Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет2/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Зерттеу нысаны. Қазақ және түрік халықтарының танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, әйелдердің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, мәдениеттегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. «әйелі» концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ және түрік әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

  • «әйел» концептісін» зерттеудің негізгі бағыттарын айқындау;

  • «концепт» ұғымына жалпы түсініктеме беру;

  • Қазақ халқы танымындағы «әйел» концептін айқындау;

  • Түрік халқы танымындағы «әйел» концептін ашып көрсету;

  • Екі елдің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасау;

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Кирилина А.В. «Гендерные исследования в лингвистике и теории коммуникации», Халық ауыз әдебиеті мұралары, Майлин Б. «Раушан - коммунист», Р.Н. Гүнтекин «Бозторғай», Naki Tezel «Türk Masalları» Yücel Feyzioğlu «Türk Masalları Kitabı», Rüşdü Paşa «Kadınlar ve Türkler Hakkında Bildiğin Herşey Yanlış» т.б.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік, когнитивтік талдау, салыстыру әдістері, тарихи-салыстырмалы әдісі және суреттеу әдісі пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Соған қоса түрік тілінің мамандарына, түркітану және шетел филологиясы мамандығының студенттеріне айтарлықтай көмекші болады. Әсіресе түрік тілін оқитын, халқын зерттейтін, әдебиетімен жұмыс істейтін мамандар үшін осы жұмыстың маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет