ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2
Тақырып: Мен және қоршаған орта
1. Өзі, туыстары туралы әңгімелеу.
2. Туған жері, отбасы, отбасы мүшелері туралы ақпарат беру.
3. Дыбыстардың жіктелуі. Үндестік заңы.
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
2-тақырып. Отбасы - шағын мемлекет.
Сөйлесім.
1-тапсырма. Сұхбатты рольге қойып, айтуға дағдыланыңыз.
ОТБАСЫ тақырыбына сұхбат
- Отбасы қандай мемлекет?
- Отбасы шағын мемлекет.
- Біздің тәуелсіз елімізде қандай адам отбасын құруға құқылы?
- Біздің тәуелсіз елімізде камелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы.
- Отбасы адам өмірінде қандай орын алады?
- Отбасы адам өмірінде маңызды орын алады.
-Әр адам өз отбасын қалай бағалап, құрметтеуге міндетті?
- Әр адам өз отбасын жоғары бағалап, құрметтеуге міндетті.
- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты қалай бағалаған және артында қандай ұрпақ қалдыруға тырысқан?
- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты жоғары бағалаған және артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.
- Сіз неше ағайындысыз және олар кімдер?
- Мен төрт ағайындымын.
- Сіздің қарындасыңыз (ағаңыз, ініңіз, сіңліңіз) бар ма?
- Менің екі апам және інім бар.
- Ата-анаңыз кім?, Олар қайда жұмыс істейді?
- Әкем - Өмірбек Асылұлы ауылшаруашылығында механизатор болып жұмыс істейді.
Анам - Жадыра Оралқызы емханада дәрігер болып жұмыс істейді.
- Ата-анаңыздың жасы нешеде?
- Әкем - Өмірбек Асылұлы 45 жаста. Анам - Жадыра Оралқызы 40 жаста.
- Сіз үйленгенсіз бе? (тұрмыстасыз ба?)
- Жоқ, мен үйленген жоқпын. (үйленбегенмін, тұрмыста емеспін, тұрмысқа шыққан жоқпын).
- Сіз отбасыңызбен қандай мерекелерді қарсы аласыз?
- Біз отбасымызбен Жаңа жыл, туған күн, наурыз мерекелерін бірге қарсы аламыз.
-Сіздің отбасыңызда нені дәстүрлі түрде орындап ұстанасыздар?
-Біздің отбасымызда дәстүрлі түрде отбасы мүшелерінің туған күндерін, Наурыз, Жаңа жыл мерекелерін бірге қарсы аламыз.
-Сіз отбасыңызды қалай бағалайсыз?
-Мен отбасымды жоғары бағалап, мақтаныш тұтамы
Жазылым.
●Кестені толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |