Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет5/14
Дата09.07.2016
өлшемі1.74 Mb.
#187693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

4. Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша талғаусыздықтың қисық сызығын шығарыңыз (салыңыз):

А тауардың бірліктер саны

В тауардың бірліктер саны

1

10,5

2

7

3

5

4

3

Бюджеттік шектеу сызығын салыңыз (сызыңыз): тұтынушы табысы 1250 құрайды, ал А және В тауарлардың бағасы 250 және 100. Пайдалылық ең жоғары болу үшін тұтынушы А және В тауарлардың неше (қанша) бірлігін сатып алу керек? Егер табыс 2000 жетсе, бюджеттік сызық қалай сызылады? (жаңа бюджеттік сызығын салыңыз). Егер табыс бұрынғы деңгейде қалып, А және В тауарлардың бағасы 2 есе өссе, бюджеттік сызық қалай өзгереді?

5. Егер А тауардың бағасы азайса, ал В тауардың бағасы өзгермесе, тұтынушының бюджеттік сызығы қалай салынады (сызылады)?

а) бастапқы бюджеттік сызыққа жарыспалы параллельді жылжиды

б) В тауардың өсін бойлай, осы өспен қиылысу нүктесін көбейту жағына жылжиды

в) А тауардың өсін бойлай осы өспен қиылысу нүктесін көбейту жағына жылжиды

г) бюджеттік сызығының орны өзгермейді

6. А тауар үшін әр түрлі сатып алушылардың төлеу қабілеттілігі мына кестеде көрсетілген:

Сатып алушы

А

Б

В

Г

Д

Е

А тауардың шекті пайдалылығы доллар

1800

1600

1400

1300

1100

1000

А тауардың нарықтық бағасы – 1300 доллар. Әр сатып алушының тұтыну артығы неге тең (қанша?). Жиынтық тұтыну артығы қанша? Егер 100доллар көлемінде тауар салығы енгізілсе, жиынтық тұтыну артығы қалай өзгереді?

7. Кестеде берілген көрсеткіштер (мәліметтер) бойынша Пааше мен Ласпейрес әдістерімен бағалар индекстерін есептеңіз:

Азық-түлік өнімдері

Наурыз

Көкек

бағасы

тұтыну

бағасы

Тұтыну

ұн

25

3100

30

3550

сүт

10

590

12

600

8. Тұтынушының тепе-теңдігі графикте көрсетілген


Y
24


E1

E2

10 16 24 32 X

Y тауардың бағасы 4 тең. Х тауар бағасының төмендеу нәтижесінде тұтынушының бюджеттік сызығы жылжып кетті, оған сәйкес тұтынушы тепе-теңдігі де жылжиды (Е1 → Е2)

а) тұтынушының табысы неге тең (қанша?)

б) тауар бағасы қалай өзгерді?

в) «баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз).



ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
Үй шаруашылығы – ол тауарлармен қызмет көрсетуін тұтынатын, кейбір жағдайларда оларды өндіретін экономикалық қызмет субъектісі немесе адамдар тобы. Табыстар мен шығыстар айналымының моделі (үлгісі) – экономика теория негізгі үлгісінің бірі – 2 негізгі экономикалық субъектілері – өндіруші (фирмалар) және тұтынушы (үй шаруашылықтары), тауар мен қызмет көрсету нарығы және қорлар нарығы арқылы жүзеге асырылатын өзара әрекеттестікті көрсетеді. Үлгіде сағат тіліне қарсы нақты тауар ағындарының қозғалысы көрсетілген. Үй шаруашылықтары қорлар нарығына өндіріс факторларын шығарады, олардың ішіндегі негізгілері еңбек (өндіріс үдерісінде пайдаланатын адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттіліктері) және капитал (инвестициялар негізі болып келетін халық жинақтары), оларды фирмалар сатып алады. Сонан соң, өндіріс үдерісінде тауарлар мен қызмет көрсетулер пайда болады,олар тауарлар мен қызмет көрсету нарығына түсіп, тұтыну мақсатында үй шаруашылықтарымен сатып алынады. Кері бағытта тауар ағындарына қызмет ететін ақша ағындары жылжиды.
РЕСУРСТАР (ҚОРЛАР) НАРЫҒЫ

Шығындар Табыстар

Ресурстар (қорлар) Өндіріс

факторлары

ФИРМАЛАР ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ

Тауарлар мен Тауарлар мен

қызметтер қызметтер

Табыстар Шығындар

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР

НАРЫҒЫ

38 сурет. Табыстар мен шығындар айналымының моделі (үлгісі)

Сонымен, үй шаруашылықтары өндіріс факторларының негізгі жеткізушілері болып табылады, осы тақырыпта соны қарастырамыз, бірақ тұтыну теориясы тұрғысынан. Әр жеке адамның қарамағында белгіленген уақыты бар (ол уақыт шектеулі, аптада 7-24 сағат). Осы уақыттың жартысында адам жұмыспен айналысады, жартысы – бос уақыты. Жеке адам бос уақыттан (демалыстан) және барлық басқа тауарлардан алатын пайдалылықты талдай аламыз. Сол тауарларды алу үшін адамның табысы болу керек, сондықтан бос уақытының жартысын жұмысқа арнауға тура келеді. Әрине, жеке адам таңдау алдында тұр: қанша уақытын жұмысқа, ал қаншасын демалысқа арнау керек? Біздің мақсат: ең жоғары пайдалылық беретін табыс пен демалыстың сәтті үйлестіру амалын табу. Солай біз үй шаруашылықтардың еңбек ұсыну моделін (үлгісін) қарастырып, сол тұрғыдан капитал ұсынысын да талдаймыз. Сонымен, өндіріс факторларын ұсыну мәселесі оңтайлы таңдау мәселесі екен: өндіріс факторларымен байланысты шығындар мен пайдалар жөнінде ақпаратқа ие болып, жеке адам оның пайдалылығын көбейтетін оңтайлы (ұтымды) шешім қабылдайды. Сондықтан үй шаруашылығын өндіріс факторларын жеткізушісі ретінде талдағанда, оны тауарлар тұтынушысы рөлінде зерделеу үшін қолданған методологиялық аппарат пайдаланады.


2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
Жоғарыда айтылып кеткендей, «табыс – демалыс» моделін салу (құру) мақсаты: (кейбір көздерде ол «тұтыну – демалыс» немесе басқаша аталады), оларды пайдаланудан пайдалылық деңгейін көтеретін осы игіліктердің жиынтығын табу болып келеді. Ең алдымен қол жетерлік табыс пен демалыстың үйлесуін сызайық, яғни бюджеттік шектеудің сызығын, мұнда «бюджет» ретінде жеке адамның қарамағындағы табыс пен демалыс арасында бөлінетін уақыты. Абцисс өсі бойынша демалысқа кеткен сағат санын санап, оларды n деп белгілейік, сағат санының жоғарғы шегі – уақыт салымын Т деп белгілейік (39 сурет).

Табысты координаттар өсі бойынша орналастырайық: егер 1 сағат істеген жұмыстың табысы 10 доллар болса, уақыттың кез келген кезеңіндегі табысты 10 доллар жұмыс сағатының санына көбейтіп есептей аламыз (жеке адам мүлде жұмыс істемесе, оның табысы 0 тең, ол І нүктесіне сәйкес келеді). Т және І нүктелерін қосып бюджеттік шектеу сызығын шығарамыз, оның еңкіштігі теріс белгімен алынған жалақының тарифтік мөлшеріне тең. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі бір тауардың баламалық құнын көрсетеді (басқа тауар бірліктерінде көрсетілген). Мұнда бір демалыс сағаттың баламалы құны – бұл сағатта жұмыс істемей, тұтынушы бас тартқан тауарлардың бірқатар саны болып келеді, ол сан бойынша жалақының тариф мөлшеріне тең. Алынған (шығарылған) бюджеттік сызықтың теңдеуі стандартты бюджеттік шектеуге ұқсайды, бірақ бір айырмасы: оның оң жағында табыстың белгіленген (көрсетілген) сомасы бар.

Табыс

I

T



Бос уақыт

39 сурет. Бюджеттік шектеу сызығын шығару (сызу)
Сонан соң бюджеттік шектеу графигіне жеке адам үшін бірдей пайдалылығы бар табыс пен демалыс үйлестіруін көрсететін талғаусыздық қисық сызықтарын салсақ, оның тепе-теңдік нүктесін табамыз (40 сурет).

Табыс

Е I1

I0

I2

Бос уақыт



40 сурет. Табыс пен демалыстың тепе-теңдік жиыны

Енді салыстырмалы статиканың методологиясын қолданайық. Жалақы мөлшері төмендеді дейік, ол демалыс бір сағат баламалы құнының төмендеуіне әкеледі. Ахуалдың өзгеруі табыс әсері мен ауысу әсерінің ара қатынастарына тәуелді. Егер ауысу әсері табыс әсерінен басым болса, бұл жұмыс сағаттарының қысқаруына әкеледі. Керісінше, ауысу әсерінен басым болып тұрған табыс әсері жұмыс сағаттарын көбейтеді. Бұл жағдай жай, кәдімгі тауарлармен байланысты жағдайға қарама-қарсы болып келеді. Жеке адам сататын тауарға бағаның төмендеуі (тауар – ол еңбек, оның бағасы – жалақы) нақты табыстың азаюына әкеледі, ал жеке адам сатып алатын (тұтыну тауарлары) тауарларға бағаның төмендеуі, оның нақты табысының көбеюіне әкеледі. Сондықтан, осы ахуалдағы табыс әсері мен ауысу әсерінің әрекеттері Хикс пен Слуцкой ұсынған әдістеріне ұқсамай, қарама-қарсы болып келеді. Жай сөзбен айтқанда, ауысу әсерінің табыс әсерінен асып кеткен жағдайында жеке адамның ойы былай болады: «Жалақы мөлшерінің төмендеуімен жаңа ақы үшін бұрыңғыдай уақыт кетірудің мәні жоқ», ал табыс әсерінің ауысу әсерінен асып кеткен жағдайында: «Жалақы мөлшерінің төмендеуімен табыстың бұрыңғы деңгейін қамтамасыз ету үшін мен одан да көп жұмыс істеуім керек».

«Баға – тұтыну» қисық сызығынан сұраныстың жеке қисық сызығын алған тәсіл енді жеке адамның демалысқа сұранысының қисық сызығын салу (сызу) үшін де жарайды. Ол жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты демалысқа деген сұраныстың өзгеруін көрсетеді. Т тең уақыт салымының белгіленген (көрсетілген) мағынасында бұл қисық сызық еңбекті (жұмысты) ұсынудың қисық сызығы. Ол жалақы мөлшеріне байланысты еңбек ұсынысындағы өзгерістерді көрсетеді (41 сурет).

41-б суретінде еңбек ұсынысының қисық сызығы көрсетілген (оны алу үшін координат өсі бойынша жалақы тариф мөлшері салынады, абцисс өсі бойынша – жұмыс уақытының ұзақтығы). Бұл жағдайда ауысу әсері табыс әсерінен асып түседі, сондықтан еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкіштігі бар (бұл ұсыныс қисық сызығына тән нәрсе). Егер табыс әсері ауысу әсерінен асып тұрса, қисық сызық теріс еңкішті болады (жалақы мөлшерінің төмендеуі еңбек ұсынысын көтереді (көбейтеді)) (42 сурет).



Бір аптадағы тұтыну Бір аптадағы тұтыну
E3

E2

E1

а) n1 n2 n3 Бір аптадағы а) n1 n2 n3 Бір аптадағы

демалыс сағаттары(Т) демалыс сағаттары

Жалақы Жалақы

w3

w2 w1

w1 w2

w3


б) T-n1 T-n2T-n3 Жұмыс сағаттары б) T-n1 T-n2T-n3 Жұмыс

жұмыс сағаттары сағаттары

41 сурет. Оң еңкіштігі бар ұсыныс 42 сурет. Теріс еңкіштігі бар

қисық сызығын салу (сызу) ұсыныс қисық сызығын

салу (сызу)

Жалақының төмен деңгейінде оның жоғарылауы жұмыс уақыт ұзақтығының ұзаруына әкелетін ахуал мүмкін (ауысу әсері басым болғанда). Бірақ белгіленген деңгейге дейін: жалақының одан ары өсуі табыс әсерінің басымдығына әкеліп – жұмыс уақыты қысқарады. Одан ұсыныстың қисық сызығының түрі мынадай болады:

Жалақы мөлшері

Жұмыс уақытының ұзақтылығы



43 сурет. Еңбек ұсынысы қисық сызығының пішіні

Бірақ, нақты шындықта (өмірде) «табыс - демалыс» үлгісінің нәтижелерін қолдану көбінесе мүмкін емес. Ең бірінші де басты себебі: «табыс - демалыс» үлгісінде негізгі шарты ретінде жұмыс уақыт ұзақтығының икемділігі болуы мүмкін. Тәжірибеде (өмірде) жұмыс уақытының ұзақтығы – қатал белгіленген шама (бастықпен немесе келісім- шартпен). Модельдің (үлгінің) ең жоғары тәжірибелік құндылығы: ол өз еңбегін еңбек нарығында ұсынатын адамдардың мінез-құлқын зерттеуге тұрақты теориялық негіз болады. Солай, американдық ғалымдар жұмыс жөнінде шешім қабылдауын талдағанда, алынған мәліметтер негізінде жалақы мөлшері бойынша еңбекті ұсынудың икемділігін зерттеді. Сол орайда 2 маңызды үрдіс байқалды:

1. 20-60 жасқа дейіңгі ер адамдар үшін жұмыс уақытының ұзақтығына жалақы мөлшері өзгеруінің ықпалы аз. Икемділік көрсеткіші 0,2 → 0 дейіңгі шектерде құбылуда. Адамдардың бұл тобы үшін еңбек ұсынысының қисық сызығы теріс еңкішті (табыс әсері ауысу әсерінен асып түседі).

2. тұрмыстағы әйелдер жұмысының ұзақтығы және еңбек ұсынысымен байланысты олардың шешімдері, керісінше, жалақы мөлшерінің өзгеруіне өте сезімтал. Мұнда икемділік коэффициенті 0,2→1,0 шегінде өзгереді. Бұл топ үшін ауысу әсері табыс әсерінен асып түседі.


3. Капитал ұсынысы
Енді үй шаруашылықтарымен өндірістің екінші факторын – капитал ұсынысын қарайық. Капитал – ол тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру үшін пайдаланатын қорлар, жанама түрде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған инвестициялық тауарлар. Капитал нақты (шынайы) және ақшалай түрлерге бөлінеді. Нақты (шынайы) капиталдың (өндірістік) құрылымында негізгі (өз құнын дайын өнімге біртіндеп, бөліп көшіретін) және айналымдысын (бір өндірістік цикл, кезең ішінде өз құнын дайын өнімге көшіретін) түрлерін айырады. Үй шаруашылықтары ақшалай түрдегі (қаржы капиталы) капиталдың жеткізушілері болып келеді, ал кәсіпкерлер оны өндірістік түріне айналдырады.

Үй шаруашылықтарымен алынатын кез келген табыс құрылымы бойынша тұтынуға (тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерді сатып алуға кететін, жұмсалатын бөлігі) және жинақтарға (жинақталатын бөлігі) бөлінеді, ал өндірушілерге капитал ретінде үй шаруашылықтардың жинақтары жеткізіледі, капиталды ұсыну теориясы шын мәнінде жинақтау теориясы болып табылады. Үй шаруашылықтар капитал ұсынысының талдауы үшін өмірлік цикл (кезең) теориясы пайдаланады. Ф.Модильяни ұсынған бұл үрдістің алғы шарты ретіндегі ереже: табыс пен тұтыну барысында тура байланыс жоқ (бұл тұтынуды табыстың тура функциясы ретінде сол кездегі қалыптасқан кейсиандық теорияға қайшы келеді). Ф. Модильянидің пікірі бойынша, жинақтарға, тура табыстарды санамағанда, басқа да факторлар ықпал жасайды, бірінші кезекте – үй шаруашылықтар өткенде алған және келешекте алуға жоспарлаған табыстар. Тұтыну теориясының методологиясын қайта пайдалана отырып, мына мысалды қарайық.

Жеке адамның белгіленген уақыт ішінде алатын пайдалылық осы кезеңде тұтынған әр түрлі тауарлардың санына байланысты. өмірлік кезең моделі (үлгісі) пайдалылық мәселесін кеңейтілген тұрғыдан қарайды. Оған сәйкес, жеке адам барлық өмірінің ішінде алған пайдалылықтардың жалпы саны әр кезеңде алған пайдалылық шамасынан тәуелді. Бұнда 2 кезеңді айырады: қазіргі және болашақ. Егер жеке адам қазіргі уақытта жұмыс істеп, жалақы алса, бұл кезең қазіргі (ағымдағы) деп саналады. Болашақ кезең – зейнеткер болып, зейнетақы (белгіленген табыс түрінде) алатын өмірінің бөлігі. Қазіргі кезеңде алатын табысының жартысын ол тұтынуға шығарады (жібереді). Екінші бөлігі – жинақтар түрінде саналып, болашақ кезеңде тұтынылады. Дәл осы жинақталған бөлік капитал ұсынысы болып келеді, өйткені жеке адам оны үйде сақтамай, банктің депозит шотына салады, ол жақтан банк механизмі арқылы бұл ақша экономиканың нақты секторы – өндіріске түседі (халық жинақтарын нақты инвестицияларға айналдыратын банк-несие жүйесінен де басқа институттар бар). Қазіргі кезеңде ол көп тұтынса, келешектегі тұтынуының қысқаруы мүмкін. Сонымен, жеке адамның міндеті – қазіргі кезеңде жиынтық пайдалылығын (барлық өмірінің ішіндегі) жоғарылатуына мүмкіндік беретін тұтыну деңгейін таңдауда тұрады. Жеке адам осы мәселені шеше отыра, қандай соманы сақтау керек, қарызға ақша алуға қажеттілік бар ма (егер оның тұтынуы табыстан асып кетсе) деген мәселелерді қоса шешеді. Жеке адамның қолы жететін әр түрлі нұсқаларды көрсететін бюджеттік шектеулер сызығын салайық (сызайық). Өмірлік кезең моделіндегі (үлгісіндегі) бюджеттік шектеу әр кезеңдегі тұтыну деңгейлер арасындағы ымыраны бейнелейді, оны уақытаралық бюджеттік шектеу деп атайды (44 сурет).

с1

d

(1+i)S



S В

a (1+i)S

f с0
44 сурет. Уақытаралық бюджеттік шектеу
Абцисс өсі бойынша ағымдағы тұтыну көлемін (С0), ал координаттар өсі бойынша – келешек тұтынудың көлемін (С1) белгілейік. Салым нүктесі – табыс барлығы бірден тұтынатын нұсқасын көрсететін нүкте, мұнда ағымдағы тұтыну табыс сомасына тең. Екі қарама-қарсы ахуалды көрсетейік:

1. Егер ағымдағы кезеңде жеке адам S тең жинақтарды жасаса, оның ағымдағы тұтынуы І0 – S тең (І0 – ағымдағы кезеңнің табысы). Егер ол і тең пайыздық мөлшері бар депозит шотын ашса, ол өзінің болашақ тұтынуын (І+і)S көбейтеді. Графикте бұл ахуал а нүктесінен d нүктесіне ауысуымен, яғни S солға және а нүктесінен (І+і)S жоғарыға ауысумен көрсетіледі.

2. Жеке адамның ағымдағы кезеңдегі тұтынуы табысының шамасынан асып түседі және ағымдағы тұтынуын көбейту үшін В көлемінде несие алады дейік. Мерзімі өткен соң ол несие сомасына қоса пайыздарды төлеуге тиісті, яғни іВ (жеңілдеу болу үшін несие бойынша пайыздарды і тең дейік). Ағымдағы тұтынудың В-ға көбеюі келешек тұтынудың (1+і)В-ға азаюын білдіреді. Графикалық ол f нүктесіне ауысуды, яғни а нүктесінен В оңға және (1+і)В төменге ауысуды көрсетеді.

S мен В әр түрлі мағыналары үшін бұл үдерісті қайталай отыра, біз ағымдағы тұтынудың кез келген деңгейінде уақыт аралық бюджеттік шектеу сызығын осылай салып болашақ тұтыну көлемін анықтай аламыз. Бюджеттік сызығының теріс еңкіштігі әдетте басқа тауардың бірліктерінде көрсетілген бір тауардың баламалы құнына тең. Уақытаралық бюджеттік шектеудің бары жеке адамға осы уақыттағы өз тұтынуын ағымдағы табысқа бекітіп қоюға қажеттілігінің жоғын білдіреді. Егер ағымдағы кезеңде жеке адамның табысы өте жоғары, келесі жылы – төмен болса, оның осы жылғы тұтынуы келесі жылдан жоғары болуы міндетті емес. Жеке адам төмен табысты жылдарда қарыз алып, жоғары табысты жылдарда жинақтауға мүмкіндігі бар. Ф. Модильянидің пікірі бойынша, жастық шақ пен кәрілік теріс жинақтау кезеңдері, жинақтаудың өсуі орта жасқа келгенде байқалады. Уақытаралық бюджеттік сызығында жеке адам қай нүктені ұнататынын анықтау үшін уақытаралық парықсыздық картасы бар, яғни ағымдағы тұтынуына қатысты оның болашақ ұнатымдарын модельдеу (үлгілеу) әдеттегідей сызылады. С0 мен С1 екі құрамды тауарлар болғандығынан, біреудің екіншісімен ауысуының шекті нормасы (осы жағдайда ол уақытша ұнатымдардың шекті нормасы деп аталады) азаяды. Парықсыздық қисық сызығы мен уақытаралық бюджеттік сызықтың қиылысу нүктесінде жеке адамның тепе-теңдігі жетіледі. Мұнда 3 жағдайдың болуы мүмкін:

1. Табысының бір бөлігін жеке адам келешекте тұтыну үшін сақтайды (45-а суреті) – қазір С < І, ал болашақта С > І.

2. Жеке адам жинақтау жасамайды – келешекте емес, қазір тұтынуды ұнатады, несие алмайды (45-б суреті) – қазіргі табысы келешектегі табысына тең.

3. Жеке адам несие алады (45-в суреті) – қазіргі уақытта

С > І, ал келешекте С < І.



c1 c1 c1


C1 E C1=I1 E I1

E

I1 C1


c0 c0 c0

С0 I0 C0=I0 I0 C0


45 сурет. Өмірлік кезең теориясындағы жеке адамның тепе-теңдігі
Ары қарай, белгілі жоба бойынша, салыстырмалы статика методологиясын қолдана отырып, і пайыздық мөлшерінің төмендеуі тепе-теңдікке қандай әсер ететінін көруімізге болады (бұл і мөлшері берілетін де, алынатын да несиелер үшін пайдаланады). Ең алдымен жинақтау жасайтын жеке адаммен болатын жағдайды қарайық. Мұнда еңбек нарығына сәйкес пайыздық мөлшердің төмендеуі бір жағдайда жинақтардың өсуіне, екінші жағдайда – олардың азаюына әкеледі. Бұл табыс әсері мен ауысу әсерінің ара қатынасымен түсіндіріледі. Ауысу әсері болашақ тұтыну санын азайтқан салдарынан ағымдағы тұтынудың баламалы құнының азаюында тұрады. Бұл ағымдағы тұтынудың көбеюіне, демек, жинақтау көлемінің азаюына әкеледі.

Табыс әсері: егер жеке адам пайыздық мөлшер төмендегенде болашаққа жинақтау жасаса, ол кедейлеу болады, өйткені ол несие беріп тұрған адамдар оған ақшаны аздау төлейді. Ағымдағы тұтыну дұрыс тауар болғандықтан, табыстың бұндай төмендеуі ағымдағы тұтынудың азаюына әкеліп, жинақтар көбееді. Пайдасын білетін адам пайыздық мөлшер түссе де, өз жинақтарын көбейтуге тырысады. Мына ахуал да болуы мүмкін – «мақсатты жинақтаушы», яғни мақсатпен жинақтау жасайтын тұлға. Пайыздық мөлшердің төмендеуі оған ұнамаса да, өз мақсатынан тайып, ағымдағы тұтынуға толық көшпейді.

Кредит (несие) алатын жеке адамда пайыздық мөлшерінің төмендеуі тура қарама-қарсы әсер туғызады: мұнда ағымдағы тұтынуды көбейтетін табыстар әсері басым болады. Ал ауысу әсері бұл ахуалда мүлде көрінбеуі мүмкін.
Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылауға арналған сұрақтар
1. Үй шаруашылығы деген не және экономикадағы оның рөлі

2. «Табыс-демалыс» моделі (үлгісі) арқылы үй шаруашылықтары еңбек ұсынысын қалай іске асыратынын түсіндіріңіз

3. Еңбек ұсынысы қисық сызығын салыңыз. Ол қандай пішіндерге ие бола алады?

4. Үй шаруашылықтары капиталды қалай ұсынады?

5. Өмірлік кезең моделі (үлгісі) арқылы үй шаруашылықтарының капитал ұсынысын көрсетіңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Жалақы мөлшерінің көтерілуі үй шаруашылықтары еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі. Ең ықтимал болған себеп неде?

а) монополистік еңбек нарығы

б) еңбек нарығындағы бәсекелестік

в) табыс әсері ауысу әсерінен асып түседі

г) ауысу әсері табыс әсерінен асып түседі

2. Жеке адам пайыздық мөлшер өскенде:

а) ағымдағы тұтынуды көбейтеді

б) ағымдағы тұтынуды азайтады

в) құнды қағаздарға инвестиция жасайды (қаржы салады)

г) ештеме істемейді
3. Еңбек ұсынысы қисық сызығының парабола тәріздес пішіні пайда болады, егер:

а) ең алдымен табыс әсері, сонан соң ауысу әсері әрекеті жағдайында

б) ең алдымен ауысу әсері, сонан соң табыс әсері әрекет жасаған жағдайда

в) екі әсер бір мезгілде әрекет жасағанда

г) ол не табыс әсері, не ауысу әсерімен байланысты емес

4. АҚШ 1994 жылы салықтарды өсіргенде, қаржы жоспарлау бойынша бір маман өз клиенттеріне «аз еңбектену» деген кеңес берген екен: «Қазіргі жағдайда көп жұмыс істеудің мәні жоқ. Сондықтан отбасынызға көбірек уақыт бөліп, солармен бірге жиі болындар».

«Табыс – демалыс» үлгісін пайдаланып, табыс және ауысу әсерлерін ескере отырып, бұл кеңесті бағалаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет