Нәтижеге жетуді тексеретін тесттерді жасау.
ОЭ структурасында оқушылардың нәтижеге жетуін тексеру соңғы бөлім болып табылады, бірақ ОЭ-ні құру процесінде тестік тексеруді жасау мақсатты анықтау этапынан кейін болады. Бұл толық қисынды, себебі қатаң белгіленгендерді біліктілік мақсатында меңгеру кепілдігі, осы программаланған нәтижеге жетуді тексерумен бірдей қамтамасыздандырылады. Сондықтан, нәтижеге жетуді тексерудегі әрбір тестік тапсырмалар, ОЭ мақсатында белгіленген, анық позицияға сәйкес болуы керек.
«Word текстік редакторында таблицасы бар тексті дайындау» ОЭ-дегі нәтижеге жетуді тексеру екі бөлімнен тұрады: сұрақтарға жауаптар және тексеру критерийімен жасалған практикалық тапсырмалар. Осы бөлімдердің мазмұнын дәлірек қарастырайық.
1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Таблицаны дайындау алгоритмі қандай болуы керек? Келтірілген амалдарды дұрыс реті бойынша номерлеңіз.
Word пиктограммаларының ішінен таблицаның бейнесі бар пиктограмманы табу.
Таблицада қанша жол және баған болатынын ойлау.
Таблицасы бар пиктограмманы, соның үстіне тышқанның сол жақ түймешесін басу арқылы таңдаңыз.
Шаблонды таблицаға жолдар мен бағандардың қажет санын беру.
Дайын таблицаны жиектеу сызығының түрін беру.
Дайындалған таблицаны белгілеу.
Тексті дискіге сақтау алгоитмі қандай болу керек? Келтірілген амалдарды дұрыс реті бойынша нөмерлеңіз.
Төмен түсірілген мәзірдегі Сохранить пунктін таңдау.
Файл атын енгізу(теру).
Мәлімет сақталатын дискіні таңдау.
Word-тың негізгі мәзірінен файл позициясын таңдау.
Тексті принтерден шығару алгоритмі қандай болуы керек? Келтірілген амалдарды дұрыс реті бойынша нөмерлеңіз.
Баспаға шығару үшін көшірмелер санын таңдау;
Баспаға шығарылатын парақтар диапозонын таңдау;
Word-тың негізгі мәзірінен файл позициясын таңдау;
Төмен түсірілген мәзірден печать позициясын таңдау.
2. Практикалық тапсырма.
Word-та таблицасы бар тексті теріңіз.
Берілген тексті дискіге сақтаңыз.
Тексті принтерден шығарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |