Мазмұны кіріспе жасөспірім дзюдошылардың дайындығын үлгілеу ерекшеліктері


Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары



бет16/19
Дата14.05.2024
өлшемі354 Kb.
#501084
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ДЗЮДО

2.3 Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары

Жасөспірімдер спорты көп жылдық дайындық жұмысының шешуші сатысы. Суда жүзу, коньки, гимнастика, жеңіл атлетика, спорт ойындары балалар спорты деп те атайды. Бұл спорт түрлерінде бұғанасы қатпаған жастар алғашқы жаттығу, дәрістерін ала бастайды.


Көпжылдық спорттық жетілдіру жұмысының бірнеше кезеңімен атқарылатыны мәлім. Алғашқы дайындау кезеңі 7-10 жас аралығын қамтыса, бастапқы спорттық мамандандыру10-13 жаста, мақсатты спорттық мамандандыру13-15 жаста жүргізіледі; 15-17 жас спорттық шеберлікті шыңдау кезеңі негізгі жаттығулар жыныстық жетілукезінде орындалады. Балалармен жасөспірімдердің спорттық мамандығын ойдағыдай шыңдап, денсаулықтарына зиян келтірмеудің бірден-бір жолы-жүйелі кешенді бақылау, соның ішінде медициналық бақылау болып табылады.
Медициналық бақылау барысында шешілетін мәселелер көп. Олардың ішінде спорттық медицинаның мақсатымен мазмұнына сәйкес барша дене шынықтырушылар мен спортшылар арасында жүргізілетін жұмыстармен қатар арнайы да мәселелер бар. Соның бірі- спорттық сұрыптау мен бейімдеу.
Спорттық сұрыптау, спорт түріне бейімдеу жан-жақты қаралатын күрделі проблема. Оның медициналық көрсеткіштеріде аз емес. Олар:
- денсаулық;
- тұқым қуалай берілетін құрылымдық және қызметтік көрсеткіштердің бастапқыд еңгейімен даму қарқыны;
- спорт түрінде негізгі ауыртпалық түсетін физилогиялық ағзалар мен жүйелердің қызметтік мүмкіншіліктері және олардың жаттығу барысында жетілу сатысы;
- қызу жаттығуға төзімділік;
- жыныстық жетілу дәрежесі мен дененің дамуерекшеліктері.
Спортқа іріктегенде басты назарды баланың денсаулығына бөлу керек спортпен тексау балалар ғана шұғылдануға болады. Бұл спорттық медицинаның мызғымайтын талаптарынының бірі.
Спорттық сұрыптауда жасөспірімнің спорт түріне жарамдығын анықтайтын көрсеткіштер жинағы бар. Бұл тұқым қуалай беріліп, онтогенез барысында оншалықты өзгере қоймайтын құрылымдық және физилогиялық сипаттамалар, қимыл ептілігі, талдамалардың сезімталдығы, жоғары жүйке қызметімен мінез–құлық ерекшіліктері.
Дене-құрылымдық көрсеткіштер: бойдың ұзындығы, дененің салмағы, тұлғаның, аяқ-қолдардың ұзындықтары, дене салмағындағы бұлшық еттің үлесі, бұлшық еттердің құрамы болып келеді.
Физилогиялық көрсеткіштер: өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), әсіресе оның салыстырмалы мөлшері, өкпенің 1 минөтте алмастыратын ауа көлемі, әсіресе оның дене салмағының әр килограммына келетін мөлшері, организмнің оттегінің тапшылығына шыдамдылығы (гипоксия) және көмір қышқылына сезімталдығы (гиперкапния), тыныштық кездегі жүректің соғу жиілігі, PWC мөлшері және басқа субмаксимал қарқынды жүктемелерде ТСЖ-ның өзгеруі, оттегін тұтыну шегі (ОТШ)
Қимыл ептілігінің көрсеткіштері: қимыл жылдамдығы (теппенг-тест), дененің иілгіштігі, кіре беріс талдамасының сезімталдығы (денен ібилей білу, теңдік сақтау, қимыл-қозғалыс үйлесімдігі), бұлшық еттердің салыстырмалы күші (дененің әр килограммына келетін).
Психофизиологилық көрсеткіштер: орталық жүйке - жүйесіндегі қозумен тежеу процестерінің күші, тепе-теңдігі, жылжымалылығы, мінезділігі сангвиник, флекматик, холерик, меланхолик және басқа өзіндік ерекшеліктері назарға алынады.
Спорттық тәжірбие үшін мақсаты бар мәселелердің бірі-әр спорт түрімен шұғылдануды бастауға тиімді жас мөлшерімен жоғары спорттық нәтижеге жету уақытының ұзақтығы. Бұл мерзімдер адам организмінің биологиялыќ даму заңдылығын нығайтуға ғана емес, жоғарғы спорттық нәтижелерге жетіп, ұзақ жылдар спорттың шеберліктерін сақтауға да себепкер болады.
Осы зерттеулердің спорт түрлеріне алғашқы дайындықты қай жастан бастау керектігін көрсеткеніменқазіргі кезде осы талаптар іс-жүзінде ескеріле бермейтіндігін көруге болады.
Әр спорт түріне қажет қимыл етпілігін дамытудың тиімді мерзімдерін, яғни сыртқыә серлерге сезімтал жас кезеңдерінде (сенситивтік кезеңдер) білу керек. Онымен қатар баланың биологиялық жасын да ескеру қажет, өйткені биологиялық жасы құжаттық жасынан ілгері жасөспірімдердің бастапқы кезде көрсеткіштері жоғары болғанымен, кейіннен саябырлап, тіпті өспеуіде ықтимал. Ал реторданттардың, керсінше, акселеранттарды қуып жетіп,басып озуы мүмкін. Сондықтан алғашқы спорттық нәтижелерге мақсаттанып, асығыс тұжырым жасауға болмайды. Әр жағдайда мұқият дәрігерлік-ұстаздық бақылаулар жүргізіп, негізгі медициналық қағидаларға сүйене отырып жүйелі жаттықтыра білу керек.
Жасөспірімдердің дене бітімін, морфологиялық, физилогиялық сипаттамаларын, қимыл ептіліктерін жоғары маманды спортшыларын, қимыл ептіліктерін жоғары маманды спортшылардың спорт түрінде үлгі ретінде қабылданған бейнелеріне сүйене отырып жаттықтыру қателікке ұрынбаудың бірден-бір жолы.
Әрине, көп жылдық жаттығу барысында жасөспірім спортшылардың денсаулығын сақтай білу-бапкер мен дәрігердің басты борышы. Ауыру, зорығу ќауіпін тудыратын созылмалы ќабыну ошақтарын толық емдеу, организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін ұдайы қадағалап, спорттық иммундық тапшылықтың алдын-алу, жаттығулардың организмге әсерін қадағалап, жаттығу жүйесін медициналық, дәрігерлік-ұстаздық бақылаулардың нәтижелеріне сүйеніп басқару – спорттың сауықтыру, машықтандыру әсерлерін арттырудың кепілі.Жасөспірімдер арасындажиі кездесетн жүректің жиырылу реттілігінің бұзылуы, жүректің қызметтік шулары, жүрек көлемінің өсу қарқынының дененің жетілуін қалып қоюы (“кішкентай жүрек”), артериалық қан қысымының көтерлуі т.б. сол сияқты вегатативтік ауытқулардың даму бағытын мұқият қадағалап, жаттығу жүйесін дер кезінде реттемесе, олардың тұрақты сырқаттарға айналып кетуі мүмкін. Қандай тесттердің көмегімен жас балуанның мүмкіншілігін анықтауға болады деген сұрақтың маңызы өте зор болып тұр. Бапкерлердің қолданған тестері мен әдістемелік тәжірибелеріне сүйенсек, мына фактіні анықтауға болады: бапкерлердің 67% алғашқы іріктеуде балалардың қара күшіне баса назар аударып, спорттық күресте басты сапа деп қарайды. Спорттық күресте (жекпе-жек түрлерінде) іріктеудің тапсырмасын қиындататын нәрсе, жеңіс балуандардың мықты және әлсіз жақтарын ескере оытрып келеді. Оның үстіне осы екі қасиет бір біріне өзара байланысты.
Дене дамуын бағалау әдістемесі.
Дене дамуының көрсеткіштерін, оларды өлшеудің жалпы қабылданған әдістемесі бойынша анықтайды. Іріктеудің алғашқы кезеңінде арнайы құрал-жабдықтармен өлшеудің үлкен тәжірибесін қажет ететін белгілердің шектеулі санын қолданады. Мәліметтік белгілердің жинағы спорт түрінің ерекшелігімен анықталады. Дене дамуының негізгі көрсеткіштерін өлшеу келесі амалмен жасалады:
Дененің ұзындығы, см. Жоғарғы нүктеден еденге дейінгі қашықтықты өлшейді.
Сыналушы тәжірибешіге оң қырымен тегіс, тік жерге тұрып, табандарын қосып, қолдарын дене бойына бойлай созып ұстайды.
Дене салмағы кг. Дене салмағын рычагты тұтқалық жүйесі бар тексерілген медициналық таразының көмегімен кг ондық өлшеміне дейінгі дәлдікпен анықтайды. Тексерілуші сыртқы киімсіз және аяқ киімсіз болуға тиіс.
Дене дайындығы көрсеткішетірін жетілдірудің әдістемесі.
Дене дайындығын тестілеудің бағдарламасы спорт түріне байланысты 4-кестеде көрсетіңген тізімде өз еркімен таңдалған жәнге дене дайындығының көрсеткіштерінің түріне міндетті тобы енгізілген.
1. 3х10 м қайтармалы жүгіріс (челночный бег). Тестті ұзындығы 10 м тегіс жолда жүргізеді. Ара қашықтығының старт пен финиш сызышаларымен шектелген. Әрбір сызықтан соң ортаңғы сызықта тұратын 52 см радиуста екі жарты шеңбер белгілеп қояды. Жоғарғы старт қалпынан «марш» бұйрығын ести сала сыналушы 10 м жүгіріп, финиш сызығындағы жарты шеңберден (5х5х5см) кубигін алып, қайта айналып, 10 м старт сызығына жүгіріп келеді де, кубикті осындағы жарты шеңберге қайтып финиш сызығына қарай орала сызықтан асып өтеді.
2. 5 мин үзіліссіз жүгіру, м. 5 мин ішінде жүгіріп өткен ара-қашықтықтың ұзындығын анықтау үшін, 10 м кесінді белгіленген жолы бар стадиондаөткізіледі. Әрбір қатысушы 5 мин өткен кезде дабылды естіген жерінен белгі жасайды. 5 мин ішінде жүгіріп өткен жалпы қашықтықыт тіркейді.
3. Бір орыннан ұзындыққа секіру, см. Секіруді қос аяқтап орындайды. Екі аяқпен жерге түсу қажет.Секіруді белгіленген резиналық (тартар) жолда орындалады. Үш әрекеттің ең тәуірі тіркеледі.
4. Екі кг салмағы бар тығыздалған доппен бастан асырып алға лақтыру. Лақтырар бұрын спортшы старт сызығында алғашқы мына қалыпта болады: аяқтары екі жаққа қарата отырады, доп бастың төбесінде созылған қолдарда және ашылған аяқтардың бұрышы старт сызығына қараған болуы тиіс. Лақтыру ұзақтығы рулеткамен өлшенеді, үш әрекет жасалып, ең жоғарғысы есептеледі.
5. Көлденең ағашқа ілініп тартылу, реттік саны. Алғашқы қалып – жоғарыдан ұстап ілінеді, қолдары иықтардың деңгейінде, жаттығуды орындау ырғағы ерікті. Қолды жиырған кезде көлденең ағаштан асса, тартылу орындалған болып есептеледі. Аяқ пен дененің көмегімен жасалған әрекеттер есепке жатпайды.
6. Алға еңкею, см. (иілгіштікке тест). Бой жаздырудан кейін орындалады. Алғашқы қалпы гимнасикалық тақтайда тұрып, аяқтары бірге, бүгілмей тұрады. Еңкеюдің тереңдігін қол саусақтарының ұшы мен тақтайдың жоғарғы бетінің ара-қашықтығын өлшейді. Ол үшін екі сызғышты нольдік белгісі тақтайшаның жоғарғы қырына теңестіріліп, тақтайға тік орналасуы қажет. Нәтиже сыналушы саусақтары тақтайшаның жоғарғы бетінен төмен түссе плюс(+) белгісімен тіркеледі, егер саусақтарының ұшы тақтайдың беткі қырына жетпесе, минус ( – ) белгісімен тіркеледі. Тестілеуде тізені бүгуге және дененің оқыс қимылдарын жасауға болмайды.
7. Гимнастикалық таяқша арқылы буындар қозғалысын бағалау. Ағашқа сантиметрлік лента жапсырылған немесе 0,1 см дейін бқлінулер белгіленген. Алғашқы қалып:ағаш төменде, үстінен қос қолдап ұстайды, екі қол иықтар деңгейінде. Қолды жоғары қарай көтере отырып, ағашты арқасына қарвй төмен түсіреді (бұралу). Бұралғанк езде ұстап қалған жер мен иықтың ара- қашықтығы салыстырылады. Сыналу алдында алдын ала бой жаздырып алу қажет. Тестің орындау бағасы: 5 ұпай – иық пен ұстаған жердің айырмашылығы 10 см, және одан да аз; 4 ұпай – 11-20 см; 3 ұпай – 21-30 см; 2 ұпай – 30-40 см; 1 ұпай – 41 см және одан да жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет