Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда. [10, 97].
Бұл жердегі мақсат, айтылған нәрсені тек қана сөйлесіп отырған адамға ғана емес, айналадағы басқа адамдарға да білдіру. Яғни «анасының қызына айтқан ақылына келіні де құлақ салу керек» деген мағынада айтылған сөз.
«Мақал-мәтелдердегі әйел бейнесінің гендерлік ерекшелігіне тоқталсақ, әйел барлық адамзат түсінігінде тіршілік жаңартушы, өмірге адам әкелуші, жылулық пен мейірімділіктің, берекенің бастауы. Әйел атауына түсіндірме сөздік те, бірінші – адам баласының ұрғашы жыныстылары, екінші – жұбай, қосақ деген анықтама берілген. Сонымен қатар әйел атауымен байланысты тіл бірліктерін сәби, қыз бала, бойжеткен, келіншек, келін, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, әже, кемпір деп өз ішінен жасына қарай бөлуге болады.
Енді осы бөліністердегі қыз бейнесінен бастайық. Қыз – нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді жан. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесі тұтас ұлтқа әсерін тигізетінін айтады. «Қызға қырық үйден тию» деген мақалдың астарында қыз абыройы, өскен ортасының абыройы деген мән жатыр. Ал «баланың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге» деген мақалдың мәні ұл қыздың жаман атағы сол бала тәрбиелеп отырған ата-ана ұяты. Қыз бала саналы болса, өсек, өтіріктен қашық жүрсе, ол да ана – мейрімі, бақыты». [27].
Anasına bak kızını al, kenarına bak bezini al [6, 33].
Анасын көрiп қызын ал, ыдысын көрiп асын iш
Бұл мақалда негізгі ой – анасы қандай болса, қызы да сондай болады деген пікір. Халық ананың қызына берген тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Анасы мейірімді, ұқыпты әрі салмақты болса, қызы да сондай болады деп сенген. Осы мақалдың бірнеше нұсқасы бар.
Шешесіне қарап қызын ал, аяғына қарап асын іш.
Ас таңдасаң аяғына қара,
Қыз таңдасаң анасына қара [12, 73].
Есігі жаманның үйіне барма
Шешесі жаманның қызын алма [12, 75].
Түрік мақалдары:
Kız alan gözle bakmasın kulakla işitsin [8, 216].
Қыз алған көзбен қарамасын, құлақпен естісін
Kızını dövmeyen dizini döver [8, 216].
Қызын соқпаған тізесін соғар
Kendinden küçükten kız al, kendinden büğüye kız ver [8, 216].
Өзіңнен кіші қыз ал, өзіңнен үлкенге қыз бер
«Қыз әке үйіндегі өмірімен қоштасып,уақыты жеткенде өзге табалдырықты «келін» боп аттайды. Келін баланың не інінің әйелі. Қазақ және түрік дәстүрінде жаңа түскен келінге сын көзбен қараушылар көп. «Жақсы келін-келін, жаман келін - келсап», «Келіні жақсының керегесі алтын» дейді. «Келін қайын ененің топырағынан», «Басында сыншыл болса, кейін сыршыл болады» деп келін мен ене арасын жақындастыру, енені құрметтеуге үйреткен.» [27].
Түрік халқының мақалдары:
Deli kız, deli gelin olur [4, 232].
Жынды қыз, жынды келін болады [5, 76]. немесе
Kızı kim severse güveyin odur, oğlun kimi severse gelinin odur [8, 216].
Қызды кім жақсы көрсе күйеубалаң сол болар
Ұлың кімді жақсы көрсе келінің сол болар
Gönül kimi severse güzel odur [4, 291].
Көңіл кімді қаласа, гөзел сол [5, 87].
Қазақ тілінде:
Төркін десе қыз төзбейді, [10, 68].
Көкпек десе түйе төзбейді
Келіні жақсының керегесі алтын [10, 64].
Ұлың үйленсе ырысың,
Қызың үйленсе өрісің [12, 84].
Жақсы келін қызыңдай
Жақсы күйеу ұлыңдай [12, 86].
Келінді қайын ененің топырағынан жаратады [12, 86].
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
«Тұрмыстағы көргені мен түйгені мол, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар
Келіннің де келін болып түскен күннен бастап өзіне артылар міндеттері бар. Әрине қалыптасқан орныққан әдет-дағдысы бар. Бұрын өзіне таныс емес ортаға бірден «тастай батып, судай сіңу» оңайлықпен орындала бермеген. Бұл ретте қазақ әйелінің даналығы, сабырлылығы, төзімділігі жеткілікті». [9;http]
Түрік халқының мақал-мәтелдері:
Kadın var ev yapar, kadın var ev yıkar [4, 340].
Достарыңызбен бөлісу: |