Клиникасы
Туберкулездің бұл формасының клиникалық көріністері сан түрлі. Ауру тұмаудың және ошақты пневмонияның көріністерімен өтуі мүмкін. Науқастардың дәрігерге келуі көбінесе қан қақыруға байланысты. Сондай-ақ науқастар басқа ағзалардың, әсіресе көмейдің зақымдалуымен дауыстың қарлығуы, жұтыну кезіндегі ауырсынуға байланысты өздері дәрігерге келеді.
Клиникалық көрінісі айқындылықтың әртүрлі деңгейімен және туберкулездік қабынудың басқа симптомдармен қосарласа жүруімен сипатталады. Диссеминирленген туберкулездің бұл нұсқасында науқастардың жағдайы қанағаттанарлыққа сәйкес. Аурудың басталуы әдетте біртіндеп және аз симптомды.
Науқастар жиі жоспарлы флюорографиялық зерттеу кезінде анықталады. Сондай-ақ ағзалардың туберкулезді зақымдануына байланысты науқастар кейде терең мамандарға жүгіну кезінде анықталуы мүмкін, мысалы дауыстың қарлығуы мен афонияға байланысты отоларингологқа баруы.
Интоксикациялық синдром айқын емес. Дене температурасының субфебрильді көтерілуі көбінесе кешке қарай немесе физикалық және эмоционалды жүктемеден кейін болуы мүмкін.
Жеделше диссеминирленген туберкулез процесстің өшуі немесе толық емес сіңірілу барысында созылмалы түрге ауысады.
Аурудың ағымының толқынтәрізді болуы тән: ремиссия кезеңі өршу кезеңімен ауысады. Науқасты объективті қарағанда теріасты қабаттың нашар дамуын, төменгі бөлімдердің кеңеюімен кеуде торының ұлғаюын байқауға болады.
Өкпенің жеделше гематогенді-диссеминирленген туберкулезі әртүрлі өтеді. Егер процесс өршісе, интоксикация күшейеді, ошақтар пневмониялық фокустарға немесе конгломераттарға қосылады. Басқа ағзаларда гематогенді метастаздар дамиды. Милиарлы туберкулездің өршуі кезінде өкпедегі трофикалық өзгерістерге байланысты өкпе тінінде жұқа қабатты каверналық ыдырау ошақтары пайда болады. Әдетте каверналар бірнешеу, дөңгеленген, өлшем мен формалары бойынша бірдей болады. Сондықтан оларды «штампталған» деп атайды. Кейде олар тізбектеліп орналасады, жиі екі өкпеде симметриялы.
Қақырықта туберкулез микобактериясы табылады. Туберкулиндік сезімталдылық гиперергиялық сипатта. Қақырықта МБТ табылады, ол өкпедегі өзгеріс табиғатының туберкулездік екендігін дәлелдейді. Қан зерттеуінде айқын емес лейкоцитоз, жиі лимфопения, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады. Туберкулиновая чувствительность носит гиперергический характер. В мокроте, как правило, выявляются МБТ, что является доказательством туберкулезной природы изменений в легких. В анализе крови отмечается невыраженный лейкоцитоз, часто лимфопения, увеличение СОЭ. 2 ТБ ППД-Л-мен Манту реакциясы әдетте оң және гиперергиялық болуы да мүмкін.
Бронхологиялық зерттеу кезінде белсенді фазадағы бронх туберкулезін немесе бронхтың бұрын болған туберкулезін нақтыланған туберкулездік диссеминация арқылы анықтауға болады.
Сонымен қатар бронхоскопияда микробиологиялық және гистологиялық зерттеуге патологиялық материал (қақырық, бронх-альвеоларлы лаважды сұйықтық, биоптаттар) алуға болады.
Қандағы өзгерістер лейкоцитозбен (12000-15000), таяқшаядролы нейтрофильдердің жоғарылауымен, ЭТЖ-ның жоғарылауымен (20-30 мм/сағ)көрінеді
Рентгенологиялық көріністер:
Жеделше диссеминирленген туберкулез жоғарғы және ортаңғы бөлімдерде немесе барлық өкпе аймағында әртүрлі калибрлі ошақты көлеңкелермен, бірақ міндетті түрде жоғарғы бөліктің зақымдануымен көрінеді. Жоғарғы бөліктерде ыдырау қуыстарының түзілуі тән.
Созылмалы гематогенді-диссеминирленген туберкулез
Өкпенің созылмалы гематогенді-диссеминирленген туберкулезі аурудың ұзақ уақыттық ағымында немесе нәтижесіз емнен кейін дамиды.Науқастардың қақарықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейін ентігуге, әлсіздікке, адинамияға, қызбаға (субфебрильді температура) шағымдануымен жүреді. Созылмалы гематогенді-диссеминирленген туберкулездің жиі ізашары - экссудативті плеврит болып табылады. Өкпенің гематогенді-диссемирленген туберкулезіне ізашар немесе қосалқы түрде бүйрек, сүйек және басқа ағзалардың туберкулезі қосылады.
созылмалы гематогенді-диссеминирленген туберкулез-созылмалы ағыммен полиморфты ошақты, уақытында анықталмаған жеделше гематогенді туберкулезден кейін дамиды.
Процесстің қайталамалы өршуі нәтижесінде, кейде диссеминацияның «суық» толқынында, «қабаттық» түрде өкпенің ұштық және бұғана астылық бөлігінен апикокаудальды бағытпен түзіледі, ошақтар көлемі, формасы, құрылымы әртүрлі, ол даму фазасы мен ерте пайда болуына байланысты (кальцинаттардан бастап, жаңа түзілген ошақтарға дейін).
Айқын диффузды торлы склероз, өкпе эмфиземасы, жүректің оң жақ бөлімдерінің гипертрофиясы корінеді; Жұқа қабатты жазылмаған ыдырау қуыстарының тығыздалуы кезінде бронхогенді себілумен және гематогенді диссеминирленген туберкулездің барлық формасының өкпені симметриялы зақымдау қасиетін жоғалтқан каверналар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |