқару комитетінің мүшелерін тұтқындады, әскери-тергеу комиссиясын құрды. Тұтқындалғандарды атып тастағанын келесі күні бір-ақ естідім. Әскери-тергеу комиссиясына «Алалшордашылардан» Шонанов және бірнеше адам мүше болды, нақты есімде жоқ. Әскери-тергек комиссиясына да, үкім қабылдауға да қатысқамын жоқ. Оны толық теріске шығарамын. Үкімді Могилевтің өзі шешті, мүмкін, алашордашылардың кейбіреуімен ақылдасқан шығар. Могилевпен бірге Қасымовтың қарамағындағы «Алашорда» әскері қызылдардың соңына түсу үшін Ырғызға беттеді, ішінде «Алашорданың» өкілі А.Теміров болды» – көрсетінді жасады.
Оқиғаны өз бастарынан кешкен М.Денисовтің, Б.Алмановтың А.Кенжиннің көрсетінділерін салыстырсақ, жалпы мазмұндары ұқсас болғанымен, негізгі мәселе – Аманкелді мен Таранның қазасына келгенде үйлеспейді. Оларға үкім шығарған кім, Таранның өзі ол кезде қайда еді, ол қай жерде ұсталды, Имановты атқан кім? «Алашорда» үкіметінде тылдағы қамтамасыз ету қызметін басқарған, кеңес өкіметінде үкімет мүшесі болған А.Кенжиннің партиялық бақылау комиссиясына берген түсініктемесіндегі «арғын мен қыпшақ» мәселесі шешуші психологиялық қақтығыс жағдайына әкелгенін, кез –келген қазақты сондай бір ыңғайсыздық сезім қалдыратынына қарамастан, мойындау қажет сияқты. Ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі майданда да «арғын хандығын», «қыпшақ хандығын» құрып жеке-жеке соғысқан әскер сол «қазақы бәсекені» «Алаш» пен кеңестің қақтығысы тұсында да сақтаған. Әліби мен Аманкелдінің жасағы, яғни, қыпшақтар большевик, арғындар – «Алашорда» жағында соғысқан. Демек, бірде шоқынып, бірде мұсылманданып жүрген Степнов – Жангелдин рулық түйсігін шоқындырмаған болып шықты. Жасыратын ештеңе де жоқ, бұл «қазақы ерегес» ХХІ ғасырдың да табалдырығын аман-сау ақтады. «Алашордашылар» ақталатын тұста Байтұрсынов пен Дулатовтың басын тағы да қатерге тігіп, сол Торғайда «халықтық сот» жүргізілгені шындық. Ондағы «билердің» көзі әлі тірі. Осы ретте «Алаштың» ісін» архивтен қарап, көшіріп жүрген кезімде танысқан, бірақ қолжазбасы тосыннан қолыма түскен бір «халықтық пікірді» назарға ұсына кеткім келеді. Сәл әдепсіздік екенін білемін. Алайда маған да сол сексенінші жылдардың аяғында бұл хатты ресми мекемелер оқытып, пікір сұрағанын ескере келіп, сондағы сұраққа енді реті келіп тұрған кезде жауап бере кеткім келеді. Мен Қазақстан орталық партия комитетіне, партия тарихын зерттеу институтына, тарих институтына жазылған бір адамның бірнеше хатының ішінен өзіме түпнұсқасын таныстырған марқұм М.Қозыбаевқа жолданған нұсқасын және сол кезде маған таныстырған ғалымның жауабын пайдалануды жөн көрдім. Бұл тосын хатқа қайта оралуыма досым, республикалық Бас прокуратураның жауапты қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының себепкерлігі болғанын ескерте кетемін. Ол – алашордашылар жаппай ақталып жатқан кез еді. Оған осы жолдардың авторының қатысы алғысөзде айтылған болатын. Сол күндері Аманкелді мен Міржақыптың отанынан пікір сұралған. Соған байланысты бейресми «халық соты» өтіпті. Сонда тарих институтының директоры, академик М.Қозыбаев алдында үйіліп жататын қалың қағаздың арасынан төмендегі хатты ұстатты. Сол күндердегі құпия саналатын әйгімені жаңғыртып отырғаныма марқұмның әруағынан кешірім сұраймын. Халық жоқтаушысының 1989 жылы 20 тамыз күні академикке жазған хаты төмендегідей мазмұнда:
Иә, хаттағы айтылғандай және шындыққа өте жақын жорамал – «бүкіл қыпшақ көтеріліске шықса не бетімізді айтар едік?». Манаш марқұм өзіне тән әдептілікпен қайырған жауабын оқып та беріп еді. Ол кезде біз де жартылай астыртын жұмыс жағдайында және қалайда алаш азаматтарын ақтау шебінде жүргендіктен де тергеу ісіне қатысы болар деп қажетті деректерді жиыстыра жүретінбіз. Соның ішінде академик М.Қозыбаевтің де жауабы сақталыпты. Оны да назарға ұсынамыз. Өйткені осында айтылған уәжге біз де қосыламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |