Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім



бет7/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

Оқушы үшін:
1.Сыныпта мықты ұжым қалыптасады;
2.Оқушылардың сөздік қорлары, ауызекі, жазбаша сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
3.Үлгерім, білім сапасы артады;
4.Сабаққа қызығушылық пайда болады, белсенділігі артады;
5.Оқушыларда ізденушілік, шығармашылық қабілеттері ашылады;
6.Өз ісіне деген жауапкершілік, сенімділік пайда болады.
Мұғалім үшін:
1.Мұғалім тек бақылаушы, жетекші;
2.Көрнекті құрал оқушы қолымен жасалады;
3.Уақыт тиімді, үнемді пайдаланылады;
4.Оқушымен қарым-қатынас түсіністік, сыйластық принциптері құралады;
5.Шәкіртіне дәріс беруден тек ләззат алады;
6.Еңбегінің жемісін көре біледі.
Білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен технологияларын игеру бүгінгі күннің қажеттілігіне айналды. Сондықтан да СТО жұмыс істей жүріп, басқа да оқыту технологияларының элементтерін қолдану білім сапасының жоғарлауына ықпал етеді. Математика сабағынада ұтымды әдістердің бірі – деңгейлік әдіспен тапсырма беру. Сондықтан білімді тексеру – білім алушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін тексеру-бар оқыту үрдісінің ең тиімді жолы болып табылады. Диагностиканы өткізу, әсіресе, педагогикалық іс-әрекеттік диагностика әрбір мұғалімнің өзіндік талдау, өзіндік бағалау машықтарын игеруіне бағытталған. Оқушылардың білім сапасын басқару үшін мұғалім оқытудың шарттары ретінде оқу үрдісін шығармашылық тұрғысынан қарастыруға және күтілген нәтиженің жетістікке жетуіне жауапты.
Көрнекті педагог В.Сухамлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Ұрпақ тәрбиесі-келешекке қоғам тәрбиесі. Сол кедешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылық, мейірімділік, ізгелікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет