Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі


Экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы



бет3/8
Дата16.06.2016
өлшемі2.82 Mb.
#138859
1   2   3   4   5   6   7   8

Экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы.

Бұл салықтың жаңа түрі 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілді.

Рента салығын төлеушілер экспортқа шикімұнай мен газ конденсатын, контрактімен жер қойнауын пайдалануды бөліскеннен басқа жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Рента салығының объектісі экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсаты.

Рента салығының базасы экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатының нарықтық құны мен көлемінен салық төлеушінің тасымалдау шығынының шегеру айырмасы болып табылады.

Рента салығының ставкалары келесі көлемде салынады:



Кесте-3

Нарықтық құны

Ставкалары %

19 АҚШ доллар барельге дейін

0%

19-дан 20-ға дейін

1%

20- дан 21 –ге дейін

4%

21-ден 22-ге дейін

7%

22- ден 23-ке дейін

10%

23-тен 24-ке дейін

12%

24-тен 25-ке дейін

14%

25-тен 26 –ке дейін

16%

26- дан 27-ге дейін

17%

27- ден 28 –ге дейін

19%

28- ден 29-ға дейін

21%

29- дан 30 –ға дейін

22%

30- дан 31-ге дейін

23%

31- ден 32 –ге дейін

25%

32- ден 34-ке дейін

26%

34-тен 36 –ға дейін

28%

36- дан 37 –ге дейін

29%

37- ден 38 –ге дейін

30%

38- ден 40-қа дейін

31%

40-тан жоғары

33%

Бұл салықты салық төлеушілер ай сайын келесі айдың 15-інен қалдырмай төлеуге міндетті. Ал декларацияны өзі орналасқан жері бойынша салық комитетіне тіркеуден өткен айдан кейін келесі айдың 15-інен қалдырмай тапсыруға міндетті.



Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес.

Қосылған құнға салынатын салық, салық жүйесінде негізгі жанама салықтар қатарына жатады. Жанама салықтар немесе тұтынуға салынатын салықтар өнімнің, қызметтің бағасына қосылатындықтан, бұл салықты төлейтін төлеуші мен салық ауыртпалығын көтеруші екеуі бір емес. Салық ауыртпалығын тауарды, қызметті тұтынушы көтереді.

Қосылған құнға салынатын салық біздің еліміздің салық жүйесіне 1992 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілген. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, олардың өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымы білдіреді.

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.

Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

Демек, бұл салықтың ерекшелігі –оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және оларды айналысы процесінде қосылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.



Акциздер.

Жанама салықтардың келесі түрі – акциз деп аталады. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7% құрайды.

Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.

Акциздер әмбебаптық және жеке жара акциздер болып бөлінеді.

Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымынан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады.

Жеке дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны, мүгедектерге арналған жеңіл автомобильдер, атыс және газ қарулары, шикі мұнай, ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру және өткізу.

Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттың нысандағы өлшем бірліне абсолюттік сомада белгіленеді.

Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу объектілері республика аумағында акцизделетін тауарларды өткізу немесе оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілген қызметтерді, акцизделетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импортталатын акциз тауарларының көлемі немесе тауардың кедендік құны болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.

Сонымен, салықтар – қаржының бастапқы ктегориясы болып табылады және еліміздің мемлекеттік бюджетін толықтырудың, ұлттық экономиканы дамытудың негізі ретінде көрініс табады.


1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі
Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Америка Құрама Штаттарының салық жүйесімен қысқаша да болса түсініктеме беру өте орынды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері 10-11 жыл ішінде көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру. Осы орайда дамыған Европа елдері мен Америка Құрама Штаттарының салық ісіндегі тәжірибесімен танысу болашақ салық мамандарына, қаржыгерлер мен кәсіпкерлерге өз көмегін тигізеді деп сенеміз.

Еуропаның салық жүйесі оның ерекшеліктері.

Германияның салық жүйесі

Германия екі деңгейге бөлінген мемлекеттік билігі бар федеративтік мемлекет болып табылады. Осыған орай оның салық салу жүйесі федерацияның, федерация мүшелері-жерлердің және осы жерлердің құрамдас бөлігі болып есептелетін қоғамдастықтардың мүдделерін (бюджеттерін) көздей отырып құрылғанын байқаймыз. Сонымен, Германияның салық жүйесі жалпы, федералдық салықтар мен жерлердің және қоғамдастықтардың салықтарынан тұрады. Жалпы салықтарға: еңбек ақыға салынатын табыс салығы; декларация бойынша төленетін табыс салығы; корпорациялық салық; капиталдан алынатын табыстарға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; импорт айналымынан алынатын салық жатады.

Федералдық салықтарға: мұнай өнімдерінен, темекіден, спирт және арақ өнімдерінен алынатын акциздер; сақтандыру салығы; жерлердің салықтарына: автомобиль иелерінен алынатын салық; мүлік салығы; сырадан алынатын акциз; шіркеулік салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қоғамдастықтардың салықтарына: жер салығы; кәсіпқойлық салық жатады.

Германияның салық жүйесінің ұтымдылығының жарқын көрінісі ретінде мына келесідей жәйтті атап өтуге болады: салықтық кірістері айтарлықтай мол Бавария, Вюртемберг, солтүстік Рейн-Вестфалия жерлері онша дами қоймаған Саксония, Шлезвиг-Гольштейн жерлеріне өз қаржылық ресурстарының бір бөлігін әрдайым беріп отырады. Сонымен, Германиядағы салықтар мына: жеке тұлғаларға салынатын салық; корпорацияларға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; мүлікке салынатын салық; жер салығы; жер учаскесін сатып алу кезінде төленетін салық; сақтандыру жарналары; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; автомобильдік салық; кофеге, минералдық майларға, арақ, шарап және темекі өнімдеріне салынатын акциздер; Германия аумағында мұнай және газ өндіруді дамыту үшін алынатын кедендік баждар мен алымдар, әлеуметтік сақтандыру қорына алынатын жарналар сияқты негізгі түрлерге бөлінеді.

Салық салу туралы заңдар шығару, салықтарды алу және салықтық түсімдерді пайдалану процестері Германияның Конституциясымен реттелінеді. Федералдық билік органдарына кедендік баждар мен қаржылық монополияларға қатысты заңдарды шығаруға байланысты айрықша құқық берілген. Қалған салықтар мен алымдар бойынша бәсекелесу заңдары шығарылады. Осы заңдарды шығару барысында кәсіпқойлық және жер салықтарына мұқият назар аударылады. Салықтарды алу жөніндегі әкімшілік құзыреттер Бас кедендік басқармаларға және қаржылық басқармаларға бөлініп берілген. Осы Бас кедендік басқармалар өз қызметтерінің федералдық және Еуропалық қоғамдастық ауқымында жүзеге асыратын федералдық қаржылық органдар болып табылады.

Ал қаржылық басқармалар жергілікті деңгейдегі салықтар мен кейбір федерациялық салықтарды алуға ат салысады.



Ұлыбританияның салық жүйесі

Өткен жүзжылдықта қалыптасып, құрылған Ұлыбританияның салық жүйесі 1973 және 1987 жылдары реформаларға ұшыраған болатын. Осы салықтық реформаларды құрайтын негізгі шараларға: жеке табыс салығының төменгі ставкасын 27-ден 20 процентке дейін төмендету; тұрғылықты халыққа салынатын табыс салығын 20,24 және 40 процент ставкалар мөлшерінде алу; ерлі-зайыптылардың табыстарына бөлек салық салуды енгізу және т.б. жатқызылған еді. Ұлыбританияның қазіргі кездегі салық жүйесіндегі салықтар (өз деңгейлеріне орай) :

Орталық салықтар: тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы; корпорацияға салынатын табыс салығы; мұнайдан түсетін табысқа салынатын салық; мұраға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; елтаңбалық алым; баждар және акциздер.

Жергілікті салықтар жылжымайтын мүліктерге: зауыттар мен фабрикаларға, жер учаскелеріне, тұрғын үйлерге, дүкендерге және мекемелерге салынатын салықтардан тұрады.

Ұлыбританияның салықтық заңдарының негізі ретінде: 1970 жылғы халықтан және корпорациялардан алынатын табыс салығына қатысты заң Актісін, 1979 жылғы қосылған құнға салынатын салыққа қатысты Актіні және 1996 жылғы корпорациядан алынатын салыққа қатысты Актіні атап көрсетуге болады. Британия парламентінің заң шығарушылық билігі және осыған орай салықтық құзыреті Англияға Уэльске, Шотландияға және Солтүстік Ирландияға таралды. Ұлыбританияның Үкіметі мен Қазынашылығы салық жүйесін басқаруды жүзеге асырады.

Ал салық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен Баждар және акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде айта кететін бір қызықты жәйт, елтаңбалық алым ең (ескі) көне салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесіне 1694 жылы енгізілген болатын.



Францияның салық жүйесі

Францияның салық жүйесіндегі салықтар табыс салықтары, тұтынуға салынатын салықтар және капиталға салынатын салықтар болып аса ірі үш топқа бөлінеді. Сонымен қатар Франциядағы салық салу көбінесе тұтынуға салынатын салыққа бағытталған. Франциядағы фиксалдық жүйедегі тікелей салық салудың деңгейі төмен, ал жанама салықтардың деңгейі аса жоғары болып табылады.

Францияның салық жүйесінің негізін құрайтын салықтар орталық және жергілікті салықтар болып бөлінеді. Негізгі орталық салықтарға мыналар: қосылған құнға салынатын салық; ақшалай капиталдардың табысына салынатын салық; жылжымайтын мүліктерден түскен пайдаларға салынатын салық; акционерлік компаниялардың пайдаларына салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; капиталдың өсімінен алынатын салық; елтаңбалық және тіркеу алымы; тіркеу салығы (алымы) жатады.

Жергілікті салықтар жүйесіне мына келесідей салықтар мен алымдар: тұрғын үйге салынатын салық; кәсіптік салық; жер салығы; құрылыс салынған учаскелерден алынатын жер салығы; құрал- жабдықтарға салынатын арнайы (қосымша) салықтар; тұрмыстық қоқыстарды жою үшін алынатын салық; рудниктерге салынатын департаменттік және коммуналдық салықтар; ауыл-шаруашылығы палатасын ұстауға алынатын баж; автокөлік құралдарынан алынатын баж; көгалдандыру үшін салынатын салық енгізілген.

Бүгінде Францияның салық жүйесі үш әкімшілік аумақтық бірліктер жүйесін қамтиды. Оларға регион, департамент және коммуна жүйесі жатады. Әрбір регион, департамент немесе коммуна өз ерекшеліктері мен мұқтаждықтарына сай қосымша салықтар енгізуге құқылы. Мәселен, Иль-де Франс регионында құрал-жабдықтарға салынатын арнаулы салық бұрыннан белгіленсе, әкімшілік аумақтық бірліктердің (АӘБ) басшылары осы салықты Эссон, О-де-Сен, Сен-э-Марнь, Сен-Дени, Валь-де-Марн, Валь-де Уаз және Эвелин департаменттерінде енгізе алады, сондай-ақ осы жәйттер Кальвадос, Ор, Сен-Маритин, Басс-Сен, Мерт-Э-Мозеле, Басс-Ран, О-Ранн аумақтарында да әртүрлі негіздерге байланысты қарастырылуы мүмкін.

Франциядағы салық жүйесін басқаруды жүзеге асыратын бірден-бір орган Экономика және Қаржы министірлігі болып табылады.



Италияның салық жүйесі

Италияның салық жүйесінің айтарлықтай өзгеріске ұшырап, жаңадан қалыптасуы 1973-1974 жылдары көрініс тапқан еді және ол жанама салықтардан гөрі тікелей салықтардың басымдылығымен ерекшеленген болатын.

Қазіргі кезде Италияның салық жүйесінің құрылымындағы салықтарға мыналар: жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; заңды тұлағалардан алынатын табыс салығы; жергілікті табыс салығы; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; арнаулы акциздер; іскерлік операциялардан алынатын салық (елтаңбалық салық; тіркеу салығы; концессиялық салық); жерді иеленгені үшін алынатын салық; жылжымайтын мүлік құнының ұлғаюына салынатын салық; жарнамаға салынатын салық; көлік құралдарына салынатын салық; қоғамдық алаңдарды пайдаланғаны үшін салынатын салық; жергілікті лицензиялық алымдар; мектептік салықтық алым және т.б. жатады.

Корпорациялық табыс салығының ставкасы бірыңғай 36 процент, ал жергілікті табыс салығының ставкасы 16,2 процент мөлшерінде белгіленген. Италиядағы салық салу жүйесі салық кодексіне негізделген. Ал салық қызметін жүзеге асырушы бірден бір орган Қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімдері мен басқармалары болып табылады.



Испанияның салық жүйесі

Испанияның салық жүйесін жалпы ұлттық салықтар мен жергілікті салықтар құрайды. Испанияның өзі 56 провинциядан тұратын 17 автономдық аумақтарға бөлінеді. Олардың ішінде салық салу жөнінде айрықша мәртебелері бар Баскілер елін, Наварраны және Қанар аралдарын атап өтуге болады. Испания аумағында алынатын салықтарды белгілейтін органға Испания Парламенті-Кортестер жатады. Салық жүйесін басқаруды Испанияның Экономика және Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ал салықтарды жинау ісі Мадридтегі бас салық конторасына, регионалдық салық басқармаларына, сондай-ақ тікелей және жанама салықтарды басқаратын жекелеген салық қызметі департаменттеріне жүктелген.

Жалпы ұлттық негізгі салықтарға: компанияның пайдасына салынатын салық; азаматтардан алынатын табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша алынатын салықтар; ауқаттылыққа салынатын салық жатады. Жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жалжымайтын мүліктерді қалаларда сатқаны үшін алынатын салық; коммерциялық қызметпен айналысқаны үшін салынатын салықтар жергілікті салықтар болып табылады.

Осы салық жүйесінде алынатын жеке тұлғалардың табысына салынатын салық ставкасының төменгі шкаласы 16 процент, жоғарғы шкаласы 56 процент, корпорациялардың табысына салынатын салық мөлшері 35 процент, қосылған құнға салынатын салық ставкасы 16,7 және 4 процент, ойын бизнесіне салынатын салық ставкасы 20 мен 55 процент аралығында, мұраға немесе сыйға тартуға берілетін мүлікке салынатын салық ставкасы 7,65-тен 34 процент мөлшерінде белгіленген.



Швецияның салық жүйесі

24 лэндер мен 284 коммуналдардан тұратын Швецияда салықтардың мынадай түрлері алынады: корпорацияларға салынатын салық (28%); қосылған құнға салынатын салық (25,21,12%); капиталдан түсетін табысқа салынатын салық (30%); мұраға және сыйға тартуға салынатын салық (10-нан 60% дейін); ұлттық салық (170мың кроннан асатын табыстардан 20%мөлшерінде); жергілікті табыс салығы (13 проценті лэндерге; 17 проценті коммуналарға; 1,1 проценті шіркеулерге төленеді); мүлікке салынатын салық (оны тек жеке тұлғалар төлейді); әлеуметтік төлемдер(есептеулердің жалпы сомасы еңбек ақы төлеу қорының 38% мөлшерін құрайды); акциздер (тек алколголь,темекі,бензин және энергия тобындағы тауарлардан алынады).Салықтардың түрлерін жоғарғы орган Рикстаг айқындағанымен олардың ставкалар мен алыну тәртібін региондар мен жерлер бойынша лэндер мен коммуналардың құзырлы органдары белгілейді. Салық заңдарын даярлайтын орган Қаржы министірлігі болып табылады. Салықтарды жинайтын және салықтық заңдардың орындалуын бақылайтын органдарға Ұлттық салық басқармасы мен жергілікті жерлердің салық органдары жатады.



Еуропаның салықтық құқығы

Еуропаның салықтық құқығы негізінен алғанда Еуропалық қоғамдастықтың, Еуропалық Одақтың және Еуропалық Кеңестің өз салық жүйелерінің құрылуы мен жұмыс істеулеріне, осыған орай және тағы басқа да маңызды жәйттерге байланысты шығарылып, қабылданған ұлттық салықтық заңдар мен өзара интеграцияланған Еуропалық Одақ мүшелері- мемлекеттердің құрылтайлық шарттарында көзделген салық ережелері мен салықтық құқық принциптерінің, сондай-ақ өзге де халықаралық-құқықтық және ұлттық құқық актілерінің жиынтығынан тұрады. Еуропаның салықтық құқығының осындай мән-жайын Еуропалық құқық айқындайтынын білу қажет.

Еуропалық салықтық құқық Еуропадағы салықтар мен салық салу және кеден мәселелеріне байланысты туындайтын айрықша қатынастарды реттейтін интеграциялық және мүше мемлекеттердің салықтық құқықтарының жиынтығы болып табылады.

Еуропалық салықтық құқықтың құрамдас бөлігі интеграциялық салықтық құқықтың Еуропа қоғамдастығының құқық жүйесінде алатын орны қоғамдастықтың салық саясатымен айқындалады, сондай-ақ оның дерек көздерінің қатарына регламенттер, директивалар, шешімдер, құрылтайлық шарттар, Еуропалық қоғамдастық Соттың шешімдері және халықаралық салықтық шарттар жатады. Еуропалық салық салу жүйесінің негізгі принциптері ретінде демократиялық принципін, құқықтық плюрализм принципін, адам құқығы мен бостандығының басымдылығы принципі, ЕО құқықтарының басымдылығы принципі, салық салу аясындағы қарым-қатынастардың икемділігі принципін атап өтуге болады.



АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері

АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және графиктардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі сатылардан тұрады. Федералдық салық жүйесіндегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге тұрғылықты халықтан (жеке тұлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың пайдасына салынатын салық; әлеуметтік сақтандыруға салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын салықтар жатады.

Штаттардың салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдер ретінде саудаға салынатын жалпы салықты (немесе әмбебап акцизді); тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығын; корпорациялардың пайдаларына салынатын салықты; мұраға және сыйға тартуға салынатын салықтарды; мүлік салығын атап өтеуге болады.

Саудадан алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін жиынтық мөлшері 30% тең келеді. Осы салықтың ставкаларын әр шарттардың құзырлы органдары белгілейтін болғандықтан олардың мөлшері әртүрлі болып келеді. Мәселен, Колорадо, Вайоминг, Канзас, Солтүстік Каролина штаттарында-3% көлемінде алынса, ал Аламба, Айова, Луизиана, Мичиган, Джорджия, Оңтүстік Дакота штаттарында-8%, Нью-Йоркте -8,25% мөлшерінде алынады. Бұл жердегі бір қызықты жәйт, осы салық Аляска, Дэлавер және Нью- Джерси штаттарындағы салық жүйесінде белгіленбеген.

Штаттардағы жеке тұлғалардан алынатын салық ставкасының мөлшері 2%-тен 12%-ке дейінгі аралықты қамтиды.Флорида,Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон,Вайоминг штаттарында және Колумбия дистриктінде осы салықтың түрі салық жүйелеріне енгізілмеген.

Жергілікті жердегі саудаға салынатын салық, тұрғылықты халықтан алынатын жергілікті табыс салығы, корпорациялардың пайдаларына салынатын салық, мұралардан алынатын салық, мүлік салығы, акциздер, экологиялық салықтар графтықтардың, муниципалиттердің, тауншиптердің, мектеп дистриктерінің, арнайы дистриктердің және т.б. салық жүйелерінен орын алған. Осы жергілікті салықтар 80 мың әкімшілік бірліктердің қаржылық базасын жеткілікті деңгейде қалыптастырып отырғанын байқаймыз.

Жоғарыда аталған негізгі жергілікті салықтардан басқа әрбір құзырлы жергілікті органның өз ұйғарымы бойынша мына салықтар мен міндетті төлемдер: мейманханалық қызмет көрсетулерге салынатын салық; коммуналдық қызмет көрсетуге салынатын салық; мейманхана, телефон, газ және электр жарығы үшін төлемақы; іскерлік белсенділігіне салынатын салық және т.б. белгіленуі мүмкін.

АҚШ салық жүйесінің қызмет атқаруының құқықтық негізгі ретінде 1954жылы қабылданған Қшкі табыстар кодексінің орнын 1986жылы заңи күшіне енгізілген АҚШ-ның Салық кодексі басқан болатын.

АҚШ салық жүйесін басқару ісі Қаржы министірлігінің құзыретіне жатады. Салықтардың төленуіне және салық заңдарының дұрыс атқарылуына жүргізілетін бақылау АҚШ Қаржы министірлігінің Ішкі табыстар қызметіне жүктелген. Ішкі табыстар қызметінің құзырындағы жеті аймақтық салық басқармасы мен елу сегіз салық басқармалары өздеріне тиесілі қызметтерін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет