Мазмұны І. Кіріспе 3-4 бет ІІ. Негізгі бөлім



бет15/16
Дата02.01.2022
өлшемі138 Kb.
#452664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
гобелен

Керекті құралдар: Мата, қайшы, түрлі түсті тоқыма жібі. Матаның бетіне суретті салып аламыз. Алдымен ақ қалың матаны аламыз содан кейін ине мен жіпті дайындап тігеміз ең бірінші сурет бағытта тігу басталады, алдынғы жолда айтып өткенімдей кішкене мұқият тігу сурет бойынша ортасынан немесе аяғынан тігуге болады.

Ине мен жіпті алып матамызға бұрышынан бастап тігілу. Мақсаты суретте көрсетіледі.Тор көздің матасынан сыртқы бетіндей сурет, сол матаның теріс жағында көрініп тұрады.

Инені матаға сұғамыз мата бойынша әр түрлі жіптермен тігілу басталады. Матасының теріс жағынан жіпті тоқып отырамыз.

Рамкаға матаны керу. Келесі қадамымыз матаны рамкаға керу. Рамкаға тартылатын мата кенеп немесе наперник болғаны дұрыс, кейбір жағдайда ұнның қапшығын пайдаланатындар да бар. Мата жақсы тартылып керілуі керек. Бос болмай, орташа, созылмалы болмағаны жоқ.

14
Қорытынды


Қазіргі заман кілем үлгісін дайындау үшін алдымен оның ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескерту қажет. Себебі, дизайнер кілем үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Тоқымашылардың шығармашылық еңбек етуіне әсер ететін факторлардың бірі шынайы өмір мен қиялдан туындаған туындылар нәтижесінде және де қоғамдағы әрбір аспекті дизайнер санасында көркем образды шығаруға,туындатуға, әсер етіп, бұйым үлгілерін жобалауда тамаша жетістіктерге жеткізеді.

Сондықтан да болашақ тоқымашылар, суретші модельдер, дизайнер тіпті осы мамандықтарға баулыйтын оқытушы мамандар гобелен тарихы жөнінде білімдерді игеру арқылы кілем үлгілерін әзірлеуде тамаша жетістіктерге жетеді. Әрбір тарихы кезеңдердегі кілем үлгілерінің пішімі, матасы және оның түсі мен мата бетіне салынған ою- өрнектер, жіп түрлері, әшекейлеу түрлері, гобеленнің қосымша бөліктері жөнінде терең мәліметтер береді.

Өркениеттің дамуына байланысты гобеленнің түрі де, пішіні де өзгеруі мүмкін. Сән үлгісінің демократияландырылуы гобелен тоқудың жаңа үлгілері технологиясының дамуына себеп болды, оның функционалдық, рационалдық, экономикалық қасиеттері аса бағаланды. Өйткені, оқушыға берілетін мәлімет пен әртүрлі хабарлар мектепте мұғалімнің айтуы, оқулықтағы жазылған сөз арқылы беріледі. Яғни сөздік сипатттама немесе сурет, схема түрінде көрсетіледі. Оқушы солардың бәрінің шындық бейнесін өзі әрқашан көз алдына келтіріп, қайта құруы керек мектепте жүргізілетін сабақтардың барлығында үйретіледі.

Яғни, түр, түс және жарық пен көлеңке, дыбыс ерекшеліктері мен ырғақтарды білуді қажет етеді.

Айталық, көркем сөздегі мәнерлі де сиқырлы, сырлы сөз білуі, жанрлық ерекшелікпен өнерге тән әдістерді, олардың тарихи шарттылығы дегендерді керек етсе, сурет салу бояу түсін, бір нәрсені не оқиға мен құбылысты көрсетуде белгілі бір тұтастық сақтау, оны көрсету жолдарынжетік меңгеруді талап етеді. Осы айтылғандар арқасында адамда талғампаздық пайда болады.Эстетикалық белсенділік туады. Ал мұның бәрінің іске асуы бала көркемдеп қабылдай алғанда мүмкін.

Жұмыстың түрін таңдай келе, гобелен тоқу бағытындағы тақырыбын таңдап алдым. Ендеше ғасырлар бойы өзін-өзі ақтап, дүниежүзілік көркемөнер саласында ұрпақтан- ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген тоқымашылық өнерін мейлінше насихаттай отырып, қолөнердің басқа да түрлері сияқты солармен бірге дүкендерде сатылуына кең жол ашу бүгінгі күннің талабы. Оның әртүрлі хас шеберлердің қолынан шыққан ажары, әсемдігі,жасалу шеберлігі, қилы-қилы нұсқалары самсап тұрса тіпті ғажап. Ал нағыз шеберлер тоқымашылар бала жастан оқып, үйреніп, көп еңбектенудің арқасында шыңдалады.

Зерттеу жұмысы бойынша қорыта келе көз жеткізген мәселе, бұл- дүниежүзі халқына ортақ тақырып, соның ішінде гобелен тоқу өнері қай кезде өзінің құндылығын жоймайтындығына көз жеткіздік.

19



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет