Мазмұны кіріспе жасөспірім дзюдошылардың дайындығын үлгілеу ерекшеліктері



бет2/19
Дата14.05.2024
өлшемі354 Kb.
#501084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ДЗЮДО

Зерттеу нысаны – жасөспірім дзюдошыларының оқу-жаттығу процесі.
Зерттеу пәні – жасөспірім дзюдошылардың дене дайындық жақтарын жетілдіру әдісі.
Ғылыми болжам: егер оқу-жаттықтыру процесін жасалған әдістеме бойынша ұйымдастырылса, онда дзюдошылардың жылдамдық-күштері мен икемділіктерін жетілдіру механизмдері жақсы игеріледі, сонда ғана дзюдошылардың көрсеткіш мүмкіндіктері жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығын тәрбиелеу тиімділігін арттыру және оны эксперимент барысында тексеру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- жасөспірім дзюдошылардың дене даярлық деңгейін анықтау;
-жасөспірім дзюдошылардың дайындық процесін үлгілеудің педагогикалық шарттарын анықтау;
-жасөспірім дзюдошыларға жаттығу әдістемесін жасау және дәлелдеу.
Зерттеулердің әдістемелік негізі күрделі табиғи биологиялық және әлеуметтік құбылыстарды талдауға жүйелі түрде келу, дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми еңбектер болып табылды.
Бұл ретте ғалымдардың «спорттық жекпе-жек үлгісі» түсінігі, ережелері мен концепциялары; дзюдошыларды көпжылдық техника-тактикалық даярлау тәжірибесі, жекпе-жекте спортшыларды даярлауды басқарудың функционалдық жүйесі; дзюдошының даярлық үлгісі және оны көпжылдық даярлау әдістемесі пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жасөспірім дзюдошылардың дене даярлық деңгейі анықталды;
- жасөспірім дзюдошылардың дайындық процесін үлгілеудің педагогикалық шарттары анықталды;
- жасөспірім дзюдошыларға жаттығу әдістемесін жасау және дәлелдеу жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы жасөспірім дзюдошыларға жаттығу үлгісін жасау және дәлелдеу байланысты болып табылады. Әдістеменің негізінде дзюдошылардың жылдамдық-күші мен икемділігін дамыту мен байланысты жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар алынды, сонымен қатар үйрету мақсатындағы арнайы жаттығулар қолдану болып табылды.
Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізген нәтижелер мен ұсыныстарды дзюдошыларды дайындайтын спорт мектептерінің, клубтардың, колледждермен, дене шынықтыру профиліндегі ЖОО тәжірибесінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет