Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері


Түркі мифологиясында «әйел» бейнесі



бет36/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Диссертация НАЗИРА

3.1 Түркі мифологиясында «әйел» бейнесі


Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды.
Сананың ең ерте түрі – бұл ежелгі адам болмысының дүниетанымдық негізі көрсетілген мифология. Ол адам мен ғарыштың, адам мен Табиғаттың, адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасын ұғынуда көрініс табады
Жалпы əлемдік мифологиялық сюжеттер көбінесе ертегіде, эпоста, аңыздар мен əңгімелерде үзінді түрінде сақталған. Ежелгі түркілер рухани шығармашылық үдерісінде əлемнің айрықша үлгісін жасады. Осы əлем бейнесі Кеңістік пен Уақыт, адамгершілік-өнегелік құндылықтарды, Табиғатпен өзара байланыстың экологиялық қағидаларын,басқа халықтармен оқиға мен əлемді рухани игеру тəсілдерін қамтиды. Бүгінгі таңда түркі халықтары деп тілдері түркі тілдес топқа жататын халықтарды атайды.
Көне түркілік əлем моделінің құрылымы немесе ежелгі түркілік əлемнің концептуалдық аясы келесі құрамдастардан қалыптасады:
- жоғары - төмен, Ұмай, Ұдық – Жер – Су ежелгі түркілердің нанымдарын ашып, дүниетанымдық рухани бастауларын тұжырымдайды;
- «төрт бұрыш», шығыс – батыс, солтүстік – оңтүстік, алға – артқа,жақын – алыс, күн – түн, оң – сол, Қадірхан жағалауы – Темір қақпа, Өтеген жағалауы кеңістіктік өлшемдерді білдіреді;
- арғы ата – ұрпақ, жаратылушы – мəңгілік, мəңгі тас пен мəңгі «ел» уақытты түсінуді білдіреді;
- қаған – халық, өзінікі - өзгенікі, үлкен – кіші, кедей – бай, ер - əйел, түркі бектері мен қолбасшылар – халық, қаһарман – ер адам, күйеу (Күлтегін) ежелгі түркілік қоғамдағы əлеуметтік қатынастарды ашып көрсетеді. Əлеуметтік қатынаста Күлтегін образы орталық образ болып табылады өйткені қарулы салт атты бүкіл ортағасырлық номадтық мəдениеттің мемлекеттілік рəмізі болып саналады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет