Жасөспірім дзюдошылардың төзімділік қабілетін жетілдірудегі физиологиялық ерекшеліктері
Спорттық күрес үшін ең алдымен барлық қуаттық жүйелердің мүмкіндіктері, үнемділік және жеке басының сапалары жетекші компанент болып табылады. Практикалық тәжірибе және ғылыми зерттеулер жасы бойынша төзімділіктің даму динамикасын біліп тұруға мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің ағзалары ересектерге қарағанда жұмыс істеу қабілеттілігін аз игерген. Себебі, бұл жағдай жасы бойынша дамудың әлі бітпегендігінің нәтижесінде болып отыр, өйткені органдары мен жүйелердің функционалдық мүмкіндіктері және олардың қызметінің үйлесімділігі өзінің қажетті деңгейіне жетпеген. Төзімділіктің максималды дамуына қажетті жағдайлар толып піскен жасында ғана, ағзаның жас ерекшелігіне қарай қалыптасқанда ғана жасалады. Балалық, жеткіншек, жасөспірім жастарында ағза ұзақ жұмыс орындауға әлі де жеткілікті бейімделмеген, бұл жағдай әсіресе жоғары қарқынмен орындалған жұмыс кездерінде білінеді. Бұл жүрек пен демалу аппаратының жеткіліксіздамуына байланысты болады, осы тектес жұмыстар ағзаның энергетикалық қуатын арттыруға көбірек уақыт екені белгілі, олар осы кезеңде өсу процестерін қамтамасыз етеді. Осы жастардағы жүйке жүйесінің жайы, оны қозғыштығы мен тұрақсыздығы да ағзаның мүмкіндігін шектейді. Осының бәрі құралдар мен әдістерді дұрыс таңдау жолымен төзімділікті дамыту қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Төзімділікті дамытудағы арнайы жұмыс жыныс мүшелері жетілгеннен кейін ғана басталуы тиіс, бірақ та жасөспірімдік сияқты жеткіншек кезінде де бұл жұмысты бастауға болады, дегенмен оның мөлшері жалпы қолданылып жүрген құралдар көлемінің ішінде көп емес.
Жас балуандардың жалпы және арнайы төзімділіктерін дамыту ерекшеліктеріне талдау жасайық.
Ауыспалы жас деп аталатын жыныстық жетілгенге дейінгі және жыныстық жетілу кезеңі 2–3 жылға созылады: балаларда 13–14 жастан 18 жасқа дейін; қыздарда 12–13 жастан 16 жасқа дейін. Кейбір жағдайларда жыныстық жетілудің әр жылдары орта және одан үлкен мектеп жасындағылар арасындағы шектеулікті болдырмауы мүмкін. Біреулеріндегі 13–14 жастағы биологиялық өзгерістер кейбіреулерінде 16–17 жастағыдай болуы мүмкін. Осы кезде бас миының қызметіне әсер ететін эндокринді жүйенің дамуы жүріп жатады. Геофиз жыныстық темірлерге әсер етеді. Жүйке саласында негізгі жүйке процестерін жетілдіретін өзгерістер болады. Ішкі тежеу күшейеді, бірақ қозуы басымдау болып қала береді. Екінші белгі беру жүйесінде даму болады және күрделене түседі. Күрделі еңбек түріне және спротпен шұғылдануға ұмтылыс пайда болады. Жалпы дамумен қатар жыныстық жетілу кезеңнің басталуын жүрек–тамыр жүйесінде де өзгерістер басталады. Жоғарғы қозғалыс әрекеті жүректің күшейтілген дамуын тұғызады, 12–14 жаста басталады, ал 15 жасқа қарай ол жаңа туғанмен салыстырғанда 15 есе көбейеді. Осы кезеңдегі даму қуаты жекелей тербеліске ұшырайды. Бұл кезең балаларға қарағанда қыздарда ерте басталады, ерте аяқталады [28].
Қан тамырының қысымы жіңішке тамырлардың қарсыласуы нәтижесінде көтеріледі. 13 жаста максималдысы орташа есептегенде 103 мм-ге және кішісі 62 мм-ге тең, ал 15 жаста 110мм-ге және 70 мм-ге тең. Тамыр соғысы сирей бастайды. 13 жаста минутына орта есеппен 80рет, ал 15 жаста 74 рет соғады. Ырғақтылық орнына келеді. Осы кезде тамырлардағы эластикалық және бұлшық еттік қылшықтар жедел дами бастайды, бұл анатомиялық – физиологиялық тұрғыдан компенсаторлық құбылыс болып есептеледі, ал жүректің жеңіл қозуы жалғаса береді.
Жүрек соғуы, тыныстық аритмия, экстрасистония, функционалды систоликалы шулар жиірек кездеседі. Әдетте, жыныстық жетілу кезеңімен бұл құбыластардың бәрі жоғалады. Балалар жиі демалады, орташа есеппен минутына 19-20 рет. Өкпелердің сыйымдылығы 13 жастағы 1900 куб сантиметрден 15 жасындағы 2700 куб сантиметрге дейін өседі. 12–14 жаста 1 см бойына 13–15 куб см-ден өкпелер сыйымдылығы келеді.
Жасөспірімдердің қан құрамының ересектерден айырмашылығы аз. Жасөспірімдерде гемоглабин аз (73–84%), лейкоциттер көп (8000 – 9000), ересек кісілерде 6000 – 9000 және аз пайызды нейтрофил кезінде лимфоциттер 21 – 25% орнына 23–30%. Жыныстық жетілу кезеңіндегі денелік даму біршама өзгереді. Ұзындығына қарай қарқынды өсуі 13–14 жаста болады.
Бойына бір жылдағы қосылатыны 8 см-ге, кей жағдайларда 18–20 см-ге жетеді. Барлығы осы сияқты көбейе бермейді, 14–15 жасқа дейін 1–2 кг-ға, сонан кейін 18 жасқа дейін жылдық қосатыны 8 және одан көбірек килограммболады. Көкірек қуысы (клеткасы) алғы–артқы және бүйірдегі мөлшерде ұлғаяды, бірақ бойын ұзындығымен салыстырғанда қалып қояды. 15 – 16 жасында балаларда энергиялық өсу жүреді және олар қыздарды қуып жетеді және басып озады. 14 жасынан бастап сүйектену ошағы пайда болады, бұлшық еттің ұлғаюы жалғасады. Жасөспірімдер спорттың кейбір түрлерінде жеткілікті де жоғары жаттыққандыққа жетуі мүмкін. Олар жарыстарға қатыса бастайды. Жылдамдық жүктемелеріне жақсы бейімделгендігі мен ұзақ, қызу жұмыстарға нашар болуы қала береді. Біртінділеушілікті, бірізділікті және жеке келуді қатаң сақтау жасөспірімдермен шұғылданудың негізінде жатуы тиіс.
Денелік жаттығулармен жұғылдану кезінде жас спортшылардың жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келетін болса, жасөспірімдерде тез болдырғандық байқалады. Сондықтан сабақтардың мерзімін 40–45 минутқа дейін қысқартып, жиілетіп демалыс беру керек. Жаттығу сабақтарының тығыздығы ересектерге қарағанда аз болуы керек. Демалдыруды реттей отырып, біржақты жаттығуларды қолдануды қатаң шектеу керек. Осы кезеңде әсіресе әржақты жаттығу пайдалы.
Жасөспірімдер өздерінің күштілігіне мақтанады, оны көрсетуге ұмтылады және өздерінің мүмкіндіктерін артық бағалайды. Жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін, өзінің күшін біртіндеп, жүйелі түрде қолдануды ұмытып кетеді. Еркін дене шынықтыру оларда өзін - өзі сақтау сезіміне қайшы келіп отырады [29].
Жақсы спорттық нәтижелер көрсетіп жүрген кейбір жасөспірімдер жыныстық жетілу кезеңінің алдында оларды бірден төмендетіп жіберуі мүмкін. Бұл жағдай бойы тездетіп өсіп келе жатқандарда байқалады.
Жасөспірімдердің төзімділік сияқты денелік сапасын дамыту жолында жұмыс істеу үшін, олардың денелік дамуының жалпы деңгейіне дұрыс баға бере білу қажет. Денесінің ұзындығы мен салмағы, көкірек кеудесінің қапсырмасы сияқты денелік даму көрсеткіштері ағзаның басқа жүйелерінің көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады және адамның жеке биологиялық дамуы туралы біршама деректері болады. Кез келген шұғылданушының денелік дамуының қандай деңгейіне жататынын бағалау үшін қажетті жүргізілетін өлшемдер мыналар:
дененің ұзындығы;
дененің салмағы;
көкірек кеудесінің қапсырмасы.
Орта денелік дамуындағы балалар мен жасөспірімдердің төзімділігін дамыту барлық мектептік жасындағы кезең бойы белсенді түрде өтеді, бірақ 15-тен 16-ға дейінгі жасында азая бастайды. 12 жастан 13 жасқа дейін төзімділікті қалыптастырадыда біршама көбею болмайды, бұл көбею 13 жастан 15 жасқа дейін байқалады. Содан кейін төзімділік көрсеткішінде төмендеу жүре бастайды, ал 16 жастан 17 жасқа дейін белсендітүрде жоғарылайды. Бұл 13–14 жаста, сондай–ақ 14–15-тен 16–17 жасқа дейін төзімділікке тәрбиелеудің мақсатты бағыты үшін алдыңғы себеп деп есептеуге мүмкіндік береді. Орта денелік дамудағы баланың төзімділігін дамытуда барлық жас ерекшеліктерінде өсу дамуы болады, бірақ бұл айырмашылықтардың дұрыстығы 12,13 және 17 жастарында байқалады, ал ретарданттарды олар 13–15 жастарында басып озады, 16 және 17 жастарында олардың нәтижелері бірдей болады.
Акселераттар төзімділігі жағынан, 13–14 жаста осы қабілеттілігінің көбеюі рас болса да, өзінің құрдастарынан кем түседі. Тұрақтану 12–13, 15–16, және 16–17 жастық кезеңдерге келеді. Даму кезіндегі өсу 13–14 және 14–15 жас диапазонына қатысты болып келеді. 12, 13, 15 жастарында акселераттар төзімділігінің дамуы жағынан ретардант – оқушыларларға және орта денелік дамудағы оқушыларға жол беріп қояды. 12 жастан 13 жасқа дейін төзімділікті дамыту ретарданттары орташа және жедел денелік жағынан дамыған оқушыларды басып озады. Дегенмен, 13 жастан 16 жасқа дейін төзімділікті дамытуда бірқатар тұрақтылық байқалады, ол көбею жағына қарай аяқталады. Жайлап денелік дамыған жасөспірімдердің жыл сайынғы төзімділік жағынан өсу қарқыны бойынша олардың өзқұрдастары алдындағы айқын артықшылығы болмайды.
Төзімділікті 13 жасындағы дамытудың ретарданттары орташа денелік дамудағы оқушылардан асып түседі. Дегенмен, 14–15 жастың өзінде бұл сенімділік төзімділікті дамытудың ретарданттарының орта деңгей өкілдерінен кем екендігін көрсетеді. 17 жаста олардың нәтижелері бірдей болады. Оқушы – ретарданттар мен ерте есейгендер (акселераттар) арасындағы төзімділік дамуының айырмашылықтарына келсек, біріншілері өздерінің құрбыластарынан бірнеше жыл бойы алда болады. 12, 13, және 15 жастардағы сенімді айырмашылықтар – пубертатты және пубертаттан кейінгі жастардағыдай.
Жеке айырмашылықтары ескерілген оқушылардың денелік қабілеттерініңжас ерекшеліктеріне қарай дамуы әр денелік дамуындағы балалардың денелік дамуы сияқты төзімділік дамуы « дағдарыс кезеңдерімен» сипатталатын жалпы заңдылықтарға бағынышты болады. Осының бәрін спорттық оқытушылар мен жаттықтырушыларға балалармен (жасөспірімдермен) жұмыс істеу кезінде ескеру қажет. Әртүрлі жынысты және жастағы жасөспірімдердің төзімділігін дамытудағы жеке ерекшеліктерін ескермей, арнайы төзімділік туралы айтпағанның өзінде, жалпы төзімділікті дамытуға арналған құралдар мен әдістерді дұрыс әрі ұтымды іріктеу мүмкін емес.
Спорттың белгілі бір түріне қабілеттілігі бар спортшының жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізетіні белгілі, олар үлкен еңбек сүйгіштікпен және жоғары білімді спорт педагогының басқаруымен спорттық дарындылығын да дамытады.
Жеткіншектік жас спорттық күресте мамандануды бастауға ең қолайлы жас. Бұл балуанды дайындау нақты осы жасында басталуы керек дегенді білдірмейді. Дене шынықтырумен үнемі шұғылдануды біршама ертерек бастаған жөн. Жеке ерекшеліктер мен айырмашылықтар болған жағдайда, олар төзімділікті дамыту кездерінде ескерілуі керек. Сонымен бірге жұмыс тәжірибелері көрсеткендей, жүйелі түрдегі жаттығуларға тым ерте кіріскен жас балуандар жоғарғы нәтижелерге ертерек жетеді екен.
Достарыңызбен бөлісу: |