Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Модульдік оқытудың мәні мен маңызы



бет10/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

2.1 Модульдік оқытудың мәні мен маңызы

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның творчестволық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтық шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет.


Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу үрдісіне оқытудың жаңа нысандарын және жаңа технологияларын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ондай нысанның бірі оқытуда модульдік идеяны пайдалану, соның негізінде модульдік оқыту тәсілін енгізу. «Модуль» деген термин педагогикаға информатикадан келген. Информатикада модуль деп әр түрлі ақпараттық жүйелер және стуктураларды(құрылымдарды) тиімді пайдалануға(оңтайлы және қайта құруға ыңғайлы етуге) байланысты енгізілетін конструкцияны айтады. Модуль термині- интернационалдық ұғым(түсінік).
Жалпы модульдік тәсілді оқулық материалдарды және процедураларды олардың атрибутивтік ерекшеліктерін ескере отырып, аяқты(аяқталынған) бірлік түріне келтіру деп түсінеді. Бұл тәсілдің негізгі идеясы мынада: оқушыға ұсынған жеке оқулық бағдарламамен өз бетінше(немесе өз бетінше дерлік) жұмыс істей алатындай жағдай жасау. Мұнда сабақтың мақсатты жоспары, ақпарат банкі және қойылған дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік нұсқауы үйлестіре қамтылған болады. Модульдік оқыту тәсілін пайдалану барысында педагог(мұғалім) функциясы ақпараттық бақылаушыдан консультант – координаторлыққа дейін өзгеретін болады. Әзіргі кезде модульдік оқыту негізінен арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында ғана пайдаланылып жүр. Бүгінгі күні ЖОО-ларда кредиттік оқыту жүйесінің кеңінен ене бастауына сәйкес бұл тәсілді орта мектепте де тездете енгізуіміз қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет