Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Ақпараттық коммуникативтік технологияларды алгебра сабағында қолдану



бет19/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

2.5. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды алгебра сабағында қолдану

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жастарды өмір мен еңбекке дұрыс тәрбиелеу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі казіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.


Мектепте математикадан білім беруді одан әрі жетілдіру, дамыту осы бағыттағы мақсаттардың бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлығын жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде барынша алуан түрлі ғылымдарға математиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, информатикага оқұшыларды мектепте оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру мұғалімдердің құзырындағы іс. Сондай-ақ болашақ информатик мұғалімдерді педагогикалык институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттык білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттык технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, акпараттык қоғамға бейімдеу болып табылады.
Бұл оқу құралында болашақ мүғалімдердің кәсіби даярлығына қажетті теориялык мәліметтер, оқытуға катысты педагогикалық технологиялар мен әдістер, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың білім беру үдерісінде қолданылуы, интерактивті тақтамен жұмыс жасау жолдары қарастырылған.
Математиканы окытудыц әдістемелік жүйесі.
Оқыту - білім алудың, біліктілікке үйретудің, іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың және адамды еңбекке бейімді даярлаудың негізгі кұралы. Оқыту процесінің нәтижесінде білім алу, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары жүзеге асырылады.
Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері және әдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады.
Әдістеме ғылымның өзінің мазмұнымен байланысты, сол оқытылатын пәнге арналған ғылымның логикалық ерекшеліктерін ескереді.
Әдістеме ғылыми пән, ол «оқытудың әрбір кезеңінде, әрбір нақтылы оқыту жағдайында оның тиімді жолдарын талдауға және негіздеуге сыбайлас ғылыми білімді жинақтауды қамтамасыз етеді. Әдістеменің басты ерекшелігі мектепте оқу пәні ретінде алынған нақты материалды дидактикалық өңдеуде».
Әдістеме құрстары студенттерді белгілі бір оқу пәні бойынша оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері, принциптері, нақты түрлері мен әдістері және нақтылы пән құралдары арқылы ғылыми көзқарастарының қалыптасуы жөніндегі біліммен қаруландырады.
Дидактика - педагогиканың негізгі бөлімі болып табылады. Оны оқыту және білім беру теориясы деп атайды. Дидактика гректің «didaktikos» деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы білім беру мен оқытудың теориясы немесе «оқытамын», «білдіремін» деген түсінік.
Дидактиканың өзінің тарихы бар. Чехтың ұлы ұстаз ғалымы Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» деген еңбегінде окыту теориясының тиімді мәселелерін шешіп берді.
Дидактика ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы В.Ратке. Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселелері: оқыту мазмұны, процесі, әдістері, түрлері, принциптері және т.б.
Оқытудың әдістемелік жүйесін көптеген әдіскер-ғалымдар зерттеген. Оқытудың әдістемелік жүйесі - өзара байланысқан компоненттерден тұратын дидактикалық құрылым. А.М.Пышкало, Ю.С.Брановский, А.В.Ванорин, Г.Н.Лобова және т.б. ғалым-әдіскерлер оқытудың әдістемелік жүйесінің компоненттеріне оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, түрлері мен құралдарын жатқызады.
Математикада оқытуда қолданылатын әдістер.
Оқытудын жобалау әдісі.
Қазіргі кезде оқу процесіне ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың енгізілуімен қатар, окыту функцияларының бір бөлігі ақпараттық, коммуникациялық технологиялық құралдарына жүктеледі. Жоба арнайы мақсатта ұйымдастырылады, іс-әрекеттік жүйеде қолданылады, оған Батыста және Ресейде қатты қызығушылық туғызып, қолданысқа ендіруде. Өйткені, жобалау әдісі проблемалық оқыту мүмкіндігін туғызады. Соңғы кездердегі тәжірибелерден жобалау әдістері математиканың информатикамен пәнаралық байланысында қолданылып, сабақ тиімділігін жоғарылататындығын көрсетуде. Жобалау әдісі компьютер көмегімен түрлі есептерді шығаруда келесі кезендерді қамтиды:
- жоба тақырыбын қою;
- модельдеу;
- орындау;
- жоба нәтижесін талдау;
- жобаны қорғау.
Жобалау әдісінің негізін қалаушылардың бірі Дж.Дьюи баланың қабілеттілігіне талдау жасап оқытудың ең басты бөлігіне оқушы қиялы мен қызығушылығын қойды. Әлемдік тәжірибелерді талдау жобалау әдісінің әр елдегі білім беру жүйесіне кең қолданысқа ие болғанын көрсетті. XX ғасырдың соңы XXI ғасырдың басында ақпараттық қоғамның дамуы бұл әдістің жиі қолданысына әкелді.
Жобалау әдісі «қандай да бір іс-әрекетке қатысты белгілі бір сала бойынша практикалық немесе теориялық білімдерді игеру әдістері мен операциялардың жиынтығы» деп көрсетілген. О.В.Чураков, Г.Б.Голубь жобаны «мұғалімнің арнайы ұйымдастырған ал оқушының өнім құрастырумен аяқталатын маңызды мәселені шешуге бағытталған іс-әрекеттер кешенін өз бетінше орындауы, ал жобалау әдісі - оқушыға өзіндік жұмыс мәселелерін қоятын және шешетін білім берудегі жағдайды ұйымдастыру технологиясы және мұғалімнің қолданатыны - оқушы іс-әрекеттерін сүйемелдеу технологиясы» деп көрсеткен.
Оқушының жобалау іс-әрекеттерін екі жақтан қарастыруға болады: іштей және сырттай. Ішкі нәтижеге көру, ой елегінен өткізіп, зерделеу, өлшеу, практикада қолдану жатса, ал сыртқы нәтиже ретінде оқушының білім, біліктілік, құндылық қасиеттерін біріктіретін өзіндік өмір тәжірибесін жинактаудың нәтижесі. Қазіргі кездегі қолданыстағы оқу жобаларын келесі түрде сұрыптауға болады:
- орындаушылық
- құрастырушылық
- креативтік
Іс-әрекет түріне қарай
- зерттеушілік
- креативті
- ақпараттық
- ойын түрінде
- қолданбалы
Біліктілікті қолдануына қарай
-жобалау (іздеу, ұйымдастырушылық, ақпараттык, ой ойлауға әкелетін, коммуникативті, рефлексифті);
- пәндік (математикалық, фило- софиялық, тарихи, т.б.)
- креативті;
- интелектуалдық
Мазмұн
-бірпәндік
- пәнаралық
- пәннен тыс
Орындау
-мектептік (бір мектептің оқушы- ларымен, сынып арасындағы, элективті құрс бойынша)
Жобаға қатысушы оқушылар құрамы
- жеке
- жұп-жұбымен
- топтық
Жобаға қатысушылардың жас ерекшеліктері
- бірдей жастағылар
- әр түрлі жастағылар
Жобамен жұмыс жасау ұзақтығы
- қысқа мерзімді (бір немесе бірнеше сабақ көлемінде)
- орта мерзімді (тақырыпты үйрену уақыты аралығында)
- ұзақ мерзімді (бір жыл немесе одан көп жыл)
Жобаны ұйымдастыру түрі
- ашық (мұғалім жобаның орындалу барысын оның барлық кезеңдерінде қадағалайды және нәтижені жариялайды)
- жабық (телекомуникациялық жоба)
Қысқаша айтканда, жобалау әдісі - «проблемалық әдіс, топтық жұмыс, рефлексивті, презентативті, зерттеушіліқ, ізденушілік не басқа да әдістемелерді қамтитын оқушының өзіндік іс-әрекеттері».
Жобалау әдісі нақты жағдайға өте жақындатылған іс-әрекеттің материалдық жағынан аз шығын жұмсайтын тәсілдерін құруға негізделетінін айта кету керек.
Жобалау — белгілі бір жоспар бойынша жүзеге асатын іс-әрекеттің өз бетінше орындалатын түріне жатады, сондықтан біз жобалау іс-әрекеттерін кезеңдерге бөлдік.
Бұл кезендерде алға қойылған мәселелер шешіледі, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерінің сипаты ашылады, жоба бойынша біліктіліктер арнайы қалыптасады. Танымдық іс-әрекет нәтижелі болу үшін жобаны келесі түрдегі 5 кезеңге бөлген дұрыс.
Алғашқы іздеу кезеңінде мәселені анықтау маңызды болып табылады. Проблемалық жағдайлар бар білімдер мен жаңадан қойылған талаптардың арасындағы сәйкессіздіктен шығады. Мұндай қайшылық ретінде белгілі теорияға келмейтін жаңа фактіні ашу, бұрыннан келе жатқан теорияға деген жаңа көзқарас немесе адамдардың қандай да бір оқиғаны бағалаудағы көзқарастарының сәйкессіздігі болып табылады.
Жобалау іс-әрекетініц аналитикалық, кезеңінде оқушы жобаның мақсаттары мен міндеттерін анықтауы тиіс, күтілетін нәтижені анықтау, өз іс-әрекетінің жоспарын кұру, жоспарлы нәтижеге жету тәсілдерін зерттеу керек. Бұл кезеңде оқушының ақпараттармен жұмыс жасауы жүзеге асады.
Аналитикалық кезеңнің соңына қарай оқушы алға қойған мақсатқа жету үшін нені орындау керектігін нақты білуі керек.
Жұмыстың практикалық кезеңінде оқушылар жоспарлы іс-әрекеттерін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл кезде тапсырмаларды орындауға қажет әр түрлі технологияларды игереді, ал бұл технологиялар мектеп бағдарламасының шеңберінен шығып кетеді. Бұл кезеңде оқушы өте көп өз бетінше жұмыстар орындайды.
Соңғы рефлексивті кезеңде жобалық іс-әрекеттер ойластырылған жобаның жүзеге асуына қарай оқушылардың ой елегінен өткізуі орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет