Науқасты қарау
Науқасты қарағанда-инфекциялық-токсикалық шок көріністеріне байланысты ауыр немесе өте ауыр болады. Терісі бозарған, цианозды (ерін, саусақ ұштары).
1-2аптаның ішінде науқастардың жағдайы нашарлайды, интоксикация көріністері өршиді: дене температурасы 39-40º-қа дейін жоғарылайды, түндегі терлегіштік, әлсіздік, тахикардия, акрацианоз;
Перкуссияда тимпанды өкпелік дыбыс анықталады;
Аускультацияда қатаң немесе әлсіреген дыбыс, аз мөлшерде құрғақ және майда ылғалды сырылдар, әсіресе паравертебралды аймақта анықталады.
Бауыр және көкбауыр аздап ұлғайған. Пульстің айқын лабильділігі, тахикардия байқалады. Туберкулинді сынама көбінесе жалған теріс болады (теріс анергия).
Зертханалық көрсеткіштер:
Гематологиялық ығысулар аурудың басында лейкоцитозбен 15—18 • 109/л-ге дейін, кейін лейкопениямен 4—5 • 10’9/л және тромбоцитопениямен 90—100 * 109/л ауысады.
Бір уақытта эозинопения, лимфопения, солға ығысумен қатыстық нейтрофилез, бірақ цитоплазманың токсикалық түйіршігінсіз, ЭТЖ бірден жоғарылаған 40—50 мм/сағ дейін. Зәрде кейде нәруыз, микрогематурия, оң диазореакция анықталады.
Милиарлы туберкулездің рентгенологиялық көрінісі бірінші
күндері өкпе суретінің мөлдірлігінің диффузды төмендеуімен, аралық тіннің қабынулық тығыздалуына байланысты майда ілмектік тордың пайда болуымен көрінеді. Тек аурудың 7-і күні қарау рентгенограммасында дөңгеленген формалы бірнеше жақсы шектелген тары дәніндей өлшемді, тізбектеліп өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде симметриялы орналасқан ошақтарды көруге болады,жиі өкпенің барлық аймағында. Тотальды себілу екі өкпеде де симметриялы, майда біртитпі ошақтармен. Егер процесс өрши берсе, плевра мен менингиальды қабаттар да зақымдалады.
Ошақтардың интенсивтілігікіші немесе орташа, бір бірімен қосылмайды, симметриялы орналасқан, ортаңғы және төменгі бөліктерде қоюлау. Бұл феномен рентгенограммадағы өкпенің әр бөліміндегі көлеңкелердің бірдей еместігімен түсіндіріледі.
Жеделше гематогенді- диссеминирленген туберкулез
Ірі-ошақты жеделше ағымды гематогенді-диссеминирленген туберкулездің аталуы клиникалық ағымының жеделше түрде өтуіне байланысты емес, ең алдымен процесстің жаңадан басталуына, жақында пайда болған ошақтардың жасының ұқсастығына байланысты; ірі ошақтар (5-10мм) зақымдалған бөлік аралық венадан алыс, сирек өкпе артериясы тармақтарында жоғарғы бөліктің дорсальды және кортико-плевральды бөлімдерінде симметриялы орналасады, қосылу мен ыдырауға бейім.
Перкуссияда жоғарғы бөліктерде және паравертебральды аймақта өкпелік дыбыстың тұйықталуы байқалады. Аускультацияда жауырын аралықта аз мөлшерде майда көпіршікті ылғалды сырылдар, плевраның үйкеліс шуы естіледі. Каверна түзілген жағдайда майда және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |