Мазмұны кіріспе жасөспірім дзюдошылардың дайындығын үлгілеу ерекшеліктері



бет15/19
Дата14.05.2024
өлшемі354 Kb.
#501084
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ДЗЮДО

Сегіз апталық жылдамдық – күш жетілдіру дайындығының шоғырланған әдісін қолдану арқылы жылдамдық–күш жетілдіру дайындығының динамикалық көрсеткіші.
Педагогикалық тәжірибенің екінші блоктағы мақсаты біріншіге ұқсас: атап айтқанда – жылдамдық күш жетілдіру дайындығының функционалды деңгейінің жоғарылауы. Егер де 8 кестенің нәтижесіне көңіл аударса, онда бірінші блоктағы педагогикалық тәжірибемен салыстырғанда жаттығу жұмысының көлемі 744 минутқа артық. Бұл ең біріншіблоктағы педагогикалық тәжірибе 24 күнге, ал екінші блоктағы – 48 күнге созылған. Зерттей келе жылдамдық – күш жетілдіру дайындығының көлемі және бағыттық әдісі 668 минут «таза» уақытқа артық екенін көреміз. Жылдамдық – күш жетілдіру жұмысының көлемі процентпен есептегенде 40% жаттығу жұмысын құрады, бірінші блоктегі педагогикалық тәжірибеге қарағанда 18,8% көп.
Екінші блокта жылдамдық – күш жетілдіру дайындығын алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша кеңіненқараймыз. Бұл бағдарлама жаттығу дайындығының ойырмашылығы сандық жағынан ғана, бірақ өзіндік ерекшеліктері мен айырылады, оған тоқталамыз. Бұл өзгерістер бірінші блоктағы жылдамдық – күш жетілдіру дайындығын ұйымдастырғандағы кеткен методикалық қателіктер. Екіншіден, мынадай алдын – ала жағдайды есте сақтауды ұсынған:
Әртүрлі дайындық әдістерімен (комплекстік әдістеме) жаттыққанда спортсменнің арнайы физиологиялық дайындық деңгейі жоғарылаған сайын ықпалы азая түседі;
Өткен жолғы жұмыс сілтемі ағзаның функционалды реакциясын өзгертеді, сонымен бірге келесі жаттықтыру әдісін де.
Комплекстік әдістеме (жүктеме) жаттығуының нәтижесі арнайы физиологиялық дайындықтың тек қана жаттығусонымен емес, сонымен бірге үйлесімділігімен және уақыт интервалымен айырылады;
Әдістемені (жүктемені) арнайы физиологиялық дайындықты уақытын алмастырса, жаттығу нәтижесі айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Осындай түрімен жылдамдық – күш жетілдіру дайындығының жаттығу нәтижесін көруге болады.
Сондықтан да педагогикалық эксперименттің екінші блогында қолданылған және де іске асқан түзету дзюдошының физиологиялық өсу деңгейін жоғарылатқан. Түзетудің маңызы жиырма секундтық жұмысқа ауыстыру (тек қана артқы екі апталық блокта), нысаналы түрде физиологиялық сапасы мен функциясын дамыту. Екінші блокта барлығы 48 жаттықтыру жылдамдық – күш жетілдіру түрінде, 36-бұлшық ет дамыту (40-секундтық жұмыс),ал 12 – жаттығутыру креатинфосфат механизімін бұлшық етінде (20- сек. жұмыс) жетілдіру мен өтті.
Осы бағдарламаны орындаудан кейін спортсмендердің күштілік және бұлшық еттерінің энергетикалық қызметін жоғарылатты.
8-апталық блоктың жылдамдық – күш жетілдіру дайындығынан соң жаттығудың кумулятивті нәтижесін бақылауға болады, 4-8 аптадан кейін спортшы ағзасын жоғарғы функционалды деңгейге көтереді. Жылдамдық – күш дайындығының алдында және соңындағы өткізілген педагогикалық тест нәтижесі физиологиялық дайындықтың бастапқы деңгейден өскенін нақтылайды.
Бірақта бірінші және екінші блоктің өсу көрсеткіші әртүрлі. Өсу процентінің айырмасын немен түсіндіру керек?Педагогикалық тәжірибе блогының алдындағы спортсменнің бастапқы дайындық деңгейінің айырмасынан шығар. Әр дзюдошының функционалдық дайындық деңгейінің өз шегі бар, сондықтан да, келесі жолғы бастауында одан жағарғы дайындық деңгейінде тек қана төмен нәтиже алуға болады. Зерттеу нәтижесінің көрсеткені жоғарғы көрсеткішті 8-ші аптаның артта қалған жаттығу нәтижесінен көруге болады.
Бұл нәтижелер педагогикалық көзқарасын қаншалықты өскенін, дзюдошылардың дене дайындығының деңгейі экспериментке қатысқан кездеріндегі жақсаруын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет