2.3 Оқулық элементті дайындау технологиясының әдістемелік ерекшелігі
Оқулық элемент(ОЭ) дегеніміз-бұл білімнің немесе біліктіліктің кішкене бөлігін меңгеруге арналған және өзін-өзі оқыту үшін немесе мұғалімнің басқаруымен оқу үшін қолданылатын автономиялық оқулық материал.
Оқулық элемент-оқу материалын MES-концепцииясының кәсіпкерлік дайындауы арқылы ұсынудың негізгі түрі. Ол оның жеке программасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқулық элемент, әдетте, жеке кітапша сияқты жинақталады, бірақ ол магниттік тасығыштарда да-компьютерлік оқытушы программа ретінде жинақталуы мүмкін.
Оқулық элементтің структурасы.
Оқулық элемент үш негізгі бөліктен тұрады:
• Мақсаты-мақсатты жорамалдаудың оперативтік дәрежесіне жатады және дайындау программасы бойынша қозғалудың нәтижелерін анықтайды;
• Мазмұны-көрсетілген мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді және текстік, бейнелік материалдардан, сонымен қатар, машықтанатын тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады;
• Бақылау(өзін-өзі бақылау)- берілген оқулық элементтің мақсаттарының нәтижеге жеткенін тексеретін тесттердің көмегімен жүзеге асады.
Оқулық элементті жасау тәртібі.
Оқулық элемент келесі жүйе бойынша жасалады:
Оқулық элементтің атын қою.
Оқулық элементтің атында, ОЭ-ні меңгеру процесінде құрылатын біліктілік белгіленуі керек. Аттары мысалы, мынадай болуы мүмкін: «Word текстік редакторындағы кадрлармен жұмыс режимін қолдану», «Word текстік редакторында бірнеше тексті біреуіне жинақтау, біріктіру», «PaintBrush графиктік редакторын қолдану арқылы сурет салу».
Оқулық элементтің мақсаттарын қою.
Оқулық элементтің мақсаты былай құрылады: оқытудың күтілген нәтижесі қызмет терминінде жасалады, ал оның орындаушысы оқушы болады.
«Word текстік редакторында таблицасы бар тексті дайындау» оқулық элементтің мақсаты келесі түрде қойылған:
Берілген оқулық элементті оқығаннан кейін сіз мыналарды істей аласыз:
Word текстік редакторын қолданып, таблицасы бар тесті теру;
Терілген тексті магниттік дискіге сақтау;
Тесті принтерден шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |