Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет38/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Жезтырнақ
Жезтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді. Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келгені баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.
Албасты
Албасты - түркі халықтарының мифологиясында көпшілігінде су белгісімен байланыстырылатын зұлымдық иесі. Албасты тарқатылған ұзын ашық не алтын түстес шашы бар сұлу немесе сұрықсыз әйел кейпінде келеді. Кейбір наным-сенімдерге қарағанда, албастының түрлі аңның немесе жансыз затқа айналу қабілеті бар. Көптеген халықтарда албасты өзен жағасын немесе өзге су көздерін мекендеп, әдетте су жағасындағы адамдарға жайылған ұзын ашық түстес шашын тарап тұрған қалпы көрінеді. Көне көшпелілер мифіндегі мұндай белгілер суға қатысты әйел рухымен немесе Су құдайымен тығыз байланысты.
Мыстан кемпір
Мыстан кемпір – түркі фольклорында жиі кездесетін жағымсыз кейіпкер. Ол әдетте қастандық ойлаушы, жауыз, іші тар, қатігез, кей кезде қу және оқиға сипатына қарай кейде аңқау да болып келеді. Сырт бейнесі албасты, шашы ұзын және жалбыраған, тырнақтары дәу және өткір, тістері едәуір, киім-кешегі алба-жұлба етіп бейнеленеді. Ол кейіпкер, негізінен, ертегілерде болады. Оның қалыпты ісі – тісімен жер қазу, жүйрік атты қуып жету, тамаққа у салып жіберу, басты кейіпкерді, көбінде батырды байлап тығып қою, тұтқындарды тірілей жеу болып табылады. Қазақтың Ер Төстік, Алтын сақа, Мыстан кемпір, Күн астындағы Күнекей қыз, Ай астындағы Айбарша сұлу және т.б. көптеген ертегілерінде кездеседі. Алайда, халқымыз опмитистік пікірді алға қойып, мыстан кемпірдің қаншама күшті айлакер болғанына қарамастан, ертегі соңында оның басты кейіпкерден жеңілетіндей етеді. Ал кейінгі замандарда, исламның әсерінен бұл кейіпкер сынды пері, дию, шайтан сияқты ежелгі араб-иран әдебиетіндегі кейіпкерлер де көріне бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет