ҚОРЫТЫНДЫ
Жасөспірім дзюдошылардың – дене дайындығы мүлтіксіз әдістемелік бағытта болу үшін жарыс қызметінің өзгешеліктерімен сәйкес болу керек. Ол үшін неғурлым келешегі бар техникалық қызмет түрін әр салмақтағы дзюдошыларға нәтижелі жылдамдық – күш жетілдіру дайындық бағдарламасын анықтап беруді ұсынады.
Дене дайындығын жетілдіру әдістемесі бағытын таңдауда нәтижелі әдістемелік өңдеу кезінде жеке шабуыл арсеналы мен қорғану қызмететін қолдана отырып белгілі бір спорттық нәтиже деңгейіне жеткен дзюдошының еңбегін ұмытпаған жөн.
Әр спортшыға кешенді жаттығу таңдау кезінде көбіне өзі жақсы көретін әдіс-тәсілдері мен ұқсас болуын ұсынады. Соған байланысты сол спортшыға дайындық жоспарын құрғанда, айла-тәсілдерін қолданғанда жылдамдық-күш жетілдіруде, көп жұмыс істейтін бұлшық ет топтарына ыңғайлайды.
Жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығы сапасын арттыруда әртүрлі жаттықтыру әдісін жекеше нәтижеге жетуін қадағалауды ұсынады.
Ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы бапкерлердің тәжірибесіне және жеке зерттеу нәтижесінің қорытындысында, 13-15 жастағы дзюдошылардың жылдық дайындық цикілінде бір қалыпты дене дайындығын жетілдіру қолданғаннан нәтижелі физиологиялық дайындық түрінде жоғары деңгейге жетуіне мүмкін емес екеніне көз жеткізді.
Ең көп өсу көрсеткіш эксперименталды топта уақытымен 10 тартылу орындауда 19,38%, ал ең аз өскен уақытымен 2,94% болды. Бақылау тобында ең көп өскен 3х10м жүгіру 4,4% құрады, ал ең аз уақытымен орындауда 0,88% оқұрады. Бақылау сынағындағы қорытынды басынан аяғына дейін эксперимент жүргізген уақытта өсу өзгешеліктері статистикалық түрде расталды.
Зерттеу жұмысының қорынтындысында дене дайындығын жетілдіру үрдісін қолдануда 13-15 жастағы жасөспірім дзюдошылардың жылдамдық-күшін жетілдіру деңгейі мағыналы түрде жоғарылайды. Мынаны әрқашан есте сақтау керек: мұндай жүктемені 4 жылдан кем емес дайындығы бар, 1-ші дәрежеден төмен емес біліктілігі бар спортшыларға жүктеу керек, өйткені олар керекті көлемдегі жүктемелерін толтырған және де ағзалары ұзақ уақыт жоғарғы қарқындағы салмақты көтере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |