2.3. Қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік арналары
Қай-қай заманда да нағыз ақындар шығармашылығына ел қамы, халық мүддесі, ұлт болашағына қатысты ҿзекті мҽселелерді арқау ету арқылы ҿз заманының ұлттық идеологиясын жҽне ұлттық идеяны қалыптастырады ҽрі насихаттайды. Қазақ ақындарының ішінде Есенғали Раушанов ҿз шығармашылығы арқылы ұлттық идеяны жаңа бір қырынан, жаңа бір биігінен, жаңа бір кҿркемдік ерекшелік тұрғысынан жырлады деп айта аламыз. Мҽселен, «Саяси емес ҿлең» атты диалог түрінде құрылған тҿрт-ақ шумақ ҿлеңін алайық. Мұнда ақыннан ҽлдебір жұмбақ сұхбаттасы шетелдерде кімі бар екенін сұрайды. Ҽке-шешесі, екі ҽжесі, бір ағасы кеткен елге ҿзінің де тартып кеткісі келетінін, дегенмен анасы «ҽзірше қоя тұр» деп хабар бергенін, туыстарының түсіне жиі енетінін айта келе автор ол елдің «Аспанстан», яғни о дүние екенін білдіреді. Ҿлеңді Е. Раушанов: Шошып тұрам орнымнан, үңілем де, Несін айтып тұр деме мұңын елге. Қазақстан жерінен кетер болсам, Тек сол жаққа кетемін түбі мен де, –[40, 28]. деп түйіндейді. Ақынның Отанға деген перзенттік сүйіспеншілігі, атамекенге деген мҿлдір сезімі, туған ел, туған жерге деген ыстық махаббаты осы тҿрт-ақ шумақтан анық кҿрінеді. Ұлан-ғайыр атырапты, кең байтақ даланы кҿз алартқан дұшпаннан қайтсек сақтап қаламыз, қайтсек жерімізді жанға толтырамыз деп қам жеген қазіргідей шақта жақсы ҿмір іздеп шетелдерге кҿшіп жатқан қандас бауырларымыз Есенғали Раушановтың осы жырын жанжүрегімен сезініп оқыса керек-ті. Осы ретте, атылатынын, асылатынын, қуғынға ұшырап, абақтыға жабылатынын біле тұра, осыдан бір ғасыр бұрын Алашордашылардың «Қaзaқтың – Қaзaқcтaннaн бacқa Отaны жоқ. Cондықтaн қaзaқ үкімeтінің мүшeлeрі қaзaқ ішіндe қaлуы тиіc» [41, 26]. деп бірауыздан шешім қабылдап, сырт елдерге қоныс аудармағаны еске түседі. Демек, Алаш зиялыларының рух-намысы бойына қонған Есенғали ақын да жүрекжарды жыры, тҿл туындысы арқылы қазақтың «Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне» деген мақалын оқырмандардың есіне салады. Алайда ел бастар кҿсемдері мен сҿз бастар шешендерінің тілін алса, қазақ ҽлдеқашан алыс-жақын кҿршілерін аузына қаратқан алпауыт ел, күшті жұрт, іргелі мемлекет еді-ау. Е. Раушановтың мұндай ойы мен күйінішін, шері мен шеменін «Қарға бойлы Қазтуған» атты жырынан кҿреміз. Аталмыш шығармасында бізге ақын Қазтуған жыраумен сырласқандай, мұңын шаққандай ҽсер қалдырды. Автор майлы қиын – Маңқыстау бойын, елді қиян – Еділ бойын Мысырға айырбастамайтынын айта келе, азын-аулақ сҿз айтса, онысы «сабында саф алтынның буы бар, ұшында тіл тартқызбас уы бар» Қазтуған қамшысының от бүлдіргісіне жарап-жарамайтынын уайымдап тебіренеді. Одан ҽрі тегі осал болмаса да, есті сҿзіне ел құлақ аспай, тірі ҿлік болып күйініп жүргенін тілге тиек етеді. Жырын автор: Таң қаласың несіне, Қарға бойлы Қазтуған, Қазақ сені де тыңдаған жоқ уағында-ай... – [42, 26]. деп оқырманға ой сала қорытындылайды. Бұл ҿлеңнен ұғатынымыз топ бастар серкелерінің соңынан ергеннен халық ұтпаса, ұтылмайды. Ендеше, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар бірліктің аса маңызды екенін «ҿз сҿзінен басқа сҿзді ұқпайтын қыртыңдар» мен «бас-басына би болған қиқымдарға» (Абай) ебін тауып түсіндіру керек! Бірінші талданған ҿлең сияқты «Жат емес-ті» ҿлеңі де екі адамның арасындағы диалог түрінде жазылған. Онда автор кҿрші ақынның «Кіл саудагер ел тізгінін қолға алып, Сатып жатыр Отанды» деп ызаланғанын жазады. Ҽңгіме ары қарай былай ҿрбиді: – Сатып жатса, алмайсың ба ӛзің-ақ? – Кедеймін ғой, мен бейшара кедеймін. – Ұйқы қысып зорға отырмын божырап, Не деймін? [43, 35]. Негізінде, бұл жерде ақын ҿзін ұйқы қысып отырғанын емес, жалпы елдің ҽлі де ұйқыда екенін айтып отыр. Яғни, ҿлеңде қазақ халқының атынан сҿйлейді. Ұлан-ғайыр қазақ даласын жергілікті халық ҿзі игере алмай, шетелдік компанияларға ондаған жылға жалға берілуіне жҽне пайдалы қазбалардың шикізат күйінде сырт елдерге арзан бағаға сатылуына деген наразылық кҿрініс тапқан. Автор «Отанды сату» деп осыны айтса керек. Мұны кҿріп-біліп отырған халықтың заманауи ғылым-білімді игеруге, озық технологияларды меңгеруге құлықсыздығына, самарқаулығына ашынып жазылған ҿлең деп топшылаймыз. Оқырман қауымды, қарапайым халықты жырмен белгілі бір іске, ұлттық идеяға жұмылдыру кез-келген шайырдың мұраты болғандықтан, аталмыш шығарманың да ҿзіндік маңызы бар деп есептейміз. Дегенмен, Есенғали ақын қазақтың мінін ғана емес, жақсы жақтарын да кҿре білгенін шығармашығын мұқият зерделей отырып байқадық. Мҽселен, «Ҽкемнің ҿлеңінде» «Тыңдар құлақ табылса, Ҽр қазақта он қазақтың зары бар» [44,34]. деуі арқылы халқымыздың бауырмалдық, жанашырлық, ҽрдайым ҿзгенің де қамын ойлаған кҿпшілдік қасиетін тілге тиек еткенін ұқтық. 27 «Арғымақ ару аттар жалында» ҿлеңінде қаламгер «қазақ» сҿзінің мҽнін жаңа бір қырынан жырлайды, жаңа бір мағына беріп ҿлеңге қосады. Мұнда «Бабырнама» жырынан «...қазақтықта менімен бірге жүрді... ол...» деген үзінді алынып, «қазақ» сҿзі «жауынгер», «ҽскер», «шайқас» деген мағынада қолданылған. Арғымақ ару аттар жалында Жел ұйықтайды бұл түнде. Кешегі кескекті ерлердің барында, Ол ұйқы он бұзылар еді бір күнде, Ал айташым, айтар болсаң, сол ерлерді айт іркілме, – [45,36]. деп «Дулығалы бас кескен, Ту түбінен ту алған, Жауды кҿрсе, қуанған» (Махамбет) ерлердің заманын еске түсіріп басталған жырды автор: «Қазақ ҿлсе – кҿмілер, Кҿмілмесе, иманы Хаққа аманат, Қазақтығың ҿлмесін» деп түйіндейді. «Қазақ» сҿзі «ҽскер», «жауынгер» мағынасында айтылғанын ескерсек, демек, ақын адам бойындағы жауынгерлік рухты, қайсарлықты, жамандықпен күресте ауадай қажет табандылықты ҿлтіріп алмауды меңзеп отыр. Ұлы Абайдың ҿзі толық адамның негізгі үш қасиетінің бірі қайрат екенін айтқанын еске түсіре отырып, талданып отырған ҿлеңге ҿте құнды деп баға береміз.Ҿйткені, қандай салада болсын Отанға қызмет ету үшін қайтпас қайсарлық, түгесілмес тҿзім, асқақ жауынгерлік рух қажет. Оқырман қауымды мұндай ҿр рухқа тҽрбиелеу үшін ақынның ҿзі жігерлі, асқақ рухты тұлға болуы керек екені айтпай-ақ түсінікті нҽрсе. Кезінде Қадыр ақын да бұл туралы «Ақынға керек ақыл кҿп, Асаулық керек аздаған» деген еді. Кҿзі тірі классик Есенғали ақынды жақын танитындар немесе кҿзбе-кҿз ҽңгімелескендер оның мінезді адам екенін біледі. Сондай-ақ, мұны шайырдың жырларынан да байқаймыз. Мҽселен, «Еркек» атты ҿлеңін алайық. Онда автор нағыз еркектің, шын мҽніндегі ердің атынан сҿйлей отырып, ҿзінің «қасқырдан тартып алып апан жайлағанын», «тарпаңды кҿлік қылып мінгенін», «жолбарыстағдырдан жеңілмегенін», «жатыры асыл деп қабылан-қызбен қосылғанын», «шыңда қара беріш қайың боп қасқайып ҿскенін» жырға қосады. Осындай отты да рухты жыры арқылы ақын жігіттерді қайратты болуға тҽрбиелеп, ҿмірдің сынақтарына сынбауға шақырып тұрғандай кҿрінеді. «Піл сүйек, нар қылықты» (Мұқағали) азаматтар уақыт ҿткен сайын азайып бара жатқан заманда бұл жырды ҽрбір жігіттің оқығаны дұрыс деп есептейміз. «Уа, жалт еткен, жалт еткен» атты ҿлеңінде Есенғали бұл ойын одан ҽрі ҿрбітіп, дамыта түседі. «Жай түссе де жасқанбайтын, қарт ҽкесі қарағайдың» қарсы біткен кҿп бұтағы алағай да бұлағай қарлы нҿсер құйғанда, тамырына су тигізбей қорған болып, түбірімен жұлынып қалмауын қамтамасыз ететінін шабыттана жырлай келе: ... Бері таман келелік, Қарындас жұрт – қара орман. Қарағайдай қалың ӛскен ел едік, Тамырыңды кӛрелік... – [46, 56]. деп ҿлеңді оқырманға ой сала аяқтайды. Шынында да, Отанымыз алып бір қарағай болса, біз сол қарағайдың бұтақтарымыз. Ал тамыры – ұлттың салт- 28 дҽстүрі, тарихы, ҽдеп-ғұрпы, тілі, діні, бір сҿзбен айтқанда – ділі. Тамыр болмаса, қарағай жоқ. Қарағай жоқ болса, бұтақтар да жоқ. Ал тамырды қарлы нҿсерде сақтап қалатын қарсы біткен бұтақтар, яғни кескекті ерлер. Заманның бұрқасын-дауылдарында түп-тамырымыздың зиян шекпеуіне қаншалықты мҽн беріп жүрміз? Ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық болмысымызды қорғай алып жүрміз бе? Орман ішіндегі кҿріністі суреттей отырып, ақын осындай сауал тастайды. Шайырдың ҽдеби ҽдіс-тҽсілдерді ұтымды пайдалана білетін шеберлігіне еріксіз сүйсініп, таңдай қағасың. Сол себепті, ҿлеңдерін қайта-қайта оқи бергің келеді. Есенғали Раушановтың «Сарыҿзен» поэмасында ұлттық идеяны насихаттау анық байқалады. Аталмыш шығарманың ерекшелігі – автор бірбірінен мүлде алыс жатқан екі дҽуірдегі оқиғаларды жырлай отырып, ойын тарихи шындықпен шендестіре жеткізеді. Ұғынықты болуы үшін поэманың мазмұнын қысқаша талдап ҿтейік. ...Аландардың патшасы Батразд жер қайысқан қалың қолымен тұтқиылдан келіп, Томиристің елін шабуға келіспегені үшін сарматтардың бір ауылын қырып тастайды. Содан соң Томирис жағына сатылып кетті деп жала жауып, жан-жаққа хабаршы шаптырады. «Ҿліктердің денелеріндегі жебелерді суырып алу керек. Сармат патшасы Ларкион жебелерді танып, бұл ауылды кімнің қырғанын біліп қоюуы мүмкін» – деген біреуге Батразд: «Қорықпа, бұлардың салтында моланы қазуға да, жаңғыртуға да болмайды» – деп гүр етеді. Арада мыңдаған жыл ҿткен соң тура осы жерде, яғни Сарыҿзеннің бойында осыған ұқсас оқиға болады. ...1862 жылы Орынбор генерал-губернаторы Крыжановскийдің қабылдауында Ішкі Орданы басқару жҿніндегі Уақытша Советтің кеңесшісі сотник Мұхаммед-Салық-Қожа Бабажанов болып, қазақ халқының тағдырына байланысты екі мҽселені кҿтереді: байлар мен помещиктер иеленіп алған Еділдің екі бетін де шаруаларға қайтару жҽне қазақ даласында орыс-қазақ мектептерін ашу. Ұға білген адамға бұл ұсыныстар қазақ халқын ұйқыдан оятып, отаршылдыққа қарсы күреске шақырумен бірдей еді. Сондықтан генералгубернатордың сотник Бабажанов шығып кеткеннен кейінгі ойын автор: «Да-а, сӛз жоқ, батыл ұлан, батыл ұлан, Кӛз жазбау керек болды, заты, бұдан. ...Қазақта қарғыс атқан тағы бір ұл, Қағынып туған екен жатырынан» – [47,54]. деп жырлайды. Арада біраз уақыт ҿткен соң, Ордаға ҿзі баратынын айтып хабаршы жібереді. Қазақ сұлтандары генерал-губернаторды құрақ ұшып, балаша емпең қағып қонақ қылады. Крыжановский осы сапарында Салық тҿреге ұсыныстарын қабыл алғанын айтып қуантқанмен, бұл айлакер ҽрі сұм генерал-губернатордың зымиян жоспарынан қазақ тҿресі секем алып қалмасын деген сақтығы ғана еді. Орынбордан келген «құрметті» мейманның қолынан у қосылған шарап ішкен Мұхаммед-Салық-Қожа Бабажанов келесі күні ұйқысынан оянбай қалғанда, қылмыскердің ҿзі «аһ» ұрып, «қайғырады». Тіпті, алдын-ала келісім бойынша «жүрегі қуаныштан жарылып ҿлді» деп жалған қорытынды жасайтын дҽрігерді ҿлікке сараптама жасауға алдыртады.
Қазіргі поэзиялық шығармалардың жазылу үрдісіне теориялық байлам жасай отырып біршама сапалық өзгешеліктер бар екенін өзекті мәселе ретінде санап, өлеңнің құрылысын, жеке өлшем-өрнектерді қандай тәсілдермен қай бағытта өсіріп, жетілдіруге болатынын жан-жақты зерттелетін жұмыс екеніне тоқталады. Міне, ғалым З. Ахметовтың қазақ поэзиясында дендеп келе жатқан қандай тың үлгі-өрнектерді сөз етіп отырғанын, оның ұлттық өлең өлшемдерінің заңдылықтарына сәйкес жасалып келе жатқан үрдісіне көңіл аударуды жөн көрдік. Ол қазақтың силлабикалық үлгідегі поэзиясындағы прозаға бейімделу дәстүрі. Поэзияның прозалық үлгісі орыс әдебиетінде біршама зерттелді десек те, мұның қазақ әдебиеттануында әлі ашылмай келе жатқаны белгілі. Бірді-екілі зерттеулерде (Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, Қ. Өмірәлиев, А. Ісмақова, жалпылама, үстірт айтылғанмен поэзияның прозалық сипатына байланысты зерттеулер жоқтың қасы. Осыған қарама-қарсы прозадағы ырғақтың болуы туралы айтуға болады. Ол жөнінде кейінгі жылдары сөз болып жүр.
Ал шындықты білетін Крыжановскийдің адъютанты болса, халық ақиқатты ешқашан анықтай алмайтынын біліп, «Ҿлікті тексерту де, қайта ашу да бұл елдің салтында жоқ» деп миығынан күліп тұрады. Поэманы автор «Оба жыры» деп аталатын эпилогпен бітіреді: «XX ғасыр. Ҽлқисса, Сарыҿзен арнасына сыймай буырқана тасыды. Асау толқындар қара оба жақ жердің арғы бетінде жасырынып жатқан ҽлденені жан сала іздегендей жапатармағай ұмтылды. Табанын толқын кемірген жарлауыттар гүрс-гүрс құлап жатты. Ақыры, жардың бетіне сансыз адамның сүйегі самсай шыға келгенде, Сарыҿзен сабасына түсті. Қайыр сұрағандай созыла түсіп, қатып қалған қолдар, зұлмат тағдырды мазақтап сақ-сақ күле жҿнелетіндей боп кҿрінетін қу бас, сыңарын іздегендей шошайып тұрған аяқтар, саусақтар, омыртқалар, қабырғалар, жапырақ бас алан жебелері қара жардың бетінде қатталып тұрды... Қатталып тұрды, қат-қат кітап секілді ҽлі оқыла қоймаған» [48, 31]. Иҽ, ҿзінің тарихын, ҿткенін зерттемейтін, құндамайтын халық ешқашан ақиқатты біле алмайды, кімнің жау, кімнің дос екенін бағамдай алмайды. Сарыҿзеннің асау толқындары сияқты ҿмір де ҿз уақыты келгенде тарихтың шаң басқан, ҽлдеқашан ұмытылған беттерін қайта ашады. Дегенмен, сол кезде ҿткенді зерттеп, зерделейтін, ненің рас, ненің ҿтірік екенін анықтайтын ұрпақ табылса жақсы. Ҽйтпесе, «қара жардың бетінде қатталып тұрған алан жебелерінің» сыры ашылмайды. Міне, Есенғали ақын «Сарыҿзен» поэмасы арқылы ұлттық тарихты қаузап зерттеуге үндейтін осындай идеяны насихаттаса керек. Сонымен қатар, ақынның аталмыш шығармасы кҿркемдік жағынан ҿте жоғары деңгейде екенін міндетті түрде айта кету керек. Мҽселен, мынадай теңеулерден кҿз алдыңда тұтастай картиналар елестейді: ...Беткейге шығып кеткен топ қызғалдақ, Бейне бір секем алған үркек елік... [48, 69] ...Қылаң жол – қылыш ізі кеткен осып, Етекте қара қорым кӛп тӛбешік. Бүк түсіп, теріс қарап жатыр үнсіз, Қалғандай бір-біріне ӛкпелесіп... [49, 96 ] ...Топ жыңғыл телміреді тораңғылға, Салық тұр тораңғыл боп топ алдында.... [50, 30] ...Қызарып Сарыӛзеннің жарқабағы, Батыс жақ бауырдай боп қанталады... [50, 32] ...Қараша ауыл шаруа қамын ұмытып, Қара шекпен делеңдеді, күпінді. Қара қазан қарнын отқа жылытып, Қара шәугім отқа шырт-шырт түкірді... [50, 33] ...Үй толы Нұралының кӛп тентегі, Дүр етті қоян жұтқан қаршығадай... ...Күйшіге аппақ мойнын бұрды ханша, Ханша емес, тауға біткен бұл бір арша. Жанарын мӛлдіретіп келіп тұрды, Желіде жалғыз қалған мұңлы нарша... [50, 38] Міне, ақынның осындай теңеулерінен жырға қосып отырған құбылысы, кҿрінісі кҽдімгі бейнежазба кҿріп отырғандай кҿз алдыңа елестейді. Бұдан шайырдың шеберлігін қапысыз аңдаудан бҿлек, қазақтың тыныс-тіршілігін, ауыл ҿмірін жете білетіндігін аңғарамыз. Ҿйткені, ҽдеби ҽдіс-тҽсілдері мен теңеулерінің барлығы ауыл ҿмірінен, табиғат құбылыстарынан алынған. Бұл да бір хас ақынның белгісі болса керек. Жоғарыда келтірген мысалдар Есенғалидың ақындық қабілетінің бір кҿрінісі, таптырмас теңеулерінің бір парасы ғана. Айта берсек, жоғарыдағы ҿлең жолдары жалғаса береді. Сҿзіміздің соңында, Есенғали Раушановтың поэзиясы ұлттық идеяға негізделгенін айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |