Оқулық элементтің мазмұнын жасау.
Оқулық элементтің мазмұнын мазмұнды бөлігінде(денесінде) оқытудың мақсатын жүзеге асыратын оқулық материал ашылады. Мазмұнды бөлігі оқушыны нәтижеге жетуді тексеру тестіне дайындайды.
Оқулық элементті жасау этаптары.
Оқулық элементтерді жасау мамандар тобымен жүргізілуі керек, оның құрамына енетіндер:
Оқытушылар – мазмұнды бөлігіне жауап береді: мақсаттары, тесттер, мазмұны;
Суретші – көркемдеушілер – оқулық элементтің полиграфиялық көркемдеуіне жауап береді;
Редакторлар – текстерді редактрлейді және түзетеді;
Техникалық мамандар – компьютерде теруге және көркемдеуге жауап береді.
Оқулық элементті жасаудың келесі ретін ұсынуға болады:
1.Оқушыларды дайындауда берілген программа үшін қажет ОЭ-лер тізімін анықтау.
2.Осы ОЭ-ді жасаудың жақсы болатынын анықтау.
3.Оқулық элементтің бірінші вариантын жасау.
4.Оқулық элементтің бірінші полиграфиялық көркемдеу.
5.Оқулық элемент бойынша оқытудың пилотаждық курсын жүргізу.
6.Оқулық элементтің бірінші вариантына түзету жасау.
7.Соңғы вариантты көркемдеу және баспаға жіберу.
Кейбір этаптарын жеке қарастырайық.
Оқулық элемент мазмұнының бірінші вариантын жасау.
Оқулық элементтің мазмұнды бөлігінде келесі бөлімдерді алдын-ала қарастырамыз:
Windows программасын жүктеу.
Word текстік редакторын жүктеу.
Клавиатурада тексті теру.
Таблицаны дайындау және толтыру.
Тексті дискіге сақтау.
Тексті принтерден шығару.
Мазмұнның бөлімдер тізімі, мақсаттар тізіміне қарағанда көлемді, бұл кездейсоқ емес. Бірінші үш бөлім алдыңғы оқулық элементтің мазмұнын қайталайды, бірақ олар қажетті, себебі оқушылар WORD текстік редакторын енді ғана меңгеруде және өтілген материалды үнемі қайталауды және бекітуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |