Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Математика сабақтарында модульдік оқыту технологиясының тиімділігі



бет20/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

2.6. Математика сабақтарында модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы. XXI ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық. Әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрену және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. «Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді» (Кларин М.В.). Ал модульдік технология ұғымына келсек, технология дегеніміз tehne - шеберлік, өнер, ал logos – білім, ғылым деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Сонда нақтылақ айтсақ шеберлік пен білім беру деген түсінікті береді.


Математика сабақтарын оқытуда жаңа технологиялардың ішіндегі модульдік технологиясы қолайлы әрі тиімді деп айтуға болады. Осы технологияның өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Ерекшелігінің бірі - білімді меңгеру емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Технологияның тағы бір басты ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге болатындығында. Технология модульдік сипатта құрылған.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілірге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
1) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
2) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттер әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
3) тірек сызбаларға сүйене отырып, оқу материалын модульдің тұтас тақырыбы ретінде қысқаша түсіндіреді.
Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен-қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшілігі бар. Оқытудың белсенді және өз ойын кеңінінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте (13–тен 24 ретке дейін) қайта оралып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. (Оқу материалын меңгеру оған 7 мәрте қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр). Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл технологияның маңызды шарты-оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс сабақ барысында не істеуі керек екенін жақсы біледі, ойткені мұғалім балаларды сабақ ережелерімен, оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төменгідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
• оқу материалын бір тұтас беру қағидасы;
• «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңында-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен факті – деректер еңгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.
• сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды), бұл іс жүзінде оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да меңгерілген білімді бекіту үшін өте қажет.
Оқу модулінің бұл бөлімінде көбірек қолданған әдіс-бірін-бірін тексеру әдісі. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір–біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми еңбек көздерін пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқу пәнінің ерекшелігіне орай оқушы білімін бақылаудың түрлері ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе сынақхат қолданылады, бұл оқу модулінің қорытынды бөлімінде іске асырылады. Қорытынды бөлім – бұл модульдің тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі. Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім-білік дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған. Оқушылардың білімін әділ бағалау және оларға жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болу үшін біз бақылаудың бірнеше түрін даярладық.
Біріншісі - міндетті - тестілеу.
Екіншісі - мұғалім өз таңдауы бойынша (сынақ, бақылау жұмысы, диктант т.б.) Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау оқушылардың білімдік, танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін толық ашпайды.
Бұл технологияның жан-жақтылығы оны жоғары, орташа, төмен, білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істегенде гимназия, лицей сыныптарында, жалпы білім мектептерде де қолдануға болатындығы. Айырмашылығы-тек бағдармалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін оқушылар санының әр түрлі болатындығында. Алайда, осы технология бойынша бір сыныпта бірнеше жыл бойы жұмыс істеу барысында, білім деңгейі төмен оқушыларды неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік берітінін айқындап отырмыз. Бұл технологияны зерттеп қолданған себебіміз, оқушылардың танымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың математика пәні бойынша алған білімдері күрделеніп, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге болатындығында, бағдарламалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін оқушылардың жетік меңгергендегі байқалады.
Олай болса, модульді оқыту әдісімен жан-жақты толық танысып, дидақтикалық материалдарды, көрнекіліктерді, оқыта-үйрету ойындарын, қазақтың ұлттық ойындарын, мұғалімнің өз тарапынан шығармашылық жұмыс жасау арқылы өз дәрежесін коммуникативтік қарым-қатынас деңгейіне көтеруге және жеткізуіне мол мүмкіндіктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет