1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 01<1;
2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1
3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең.
3. Ұсыныс икемділігі
Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.
P S2 S1
Q
22 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс
«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ.
P S1
P0 S2
Q0 Q
23 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс
4. Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық.
S1
Е1 S
P1 T
PE Е
P2
D
Q1 QE
24 сурет.Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік
24 суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.
Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.
Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Баға бойынша сұраныс икемділігі деген не? Сұраныстың баға икемділігі коэффициенттерін сипаттаңыз.
2. Икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз, жеке икемді сұраныс деген не? Сәйкес графиктерді көрсетіңіз.
3. Сұраныстың айқас икемділігінің маңызын түсіндіріңіз.
4. Табыс бойынша сұраныс икемділігі деген не? Табыс бойынша сұраныс икемділігіне байланысты тауарлардың жіктеуін келтіріңіз.
5. Ұсыныс икемділігі деген не?
6. Икемділік көрсеткіштері салық ауыртпалығын бөлуге, үлестіруге қалай әсер етеді?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Кейбір тауарларға сұраныстың бағалық икемділігі 0,7 тең дейік. Осы ахуалды сатушы мен сатып алушы тұрғысынан түсіндіріңіз. Тауар сатушысының баға төмендеу нәтижесінде сатулардың өсуіне сенімі бола ма?
2. Икемді тауардың бағасы өсті. Сатушының түсімімен не болады?
а) ол азаяды
б) ол көбееді
в) ол өзгермейді
3. Сұраныстың бағалық икемділігі (-0,5) тең. Ол деген:
а) егер баға 1% өссе, оған сұраныс 0,5% азаяды.
б) егер баға1% түссе, оған сұраныс 2% өседі
в) егер баға 1% түссе, сұраныс 2% азаяды
г) егер баға 1% өссе, сұраныс 0,5% өседі
4. Икемді сұраныс:
а) бағаның өзгеруінде сұраныс шамасы өзгермейтін ахуал
б) сұраныс шамасы бағаға қарағанда, көбірек пайызға өзгеретін ахуал, сондықтан жалпы табыс баға түскен сайын өсе береді.
в) сұраныс қисық сызығы көлденең болып тұрған ахуал
г) сұраныс қисық сызығы тік болып тұрған ахуал
д) сұраныс шамасы бағаға қарағанда, аздау пайызға өзгеретін ахуал
5. Халықтың белгіленген тауарға сұраныс икемділігі -0,25 тең. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі 0,8 тең. Егер бағасы 8% түсіп, халықтың табысы 5% өссе, табыс бойынша сұраныс икемділігі қалай өзгереді?
6. фотопленка мен фотоаппарат бағалары бойынша сұраныстың айқас икемділігі 2,5 тең. Егер фотоаппараттың бағасы 10% өссе
а) фотоаппараттарға сұраныс 25% өседі
б) фотоаппараттың бағасы 25% өседі
в) фотопленкаға деген сұраныс 25% азаяды
г) фотопленкаға сұраныс 25% өседі
д) тауар бағасы мен оған деген сұраныстың арасындағы тәуелділік келесі кестеде көрсетілген
Бағасы (доллар)
|
Сұраныс (тауар бірлігі)
|
40
|
120
|
60
|
80
|
100
|
20
|
Баға 40-тан – 60 дейін, 60-тан – 100 дейін көтерілгендегі сұраныстың доғалы икемділігін есептеңіз.
8. Тауар бағасы мен оған деген сұраныстың арасындағы тәуелділік келесі кестеде көрсетілген
Баға (доллар)
|
Ұсыныс (тауар бірлігі)
|
20
|
20
|
40
|
60
|
60
|
80
|
100
|
120
|
40-тан – 60 дейінгі аралықтағы ұсыныстың бағалық икемділігін есептеңіз.
9. 7 және 8 есептердің мәліметтері бойынша сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарын сызыңыз. Тауардың тепе-теңдік бағасы мен санын анықтаңыз. Егер баға 40 деңгейінде болса, ахуал қалай өзгереді? Тауар бірлігіне 1$ шамасында салық енгізілсе, қандай ахуал болады?
10. Табыстың 30% өсу нәтижесінде, тауарға деген сұраныс 3-тен 5-ке дейін өсті. Бұл тауарлардың қай тобына жатады?
ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
Тұтыну мінез-құлығының маржиналистік теориясы экономикалық үрдістердің, жеке алғанда, игіліктерді тұтыну үрдістерінің талдауын адамдардың субъективті (жеке) ұнатуларын тауып, осының негізінде игіліктердің пайдалылығын табудағы қағидаларға негізделеді. Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды. Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализм және ординализм. Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын келтірген.
Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады және т.с.»
Пайдалылық функциясы – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр – игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: – нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар.
-
әр қайсысының бағасы бар
-
тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.
-
тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады – басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады. Жеке бюджеттің шектелген жағдайында тұтынушы көптеген баламалардан таңдау жасауға мәжбүр. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.
TU
0 1 2 3 4 5 Q
а)
MU
MU теріс
б) 0 1 2 3 4 5 Q
25 сурет. Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері
X,Y,Z игіліктердің әрқайсысынан 10 бірлігін тұтынушы сатып алады дейік. Осы игіліктердің пайдалылығы және бағалары жөніндегі мәліметтер келесі кестеде келтірілген:
Игіліктер
|
Игілік-
тер саны
|
Шекті пайдалылық (MU)
|
Бірліктің бағасы (Р)
|
Шығындар бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P)
|
X
|
10
|
1000
|
100
|
10
|
Y
|
10
|
400
|
20
|
20
|
Z
|
10
|
900
|
60
|
15
|
Тұтынушының пайдалылықты жоғарылату ұмтылысында Х және Z тауарларға ақша шығару оңтайлы емес, ұтымсыз екендігіне, Y тауарының ең жоғары пайдалылығына көзі жетіп, (20-10 мен 15 қарсы), Х игілігінің соңғы бірлігінің орнына Y игілігінің тағы да 5 бірлігін сатып алады. (Х игілігінің бағасы 100 тең). Бюджеттің бұндай қайта бөлінуі (үлестіруі) тұтынушыға пайдасы көп нәтиже береді (5∙400 = 2000, бұл алғашқы үлестіруден 1000 ютильге көп). Сонымен, тұтынушы Х тауардың 9 бірлігін, Y тауардың 15 бірлігін, Z тауардың 10 бірлігін сатып алады. өз бюджетін оңтайландыру, ұтымды қылу мақсатымен сатып алушы әрі де қайта бөліп, үлестіруін әрі қарай жалғастыруына болады. Бірақ, Y тауардың неғұрлым көп санын (бірлігін) сатып алса, оның келесі бірліктерінің шекті пайдалылығы соғұрлым түседі. Сонымен бірге, Х игілігінің бірқатар бірліктерінен бас тартқан сайын, қалған бірліктердің шекті пайдалылығы өседі. Бір игілікті екіншісімен ауыстыру жолымен одан арғы бөлуге (үлестіруге) ынта азая береді.
Нәтижесінде жаңағы жасалған ауысулар тұтынушыға игіліктер пайдалылығының тең деңгейін қамтамасыз ету керек. Мұндай бөлу (үлестіру) келесі кестеде келтірілген:
Игіліктер
|
Игіліктер саны
|
Шекті пайдалылық (MU)
|
Бір бірліктің бағасы (Р)
|
Шығынның бір бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P)
|
X
|
8
|
1500
|
100
|
15
|
Y
|
20
|
300
|
20
|
15
|
Z
|
10
|
900
|
60
|
15
|
Бір игіліктің шығын бірлігіне келетін шекті пайдалылығы басқалардан көбірек болса, шығындарды соның пайдасына қайта үлестіру (бөлу) мақсатқа лайықты (сәйкес) болып келеді. Жаңағы мысал (кесте оны айқын көрсетеді). Барлық сатып алатын игіліктердің шығындар бірлігіне келетін шекті пайдалылығы тең болғанда (теңескенде), тұтынушының тепе-теңдігі орын алады. Тұтынушы тепе-теңдік жағдайда, егер: MU/PX = MUY /PY = MUZ /PZ = … = MUn /Pn = λ, мұнда λ – ақшаның шекті пайдалылығы.
Бұл ереже Госсеннің екінші заңында тұжырымдалған: игіліктер жиынтығын тұтынудан пайдалылықтың ең көбін (жоғары деңгейін) тұтынушы шығындар бірліктеріне келетін тұтынған игіліктердің шекті пайдалылықтарының теңдігінде алады. Оңтайлы, тиімді таңдаудан басқа кез келген тұтынушының өз ұнатымдары болады. Осыған сәйкес функционалды және функционалды емес сұранысты айырады. Оларды ең алғашқы болып американдық экономист Х.Лейбенстайн талдаған.
Функционалды сұраныс – тауардың тұтыну қасиеттерімен, оның пайдалылығымен себептелген сұраныс.
Функционалды емес сұраныс – басқа факторлармен, ең алдымен пайдалылыққа сыртқы ықпалдармен себептелген сұраныс. Бұл сұраныс 3 құрауышқа бөлінеді:
1. Көпке қосылу әсері, көппен болу себебінен туған сұраныс, бұл тауарды басқалар сатып алса, мен де олардан калмаймын деген тілек.
2. Сноб әсері, яғни «топтан ерекшелену» тілекпен себептелген сұраныс. Ол «көпке қосылу әсеріне» қарсы бағытта әрекет жасайды.
3. Веблен әсерімен себептелген сұраныс, яғни жұртқа көрсету, мақтану үшін туындайтын сұраныс.
Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы (Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген:
1. «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы. Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық жиынтықтарын реттеп, таңдап, салыстырады (А жиынтығы, В немесе С жиынтығы), осындай салыстырудың нәтижесінде біреуін не бірнешеуін таңдайды, тіпті ешқайсысын да алмауы мүмкін.
2. «Транзитивтік» аксиомасы – егер А жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал В жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А және В бірдей, тең болса (парықсыздық тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер А ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы С ұнатымдылау.
3. «Қанықпау» аксиомасы – игіліктердің сапасы олардың жиынтығын (себетін) салыстарғанда тапсырылған шама болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып (бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1 тауар позициясы (орны) бойынша сан жағынан артықшылығы (басымдығы) болса, он ұнатымдылау болып келеді.
4. «Рефлексивтік» (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің 2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр қайсысы басқасынан кем еместігін табады.
Тұтынушы ең пайдалыны барлық нұсқалардан ұнатымдысын таңдау әдісімен бағалайды. Сонымен, игіліктің пайдалылық категориясы реттік ұнатымдық түсінігіне тең.
2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
Тұтынушының таңдауын модельдеу (үлгілеу) үшін ординалистік теориясында талғаусыздық қисық сызықтары қолданады.
Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір. 26 суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір, қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1.
Y
A
3
2 субституция аймағы
1 B
U
1 2 3 X
26 сурет. Талғаусыздықтың қисық сызығы
Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі).
U2
Y U1
U
X
27 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы
Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).
Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.
MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.
Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.
Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |