Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет17/30
Дата13.03.2024
өлшемі325.09 Kb.
#495214
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
қазақ тілі практика

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 8
Тақырып: Жыл мезгілдері, апта күндері
1. Коммуникацияға қатысу: жыл мезгілдері, ауа-райы, табиғат.
2. Сан есімдердің мағыналық топтары (есептік, реттік). 3. Сан есімдер мен зат есімдердің байланысы
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум


Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
Ауызекі сөйлеу:
— Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
— Бір жылда төрт мезгілі бар.
— Олар қандай?
— Олар:қыс, көктем, жаз, күз.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір күз мезгілі.
— Күз айлары қай айлар?
— Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
— Күз айлары туралы қандай тақпақты білеміз?
Сентябрь — Қыркүйек,
Көкөніс жүрміз тиеп.
Октябрь — Қазан,
Дала — тозаң.
Ноябрь — Қараша,
Ақ қара алаша.
— Күзде қандай өзгерістер болады?
— Күзде ауа райы салқын. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, түседі.Гүлдер солады. Күзде жиі жаңбыр жауады. Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Бау-бақшада жемістер мен көкөністер піседі.
№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?
№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?
№ 3 Сен қай күні демаласың?
№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?
№ 7 Ертең қай күн болады?
Апта-ананың жеті баласы (Семеро детей Матушки недели)
Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі
(Самый спокойный, умный сын Понедельник)
Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі
(Серьезный сын Вторник)
Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі
(Умница и Матушкина помощница Среда)
Сәрсенбі-сәтті күн (счастливый день)
Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі
(Ответственный сын Четверг)
Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті
(Младшая любимая дочка Пятница)
Жұма-қасиетті күн (святой день)
Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі
(Весельчак сын Суббота)
Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі
(Любящий отдыхать маленький сын Воскресенье)
1-жаттығу. Төмендегі көркем әдебиеттерден алынған мысалдардан сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түріне жататындығын анықтаңыздар.
Жетпіс сегіз бен жиырма төртті қосайық. Жетпіс сегізге әуелі жиырманы қосамыз, тоқсан сегіз болады. Содан кейін тоқсан сегізге төртті қосамыз, барлығы жүз екі болады («Арифметика» оқулығынан).
Екінші, үшінші қабаттарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған төсектер бар.
Солардың ішінде ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М.Әуезов).
Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуі-нің жөнін білмек (Абай).
Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған (М.Әуезов).
Олар екі-үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек айналып жүр (Б.Майлин)
Алты совхозға келетін тракторлардың ғана саны үш жүздей (газеттен)
Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз (С.Мұқанов)
Сәтемір жетілерде атасынан жетім қалған (Ы.Алтынсарин)
Судың үштен бірі қалғанда, көлжұтардың ұрты ғана суға толады. (Қазақ ертегілері)
2-жаттығу. Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
Бір күн бұрын ексең, бір апта бұрын орасың. Ертеңгі екеуден бүгінгі біреу артық. Жетелі келіннің жеті-жетіден құрбысы бар. Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атаңды жық. Он екі айда он үш той. Жұт жеті ағайынды, жиенімен сегіз. Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет