Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесі



бет8/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

1.4. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесі

Өздік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекетінің қызметін болжайды. Яғни білім мен білік тек белгілі бір оқу әрекеттерін орындаған кезде ғана толық әрі саналы меңгеріледі және де бұл әрекеттерді оқушының өз бетінше орындағаны дұрыс. Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өздік жұмысын ұтымды ұйымдастыра алатын, керек кезінде проблемалық жағдайлар туғызып, олардың назарын басты проблемаларды өз бетінше шешуге бағыт-бағдар алатын мұғалімнің оқу процесінде жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады.


Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын ақпараттар, деректер, заңдар, ережелер беріп қана қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Мұғалім оқушылар шығармашылдық белсенділік танытатындай, оқыту процесін ұйымдастырушы және басқарушы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде: үй жұмысын тексерген кезде, оқушылардың жаңа білімді меңгеруге дайындығы кезінде, жаңа білімді енгізгенде және оларға сүйенген кезде, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Осы орайда математика сабағының әр түрлі кезеңдеріне тоқтала кетейік.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін білікті басқару, сабақтың әр кезеңінде түрлі мазмұнды жұмыстар ұйымдастыру(дидактикалық ойындар, шағын өзіндік жұмыстар, математикалық диктанттар және т.б.) оң нәтижелерге жетуге ықпал жасайды.
Жаңа білімді игеру кезінде барлық оқушылардың жеңіл есептерді өз бетінше шығаруы, тіректік білімді өзектендіру мақсатымен тәжірибелік мағынасы бар өздік жұмыстарды орындауы, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыратын болжаулар тұжырымдауға үйрету, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады.
Жаңа білімді енгізу кезеңінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін арттыру ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді, заңдарды, қасиеттерді айқындауға жақсы жәрдемші болатын шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
Алынған білім мен білікті тиянақтау кезінде түрлі мазмұнды танымдық есептер шығарылады, мұғалімнің берген ақпараты оқушылардың білім деңгейіне сай келуі тиіс және тапсырмалардың қиындық деңгейі үлгі бойынша орындалатын белгілі амалдардан жаңа жағдайларда орындалатын объектілер мен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі олардың алынған білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады.
Әрине, өздік жұмыстың мазмұны, формасы және оны орындау уақыты сабақтың сол кезеңіндегі оқыту мақсатына байланысты болуы керек. Айта кететін жай, оқу процесінде өздік жұмысты көп қолдануда, оны дәл бағалай алмау да зиянды. Әлбетте, егер оқытудың әр кезеңінде жүргізілетін өздік жұмыстардың мақсаты дәл анықтаған болса, оның тапсырмалары мақсатқа сай болса, алынатын қорытынды толық дәлелденген болса, онда ол дұрыс нәтиже береді. Сондай-ақ, оқушыларды жұмыс жүргізуге дайындау, оны өткізу және алынған нәтижені бағалау мәселелері мұғалім үшін маңызды болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың өздік жұмыстарының әр түрлі жіктеулері көрсетіледі. Олардың ішінде оқытудың теориясы мен практикасында жиірек кездесетіндері мыналар:
1.Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып-үйренетін, тексеретін, қадағалайтын және т.б.
2.Даралау дәрежесі бойынша: мазмұны әр түрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын; мазмұндары бірдей, бірақ әр түрлі тәсілдермен орындалатын; мазмұндары әр түрлі және әр түрлі тәсілдермен орындалатын.
3.Білім мазмұны бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, зертханалық және сызбалық жұмыстар және т.б.
4.Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты өздік жұмыстар және т.б.
Осы жіктеуге сәйкес оқу процесінде өздік жұмыстың төрт түрі қарастырылады. Олар мыналар:

  1. үлгі бойынша орындалатын;

  2. реконструктивті-вариативтік;

  3. эврикалық(ішінара ізденуді талап ететін);

  4. шығармашылық(ізденуді талап ететін) өздік жұмыстар.

Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы мұғалімнің көрсеткен үлгісін қолданып, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынуға ұмтылады. Осындай жұмыстар үшін арнайы тапсырмалар(есеп шешімінің дайын үлгілері, алгоритмдік ұйғарым, теориялық мағлұматтар, ілеспелі нұсқаулар және т.с.с.) дайындалады. Үлгісі арқылы берілген жұмыстар оқушылардың оқу материалын тиянақты игеру мақсатын көздейді. Бірақ олар оқушылардың танымдық, шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесін жетілдірмейді, сондықтан оқушылар өздік жұмыс тапсырмаларының басқа типтерінің көмегімен іс-әрекеттің қиынырақ түрін орындауға жұмылдырады.
Вариативтік өздік жұмыстарға танымдық есептер кіреді. Оны орындау процесі кезінде оқушылар:а) жағдайды талдау қажеттілігіне; ә) оқу проблемасының белгілерін айқындауға; б) осы проблемаларды шешудің жолдарын іздеуге; в) белгілі амалдардан тиімдірегін таңдап білуге және т.б. дағдыланады.
Вариативтік өздік жұмыстарды орындағанда оқушылар түрлі алгоритмдерді, формулаларды қолданады, дәлелдеудің бірнеше жолдарын қарастырады; есеп шығару тәсілдерін, ережелерін талдап қорытады және т.с.с. Сонымен реконструктивті- вариативтік өздік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға мүмкіндік тудырады, ал олардың білім деңгейінің тереңдей түсуіне ықпал етеді.
Мұндай өздік жұмыстар үшін мұғалім проблеманың жаңа шешімдерін іздестіріп, алынған білімді( бірнеше тақырыптар мен бөлімдерден) бір жүйеге келтіруді көздейтін тапсырмаларды іріктеп дайындауы тиіс.
Кең таралған өздік жұмыстардың бірі – тақырыпаралық және пәнаралық зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады. Мұндай өздік жұмыстарды орындау үшін оқушылар өздерінің игерген білімдерін есептер шығаруда жан-жақты қолданып, өз бетінше жаңаша шығару жолдарын көрсетіп, оның мазмұнын, мақсатын, шығару жоспарын дайындауы керек. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру үшін практикада арнайы дайындалған танымдық тапсырмалар ұсынылады. Олардың ішіндегі маңыздысы – оқушылардың математикалық ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді, заңдарды және олардың практикада қолдану тиімділігін тұжырымдап айту үшін шығармашылық әрекеттерді орындауға бағыттайтын тапсырмалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет