1.3. Оқушылардың өз бетімен жұмысты орындау қабілеттерін арттыру мәселелері
Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Қоғамның өркендеуіне, дамуына, онда болып жатқан өзгерістерге байланысты біздің мемлекетіміздегі білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуіне бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу, өз бетімен өмір сүруге даярлаудың негізі болып табылады.
Өз бетімен оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қабылдау тәсілдерін игеру үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекет.
Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:
Жаңа сабақ түсіндіру кезінде.
Қайталау сабағы кезінде.
Сабақты бекіту кезінде.
Сабақтың мазмұнына, тақырыбына қарай сабақта бірнеше өз бетімен жұмыс тапсыруға болады.
Сабақтың мазмұнына, тақырыбына қарай сабақта бірнеше өз бетімен жұмыс тапсыруға болады. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда болатын жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған жөн. Өйткені әр оқушының танымдық қабілеті, қызығуы білім бейімділігі әр түрлі болады.
Өз бетімен жұмыс әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекетін зерттеу әрекетіне көшеді. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу жүйелілігі, бірізділікпен ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға әкеледі. Нәтижесінде оқушының өзіндік терең ізденіске бастайды.
СТО(сын тұрғысынан ойлау) бағдарламасының технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі ойлау процессі болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.
Ол ортада оқушы:
Ойлауға үйренуге;
Өз ара пікірлерімен санаса біледі;
Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді;
Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады;
Өзіне деген сенімі артады;
Оқу процесіне белсенді қатысады:
Жолдастарының пікірін сыйлайды;
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі;
Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады;
Сараптауға, бағалауға дағдыланады;
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Әр пәнде тақырыпты ашуда, оқушылардың қызығушылығын оятуда әр түрлі ребус, сөзжұмбақтар шешу арқылы, біріншіден, өткенге қайталау болса, екіншіден, тақырып ашылады. Сол тақырып төңірегінде не білетіндері туралы «миға шабуыл» жасалады. Оқушылар сабақ тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпқа деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болады. Оқушылар кластер құрады, әртүрлі сызба, тірек схемаларына сүйене отырып тақырыпқа байланысты не біледі соны жазады(өз біліміне, тәжірибесіне сүйенеді). Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушыларда өз күшіне деген сенімділік пайда болады.
Кей кезеңде әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды, оқушылар бір-біріне қол созады. Бұл кезде ұжым мүшелерін біріктіретін кез болады. Сондықтан сабақтарға СТО бағдарламасының «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Менің ойымша», «Топтастыру», «Ой қозғау», «Бес жолды өлең» және т.б. стратегияларын көбірек пайдаланған жөн.
Сонымен СТО бағдарлама стратегияларын пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істеуге баулу не ереді?
Достарыңызбен бөлісу: |