Мазмұны: Кіріспе бет


Туберкулездің спецификалық профилактикасы



бет2/12
Дата04.02.2020
өлшемі1.23 Mb.
#447917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
туберкулез


Туберкулездің спецификалық профилактикасы.
Вакцина БЦЖ, лиофилде кептірілген, тірі микобактериядан ақ зат түріндегі вакциндік штаммы БЦЖ болып табылады (вируленттілігі төмендендетілген, жоғары иммуногенді қасиетті), тері ішілік енгізуге арналған. Вакцинаға стандартқа сәйкес ерігіш, түссіз, мөлдір, бөтен қосымшаларсыз болу керек.

Туберкулезге қарсы вакцинация- аурудың спецификалық профилактикасы болып табылады. Балалардағы жасырын түрде өтетін инфекциядан қорғаныштық (шамамен 70%) қызмет көрсетеді, туберкулездің ауыр түрлері – туберкулезді менингит, сүйек буын туберкулезі, ауыр өкпе туберкулездерінің алдын алады.

БЦЖ егу, мерзімінде туылған дені сау нәрестелерге алғашқы 3-4 күн өмір суруінде сол жақ иықтың үстіңгі бетінің жоғарғы және ортаңғы бөлігінің үштен бір бөлігіне салынады. Қалыпты жағдайда вакцина салғаннан 6-8 аптадан соң поствакцинациялық реакция пайда болады. Вакцинация салынған жергілікті орында диаметрі 5-9 мм гиперемия және инфильтрат (папула) пайда болады. Инфильтрат трансформацияланып везикулаға, пустулаға, кейін қабыршақ пайда болып, соныңда тыртыққа айланады. Бұл қалыпты жағдайдағы реакция және еш қандай дәрілік залалсыздандыруды керек етпейді.

Балалардың бірінші жылында профилактикалық егулерді жүргізуде белсенді медициналық қадағалауды (патронаж) келесі уақыттарда қажет етеді: туберкулезден иммунизациядан кейін 1,3,6,9 және 12 ай кезеңдерде. Патронаждың нәтижелері сәйкес медициналық құжаттарда тіркелу қажет. Жасалынған профилактикалық егу мәліметтері (препаратты егу күні, препарат аты, серия нөмірі, дозасы, қадағалау нөмірі, жарамды уақыты, және реакция сипаты (қадағалау нітижесі бойынша) сәйкес медициналық құжаттарда енгізілу керек.

БЦЖ вакцинациясына қарсы көрсеткіштер


  • Отбасының басқа балаларында генерализацияланған БЦЖ инфекциясы (тұқым қуалаушылық иммунды тапшылықтың болуы)

  • АИВ/ЖИТС

  • Шала туу – салмағы 2000 гр. төмен, немесе гестационды жасы 33 аптадан төмен.

  • ОНЖ зақымдалуы – туылу кезіндегі неврологиялық симптоматикамен өтетін ауыр жарақаттар.

  • Жатыр ішілік инфекция, жаңа туылған сәбидің сепсисі.

  • Жаңа туылған баланың гемолитикалық ауруы (ауыр және орташа ауыр түрлері)

  • Жалпы жағдайының бұзылумен жүретін фебрильді дене қызуымен көрініс беретін ауыр және орташа ауыр ауру түрлері.

БЦЖ ревакцинациясы

5-6 жаста (1 сынып) Манту сынамасы теріс болған инфекцияланбаған сау балаларға жалпы емдеу мекемелерінің мамандары мен туберкулезге қарсы мекемелердің фтизиопедиатрларымен мектептерде жаңа оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) республика бойынша жасалынады. Бұл айда мектептерде басқа егулерді салуға тыйым салынады.

Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы аралығы үш күннен кем емес, екі аптадан артық емес уақыт аралығында. Медициналық қарсы көрсеткіштер болған жағдайда ол уақыт өткеннен кейін жасалынады.

Басқа егулер БЦЖ ревакцинациясы жасалынған кейін 2 айдан кем емес уақытта жасалынады.



БЦЖ ревакцинациясына қарсы көрсеткіштер:

  • Туберкулез микобактериясымен инфекциялану немесе бұрын туберкулезбен ауруы;

  • Оң мәнді және күдікті Манту сынамасы;

  • БЦЖ вакцинациясына кері реакциялары;

  • Отбасының басқа балаларында генерализацияланған БЦЖ инфекциясы (тұқым қуалаушылық иммунды тапшылықтың болуы)

  • АИВ-инфекция

  • Иммунды тапшылық жағдай, қатерлі ісіктер;

  • Жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі, соның ішінде аллергиялық жағдайлар.

Ревакцинацияны емделіп болғаннан немесе ремиссиядан кейін 1 айдан соң жасалынады.

Бала перзентханада жатқанда дәрігер (медбике) баланың шешесіне тері ішілік вакцинация жасаған жерде 4-6 аптадан кейін жергілікті егулік реакция пайда болатынын ескерту қажет. БЦЖ салынып болғаннан кейін тез арада папула пайда болып, 15–20 минуттан кейін сорылып кетеді.

Жергілікті реакция гиперемия мен инфильтраттан (папула) басталады, кейін везикула, пустула, сонсын өздігінен түсіп қалатын қабыршақ пайда болып, орнында тыртық қалады (95-97%). Суреттелген реакция қалыпты жағдай және ешқандай дәрілермен өңдеуді қажет етпейді.

Оптимальды тыртық диаметрі 5-8 мм. Болып саналады. Кейбір жағдайда БЦЖ енгізген орында пигементті дақ (2-3%) қалады. БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының қорытынды нәтижесі егілген уақыттан 1 жылдан соң тыртықтың көлеміне байланысты қойылады.

Егер жергілікті егу реакциясы болмаған жағдайда балалар есепке алынып, егуді қайталау 6 айдан кейін Манту сынамасыз (бір рет қана), 1 жылдан соң Манту сынамасы теріс болған жағдайда жасау керек.

Вакцинацияға ағзаның жалпы реакциясын және де поствакцинациялық лимфоаденитті өз уақытында анықтау мақсатында шеткі лифатүйіндердің реакциясын бақылау қажет.

Егуді арнаулы оқудан өткен перзентхана (өлімше), шала туылған балалар бөлімшесі, балалар емханасы, дәрігерлік амбулаториялар, медицина пунктерінің арнаулы оқудан өткен, егу жұмысына арнаулы рұқсаты бар, дәрігерлік тағайындауға байланысты, баланың шешесінің қатысуымен, таңертеңгілік уақытта медициналық персонал жасау керек.

Вакцина туралы (шығарған мекеме, серия, доза, жарамдылық мерзімі, егу уақыты) мәліметтер бала тарихы мен алмастыру картасына тіркеледі, және перзентханадан шыққаннан кейін жергілікті тұратын жеріндегі емдеу мекемесіне жіберіледі.

Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалмаған балаларға вакцинация балалар емханасында жасалынады, егерде баланың жасы екі айға дейін болса алдын-ала Манту сынамасыз, онан үлкен жаста - теріс мәнді болған жағдайда.

Вакцинация жасалынған балалар перзентханадан шыққан уақытта бактерия бөлуші науқаспен контактіде болатын жағдайда екі айдан кем емес уақытқа жаңа туылған балалар бөлімшесіне немесе балалар үйіне оқшаулану керек (туберкулез науқасын оқшандырмаған жағдайда.

Егер шешесі туберкулезбен ауырған жағдайда, БЦЖ вакцинациясы қарсы көрсеткіші жоқ болғанда салынып, шешесінен иммунитет пайда болғанға дейін (екі айдан кем емес уақытқа) оқшауланады. Бұл уақытта баланы емізуге тиым салынады.

Егуден уақытша босатылған балалар қадағаланып, есепке алынып, толық жазылғаннан кейін немесе қарсы көрсеткіштері алынып, есептен шығарылғаннан кейің (реконволенция кезеңін қоса алғанда толық клиникалық симптомдары кеткеннен кейін екі айдан кем емес уақытта) егілу қажет.

2ТБ Манту реакциясы күдікті болғандарға ревакцинация (вакцинация), және әртүрлі себептерге байланысты БЦЖ вакцинасы салынбаған балаларға Манту реакциясы 1 айдан кем емес уақытта, осы есепті жылы салынады. Реакция теріс болған жағдайда егу жүргізіледі.

Вакцинацияланған (ревакцинацияланған) балалар мен жасөспірімдерді қадағалау жалпы емдеу торабының дәрігер-педиатрларымен жүргізіледі. Бұл 1, 3, 6, 12 айларда кезеңдермен жүргізіледі, жергілікті егу реакциясы тексеріліп, оның сипаты, көлемі есеп 063е, 026е, 112е формаларында тіркеледі.

БЦЖ егуінің қолайсыз салдарлары БЦЖ-инфекция немесе БЦЖит деп аталады. БЦЖ вакцинациясынан кейін пайда болатын асқынулар (Туберкулезге қарсы Халықаралық одақтың ұсынуымен жіктелуі, ДДҰ 1984 ж.):

1: локальды зақымдалулар (тері астылық инфильтраттар, суық абсцестер, ойық жаралар) және регионарлы лимфадениттер.

2: персисттенген және диссеминацияланған БЦЖ-инфекция, өлім нәтижесіз (жүйелі қызыл жегі, оститтер).

3: диссеминацияланған БЦЖ-инфекция, туа пайда болған иммунды тапшылық кезіндегі генерализацияланған зақымдану өлім нәтижесімен.

4: пост-БЦЖ-синдром (түйінді эритема, сақина тәріздес гранулёма, бөртпелер).



Туберкулбен ауырытын науқастарды зерттеу

Заманауи кезеңде туберкулез полиморфизмды клиникалық ағымнен өтеді, яғни спецификалық симптомдардың өзгергіштігімен диагностикалау және анықтау қиындық тудырады. Сондықтан уақытында дұрыс диагноз қою үшін мұқият анамнезін үйрену, толық обьективті зерттеу өткізу, диагностикалық тест жүргізу, ренгенологиялық, бронхологиялық, лабораторлық зерттеу әдістерін өткізу керек. Диагнозды қою үшін келісілерді ескеру керек: туберкулезге тән клиникалық белгілері жоқ болсада, дұрыс зертеу әдістерін жүргізу, ренген суреттерін дұрыс оқу, лабораторлық нәтижелерге дұрыс интерпретация жасау керек, оның барлығы дәрігердің білімділігіне байланысты.


Шағымы.

Туберкулез микобактериясының нерв жүйесіне токсикалық әсері белгілі, бұл вегатативті жүйенің тітіркенуіне яғни терлегіштік, козғыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылысы, әр түрлі локализацияланған ауру сезімі, көбіне патологиялық ошақ орналасқан жерде локализациясы болады. Ауру процесінің белсенділігіне байланысты температура жоғарылайды, көбінесе процестің жайылған түрінде жоғары температура болады, ол менингитті туберкулез, милиарлы туберкулез, казеозды пневмония, экссудативті плеврит және т.б. кездеседі. Кейде туберкулездің белсенді түрінде де науқаста субфебрилді температура байқалады, жиі түнгі уақытта көтеріледі. Басқа нозологиядағы аурулардан қарағанда температура жеңіл өтуімен ерекшеленді, олар оны байқамауы мүмкін. Осы кезде тымау ауруларындағы субфебрилитет салыстырмалы айқын көрінеді (сүйек қақсау, бас ауруы және т.б.).

Жөтел – диагностикалық маңызы зор, ол құрғақ немесе ылғалды, ұзақтығы, күшімен сипатталады. Өкпеден тыс орналасқан туберкулезде (кеуде ішілік лимфа түйінінің туберкулезінде) құрғақ жөтел, ол бронхтардың қысылуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюуынан болады. Өкпенің деструктивті процесінде қақырықпен жөтел болады.

Науқастан қатты құрғақ жөтел немесе көп қақырықтың бөлінуін байқаймыз, бұл көбіне өкпенің бейспецификалық аруларына тән (бронхит, бронхиальды астма, бронхоэктатикалық ауру және т.б.).

Қақырық, туберкулездын бастапқы сатысында пайда болмайды. Аурудын өршу кезеңінде, қақырық мөлшері жайлап көбейеді және тәулігіне 100 мл дейін жетеді. Туберкулезде қақырық жалпы жағдайда қою, иссіз, көп емес, екі қатпарлы, (өкпенің іріңді ауруларынан айырмашылығы, онда қақырық көбіне сұйық, көп мөлшерде бөлінеді және иісті). Туберкулездің прогрессивті сатысында қақырық шырыштыдан, шырышты іріңдіге немесе іріңдіге айналады. Осы прогрессивті сатысында эндобронхит, перибронхит, пневмосклерозда жөтел үнемі болады, қиналып, қақырық зорға түседі. Қақырықты жұту көбіне спецификалық инфицирленген ішек туберкулезін тудырады.

Ентігу нерв жүйесін тітіркендіруіне жауап ретінде пайда болады, нәтижесінде плеврадағы жиналған немесе тыныс алу жүйесіне токсикалық әсер ету арқылы. Сол себепті туберкулезде ентігу көбіне жалпы өкпелік процессте, диссеминирленген процессте, плевритте және спонтанды пневмоторакстың асқынуында жоғарғы дәрежеге жетеді, максимальді тыныс алу уақыты минутына 40-50, физикалық жүктемеде көбейеді.



Анамнез

Науқастың өміир тарихы мен ауру тарихы үлкен мән береді. Әсіресі нақастан жақсы жиналғын анамнез аурудың сипатын және себебін білдіреді.

Науқас бактерия тасымалдаушы аурулармен қарым қатынаста болғандығына үлкен мағына берілу керек. Тексеру барысында науқастың туысқанында (отбасында, туысқандарында, көршілерінде, кездейсоқ). Көбіне адамдар бұл аурудан ұялып жасырады немесе отбасында болғаның ауырғанын жасырады.

Анықтау керекпіз науқастың басқа аурулары барма,ал балалар мен жасөспірімдердің жиі қандай аурулармен ауырғаның, организмнің аллергиялық жауабын.Үлкен көңіл бөлеміз науқастар жиі немесе қайта пневмония, бронхит, ЖРВИ, тонзиллит және жиі көз ауруларымен (блефарит, фликтена, кератоконьюнктивит) ауырғандығына.

Науқастың кәсібіне байланысты жұмысыда кішігірім роль атқарады. Химиялық , лакбояулар,тамақтық,сонын ішінде ұн,тауық ферма,шахтада жұмыс истейтің жұмыскерлер аурудың негізін калау мүмкін клиникалық және рентгенологиялық туберкулездің картинасына, бірақ наукастың кәбін білу дұрыс диагностика жасауда көмек тигізеді.

Объективты қарау:

Объективты қарауда дәрігер науқасты бірінші рет көргенде ақ бастайды. Бұл жерде барлық нарсе улкен роль атқарады оның сыртқы пішіні,дене бітімі,(гиперстеник, нормостеник немесе астеник), жүрісі, (түзу жүреді немесе ақсандап), мәжбүр позада жүреді. Егер науқасты қатты ауру сезімі мазаласа онда науқас ессіз,ауру сезіміне байланысты байқамай мәжбүр жағдайда жүреді.

Тері жабының қарауда әртүрлі операциядан кейінгі тыртықтардың бар жоғын немесе инъекциялардын орындарын және т.б. қараймыз.Тері жабынының түсіне анемияның бар жоқтығына тургорының томендігіне созылмалы интоксикацияға және т.б.Егер мойнында тартылған «жұлдызша» тәрізді тыртық болса бұл науқастың алдын перифериялық лимфатикалық туберкулезімен ауырғандығының себебі болады.Деформацияланған омыртқа бағанасында біз науқастың алдын өкпеден тыс туберкулезбен ауырғаның байқаймыз.

Балаларда міндетті түрде поствакцинальды тыртықтың БЦЖ ізі қалады. Тыртық көлемі 3-8 мм аралығында, оптимальды болып есептеледі,оның жоқтығы немесе кішкентай көлемде тыртықтың болуы дәрігердің күмәнің тудырады баланың инфекцияға әлсіз иммунды эффективтілігің және инфицирленген аурулардын шақыруын болдыртуын.

Туберкулез ауруының бастапқы сатысында науқаста тері жабының ақшылдығы,шырыш қабаттары ақшыл қызыл болады.Қозғалысы еркін және туберкулезбен ауратын адамдарда жиі дене бітімі астениялық турде болады.Мәжбүр жағдай,ентігу науқаста пайда болады егер төстегі қатты ауру сезімі( мысалы,экссудативты плевритте).Туберкулезді менингитке тән белгі науқастын бір қырымен аяқтары ішке жиналып басы артқа тасталған позада жатады.

Белгілі формада процесс ұзақ уақытты интоксикациямен білінеді және тері қатпарында ағару,мұрын ерін бұрышында цианоз көз астындағы көгерулермен болады. Тері тургоры төмендеген,тересі құрғақ.Кеуде ішілік лимфа түйіндерінде теріде бұғана асты аймағында венозды тамырдың пучогы көрінеді ол кеудеден (II қабырғаның бітіскен жерінен) барады иық буынына – симптом Видергофера, немесе кеңейген капиллярлардың торына төменгі мойын және жоғарғы кеуде омыртқа бағанына артынан жаурын аймағына– Симптом Франка.Бұл белгі басқа этиологияда да болу мүмкін (мысалы, жиі пневмонияда), бірақ бұл белгінің болуы бізге туберкулезді процесстің болуына ой туғызуы керек.

Пальпацияда –перифериялық лимфа түйіндерінің жағдайына улкен көңіл бөліну керек ,лимфатикалық жүйе туберкулездің ерте даму этапына қатысады. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы,немесе оның 4-5 группадан көп болуы күмән тудырады туберкулезді инфекцияға.Туберклездің біріншілікті формасында, балалар және жастар арасында негізінде перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы II–III дәрежеге дейін,ауырмауы,кейде спаянность өз арасында.

Пальпация арқылы тері қабаттарының ылғалдылығы анықталады, теріасты май қабаттарының қалындылығы және бұлшық еттің тонусының жағдайы білінеді.Созылмалы туберкулездің интоксикациясында науқас алақаны ылғалды мұздай,кейде тері тургорының төмендеуі, теріасты май қабаттарының төмендеуі,бұлшық ет тонусының босансуы .

Диагностикасын анықтауда симптом Поттенджера – пальпация барысында ауырсынады баспалдақ тәрізді және грудинно-ключично-сосцевидной бұлшық еттің ауырсынуы және симптом Штернберга – үлкен емес ригидтылық,ауырсыну иық белдеуінде бір жағынан. Бұл симптомдар көбіне плевраның бұзылуын нұсқайды,иық белдеуінің бұлшық етінің кернеулігіне алып келеді.

Перкуссия – тыныс алу жүйесінің бұзылуында маңызды. Перкуссия жасағанда симметриялық бөлікті сол және оң жағынан қатаң турде жасау керек,ұмытпай.Себебі қабырғадағы және қабырға аралық перкуторлық дыбыстар әртүрлі болады.Өкпелік дыбыстардың өзгеруі инфильтрация, ателектаз, эмфизема, плевральды полостьтың тусуінен болады.Өкпе тонының өзгерісі патологиялық өзгеріске байланысты.Үлкен емес ошақтар өкпе тонының жиі өзгеруіне алып келеді,бірақта жаңа пайда болған қабыну инфильтраттар перкуторлы дыбыстың тұйықталуына алып келеді сол аймақтың. Милларлы процесске эмфиземадағы тимпанит тән.Ұқсас дыбыстар үлкен кавернаны перкуссия жасағанда ( 3-4 см астам) пайда болады. Үлкен емес кавернада перкуторлы дыбыстың қысқаруы керісінше.

Перкуторлы дыбыстың интенсивты қысқаруы тұйықталуы, глухой дыбыс) экссудативном плеврите болады. Сонымен қатар диагностикалық мағынасда При этом важное диагностическое значение имеет определение точки наивысшей тупости по задней аксиллярной линии, где в дальнейшем проводят эвакуацию жидкости, при наличии экссудата.

Аускультация –екі өкпеде де симметриялы жасалады.Диагностиканың ауырлығы туберкелездің алғашқы сатысында скудные, «немое легкое». Қалыпты жағдайда науқаста сирек хрип естіледі,инфильтрат болған жағдайдын өзінде сирек болады. есть практически крайне редко можно выслушать хрипы, даже при наличии инфильтратов, только когда сформирована полость распада, могут выслушиваться влажные единичные хрипы.Ол кездің өзінде В тоже время, это может быть важным диагностическим критерием при дифференциации с неспецифическим воспалением, когда зачастую выслушиваются сухие или влажные хрипы, если имеет место неспецифическая пневмония.

Өкпе туберкулезінде,тыныс алу При туберкулезе легких, дыхание в зоне поражения ослаблено в связи с отсутствием акта дыхания в пораженных участках или нарушением дренирующей функции бронхов, а также затруднением проведения звука при плеврите, пневмотораксе, ателектазе.

Аускультативті диагностика қою мақсатында Д Эспиин мен Смит –Фишердің симтомдарын кеуде ішілік лимфатүйіндердің ұлғаюы байқалады. Симптом Д Эспинді 3 жастан асқан балалардан анықтау жолы,балаға «тридцать три» немесе «кис-кис» сөзін айтқызымыз.Осы кезде дәрігер кеуде клеткасының төменгі бөлігінен тындау барсында бала остистыми отростками дыбыс естіледі.Дені сау мектепке дейінгі балалардан, VII мойын омыртқасынан,ал одан жоғары жастағы балалардан I кеуде омырқасынан қатты бронхофаниялық дыбыс естіледі.

Бронхиальды лимфа түйінің үлкеюінен бронхофания VII мойын омыртқасынан төменірек естіледі және I кеуде омыртқасынан естіледі немесе симптом д Эспинды оң деп есептейміз. Смита-Фишера симптомын оң деп санаймыз егер кеуде қатарында тыныс алу барсындағы паузада тамырлық шу естілсе.Бұл үшін балаға басын жоғары көтеріп төбеге қарауын сұраймыз,басын жайлап түсіріп жатқанда осы шудын қаттырық естілгенің байқаймыз.Шудын байда болуы лимфа түйінің үлкеюнен иық мойын бас венасының қысылуынан болады.

Асқорыту жүйесін зерттеу барысында науқастың тәбетіне көңіл бөлеміз және диспепсикалық бұзылыстарға диетаға қатысы бар(іш қату немесе іш өтуге).Зәр шығару жүйесінеде патолгия барма дизуриялық бұзылыстың бар жоғын қараймыз.Туберкулезге тән белгілерге эндокринді жүйенің қалақанша безінің және бүйрек үсті безінің бұзылысыда жатады.



Клиникалық анализдерін талдау

Жалпы клиникалық қан анализін талдауда қатты өзгерістер болмайды, тек жаңа туберкулезге тән гипохромды анемия 100-110х1012 г/л дейін,аз мөлшерде лейкоцитоз,ЭТЖ ның жоғарылауы және лимфоцитоза, моноцитоз. Созылмалы туберкулез процессіне анемиядағы көрсеткіш 80-90х1012 г/л дейін, При хроническом туберкулезном процессе, анемия усугубляется до 80-90х1012г/л, лейкоцитоздың 15-20х109 г/л,ЭТЖ ның көп жоғарылауы лимфопения,моноцитоз немесе моноцитопения.

Зәр шығару жүйесін зерттегенде зәрде аз мөлшерде пиурия,протеинурия және микрогематурия байқалады.

Биохимиялық қан анализін зерттегенде қанда ақуыз фракциясынын төмендеуі, α- глобулин мен λ-глобулиннің жоғарылауы байқалады.



Алдын ала қойылған диагнозға науқастың анамнезінде кудедегі ауру сезіміне шағымы көп болады.Туберкулезбен аурған науқаспен қатыныста болғаны, науқастың тұрмыс жағдайы,тұрмысы,өмір сүруі,мамандығы перкуссия, аускультация, клиники және рентгено-лабораторлы көрсеткіштері керек.

Фтизиатрға жолдама беру.

Аурудың эпидемиялық жағдайына байланысты және дер кезінде табылуына фтизиатрлардың маңызы үлкен.Туберкулездің клиникалық көрінісі жоқ науқастар немесе қаралмай оны асқындырып жіберу мумкін.Сол себепті науқас бұл кезде бірден фтизиатрға қаралу тиіс.


Біріншілікті инфицирленген туберкулез балаларда және жастарда. Туберкулез микобактерияларының организмге түскеннен кеиін,оның кіру жолынан инфекция көбейіп қанға түсіп бүкіл организимге таралады.

МБТ жұққанан кейін туберкулезбен ауратын науқастарда жасырын периодта (инкубационды) болады.Ол бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады.

Организм өзінің қорғау күшімен түскен инфекциямен күрес жүргізеді. Түскен бактерия мөлшері төртінші күнде жайлап көбейедіде максимум жағдайға жетеді.Жетінші күнде организмде МБТ жоғарылып іштегі органдар өздерін тазарту барысында МБТны(барлық секреторлы және экскреторлы жүйелермен зәрмен,сілекеймен шығарады және т.б.).Аурыдың 20-21 күнінде жүйлер инфекциядан тазарады.

МБТтек сүйек миында қалады және сол жерде өздеріне жағдай жасап өсіп көбейіп,жиналады. 4-6-8- күнінде инфекцияның жаңа ағымы басқа басталады



«Виража» кезі.

Біріншілікті туберкулинді сыныманың оң нәтижесінде инкубациялық периодтың аяқталғаның немесе бұл кезенді аллергия алдын кезең деп атаймыз.Балаларда алллергия алдын кезеңнің ұзақтығы бір айдан он екі айға дейін жалғасады,көбіне алты сегіз ай.Үлкен жастағы жасөспірімдерде инкубациялық кезең ұзақтау,ал кішкентайларда керісінше.Бұл периодта организм инфекциямен күрес жасайды бұл кезді тек туберкулинді сынымен анықтай аламыз,бірақ бұл кезеді туберкулезбен ауру басталмайды.

Организмдегі инфекцияға қарсыласу процессі жарақатталған тін немесе қабынуы бар жерлерде инфекция көп ұсталады.Бұл жерлер инфекциянын кіру қақпасы болып табылады.Аэрогенді жұғу жолында таралу миндалина,өкпелік тін,лимфа жүйелері арқылы локальды туберкулез процессіне алып келеді.

Осындай жолмен аллергия алдын кезең туберкулинді сынымада вираж пайда болады осы жолдан кейін аллергиялық периодқа өтеді.

Аллергиялық периодта организм туберкуллезді инфекциямен күреседі . Бұл кезде аллергиялық құрылыс арқылы қарсы иммунитет пайда болады. Аллергиялық периодта инфекцияның вируленттілігі организммен қарсыласу үш жолмен жүреді

1 тип. Дені сау балаларда аллергиялық период симптомсыз көріністермен жүреді.Туберклезді инфекцияның енуі аллергиялық күреспен жүріп,организм инфекцияны нейтрализрилеп аурудың пайда болуына жол бермейді.

2 тип. Аллергилық период балаларда белгілі шағымдермен айқын функциональды өзгерістермен : субфебрильная температурамен, перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюымен (микрополиадения), шаршағыштық сонымен қатар— туберкулезді интоксикация пайда болып (локальды өзгерістер қарапайым зерттеуде байқала бермейді ).

3 тип.Аллергиялық период локальды өзгерсітермен өте аз сәйкес келеді.Көбіне әлсіз кішкентай балалар және олардың тұрмыс жағдайы нашар болуы,туберкулезбен ауратын науқастармен қарым қатынаста болуы.Аллергиялық периодттың ұзақтығы он екі ай.  

Туберкулезге деген күмән балаларда келесе жағдайда,  Ф. Миллером (1984) жазуы бойынша:


  • Салмақ қосудың жоқтығы, керісінше науқаста арықтау,апатия болу 2-3 айда, кейде интермиттирлеуші қыза.

  • Аяқ астынан дене температурасының жоғарылауы (температура становления),кейде сызықты эритеманың немесе туберкулёзді-аллергиялық (фликтенуллезді) конъюнктивит. Температура становления 3аптаға дейін көтеріледі.

  • Баладағы қатты жөтелден,сырылды тыныстан қиналудын нәтижесінде салмақ қоспауы

  • Плевральды аурумен қатар плевральды түсуден аяқ астынан қызба.

  • Іштің ісуі және асцит.

  • Ішті қарап тексергенде тығыздалудың және аурыдың болуы.

  • Үлкен буындар айналасында ісінулер мен ауру сезімдері.

  • Еңкею барсында ауру сезімінің болуы,ригидтілік және бел тұсындағы ауру немесе деформациялануы.

  • Ауырсынусыз периферялық лимфа түйіндерінің үлкеюі,сыртынан майда лимфа түйіндерінің қоршауы.

  • Қандай болмасын абсцесс, перифериялық лимфа түйініңдегі әсіресе жайлап өскен.

  • Тері астылық абцесс немесе жаралар терідегі.

  • Баланың көңіл күйінің бірден өзгеруі (мысалы,балаға ешнәрсе ұнамайды), дене температурасының көтерілуімен жүреді, кейде бас аурумен немесе жүрек айнумен жүреді.

  • Продуктивті жөтелмен жүретін дене салмағын жоғалту үлкен жастағы адамдарда және жас өспірімдерде.

  • Ұзақ уақыт ауырған қызылша,көк жөтел,стрептококкты тонзиллиттен қалған қалдық өзгістер немесе басқа инфекциялық аурулар.

  • Балалардағы бас ішілік процесстегі диффузды энцефалиттер.

  • Балаларда зәр шығару кезіндегі гематурия немесе пиурияда ауру сезімінің болмауы.


Біріншілікті туберкулездің клиникалық формасы.
Созылмалы біріншілікті туберкулез.

Созылмалы біріншілікті туберкулез ағымы –бұл кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезін дұрыс таппағаннан немесе бала кезіңде жас өспірім кезіңде табылмаған. Процесс толқын тәрізді жүйеде пайда болады,асқынуы әр түрлі болуы мүмкін. Бронхоадениттерде Свищевой пайда болуынан формаларға бөлеміз бронхогенді, лимфогенді немесе гематогенді таралу деп.Ұзақ уақыт сақталған интоксикациядан кейін туберкулинге деген сезімталдық көбіне жоғары болады.

Туберкулез аз таралған регионда біріншілікті инфицирлену үлкен адамдарда жұғу қауіпі аз боламайды. В регионах с низкой распространённостью туберкулёза первичное инфицирование нередко происходит у взрослых.Балаларға қарағанда оларда жұғу қаіпі жоғары және үлкендерде лимфа түйін манайында үлкен казеоздар пайда болады бұл казеоздар трахея үлкен бронх маңайында,нерв шоғын бұзады.Көбіне бронхопульманальды топты бұзады.

Туберкулез реактивациясының процессінде кеуде ішілік лимфа түйіндерінде аденогенді бронх туберкулезі пайда болуы мүмкін.



Біріншілікті туберкулездің ағымында науқастың жасы көп факторлардың арасында зеррттуге үлкен мән береді.Жаңа туылған нәрестеде микобактериялармен инфицирлену көбіне милиарлы туберкулезге және менингитті туберкулездің ауыр ағымына алып келеді. 1-2 жасында ауырған балаларда пубертатты біріншілікті туберкулез кезінде және пубертатты аффект кезінде тыртықтанумен жазылады кейде баладан үлкен жасында қайта пайда болуы мүмкін.Үлкен адамдарда біріншілікті туберкулез инфицирленуінде қатты түрде .


Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі.

Балалар мен жастар арасындағы біріншілікті туберкулездің ішінде кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі клиникалық формасы жағынан бірінші орында. Барлық балалар туберкулезі арасында 75-80% алады.

Таралу ағымы бойынша спецификалық қабынуға ал бір жағынан иммунитеттің төмендігіне байланысты.

Дер кезінде табылған және емделген кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезіңде оң жағдай береді инфильтрация фазасынан жайлап Своевременно выявленные процессы с ограниченным поражением внутригрудных лимфатических узлов при полноценной туберкулостатической терапии обычно дают положительную динамику с постепенным переходом из фазы инфильтрации к фазе рассасывания.

Кеуде ішілік лимфа түіндерін паратрахеальды, трахеобронхиальды, бифуркационды и бронхопульмональды деп бөлеміз, бұл туберкулездің топографиялық ораналасуын және клиникалық формасын анықтауға көмектеседі.Педиатрдың жақсы жұмысы нәтижесінде баладағы кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезің көбіне туберкулинді вираж сынамасы арқылы табады,ал кішкентай балаларда жедел формада жоғары дене температурасында және интоксикацияда байқайды.

Морфологиялық құрылысы жағынан бөлеміз инфильтративті формасын, ұқсас прикорневой пневмониямен,сонымен қатар перифекальды реакцияның зақымдалған жіпшелердің және туморозды формасында көбіне ісіктік аурулармен және олардың лимфабездеріне гиперплазия түзіп казеоздалуын байқаймыз.

Лимфоидты тін гиперплазияға ұшырайды,бұл лимфабездерінің мөлшерінің ұлғаюына алып келеді.Ары қарай спецификалық қабыну өзгерісің (эпителиоидты, гигантты жасушалар),сонымен қатар гранулемалар лимфабездерінің барлық аймағына таралу мүмкін.Қалыпты гиперплазияда лимфабездерінің айналасында перифекальды қабынулар болдырады,бұл инфилтративті бронхоаденитке алып келеді.

Инфильтративті бронхоаденит кішкентай клиникалық сиптомдармен көрініс береді.Аурудың басталуы жайлап кейін жеделшеге өтеді.Балада жоғары шаршағыштыққа,тәбетінің нащарлауына,дене температурасының көтерілуіне,қалыпты жағдайда субфебрильді цифрдан фебрильдіге «свечками» 1—2рет аптасына.

Баланы қарау барысында тері түсінің бозаруы,көз астындағы кішкентай көгрулер және дене салмағының жоғалтуын көреміз.

Фтизиопедиатрлар симптомдарға көніл бөледі.

Қарау барысында алдыңғы кеуде бөлігінде перифериялық венозды тордың I-II қабырға аралықта және екі жағынан. Бұл симптом Видергоффера, жұп емес венаны, қысылғаның көрсетеді.

Майда теріүстілік қантамырлардың үлкеюі жауырын үстіндегі -симптом Франка.

Басу барысында жоғарғы омыртқа (III-VII) –оң симптом Петрушки.

Перкуторного дыбыстың тұйықталуында 2 жасқа дейінгі баларда төмен I куде омыртқасынан,10 жасқа дейінгі - төмен II,10 жастан жоғары – III кеуде омыртқадан -симптом Кораньи.

Паратрахеальных лимфатикалық туйінің бұзылысында және медиастинальды плеврада,немесе ортаңғы средостения, пайда болады перкуторлы дыбыстың тұйықталуы болады бірінші қабырғаарлық шекарада,төменге карай -симптом Философова.

Аускультация барысында симптом д'Эспина байқауға болады, есту барсында бронхофония естіледі I кеуде омыртқасының төмен бөлігінде трахея бифуркациясы науқасқа шипящихдыбыстарда айтқызғанда.

Омыртқа жотасынан трахеальды тыныстың естілуі,қалыптыда балада жас кезінде VII мойын омыртқасынвн немесе I кеуде омыртқасынан, бронхоаденитке тән. Бұл симптом Хёбнера.

Лимфа түйіндерінде казеозды некроз болғанда,перифокальды қабыну аз көрінеді, диагностика жасаймыз ісіктік немесе туморозды бронхоаденитпен.

Ісіктік немесе туморозды формасы кеуде ішілік лимфа бездерінің өте ауыр клиникалық көріністе болады.Бұл форма жиі кішкентай балаларда кездеседі айқын клиникалық көріністермен көрінеді және асөынулармен өтеді.Бұл формаға тән гиперергическая сезімдік туберкулинге «виража» түрінде.

Казеозды некроз,біріншілікті көрініс береді бір немесе екі лимфа түйінінде,лимфогенді жолмен таралады жақын орналасқан лимфа түйіндеріне сосын кеуде ішілік лимфа түйінің зақымдайды.Көбіне бір жақты көрініс береді,кейде екі жақты бергенімен тек бір жағынан зақымдалу ошағы көп болады.

Прогрессирленген спецификалық процесс қабыну барысында бронх лимфа бездеріне өтеді.Осы жерде туберкулезді инфильтрат анықталады, бронхты қысатын және сегменттерге бөліктерге вентиляцияны дұрыс жеткізбейді.

Бәрінен қиынырақ кіші кеудеішілік лимфа түйінің туберкулезін туберкулезді интоксикациядан айыру.

Егер рентгенографияда лимфоаденопатияның анық түрде жоқ болса үлкен диагностикалық мәнді компьютерлі томография (КТ) береді.

Кіші кеудеішілік лимфа түйіндерінде рентгенологиялық диагноз деформация болуымен және суретте (қаттылығымен,артықтылығымен) өкпе түбірінің суретінде лимфангитты іркіліспен, өкпе түбірінің структурсының және оның контурының жағылуымен көрінеді.

Обзорлы және жанынан рентгенограммада өкпе суретінің көрінісі қалыптыдын кеңейген және деформацияланған,өкпе түбіріде;соңғы интенсивті, бір типті,жүрек суретімен қосылады,сыртқы контуры анық, полициклді.Томограммада ұлғайған үлкен лимфатикалық түйіндер: паратрахеальды,трахеобронхиальнды, бронхопульмональды бұл процесс осы бір группа ішінде.

Перифокальное қабынудың қайта пайда болуында қабыну сінеді,лимфа түйінің зақымдалуы размерінен кішрейіп,тығыздалып онда кальций тұздарыны жиналады.

Кальцинация процессі жай басталады және барлық лимфатүйіндерінде бірдей емес ;кейде олар толық кальци тұзымен сінбейді және ол жерде казеозды некроз ошағы сақталып қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет