Мазмұны: Кіріспе бет



бет9/12
Дата04.02.2020
өлшемі1.23 Mb.
#447917
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
туберкулез


Емі  

  • Көз туберкулезының зақымдалуы негізделу керек. Тек уақытылы және толық этиопатогенетикалық терапия оң нәтиже бере алады, максимальды асқынуларды және өршулерді төмендетеді.

Ішек туберкулезі

60—90% адамдарда табылады, туберкулезден қайтыс болғандары. Туберкулезды микобактерии ішекке гематогенды немесе лимфогенды жолдар арқылы,кейде инфицирленген қақырықты, түкірікті және шырышты жұтқанда, көбінесе көмейдің және тамақтың туберкулезды зақымдалуында таралады. Жиі мықынның, тоқ ішектің, аппендикстің дистальды бөліктері зақымдалады, сирек— восходящая, поперечная, ободочная кишка



Ішек туберкулезыныңсимптомы

Басында ішектің туберкулезды зақымдалуы симптомсыз немесе жалпы симптомдармен—аппетиттың бұзылуымен, құсумен және тамақтан кейін іште ауырсынумен, әлсіздікпен, мазасызданумен, субфебрильды температурамен, жоғары тершеңдікпен, іштің кебуімен өтеді. Ұстамсыз нәжіс, іштегі периодты ауырсыну. Кейін ауру біркелкі, оң мықын аймақта және кіндік аймақта орналасады, пальпация кезінде соқыр ішектің қабырғасының және мықын ішектің төменгі бөлігінде тығыз ауырсынулы ұлғаю анықталады. Тік ішектің зақымдалуында тенезмдер және жалған шақырулар болады.



Туберкулезды мезаденитте ауырсыну сезімі іштен солға тереңдігінде және кіндіктің астында немесе ащы ішектің шажырқайында орналасады. Ішектің рентгенологиялық зерттеуінде шырышты қабықтың, тыртықты стеноз, кейде соқыр ішектің толу дефектісі көрінеді. Тоқ ішектің зақымдалуы колоноскопияда анықталады. Нәжістің зерттеуінде жасырын қанға оң реакция және ерітілген ақуызға ребунале пробасын қояды. Қанда —гипохромды анемия, лейкопения салыстырмалы лимфоцитозбен, өршу кезінде—нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы.  



Ішек туберкулезының ағымы және болжамы

Ішек туберкулезының ағымы өзіне сәйкес емес емнен кейде прогрессивті өседі.

Болжамы өкпе туберкулезының зақымдалуында және басқа ағзаларда ауырлығы аз деңгейде көрінеді. Асқынуы: ішек саңылауының тарылуы, туберкулезды жаралардың перфорациясы, перитонит жәнеішектік қансырау.  
     Дифференциальды диагнозды бейспецификалық энтероколитпен, Крон ауруымен, бейспецификалық жаралы колитпен, соқыр ішектің ісігімен жүргізеді.  

Ішек туберкулезының емі.

Өршу кезінде тамақты жұқарған түрде, бөліктеп (4—5 рет күніне), ақуызға бай, майлар мен дәрумендерді жеңіл сіңіретіндей береді. Ферментативты процесстердің бұзылуында—асқазанды ферментті препараттар (абомин, панзинорм басқа), полидәрумендер, теміржетіспеушілікті анемия кезінде—темір препараттары парентеральды енгізіледі.



Терінің туберкулезі

Тыныс ағзаларының инфицирленуі – сол жерде қоздырғыштың дамуына қолайлы орта болып табылады. Адамның терісі үлкен қорғаныштық қызмет атқарады, содан эпидермистың зақымдалуын туберкулездің туындауымен жүреді деуге болмайды. Көбінесе ауру туберкулез фонында (қан және лимфа арқылы эндогенді зақымдалуы) туындайды. Алайда аурудың басқа фонында экзогенды таралуы мүмкін – терінің травматикалық зақымдалуы инфекция көздерімен (науқас адаммен, зақымдалған затпен, немесе заттармен).

Тері туберкулезының факторлары:

-Біртипты, дұрыс емес тамақтану;

-Күн сәлесінің жетіспеушілігі;

-Экологиялықжәне санитарлы жағдайы төмендеуі;

-тұрмыстық жағдайдың және өмір салтының төмендеуі;

-Жұмыстағы зиянды өндірісте, әсіресе – химиялық өндірісте.



Қызыл жегінің туберкулезі

Бұл ауруды вульгарлы немесе қарапайым қызыл жегі деп атайды–терілік туберкулездың таралған формасы. Көбінесе бала және жасөспірім кезде, немесе әйелдердің барлық жасында кездеседі. Ошақтың типті локализациясының зақымдалуы – бетте (жақта, құлақ бақалшығы, мұрын, жоғарғы ерін), кейде жамбаста, аяқ-қолда, сирек – мұрынның немесе ауыздың шырышты қабатында.

Біріншілікті көрініс – біркелкі төмпешіктер (люпомалар) сары-қызыл түсті, жеңіл білінеді, 3 мм өлшемдей. Люпомалар тез өсуге бейім, және ем болмаған жағдайда жалпы бүкіл бөлікті қамтып кетеді, бүкіл жерге ошақты зақымдалады. Олар өшуі мүмкін, өзінен кейін терінің тыртықты зақымдалуын қалдырып, немесе сулы әлі жазылмаған жаралармен бірге дамуы мүмкін. Аурудың дамуы және таралуы кенсіріктің шеміршек тінінің немесе балғашықтың ыдыраушылығына алып келеді, ал ауыр формасында карциномаға – терінің ісігіне, келбеттің бұзылысына және өлімге.

Колликвативты терінің туберкулезі (скрофулодерма)

Тері туберкулезінде таралуы бойынша формасында екінші орында. Теріге микобактерия зақымдалған лимфа түйіндерінен кіргеннен және туберкулездің басқа ошақтарынан лимфа қантамырларынан туындайды. Жиі әйелдер ауырады. Мойын аймағы жиі, ал аяқ-қолдар сирек зақымдалады. Бөрту басында тығыз ауырсынусыз түйіндермен көрінеді, олар көлемінде тез ұлғаяды, қасындағы ұлпамен қосылып, кейін жұмсарады және некротизделген тіндермен бірге іріңнің шығуы байқалады. Түйін орнында жұмсақ шетімен және әлсіз түйіршіктеуімен жара пайда болады. Ол жазылғаннан кейін «жұлынған» дұрыс емес формалы тыртық қалыптасады. Туберкулинді реакция береді,оның нәтижесі оң болып келеді.



Сүйелді терінің туберкулезі

Ауырсынусыз қызыл түсті көкшіл қосындымен түйінмен сипатталады және олар перифериялық өсуден ұлғаяды. Үстінде инфильтрат пайда болады, оның орталығында сүйелді өсінділер жалғасады және мүйізді масса үстің жабады. Инфильтраттың перифериялық бөлігі өсіндіден бос тұрады және қызыл шеңбер құрайды. Сүйелді туберкулезды кәсіптік ауруға жатқызуға болады, себебі ол мал дәрігерінде кездеседі.



Терінің папулонекротикалық туберкулезі

Бұндай патология жас әйелдерде кездеседі. Бірінші көріністер – үлкен емес, 2 мм, папула, сипағанда қатты, жарты шар формасында туындайды. Уақыт өте папуланың үстінде некротикалық қабықша пайда болады, алып тастағаннан кейін дөңгелек жаралар пайда болады. Толық жазылғаннан кейін тыртықтар қалыптасады.

Терінің зақымдалу локализациясы – бөкседе, жамбаста, жіліншікте, тізе және шынтақ буындарында.

Тері туберкулезының диагностикасы және емі

Туберкулездың кез келген формасының емінде – процесс ұзақ,бірнеше этаптарға бөлінген, себебі дәрілік препараттарға сезімталдылықты жоғарлатпау үшін. Емді жинақты өткізеді, консервативты және жергілікті. Жаралық зақымдануда жергілікті сыртқы ПAСК немесе изониазид қолданады.

Негізгі емнің курсыбір жыл көлеміне созылады, алайда науқас жазылған кезде де фтизиатрлардың назарында болады. Келесі үш жыл уақытында екі рет рецидивке қарсы емдік іс шаралар жүргізіледі. Дәрілік еммен қатар жалпыбекіткіш және иммуностимуляциялық терапия, физиопроцедуралар, емдік емдәм тағайындалады.
Сүйек-буын жүйесінің туберкулезі
Сүйек туберкулезі өкпе туберкулезінен кейінгі жиі таралатын формасы болып табылады. Ауру кез келген жаста дамуы мүмкін, алайда үлкен адамдарда жиі. Туберкулез тірек қимыл жүйесінің әр түрлі бөліктерінде кездеседі, бірақ патологиялық процесс жиі омыртқада дамиды.

Сүйек туберкулезінің себептері

Негізгі себебі туберкулезбен ауырған науқаспен контакт болуы. Ауру инфекция–ТМ кіруінен болады, яғни өкпедегі туберкулезды ошақтан қантамырлар және лимфа тамырларымен сүйекке барады. Сондықтан жақсы қанмен қантамасыздалған иықтық, сан сүйек, омыртқа денесі, сирақ сүйегі және иықасты сүйектерінің құрылысы қауіп қатерде болып табылады.



  • Сүйек туберкулезінің себептері

    • Қакйталмалы инфекциялықаурулар

    • травмалар

    • қолайсыз өмір сүру дағдысы және еңбегі. 

    • суықтану

    • физикалық жүктеме

    • интоксикация

сүйек туберкулезінің мүмкін болатын симптомдары

Аурудың басында туберкулез көріністері аз немесе мүлдем көрінбейді. Науқастарды температураның 37°С болуы, кейде жоғарлауы алаңдатады. Содан аурудың басында барлық көріністер бейспецификалық болып табылады, науқастар қарапайым шаршағыштыққа медициналық көмекке шағымданады.

Егерде туберкулезды процесс омыртқадан шықса (омыртқа туберкулезінде), онда екінші фаза омыртқа туберкулезі басталады. Әлсіздік, шаршағыштық, қалжырғандық күшейе түседі, дене температурасы сақталған. Онымен қатар, омыртқаның белгілі бөлігінде айқын ауырсыну пайда болады. Ауырсыну сезімінен науқас аз қозғалады және сол себептен жүрісі мен сымбаты өзгереді. Тыныштықта ауырсыну интенсивтілігі бәсеңдейді немесе толықтай жойылады. Омыртқадағы бұлшық еттер әркез тонуста және ісініп, сипағанда ауырсынады.

Омыртқа туберкулезінің үшінші фазасында қабынулық процесс көрші омыртқаға өтеді. Жалпы науқастың жағдайы ауыр. Олар салмақ жоғалтады,дене температурасы 39-40 градусқа көтерілген, айқын жалпы әлсіздік сақталған. Омыртқада ауырсыну интенсивті, тыныштықта интенсивтілігі төмендейді. Әркез тонустағы бұлшық еттер атрофияланған, омыртқа қозғалысы бірден қиындаған немесе мүмкін емес.

Жүргізілген емнен кейін науқастарда омыртқа деформациясы, арқа бұлшық еттерінің атрофиясы, қозғалыстың болмауы қалады.



Сүйек туберкулезі кезіндегі омыртқа деформациясы


Сүйек туберкулезының диагностикасы

Зақымдалған ағзаның:сүйектің зақымдалу ошағы, секвестрлер, кейде абсцестер көлеңкесінің екі проекциялы рентгенографиясы немесе томографиясы жүргізіледі.



Омыртқаның бел бөлігінің рентгенографиясы. Қызыл шеңбермен омыртқа туберкулезікезіндегі сүйектің зақымдалуы көрініп тұр.



Сүйек туберкулезінің емі. Сүйек туберкулезінің емі инфекцияның тез ликвидациясынан басталады, сүйек бұзылуын алдын алады, және де бейспецификалық жалпы нығайту ем жүреді.

Суйек туберкулезинин мумкин болатын асқынулары

- Омыртқаның қисаюы. Омыртқаның зақымдалу жерінде өркеш пайда болады. Ол кеуде қуысының екіншілікті деформациясымен байланысады. Одан кеуде қуысының ағзаларының қысылуы дамиды. Барлық науқастарда омыртқаның деформациясынан нерв жүйесінің айқын бұзылысы, бұлшық ет тонусының жеңіл жоғарлауынан бастап немесе еріксіз қимылдар, парездермен және параличтермен аяқталуы жүреді.

- Омыртқа туберкулезінің абсцессы зақымдалған омыртқаның жаныңда орналасады. Үлкен шақырымды алып жатыр. Жалғыз емнің әдісі - хирургиялық.

- Жыланкөздер терінің үстіне қабынулық процесстің шығатын жерінде пайда болады. Қазіргі таңда сирек кездеседі.



Сүйек туберкулезі дамуының болжамы

Қазіргі таңда сүйек туберкулезінен өлім нөлге жетеді. Бірақ ауру көрінісі өте ауыр ағыммен өтеді және сүйектің қайтымсыз деформациясы дамиды. Содан еңбекке қабілеттілік жойылады. Науқастар әсіресе, омыртқа туберкулезінен мүгедек болады.



Сүйек туберкулезініңпрофилактикасы

Жалпы профилактиялық іс шаралар туберкулезбен ауыратын адамдармен қарым қатынасты төмендету және де суықтамау, травмалардан, интоксикациядан сақтау.

Егер де сүйекте, бұлшық етте ауырсыну сезімі пайда болса медициналық көмекке ерте қаралу керек. Яғни, ауруды ерте табуға және эффективті ем жүргізу үшін.

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезы

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезы — бұл жалпы аурудың көрінісі. Пайда блллуы бойынша ол біріншілікті туберкулез кезеңіне жатады, яғни дербес бір ауру болып табылады. Алайда екіншілікті лимфадениттер кездесуі мүмкін, ол басқа ағзалардағы процесстің өршуі кезінде болады.

Өкпеден тыс туберкулездің жалпы құрылымының ішінде, ең алғашқы анықталған науқастарда туберкулездің осы түрі бірінші орындардың бірін алып тұр. Жиі туберкулезбен мойын лимфа түйіндері (75— 80%), сирек - қолтықасты(15—20%) және шап аймағы л.т. (5%) зақымданады. Бұл тек инфекцияның жоғарғы тыныс жолдары және ауыз арқылы (мойын лимфа түйндері регионарлы болып табылады) түсетіні деген сөз емес, сонымен қатар,лимфа түйіндері инфекцияны және ісік жасушаларын ұстап тұратын мықты биологиялық сүзгілеуші коллекторді құрайды.



Этиология және патогенез.

Туберкулез қоздырғышы жиі жағдайда микобактерияның адамдық түрі болып келеді, бірақ кейбір туберкулез бойынша қолайсыз эпизоотикалық жағдайдағы орындарда өгіздік микобактерия маңызды орын алады. Лимфа түйіндерінің микобактериямен зақымдануы лимфагемотагенді жолмен жұреді.



Патологиялық анатомия

Туберкулез микобактериялары ағзаға түскен соң лимфа түйіндерінің тіндерінен өтіп, ол жерде қабыну үрдісін шақырады. Қабынудың үш компоненті де туберкулез кезінде жүреді (альтерация, экссудация және пролиферация) алайда макроорганизм инфицирленгеннен кейн алғашқы күндері ғана. Содан соң паразит пен оның иесі арасында күрес кезеңі басталады. Аурудың ерте кезеңінде өзгерістер спецификалық емес болады және диффузды лимфойдты гиперплазиямен сипатталады. Келесі кезеңдерінде лейкоцитарлы және фибринозды экссудация жүреді, эпителиоидты клеткалар жиналуы және Пирогов-Лангхансттың гигантты клеткалары пайда болады.Эпителиоидты клеткалары мен гигантты клеткалар қосылып ортасында некроз ошақтары бар лимфоциттерден тұратын төмпешіктер құрайды.



Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісінде жиі жағдайларда шеткі лимфа түйндерінің туберкулезы созылмалы күйде өтеді және белгілі бір амақтың лимфа түйндерінің үлкеюімен жүреді. Осы ағымда спецификалық интоксикация көріністері айқын көрінеді: температураның жоғары болуы, тері беткейлерінің бозаруы, тез шаршағыштық, терлегіштік, тәбеттің төмендеуі. Көп жылдық ағыммен тұрақты интоксикация көп жағдайда жүрек қантамыр жүйесі, вегетативті жүйке жүйесі және ақуыз алмасуының бұзылыстарына алып келеді. Аурудың бастапқы кезеңінде лимфа түйіндері 0,5—1,5 см-ге дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауырсынбайды, өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған. Кейде лимфа түйіндердің тіндері казеозға және іріңдеуге ұшырайды, бұл кезде бейспецификалық қабыну үрдісіне лимфа түйінінің капсуласы қосылады да біріккен, теріге және айналасындағы тіндерге жабысқан конгламерат құрылады. Бұл кезде пальпация барысында ауырсыну мен флюктуация анықталады. Лимфа түйіндері конгламерат үстіндегі тері гиперемияланады және беті ашылады, нәтижесінде шеттері бозарған, ісінген жыланкөз қалыптасады.

Үрдіс бәсеңдеу барысында қабыну өзгерістері жойылады, жыланкөздер жабылады да орнында тартылған «жұлдыз тәріздес» тыртықтар қалады. Лимфа түйін өлшемдері кішірейеді ал туберкулезды интоксикация белгілері біртіндеп жойылады.

Диагностикасы, дифференциальды диагностикасы.

Өршу кезеңінің қан талдауында лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың нейтрофилдерге дейін жылжуы, моноцитоз және лимфоцитоз байқалады. Айтарлықтай үрдістің дамуы болып жатқан науқастарда лимфопения байқалуы мүмкін. Көп науқастарда ЭТЖ жоғарылаған бірақ үлкен деңгейге дейін жетпейді. Қан сарысуын зерттегенде ақуыз алмасуы бұзылысын (альбумин деңгейінің төмендеуі және глобулиннің жоғарылауы), фибриногенмен сиал қышқылы жоғарылауы және С реактивті белок анықталады. Бұл өзгерістер казеозды лимфаденитте көп кездеседі. Диагноз қою үшін иммунологиялық сынамалар жүргізеді: тікелей емес гемаглютинация, серологиялық және радионуклидті зерттеу. Туберкулез диагностикасында туберкулинді сынамалар кең қолданылады. Туберкулинді диагностиканың ең жиі қолданылатын әдісі 2 ТБ-пен Манту сынамасы болып табылады. Сонымен қатар жүйелі рентгенологиялық зерттеу жүргізеді (ұлғайған лимфа түйіндер аумағында жұмсақ тіндердің, кеуде және құрсақ қуысының рентгенографиясы), нәтижесінде кальцинацияланған лимфа түйіндері анықталады. Туберкулез кезінде лимфа түйіні ортасы әктенеді бірақ қапсуласы әктенуге ұшырамайды. Ең маңызды зерттеу пункция кезінде алынған немесе лимфа түйіні алынған кездегі патологиялық материалдың гистологиялық, цитологиялық, бактериологиялық зерттеулер болып табылады. его удаления.


Бүйрек туберкулезы
Бүйрек зақымдануы өкпеден тыс аурулардың ішінде екінші орын алады, ал өкпелік түрінің 30-40% құрайды.

Этиология және патогенез

Инфекцияның негізгі көзі - ТМБ бөлетін науқас. Микобактерияның ену жолы – гемотагенді. ТМБ бүйрек тініне енуі бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктеріне байланысты:



  • Кең микроциркуляторлы ағым (ұсақ артериялар көптігі).

  • Бүйрек шумақшаларындағы баяу қанағыс

  • Қантамырлармен интерстициальді тіндердің тығыз қатынасы

Бұл ерекшеліктер бүйрек туберкулезінің, әсіресе қыртысты қабатында, біріншілікті ошақтарының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады.

Бүйрек туберкулезі дамуының негізгі факторы – спецификалық иммунитеттің жеткіліксіздігі. Түбекше табақшалық жүйе, несепағар және несеп қуығының бұзылысы екіншілікті сипатта болады. Бұл кезде микобактерия лимфогенді жолмен таралады, бірақ шырышты қабатпен контактты жол да болуы мүмкін – жұқпаның уриногенді жолы.

50 % жағдайда ер адамдардағы несеп жыныс жүйесі туберкулезы жыныс мүшелеріне кесірін тигізеді: қуықасты безі, атабез, атабез қосымшалары. Әйелдерде жыныс мүшелері сирек зақымдалады 5-10% жағдайында. ТМБ дамуы гематогенді жолмен екі бүйректі де зақымдайды, алайда, патологиялық үрдістің жалғасуы бір бүйректе жүреді. Патологиялық үрдістің дамуы бүйректің өзіндегі ақауға байланысты: созылмалы пиелонефрит, уродинамиканың бұзылысы( бүйректегі тас, несептас ауруы).

Жіктелуі

Клиникалық практикада клиноко-рентгенологиялық ерекшеліктеріне негізделген классификация қолданылады:



  • Меддулярлы аумақта және бүйрек қыртысында көптеген ошақтар көрінетін Бүйрек паренхимасының туберкулезі.

  • Туберкулезді папиллит – деструктивті өзгерістермен көрінеді және бүйрек емізікшелерін зақымдайды.

  • Бүйректің кавернозды туберкулезі (каверна - қуыс) – бірнеше деструктивті ошақтардың қосылуы, фиброзды капсуланың қалыптасуы, табақша түбекшелі жүйенің зақымданып, бүйрек қуысына казеозды массаладың шығуы, бүйректе бір немесе бірнеше қуыстардың қалыптасуына алып келеді..

  • Бүйректің фиброзды-кавернозды туберкулезі– кейде туберкулезді паппилиттің фонында бір немесе бірнеше түбекшелердің мойны қысылып, облитерацияланады (зарастает). Осы кезде бұзылған емізікшеден және ретенционды өзгерген түбекшеден тұратын деструктивті - іріңді қуыс дамиды. Қуыс ішіндегі құрылымның ағып кету мүмкіндігі жоғалады.

  • Омелотворение почки – патологиялық ошақтың тіндік пролиферациямен және зақымдалған аймақта кальций тұздарының интенсивті сіңірілуі нәтижесінде казеомалар және туберкулемалар қалыптасады..

Бүйрек туберкулезі симптомдары

Бүйрек туберкулезінің клиникалық белгілері спецификалық емес болады. Аурудың алғашқы этаптарында пациент жеңіл мазасыздыққа және субфебрильді температураға шағымданады. 30-40 % жағдайда симптомдар жоқ болады. Патологиялық үрдістің дамыған сайын зақымдалған аймағынағы бел тұсында ауырсыну сезімі, макрогематурия, дизурия болуы мүмкін.

Бел аймағындағы ауырсыну сезімі бастапқы этаптарында 7% жағдайда кездессе, соңғы этаптарына қарай берілген симптом 95% жағдайда кездеседі. Ауырсыну симптомы тұйық, сыздаған болады, алайда, бүйректегі деструктивті бұзылыстары фонындағы несеп ағу жолдары бұзылысқа ұшырағанда айқын ауырсыну сезімі, кейде бүйрек ұстамасына дейін баруы мүмкін. Ауырсынусыз макрогематурия 17% науқастарда кездеседі.

Артериальді гипертензия аурудың бастапқы стадияларында 1% , ал асқынған кезде 20% науқаста кездеседі. Несеп қуығының зақымдануы кезінде дизуриялық белгілер пайда болады (жиі ауырсынумен несеп шығару).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет