Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет25/30
Дата13.03.2024
өлшемі325.09 Kb.
#495214
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
қазақ тілі практика

Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз 
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 13
Тақырып: Киім
1. Коммуникацияға қатысу: емханада, дәріханада.
2. Көмектес септігі (іс-қимылдың құралы)
3. Керек, қажет сөздерінің қолданысы
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум


Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не? Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай? Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың келбеттері қандай? Ұлты –татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз кім? Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай? Олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді, олар кімдер?


Оқылым.
Адамның сәні.
Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.
Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
2 тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
«Сән» сөзі қай тілден енген? Сән ненің бейнесі? Сән қандай құбылыс? Қанда киім стилі өзгермейтін, іскерлі элегантты деп айтылып жүр? Классикалық стильдегі киімдерге қандай сән үлгілері жатады? Қандай киім стилі қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы болып саналады? Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері қандай?


Сөйлесім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет