Мaзмұны нормативтік сілтемелер


Зерттеудің жұмысының ғылыми жаңалығы



бет5/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
тасполатова А

Зерттеудің жұмысының ғылыми жаңалығы: Есенғали Раушановтың шығармашылығындағы автордың қолтаңбасы, жазу шеберлігі, автордың шығармаларының тақырыбы, көтерген проблемасы, лирикасы, лирикасының тақырыбы, көркемдігі, Мағжан Жұмабаев, Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясымен үнлестік сарын.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздары: Бұл зерттеу жұмысы болашақта қазақ әдебиетіндегі жаңа ізденістер мен көркемдік шешімдері туралы зерттеулерге ой қоспақ. Мектеп бағдарламаларында Е Раушанов шығармаларын оқытуда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар филология факультетінің студенттеріне арнайы курс ретінде жүргізуге негіз бола алады.
Жұмыстың жариялануы:

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




І. ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛЫМЫС
1.1 Бүгінгі қазақ поэзиясындағы жанрлық тақырыптық ерекшеліктер: Есенғали Раушанов поэзиясы

Қазіргі қазақ поэзиясының ел тарихын жырлау үдерісіндегі эпикалық дәстүр үлгісін шығармашылықпен дамыту бағыттары өзіндік түр, поэтикалық тың тәсілдер тұрғысында сараланған. Тәуелсіздік кезең әдебиетінің мейлінше сергек, заманның көкейкесті күйлерін тарихи сабақтастықта зерделеудің тың көркемдік әдісін ашып отырған поэзиялық туындылары қазақтың көрнекті ақындары Жарасқан Әбдіраш, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбай, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов т.б. шығармашылығы негізінде көркемдік талқыға түскен.


Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы ұлт­азаттық күрес, елдік, ерлік рух, қазақ мемлекеттігінің қалыптасып, даму тарихындағы тұлға тағылымын жырлау үрдісін жеке шығармашылықтағы отаншылдық мұраттар, шеберлік тәсілдер, суреткерлік қолтаңба ауқымында зерделей отырып, мақала авторлары қазіргі қазақ өлеңінің көркемдік поэтикалық әлеуетін аша түседі.
Ұлттық сөз өнеріміздің байырғы бай мазмұны жаңа уақыттың болмыс-бітім, беталысбағдарымен маңыздана түсті, əр қосып түлептүрленді.
Қилы тарихи себептермен шынайы өнерге тұсау болған қондырма мазмұн, қолдан жасалған кейіпкерлер, қолпаштау ұстанымы, əсірелей жазу, қисынсыз тартыс құру, тақырыпқа теліну сынды құбылыстар шығармашылық өрістен біртіндеп ысырыла бастады.
Адам тұлғасы көркемдік кеңістікке тіршілік құндағындағы бітім-болмысымен батыл енуге еркіндік алды. Қаламгерлер шығармашылық азаттыққа шықты.
Қазақ сөз өнерінің даму тарихындағы тəуелсіздік кезең əдебиеті атты жаңа шығармашылық уақытта қазақ поэзиясы жаңашылдықпен дəстүр байытқан, дара поэтикалық туындылармен өріс кеңітті.
Мəтінді ұлттық тұғырлармен əсерлеу; ежелгі жыр-толғаулардағы түпнегіз, дəстүрлі поэтикалық нысандарды жаңа дəуірдің мазмұнына ұтымды сіңіріп ұқсату; баяндау үрдісіне эпикалық үлгі мен лирикалық нақыштар үйлесімінің жатық орнығуы, т.б. суреткерлік бағыттары жаңа көркемдік дəуір поэзиясына əсер құйды, қуат қосты.
Қазақ поэзиясының алдыңғы буын өкілдері де, кейінгі толқыны да заманалар ақиқатын, ұлт тағдырына құбылыс (Ж. Бөдеш) болып енген, ғасырларды көктей өтіп аман жеткен Бостандықтың бас айналдырар бақытын, ендігі уақыттың жаңа бағытын, азамат ердің баласы көтерер замана жүгін өлеңге дарытуға асықты. Неден де болсын сескенбей, қалпын түзей бастаған халқының ежелгі ғұмыр ғұрпын, ұлтжанды рухын Тəуелсіздік тарихымен тоғыстыра, жарыса жырлады.
Ақындар арғы замандарды, аруақты бабалар тағылымын, бодандықтың азапты сапарларын, бүгінгі уақыттың болмысын оның əлі жазылып бітпеген жүрек жарақаттарымен, жан қуантқан тарихи əсерлерімен тұтас сезінді. Қазақ өлеңінің мейлінше дəстүр байытқан, жаңашыл өрістер ашқан өнімді кезеңі де осы жылдар болды.
Тəуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы ұлттық болмыстың түп қайнарларын сезінудегі көркемдік тапқырлығымен, сыршыл саздарымен, əлеуметтік өткірлігімен ерекшеленеді.
Өткен дəуірлердің поэтикалық шежіресін жасау салтқа еніп, қазіргі заманның тарихи жырлары жазыла бастады.
Қазақтың көрнекті ақыны Жарасқан Әбірашұлы елдік мұрат күрескерлері – ХХ ғасыр басындағы Алаш азаматтарының рухына бағыштаған тағзым жырлардан тұратын көркемдік құрылымы бөлек «Құлпытас» кітабын жазды [18, 15]. Ақын абырой жүгі, ар тазалығы, кісілік мінез, қымбат адамдар, өмір ағыстары туралы толғанды. Артық туған жандардың дара мінез болмыстарын аялады.
Жарасқан қазақ поэзиясын таза поэтикалық бітімдегі текті, рухты жырларымен байытты. Ұлықбек Есдəулетұлының отаншылдық, елдік мұраттармен суарылған сыршыл да намысты өлеңдер жинағы – «Киіз кітап» қазақ лирикасының қазіргі заманғы көркемдік əлуетін көтере түскен рухани олжа есебінде бағаланды. «Мынау кітап тартып отырған талай тауқыметіміздің басын шолса да, кеудеңе үміт гүлін егіп, жігеріңе жігер қосатын, тəуекелге мінгізіп, тəубеңе келтіретін парасатты жырларға толы»
Жайық үшін жан бергендер, Еділ үшін егесіп.
Қиғаш үшін қырылғандар – Қазір бір-бір төбешік...
Басын иіп өтуі керек Уақыт өзі бұл жерден
Тағзым етіп тұруы керек келген қоғам төресіп.
Ұ. Есдəулетұлының «Киіз кітабындағы»
«Күршім. Жаралы Барақ батыр». «Қобда. Исатай батыр қабірі». «Ұлытау. Құрбандық. Қобыз үні». «Қарой. Махамбет». «Алматы. Желтоқсан» толғамдарынан түзілген «Қара шаңырақ. Иманнұр» топтамасы ата мекенді ардақты тұлғаларымен аялайды[19, 5].
Ақындық «Меннің» алғаусыз рас болмысынан қайнап шығып жататын, бейнелі тілмен жасанған өлеңнің көркемдік кернеуі поэзияның бəсін көтере түседі.
Қара Қобда қан сасыды, Көбік шашып қан ақты. Қан кірпігін əрең ашып, Қанды көзбен таң атты.
Қапияда қырғын тапқан қобыландар жанарын Қарға шұқып,
Қорқаулар мен қара шыбын талапты.
Аса шынайы, жаны жұмсақ, кішіпейіл өлеңдерімен əдеби кеңістікке ерте, еркін кірген Ұлықбек ақын Тəуелсіздік жылдары өлеңін өткірлік дарыған, əлеуметшілдігі айқын тың бағыттармен байытты.
Несіпбек Айтұлының жүздеген жылдарға кеткен Азаттық жорығын, Бостандықтың арман-арпалыспен қолға түскен бағалы, кəделі жолын дəстүрлі эпикалық баяндау, аңыздау, тарихи жырлар үлгісінде толғаған дастандары Тəуелсіздік кезең поэзиясының көркемдік даму бағыттарында өзіндік мəнге ие болды. «Осы Тəуелсіздік идеясы тоғыз дастанға ортақ желі тартқан бұл жинақ – «Тоғыз тараудан» тұратын «Тəуелсіздік дастан» атты эпикалық роман ретінде əсер қалдырады» (С. Қирабаев) [19, 44]. Біздің уақытымыздың рухы тұнған «Бəйтерек» поэмасында ақын Астана туралы толғанады. Астана – тəуелсіздік құрбандарына мəңгілік ескерткіш. Астананың күн санап бой түзеп, қазіргі заманғы сəулетті шаһарға айналып келе жатуы – тұтас елдіктің тұғыры.
Жөңкілген Бостандықтың көші қандай, Сарқылған құрдым қайта тасығандай! Көзінен келгендердің қымсынады, Жыртығын жүдеу қала жасырғандай. Бұл – 1997 жыл. Ақын болашаққа болжам айтады. Сол болжам ертегідегідей шындыққа айналды.
Уақа емес, жалт қаратып дүниені, Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың көсемінің алдына кеп, Тəкаппар талай бастар иіледі!
Ата тарихты ілгерідегі бабалар дəстүрі машығында өлеңмен ашып, шежіре, шешен сөзге ұйыта баяндауды жаңғырту бағытын мығым ұстанған ақынның «Бас сүйектер», «Төлегетай», «Жалаңтөс», «Сардар», «Бердіқожа», «Ақмола шайқасы», «Желтоқсан – Мұқағали», «Ерлік пен тектілік», «Ту», «Тоғыз тарау», «Ерліктің ескерткіші», т.б. поэмаларындағы эпикалық екпін, есілген сөз оралымдарының поэтикалық салмағы құнарлы мазмұнға көркемдік маңыз қосты. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы Тəуелсіздік тұғырлары бағытындағы эпикалық толғамның озық үлгілерінің бірі [19, 57].
Ежелгі дəуірлерден бергі өзекті күйді – халық пен билік баянын Есенғали ақын жаңа уақыттың ең жауапты құбылысы мəнінде ақындық үрдіске батыл енгізді.
Діни ұстаным, дүниетаным бағытында да Алланың пəрмені, ұзақ адасуда жүрген адам баласының шектеулі тағдырын үздік көркемдеу тəсілдерінде тəпсірлеген Есенғали Рауша нов əлем əдебиетіндегі шығарма бітімін Ұлы Мəнмен нəрлендірудің ежелгі озық арқауын қазақы пайымға қайта сіңіру бағытындағы қапысыз суреткерлік əлуетін байқатты.
Поэмада көркем əдіптелген тұспал, астарлаудың озық үлгілері ұдайы назарға ілініп отырады. Адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан көне де жасаң поэзияның аспан асты, жер үстін ұйытқан сырлы сазы құлақтан кетпей, дауалы күйімен əлдилейді. Е. Раушановтың дүниенің ұлы қисындарын сезіндіру машығы ақындық алқапты еркін шарлау рахатын сыйлайды. Әр сөз, əр тармақ, əр шумақта тұнған шыншылдықтың сəулесімен нəрленген поэтикалық мəн ұлан-асыр көркемдік əсерге бөлейді. Ежелгі эпостың оралымды, ой жетегін үзбей есіліп жататын жатық баяндау үлгісі шығармашылық ұтымдылықпен дамытылған поэмада кейіпкерлер ой текетіресі, əрекет, аталы сөз ауқымында авторлық, азаматтық ұстаныммен астаса дараланып, тұлғаланады.
Шығарма құрылымындағы дəстүрге жүйрік, жаңашыл тəсілдерге де икемді дара сипатты ақындық қолтаңба назар аударады.
Ақын ұлттық төлтума өнер айтыс өлеңнің қатты айтуға, ащы ай туға, бетке айтуға жол беретін жанрлық мүмкіндігін ұтымды қолданған. Айтыстың бұқарашыл заңы шамданбауды, кектенбеуді міндеттейді.
Елдік салт, тұғырлы мемлекеттіліктің мəңгілік негіздері тұрғысында ой қозғаған шығармада автор аңыздық арқауды шындыққа сіңістірудің өзгеше бір үлгісін жасайды. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар, Күлтегін, Жігіт-қаған, ақын қыз Ғайша, мəңгілік ергежейлі жырлардың авторы Мəстекбай, Жылан-ханша, жыландар, заман, қоғам бейнесі тұлғаланған дастанның құрылым, тіл, образ ашудағы, табиғатты түйсіндірудегі шебер өрімі, автордың ой азаттығы, көркемдеу кеңістігіндегі шығармашылық еркіндік үйлесімі қазіргі қазақ поэзиясының озық бағыттарын поэтикалық əлуетін танытады.
Осы кезеңдегі поэма жанрының тақырып аясы, эпикалық құлаш-қарымы Жəркен Бөдештің «Аңырақай бекетіндегі ой», «Генерал Жохар Дудаев», «Исатайдың баласы», «Жалғыз», «Бостандықтың басы», «Қарауыл төбе», т.б. поэмаларында өзіндік көркемдік алымда көрініс беріп отырды.
«Жолаушы» поэмасында күнкөріс қамымен шетке кеткен, толған соң Елді ұмытқан ұлдың айтқанға көнбес құлқын иіткен күй құдіреті, ұлттық рух қуаты жайлы айтылады.
Асқар Егеубайдың түркі əдебиетін зерттеу бағытында нақтылы тарихи деректер қозғау салған «Шу батыр», «Мыс шаһар», «Қала салған қазақтар» егіздастаны сынды туындыла ры эпикалық жанрдың көркемдік өрісін кеңіте түсті. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Нұрлан Оразалинніңхалықтық, ұлттықмұраттар, биік адамгершілік ұстанымдар арқау болған сыншыл философиялық толғамдары тəуелсіздік дəуіріндегі поэзияның даму, қалыптасу бағыттарындағы жеке шығармашылық тұлға əлуетін айқындай түскен сыршыл лириканың озық үлгілері есебінде танылып, бағаланды [19, 112]. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Иранбек Оразбаевтың Абай дəстүріндегі өлең үлгілері ақынның қоғам, адам болмысындағы жан қыжылын, пəлсапалық ойларын көркемдік шешімге тартуындағы əсерлі бейнелілік дарытқан, ұтымды, жатық тəсілдердің бірі болып орнықты.
Мінезді өлеңдердің көркемдік-стильдік дара сипатын айқындай түсті.
Мен де – Бетті бастым. Мен де – Тұра қаштым:
Көбігімен жудым кір – Көзден аққан жастың...
Ақын нарық заманының ауыртпалықтарын сезінеді, жаһандану дəуіріндегі халықтың керенау, байғамдау қалпына алаңдайды, күйіп, күйзеледі. Оның поэзиясындағы өткір сыншылдық, қалғымайтын қырағы азаматтық ұстаным, жаңа үлгілер, өзіндік поэтикалық кеңістік қазіргі қазақ өлеңінің мəнді көркемдік нышандарына айналды.
Қазақ поэзиясындағы дəстүрлі, ел мінезіне күйіну, күйзелу, алаңдаусарыныбелгіліақын Исраил Сапарбайдың «Рухнама» жыр жинағында да айқын «Тайқазан», «Қазақты жаңаша таныстыру», «Менталитет», «Жаһандану жаңғырығы»,
«Ерлердің ісі бітер ме?!», «Менің əлемім»,
«Отырар ойлары», «Біздің қоғам» толғамдары
– қаламын құрғатпай замана күйіне алаңдап отырған ақынның қалпын қапысыз сезіндіреді.
Әдет шіркін қала ма, қанға сіңген? Әлі күнге келеді арбасумен.
Жалқаулығын қайтерсің алабөтен, Алтын басып жатқандай жамбасымен!
Тəуелсіздік кезеңіндегі поэзия ХХ ғасырдың адамзатқа жасаған асқан «сыйы» – атом апаты тұрғысында елеулі ойлар толғады.
Қазақ жеріндегі қырық жылғы жарылыстың бақ үркіткен бейдауа опаты азаматтық лирикада ширыққан серпінді желі түзді.
Б. Жақыптың «Тамыздың жиырма тоғызы» атты ұзақ толғамында жарылыстың бейдауа сұмдығы, жан шыдамас ақиқаты жəне бір қырларынан ашыла түседі.
Тамыздың жиырма тоғызы... Күн емес, алып шар шықты. Дегелең деген өр таудың Кеудесінен сол күні жан шықты.
Тəуелсіздік жылдар поэзиясында ұлттық бітім даралығы, дəстүр, салт-сана, туған жер, ата-анаға сағыныш, адамдық қилы аңсар, көңілкүй, сезім жырлары сыршылдық бағыттағы жаңа ағыстар түзді.
Ақұштап Бақтыгерееваның əйел-Ана, ата мекен Ақжайық, туған ауыл, Ана тілі, ата салт, адамгершілік игіліктер, ұлттық құндылықтар, қазіргі қоғамның көкейкесті күйлері тұрғысындағы сезімді, сырлы, жаз мінезді, кей-кейде сынық көңіл, кейде өктем де өр жырлары өзекті ой айту үшін «ойбайлай» берудің міндетті емес екендігіне меңзейді. Ақынның «Наурыз» толғамы осы бір арғы тарихы адам ғұмырымен бір тұтасқан ұлы мерекенің рухани мəнін жоқ іздеген жолаушы ұлтының жоғалғаны табылған, айтқаны болып, арманы озған құбылысымен аса нəзік əрі сəтті астастырады.
Ақын адамсүйгіштік пейілі асып-тасып жатқан Әз Наурызбен ұлтының ұмыт бола жаздаған ұлы құндылықтары қайта оралатынына шаттанады.
Ұлт кіндігі байланған Ауыл қазақ баласы үшін дүниенің бар қымбатын сыйғызған ұғым.
Анасы, атасы, бабасы ғұмыр кешкен, елдік рух жайылған ауыл – осы кезең поэзиясында болашағы алаң туғызар қаяу көңіл, аяулы, амалсыз қалпында көркем бейнеге тұтасты.
Тəуелсіздік жылдары қазақ лирикасы шыншылдық сəулесімен қуаттанған ішкі мазмұнға тұнған дүние құбылыстарын сезіндіру тəсілдеріндегі тосын шеберлік алымдармен құнарланды.
Адамның əрқилы күйзеліс, жадаған сəттері, арғы түкпіріндегі жан қаяуына əрдайым ортақ болып отыру – ақындық болмыстың əлімсақтан бергі адамсүйгіштік артықшылығы.
Тəуелсіздік кезеңнің əдеби дамуындағы тыңға түрен салған ізденістер модернистік, постмодернистік жазу үлгілерінің Т. Медетбек, Ә. Қайран, Т. Әбдікəкімұлы, Ж. Бөдеш, Н. Оразалин, Ұ. Есдəулет, Е. Раушанов, Г. Салықбай, М. Райымбек, З. Елғондинова, Ж. Әскербек, т.б. ақындар поэзиясындағы нышандары, олардың шығармашылығындағы жаңа көркемдеу тəсілдері бұл дəуір поэзиясының танымдық, түйсіну, сөздің шексіз бейнелеу мүмкіндіктерін кəдеге жарату бағытындағы елеулі көркемдік жаңғыруын танытады [19, 28].
Темірхан Медетбек көне түркілік өлең түрінің қазіргі поэзиядағы өзіндік үлгілерін түзді. Көне жыраулар поэзиясындағы ұйқассыз өлең үлгілерін, тармақтардағы буын санының əркелкілігін қазіргі поэзияның көркемдік өрісіндегі өзіндік стильдік өзгешеліктерге ұластырды.
Поэтикалық тіл қолданыста ой мен образ тұтасқан күрделі оралымдарды іркілмей, қиналмай төгіп тастайтын ақындық өнер, жыр шайырлары айқындау (эпитет) мен ауыстырудың (метафора), алмастыру (метонимия) мен кейіптеудің (аллегория), егіздеудің (параллелизм), шендестірудің (антитеза) үздік бейнелеу жүйесін түзді.
Қазақ поэзиясы сөз айшықтаудың небір қайталанбас үлгілерімен молықты. Ақ қар мен көк мұз құрсанған қыс, желмая жел, сылдыр бұлақ, жаңбырлы күздің суланған сары жапырағы тілге келіп, сыр ашты.
Тəуелсіздік жылдар поэзиясында ана тілдің бейнелеу мүмкіндіктері ашыла түсті. Дала суреті, тау аңғары, судың түсі, бұлақ күлкісі, бұта сыбдыры, Тəуелсіздіктің саумал дəмі, кəрі тарихтың мəңгілікте қалған таңбалары, адамның ақ пейіл, алаң көңілі, шаттығы мен шарттылықтармен шарпысуы, «күн түспейтін қырлары да сəулелендіретін» сөздің құштар нысанына айналды.
Тіршілік иірімдерін ақындар тосын метафоралармен тұспалдады, керемет кейіптеулер жасады.
Тəуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясының айтулы өкілдерінің шығармашылық бағыттары туралы зерттеу еңбектер жарық көрді.
Қазақ поэзиясының аға буын өкілдері мен жас ақындардың таңдамалы томдарын, жеке жинақтарын шығару үрдісі жалғасуда.
Бүгінгі Уақыттың өзекті күйлерін, өткен тарихтың тағылымын, келешектің баянды бағыттарын ұлттық сана, ұлттық болмыс, ұлттық мұраттар, ұлттық мүдделер, жалпыадамзаттық игіліктер ауқымында толғап отырған өміршең поэзия – халқымыздың сарқылмайтын рухани қуаты.
1.2 Есенғали Раушанов поэзиясындағы ұлттық дүниетаным сипаты


Егер поэзияға ең алдымен, ойлау мен танымның белгілі тәсілі ретінде қарайтын болсақ, онда прозаға да солай қарауға да тура келеді. Поэтикалық ойлау (оны неғұрлым бәсең күрделі формасында) прозаға қарағанда дыбыстық форманың саздылығына біртабан жақын келеді, яғни шапшаңдық, өлшем, дыбысталуы, әуен үйлесімі болады, поэтикалық ойлау осындай өлшемдерсіз бола алмайды, ал керісінше, прозалық ойлау жасанды болуы мүмкін, поэзияның түзілу формасында, сөзде өлең сипатын иеленуі де зиянын тигізбейді, ұғымның айқындылығы немесе оның болмауы дыбыстарда білінбейді (сыртқы, дыбыстық формада). Ал осы жөнінде А.Байтұрсыновтың пікіріне сүйенсек «Күн көріс ісіне және көңіл көтеріс ісіне» құрылған сөздер дей отырып [20, 378] алдыңғысын «қара сөзге» екіншісін «өлеңге» жатқызады. Бұдан шығатын қорытынды өлеңге қойылатын сөз ажары, айшығы, мағыналылығы сияқты талаптары ескеріліп отырылса, қара сөзге тиесілі салқынқандылық, жүйелі баяндау, оқиғаның мән-жайын дәріптеу т.с.с басты сипаттары, айырмашылықтары болатынын мойындаймыз. Дегенмен де поэзия мен прозаны саралау поэзияның жойылуына әкеп соқтырмайды. Керісінше, прозадағы белгілі бір ырғақтардың болуын жоққа шығармайды. Мәселен, бұл жөнінде зерттеуші А. Әбіловтың [21, 52 ] қазақ прозасының майталман жазушыларының (Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, З. Қабдолов) шығармаларын талдай отырып айтқан пікірлерінің орынды екенін танимыз. «Ж. Аймауытов қаламы арқылы өмірге келген, «Күнікейдің жазығы» повесінің алғашқы сөйлемінен-ақ жазушының ырғаққа, ішкі үнге ерекше мән бергенін аңғарасыз. М. Әуезов әңгімелерінде пейзаж ырғағына айрықша назар аударылса, Ж. Аймауытов повестері мен әңгімелерінде образ бен мінез сомдаудағы ырғақ айрықша рөлге ие» Шынымен де Ж. Аймауытовтың бір ғана «Күнікейдің жазығы» повесіндегі алғашқы сөйлемдерге көз жіберсек, осы ойымыздың негізін көресіз. «Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалқиған, жермен-жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора. Шымқорада - жер үйде, желпіндірмес көр үйде, арса-арса болып сүйегі, қалақтай болып иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ жатқан қай аруақ?». Бұл тұста ырғақтың жиілеуі ұйқасқа әкеледі де поэзияға тән өрнектер бой көрсетеді. Осы үзіндіні тармаққа айналдырғанда, кәдімгі қазақ өлеңінің табиғаты көз алдыңызға келіп, прозалық үлгі поэзиялық үлгіге көшкеніне куә боласыз.Қазақ поэзиясын тілдік, құрылымдық, поэтикалық сипаты тұрғысынан баға берген ғалым Қ.Өміралиев: «Әдебиет тілі үшін мүмкін емес жүйеде сөйлем құру немесе сөйлеу тілінде бар барша сөйлем түрлері негізінде талғаусыз сөйлем құра бермей, тек белгілі бір сөйлем түрлерін ғана таңдау – поэзияны прозадан ерекшелейтін бір белгі. Айталық, тек қана бірыңғай көсемшелі не есімшелі тізбекті сөйлем проза тілі үшін норма болмаса да, ал мұның өзі поэзия үшін норма болып табылады. Басқаша айтқанда, мұның өзі поэзияның сөйлеу тілі мен проза тіліне тән нормаларды бұзу арқылы тапқан өзіндік нормасы»- деп жақсы айтқан болатын. [22] Қазақ поэзиясындағы тіл кестесімен өлең құрылысы жайлы мәселелерді жүйелі зерттеуге негіз еткен ғалым қазақ тілінің ұлттық бітімі жатқан бейнелі сөздерді, қазақтың өлең тілін зерттеудің өзекті мәселелерін жан-жақты қамтып қозғайды. Өлең құрылысының жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарын өлеңнің ырғақтық құрылысын байыпты зерттеумен байланысты ғана тануға болатынын айтып, алымды теориялық негіздеме жасайды.
Рабиға Сыздықтың Махамбет шығармашылығының және бір өзіндік қыры деп оның қайсыбір «өлеңге ұқсамаған» өлеңдерінде билердің қара сөздеріне жақындайтынын айтады.Мамандардың айтуынша, прозаға жақын құрылған өлең ақынның идеясын дәл, толық жеткізетін, яғни өлеңге қажеттіктерді (ұйқасты, өлшемді, т.б.) іздемей, оны еркін құратын амал болса, бұл тәсілдің классикалық көрінісін ұсынған Махамбет деуге болады. Әрине, бұл - теориялық негіздермен айтылатын үлкен әңгіме. Осы жерде прозадағы ақ өлең мен поэзиядағы қара сөздің арақатынасы қандай екен деген сауал көлденеңдейтіндей. Ұйқассыз поэзия үлгілерінің жаратылысын өлең мен жыр айырмасынан іздейді. Бейсенбай Кенжебаев былай дейді.
«... 3. Жырдың ұйқасы, өлеңнің ұйқасы сияқты, тек үш түрлі ғана емес, бірнеше түрлі...
... 4. Ұзақ жырлардың көп жерлері айнымалы, әр түрлі ұйқасты болып, осы ұйқастардың бірнешеуі араласып келеді, кей жерлері тіпті ұйқассыз болады...
Тегі, жырда өлеңдегідей өлшемнің, ұйқастың мәні соншалықты күшті емес. Жыр көп ретте сөз буынына, сөз ұйқасына емес, ой түйдегіне, ой ұйқасына қарай қиыстырылады» [22].
Мұхтар Мағауин де ұйқассыз үлгі жырдың бір ерекшелігі дегенді айтқан болатын.
Сондықтан прозадағы поэзия сияқты поэзиядағы прозаның сипаты, ауқымы кең деуге болады. Оны былайша саралауға болады:
а) Тілдің бейнелілігі, жалпы алғанда, кемімейді. Ол тілде емес, тек жекелеген сөздерде және сөздердің бөліктерінде ғана жоғалады, өйткені жаңа сөздер тұрақты түрде көп құрылған сайын тілде ой жетіле түседі, ал сондай сөздердің тікелей жағдайы ұғымды қолданыста болатындығын білдіреді. Тіл неғұрлым қатты дамыған сайын, соғұрлым ондағы сөздердің саны этимологиялық жағынан айқын болады. Сондықтан тілдердің дыбыстық бірінші құрылу деңгейі олардың поэтикалығына сәйкес келеді.
ә) Тілдің қарапайым поэтикалығы, яғни жекелеген сөздердің және тұрақты шығармалардың бейнелілігі, қалай байқалса да, сөздердің құрылуынан образдар жасайтын тілдердің қабілеттілігімен салыстыруға келмейді.
б) Бұл екінші қатардағы және туынды ұсақ образдар әрекеті бойынша неғұрлым күрделілігімен салыстырғанда лезде әрі аз байқалады, салыстыру өз кезеңінде одан да күрделі образға кірудің шекарасы тәрізді болады.
в) Одан әрі қарай; мұндай образдар ақын бейнелеуіндегі сипаттардың және көпшілік ішіндегі екінші қатардағы тұлғалардың, табиғат суреттерінің арасындағы, уақыт пен орынның аясындағы жағдайларымен - аталған өлеңдегі дамитын суретпен салыстырғанда сәл ғана өткінші әсер қалдырады.
Ұсақтан және жекеліктен бастаған кезде тілдің ықпалы бізге айтарлықтай болып көрінеді, өйткені, аталған образдарды беруші екі сөздің үйлесуінің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі және тиімділігі аталған тілмен байланысты. Бірақ тұтас сурет барынша жақындаған кезде біз оның сөзден және ол жазылған жеке образдан бөлінетіндігін сезінеміз. Сөйтіп, сурет бедерінің және бояулар мен белгілі тәсілдерден дерексізденуі мүмкін. Сонымен, тілдің дұрыс дамуында, онда поэтикалық және прозалық стихиялардың шектелуінде поэтикалық қызметті әлсіретуге бастайтын ештеңені көре алмаймыз, керісінше, көпшілігі поэтикалық образдарды күрделендіруге және жетілдіруге бастайды.
Демек, өлеңді оқу кезінде азды-көпті нақты, аяқталған және детальды бірқатар образдар пайда болады: « бір ағам отыр май асап, бір жеңгей берген кесенің ішінде өсегі, бір достың саусақтарында қызғаныш» (Г. Салықбаева «Бір») [23, 96], «жарқырайсың, біреуің қалтырайсың, бір-біріңнен ымдасып хал сұрайсың. Жігерімді біреуің қамшылайсың, жүрегіме біреуің тамшылайсың» [23,73] соның бәріне налыған-жалғыз ойлы ақын. Біздің түсінуімізге байланысты бұл образдар - неғұрлым түсінікті немесе неғұрлым тұрмысқа жақын; мұнда көру элементтері басым, кейбір оқырмандарда, есту қабілеті басым болуы мүмкін (сайтан қарап күліп тұр маған сық-сық, бықсық мына дүниеде барам бықсып- поездардың тарсылы, тасушылардың айқайлары және т.б.) көріністердің көру тұлғасымен бірге есту, әр құбылыстың өзіне тән дыбыстарына мән беру бар. Сонда барлық іс-әрекеттің назары ауызша сөзге ауған. Сөздер ағынын қатар алып жүретін бұл образдар жеткілікті шамада субьективті және айқындалған және қабылдаушының психологиясына, оның дүниетанымына, оның көңіл-күйінің өзгеруіне және т.б. байланысты. Поэзия образдары суретпен немесе әуенмен бұл орайда таласа алмайды: музыкада және суретте сезімталдық образ эстетикалық жағынан бекітілген, поэзияда ол қабылдаушының сөздердің мағынасын қабылдауына байланысты субьективті болады. Мысалы А. Темірбайдың «Акроөлеңіндегі» мәтіндік таңбалардың барлығы да көру және есту құбылыстарына тән сипатымен өзгешеленіп, көз алдыңызға тылсым уақыттың сырын жайып салады:
Түнгі дыбыстар,
Түрлі дыбыстар;
Өлі үндер мен
Тірі тыныстар.
Үннің мұңы бар,
Бұны кім ұғар?!
Жаның оянып,
Тәнің тынығар.
Біреу бұлқынар,
Біреу жұлқынар.
Жансыз ыңылдар,
Арсыз ыңқылдар.
Сонымен поэзия көрнекілік және образдық мағынада суретпен немесе музыкамен бәсекелесе алмайды. Поэтикалық образдар субьективті және ауызша сөзбен жеткілікті ұғымдарда қосымша құбылмалы болып келеді. Бірақ ол образдық өнерге қарағанда жұтаң, ұғымдардың көрнекілігіне қатысты сөз бен поэзия бір жағынан, өзінің саласын иеленді, ол басқа өнерлерге қарағанда көп қырлы екенін білеміз. Сондықтан ең алдымен формальдық байланыстар мен қатынастардың кең ауқымды тобы жасалып, олар өзіне сөзбен бейнелеу табады, мұндай қасиет басқа өнерлер үшін ол мүмкін емес екені белгілі.
Потебня көрнекіліктің ескі теориясына назар аудара отырып, поэтикалық сөзден образдылықты бөліп қарады, оны поэтикалықпен тіпті жалпы көркемдікпен теңестіреді. Д.Н. Овсянико-Куликовский музыкамен және лирикамен айналыса отырып, өнердегі басқа элементті- эмоциялықтың бар екендігін амалсыз мойындады. Біз жоғарыда таза ойдың мотивін көрдік және тіпті ерікті бағалау мен ұмтылыстарды да поэтикалық қабылдауды қостайды. Адамның рухани өмірінің барлық жақтарын поэзия қозғай алады.
А.А. Потебня образдар өнері ретінде поэзияны қарастыра зерттей отырып, поэзияның лингвистикалық теориясы, тілдік сипатының басымдығына көңіл бөледі. Әрине, зерттеуші бұл жерде өлең тілінің көркемдігі мәселесіне көңіл қойғаны белгілі. Батыста бұл теорияны бірінші рет И.Г. Гердер (әсіресе «Жаңа неміс әдебиті туралы» еңбек үзінділерінің бірінші және екінші бөлімінде), В. Гумбольт [24,84] және неміс романтиктері айқын тұжырымдап берді. Қазіргі кезде бұл ілім күтпеген жерден поэтика үшін қызығушылық туғызатын жаңа лингвистикалық дәлелдеуге ие болды. Лингвистикада соңғы кезге дейін басымдық танытқан грамматиктердің ілімі механикалық әсер ететін дыбыс заңдарының көмегімен тіл көркемдігінің әр алуан құбылыстарын түсіндіруге сол арқылы әдеби тіл табиғатын танытуға тырысты.
Егер тарихи фонетика саласында ондай қарапайым түсінік елеулі қиындықтарға тап болса, ал сөз құраудың, семантика мен синтаксистің тілдік құбылыстарының жасалуы мүлдем мүмкін болмай қалады. Және шын мәнінде қазіргі заманғы лингвистикалық теориялар тілдің дамуында кейбір ішкі телеологияны көреді. Бұл орайда лингвистика бұрынғы тілдің неғұрлым сыртқы және жинақталғанынан (тарихи грамматика деп аталады) қазіргі заманғы тілдік сананың қолданыстағы және ағымдағы құбылыстарын бақылауға көшеді, ол сөйлеу қызметінің әр алуандығы ұғымын ілгері шығарады.
Ал жаңа поэтикалық шығарма тілі туралы айтылған пікір ең алдымен оның мазмұнына, яғни поэтикалық тақырыбына тікелей байланысты, ал ол болса ең бірінші тілдік бейнелеу құралына тәуелді, өйткені мәтін сөзде жүзеге асырылады және поэтикалық сөз тәрізді көркемдік құрылымның сол заңына бағынады.
Жеке құбылыстар туралы айтпас бұрын, өлең мен прозаны тек сырттай, механикалық қабылдауға негізделген, сырттай қарама-қайшы болса да, өзінің әдісіне қарай жақын екі бағытты қозғай кетейік. Ақынның логикасы шамамен мынадай болып табылады: егер өлеңді әдетте бір бағанға, ал прозаны-бір жолға жазса, оны керісінше жасап көрсе не болады?
Сондықтан, поэзия мен прозаны синтездеуге талпыныс ретіндегі, бұл жағдай, аталған ақындардың өзінде сирек ұшырасатындықтан, оны қарастырудың қажеті аз. Біздің пікірімізге сай, бұндай «жапа - тармағай» жазудың прозаға қатысы – тұлғалық өлеңдерінің сурет өнеріне қатысымен бірдей. Бұндай графикалық тәжірибелермен оқырманды таң қалдырып, абдыратуға болса да, көңілін босату екі талай. Мысалы:
Мен о баста жұлдызқұрты ем жұлдыздың,
Жасыл түкті көмей едім қып-қызыл,
Қайдан келдім?
Қайда кетіп барамын??
Не қасиет қалды менде нұрлы Ғалам алдында?!- Осының дәл қарама-қарсы, «декоративті» құштарлығы бар, «шумақты проза» деп аталатын әдістен де екі ұшты ой туындайды. Бұл жерде еркін өлең туралы сөз қозғалып отырған жоқ екенін ертерек айтып кеткен жөн.
Қазақ сөз өнерінде шешендік тақпақтаудың ұйқасқа емес, ырғаққа негізделген кейбір үлгілері ұшырасқанымен М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Т. Ахтанов пьесаларында ақ өлең өлшемі қолданылғанымен, ақ өлең – үйлесуге аса икемді, ұйқас қоры мол төл поэзиямыздың табиғатына сіңісе алмаған түр. Әйткенмен, бірлі-жарымды тәжірбие, ізденістер жоқ емес екенін ақын Ұ. Есдәулетовтың «Қызыл өлеңімен» дәлелдеген сипаттар біздің «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» де кездеседі.[ 14, 36 ]
Қызыл іңір. Қызғылт қыр.
Қыжым аспан. Қызыл жел.
Қызыл көйлек, қыз бала
Қызылбауыр бұлттарға,
Қыр басында қызығып,
Қолын бұлғап қарап тұр [14].
Әртүрлі көлемдегі өлеңдерді, дисметрияны, ұйқаспаған жолдардың болуын және т.б. білдіретін верлибр, бұл жерде даусыз екені анық. «Вер» болса болды, ал «либр» ме, әлде «либр» емес пе бұл аса маңызды сауалға жатпайды. «Ақын әдеттегі өлеңді немесе верлибрді қолданатыны, аса маңызды ма, жоқ па? Жақсы туындылардан бұны байқамайсың да» – деп Д. Тонконогов жазады [14]. Ең бастысы, «либр» сөзі – әдебиет сандырағына айналмаса болды.
Шынын айтқанда, сандырақтың да белгілі бір құндылығы бола алады, дұрыс мағынаға, жатық сөзге, әлемнің қарапайым көрінісіне қарама-қарсы мағына ретінде әдебиет үшін сандырақ қажет те; бір кездері Ж. Женетт айтқандай, әдебиетке сондай «тұтығу» қажет [14]. Дегенмен, мәселе негізінен «методологияға» емес, поэтикалық тәжірибеде, бүгіндері верлибр деп жарияланып жататын мәтіндерге қатысты қозғалып отыр. Мәселен Т. Әбдікәкімовтың «Салыстыру теориясы» атты өлеңіне мән берсеңіз нақтылы бір өлшемге құрылмай ой жетегінде кеткен бейберекет тармақтарға тап боласыз:
Қоңырауы сыңғыр қаққан күздің сол бір айында
Бала кезгі бір қиялдың елесі бар...
Ойымда:
Өтірігі де өте сұлу өлкесінде ертектің
Мұнаралы Қала салып, мың жылдай мен тер төктім.
Көк бәтеңке тігуші едім қақпасының алдында...
Бекер екен!
Сол киімді интернатттан алдым да,
Айнып қалдым...
Досым бар ед, киімі жоқ бойға дәл,
Қаланы да сол салуда осы қазір тайгада.
Ертек пенен екі араны күдік құсы жалғаған...
Бабамызды көріп өскен пәле ғой бұл қарғалар:
« Сендер қайда барасыңдар?
Ғаламда жоқ мәңгі түк..»
Солай деп бір, төбемізге кетпекші олар саңғытып,
Біздер кімбіз?
Не тілейміз?
Бағыт қалай?
Құбыла?...
...Иіріліп, жиырылып,-  өз Ойыма тығылам, – сияқты тізбелеп, ұйқассыз не белгілі бір буындық өлшемсіз жолдарға тап боласыз. Өйткені, прозаның баяндаушы интонациясы басым болғандықтан прозалық үрдісті қалап тұрған сипатын танимыз. 
Екінші жағынан, барлық осы нышандар, біздің пікірімізге сай, үстірт және біршама кездейсоқ нышандарға жататын сияқты. Және тек солар ғана емес, өлеңнің өзі – жақсылыққа ма, әлде жамандыққа ма, - әйтеуір «кенеттен пайда болған» сөздердің, өзара байланысы жоқ тұрлаусыз мүшелердің конгломератына айналады. Өлең жолдарын және өздері орнынан қозғау, тіпті оны алып тастауға оңай. Басқа шрифтімен теру. (Әрине, көптеген жаңа ақындар, өздерінің мәтіндеріне әртүрлі көркем жаңалықтармен байыту мақсатында, дәл осыны іске асыратыны рас). Басқа сөзбен айтқанда, дәйектеп келтірген үзінділер «жапа-тармағай» жазудың нәтижесінде өз қасиетін жоғалтпаған болса, бұның себебі – олардың жоғалтып алары да жоқ деген ой пайда болады.
Бұл жерде Платондық, Сократтық әдеби шығарманың «тұлғасы» болуы, органикалық сипатта болуы керек деген ойы еске түседі, яғни, «кез келген сөз – тұлғасы, басы және аяғы бар, тірі жан сияқты құрастырылуы тиіс». Л.Н. Мурзин бұл жерде «өлең жолдарының қайсысын бірінші, қайсысын ақырғы ретінде оқысаң да - бәрібір» дейді [15].
Мүмкін, көркем туындының тұтастық нышаны, сөздер, сөйлемдер және т.б. арасындағы байланысының органикалық сипаты біршама бұлыңғыр сияқты көрінер; оның үстіне, бір кездері оған романтизмнің теорияшылдары асыра көрсеткен еді. Дегенмен ол, жоқ дегенде, жоғарыда келтірілген верлибрлердің негізгі нышандарына санадан тыс түсінік береді. Бұл өзінше палиндромоидтық поэзия болып табылады, оны жоғарыдан төмен оқыса да, төменнен жоғары оқыса да, мағынасы жоғалмайды.
Сондықтан, верлибрдің берілген түрі поэзия мен прозаның бір түрлі синтезі ретінде қарастырыла алатынымен, тіпті, прозамен қандай да бір байланыста бола алатынымен келіспеске болмас. Прозаның да, поэзияның көзқарас тұғырынан күмән тудыратын, мәтінмен үстірт ойнауды синтез деп тану қиынырақ болар.
Мүмкін, дәл осы жерде, жауапты – жеке ақынның шығармашылығын, оның жай прозаға арнауынан ғана емес, поэзияның бойындағы прозаға арнауынан іздестіру керек шығар? Сондықтан да поэзия мен прозаның ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне қатысты мәтін мазмұнына жіті көңіл бөлу керек шығар. Жай ғана мәтін емес - поэтикалық мазмұны бар, көркемдік қасиеті басым поэтикалық мәтін туралы айту керек.
Соңғы жылдарда теориялық мәтiнтануда мәтiннiң типтiк және түрлiк белгiлерiнен тыс категориялық парадигма орын алды. Н.С. Болотнова мәтiннiң белгiлерi ретiнде төмендегi қасиеттердi атайды: коммуникативтiлiк, концептуалдық (тұжырымдылық), прагматикалық, ақпараттылық, құрылымдылық, интеграциялық, реттiлiк, мағыналық аяқталу, даралық, бүтiндiк, модальдық, эксперссиялық, келешектi жоспарлау, ретроспекциялық (өткендi шолу) [15, 31-37]. Мәтiн белгiлерiнiң аталған парадигмасы коммуникативтiк модальдық сапа нәтижесі болып табылады және кез- келген мәтiннiң құрылымдық ерекшелiктерiн анықтайды.
Л.Г. Бабенко көркем мәтiннiң белгiлерiн зерттей келе, төмендегiдей белгілерін көрсетедi: мәтiннiң мағынасының тұжырымынан туындайтын бүтiндiк, хронотоп, ақпараттылық, интеграциялық, қорытындылық, көркем мәтiннiң iшкi және сыртқы түрiнiң бiрлiгi, өрiстеуi және бiрiздiлiгi, көркем мәтiннiң шиеленiсушiлiгi (эстетикалық тұрғыдан туындайтын прагматикалық, концептуалдық және бейнелiлiк); интерпретациялану
[15, 55-64 ]. Аталған белгiлер поэтикалық мәтiнге де тән. Алайда поэтикалық мәтiн қызметі -эстетикалық жүйе ретiнде көркем мәтiннiң осы нұсқасына ғана тән белгiлермен ерекшеленедi. Поэтикалық мәтiннiң жүйесi көркем мәтiннiң басқа нұсқаларына қарағанда түрленудiң ең жоғары дәрежесiмен ерекшеленедi-графикалық, әуездiк, дыбыстық, дискурстық өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ, т.б.). Поэтикалық мәтiндi көркем мәтiннiң басқа түрлерiмен қарама-қарсы қойып салыстырған жағдайда ең көрнектiсi «поэзия – қара сөздің оппозициясы болып табылады. Бұл мәселенi А.Н. Веселовский «Поэзия және қарасөз тiлi» еңбегiнде қарастырған [16]. Ғалым өз еңбегiнде поэзия тiлi мен қарасөз тiлi арасындағы өзгешiлiктердiң формальды түрiн емес (өлшем, ырғақ, ұйқас) мазмұндық ерекшелiктерiн айқындаған және олар стилистика, бейнелiк, әуездiк сфераларда байқалатынын дәлелдеген. Сонымен, бiрегей прозадан тыс қасиеттермен сипатталатын поэтикалық түр бар екенi анық.
Поэтикалық мәтіннің мәселелеріне жалпылама болса да біраз ғалымдарымыз пікір білдіріп келеді. Соның ішінде өмірін өлеңтанумен өлшеген ғалым, зерттеуші З. Ахметовтың алғашқы ғылыми еңбегі «Абай және Лермонтовтан» соңғы жылдардағы жазған «Поэзия шыңы – даналық» еңбегіне дейінгі аралықта өлең теориясының қыр-сырын, небір қисынды тұстарын таратып талдап, тұжырым жасаған болатын. Әсіресе қазақ өлеңінің сөз кестесін байытып, көркемдігіне, өлшемдеріне, т.б. ерекшеліктеріне байланысты айтылған ғылыми пікірлері кейінгі зерттеулердің негізіне тірек болып келеді. Ғалымның аталмыш еңбегінің өзінен-ақ поэзияның таусылмас құпиялықтарына жіті мән бере отырып қисынды тұжырымдар жасайды.
Поэзиялық шығарманың тақырыбы мен мазмұны, тегі мен түрі, көркемдік тұтастығы, жанрлық ерекшелігі мен өлшемдік өрнектеріне талдау жасайды. Өлең сөздің табиғатын тілдік заңдылықтармен қарастырып халық поэзиясынан бастау алған көркемдік тұтастықтың Махамбет, Абай өлеңдері арқылы жаңа бағыт-мазмұнмен сипат алғандығын Сәкен, Ілияс, Сәбит, Әбділдә, Әбу, Төлеген өлеңдерінен мысал келтіре отырып дәлелдейді. Әсіресе, «Қазақ өлеңінің жүйесінің өзінше бітімі болуы, ырғақтың буынға негізделуі, тармақтың да буын санымен белгіленуі – мұның бәрі тілдің құрылымына, алдымен оның дыбыстық яғни фонетикалық құрылымына орай қалыптасқаны тілдің табиғатынан туатыны талассыз» екеніне мән береді.
Орыс поэзиясының өлең жүйесінде ұйқас екпінге байланысты таралып жатса, қазақ өлеңінің құрылысы буынға негізделетіндіктен, мұнда ұйқастың жасалуы басқаша боп келуін, оны танып-білу үшін оның дыбыстық құрылымы, буын құрамы анықталу керек екенін дәлелдеп береді. Әсіресе, орыс поэзиясында қазақ өлеңінде де интонация өлең ырғағын жасаудағы рөлі туралы пайымды пікірлерді ескеруге болады.
Еуропалық әдебиет үшін қарасөзбен жазылған өлең жанры үйреншікті машыққа айналған. Мұнда мазмұндық артықшылыққа ерекше мән беріледі, сондай-ақ, бірінші кезекте автордың лирикалық көңіл-күйі тұруы керек. «Қара сөзбен жазылған өлең – прозалық пішіндегі лирикалық туынды. Оған тән белгілер: көлемнің қысқалығы, жоғары эмоция, сюжетсіз құрылым, субъективті әсер мен күйзелістің білдірілуі; бірақ ырғақ, өлшем, ұйқас жоқ. Сондықтан қара сөзбен жазылған өлеңді поэзия мен проза аралығындағы метрикалық белгілері бар ырғақты (ритмдік) прозамен және еркін (ақ) өлеңмен шатастыруға болмайды. Қарасөзбен жазылған өлең түрі еуропалық поэзияда романтизм дәуірінде проза түріндегі діни лирикада бибилиялық дәстүрді тірек ете отырып дамыды, ал, француз поэзиясында басқа тілдегі өлеңдерді аударудағы тәсіл болды. Қарасөзбен жазылған өлеңнің алғашқы үлгісі деп А. Бертранның «Гаспар из тьмы» (1842 ж. шыққан) кітабын санайды. «Қарасөзбен жазылған өлең» термині Ш.Бодлердің «Цветы зла» кітабында қолданылды. Орыс әдебиетіне И.С. Тургеневтің 1878-82 жылдары жазылған туындыларымен енді, - делінген «Әдеби энциклопедиялық сөздікте» [15,425]. Жанр ретінде кең түрде дамымағанымен, бұл салада да өзіндік ізденістер болды.
Қарасөзбен жазылған өлең үлгілері орыс ақыны М.Ю. Лермонтов Н.А.Некрасов т.б.шығармашылығынан кездеседі. Тағдыр жазуымен саналы өмірінің біразын Кавказ жерінде өткізген ақынның Кавказ тауларымен сырласуы, табиғатына тіл қатуы, сондай-ақ бұл өлкеде ғұмыр кешкен халық тағдыры, салты ақындық толғаныспен бейнеленген [15, 129-130 ]. Ұлттық ақынымыз Мағжан Жұмабаев та өзінің шығармашылық тәжірибесінде бұл тарапта қалам тартқан. Ақынның «Балапан қанат қақты», «Домбыра» [15, 36] атты қарасөзбен жазылған өлеңдерінің сыршыл сазы, терең лирикалық-психологиялық иірімдері, әсем үйлескен бейнелі тіркестер ақынның шеберлігін айқындай түседі.
«Балапан қанат қақты. Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты.
Солтүстіктің суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегіне жетті. Ызғар өкпесіне өтті.
Ұшып орманға барып еді, күні кеше күбірлесіп, күлімдесіп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып еді, қанша айналып жүрсе де, қалың ақ кебінін жамылып, тоғай тұрмады».
М. Жұмабаев «Балапан қанат қақты» атты қарасөзбен жазылған өлеңінде рухани кеңістікті аңсау тілегі басым екені, рухтың мәңгіліктігі туралы ұғымды танытады. Жалпы, қара сөзбен жазылған өлеңдер белгілі дәрежеде поэзияның даму тарихында өзіндік орын алады.
Е. Раушановтың қарасөзбен жазылған өлеңдері – мазмұндық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан арнайы қарастыруды қажет ететін дүниелер. Ақындық дүниетанымында көне ұлттық рухани бастаулар ерекше орын алатын автор «Ымырт», «Тас балбал» өлеңдерінде уақыт байланысын, сабақтастығын, ұлттық рухани бастаулардың маңызын, жатсынудың қасірет екенін таныту меңзеген терең психологиялық шығармалар екендігімен де құнды. Оған негіз етіп көне түрік әріптерін поэтикалық қозғалысқа түсіруі, жан бітіре бейнелеуі ақындық жаңалық, рухтың жандануы сияқты. 
Көне түркі әріптерінен тас балбалға қарай ауысқан ой ауаны енді тікелей бүгінгі заманның кейіпкеріне ойысады. Бұл туралы ғалым Г. Пірәлиева «... кейіпкердің ішкі ойлау, толғау процесін тудыратын көркемдік компонент» ұғымының дәл келетінін айту керек [15].
Зерттеуші Ж. Айтмұхамбетова ақын Е. Раушанов шығармашылығындағы осындай тосын сипаттығы үлгілерді теріп ала отырып олардың саяси-әлеуметтік сипатын ашумен қатар заманымыздың толғақты мәселелерін де айғақтап отырады.
Қазіргі модерндік әдебиетке тән кейіпкердің атын атамау арқылы оған жалпылық сипат дарытылып, типтік қалыпта көрсетілген. Сана ағымы арқылы бейнеленген ішкі әлем қалпы реалистік баяндаудан гөрі субъектінің қабылдауы бағытында ашылған. Модерндік, постмодерндік ағым белгілеріне жақын келетін бұл өлең мазмұнында Табиғат-Адам қарым-қатынасы Дария мен Ол арасында көрсетіледі.
«Көптеген туындыларда кейіпкер есімдерінің белгісіз болып келуі адам құндылығына күмәнмен қарау, алайда, бәрін бағалауға тырысу, өмірлік қайталаулардан шаршап, бұрыннан мәлім нәрсе, құбылыстардан жаңа сипат іздестіру талабынан, жеке тұлғадан гөрі бұқаралық тәртіп параметрінің басымдығын түсінуден туса керек» [16,16], – деп жазады әдебиеттанушы ғалым, профессор Б. Майтанов. Осы тұжырымды ескерсек, «Ол» деп аталған орталық кейіпкердің ішкі толғанысы мен сыртқы өмірдің көрінісі, күйбең, ығыр құбылыстары оның жан-дүниесіндегі бұлқынысқа әкеліп, амалсыз өзі өмір сүрген дәуірге, ортаға бойыұсынған, мойындаған қалпын танытады. Сырттай қараған адамға пенделік әрекетке бойұсынған адами қалыпты көргенмен, іштей кейіпкердің сол ортадан жеріген, көңіл қошын таппаған ала қашықты, қабыспаған сезімді байқар едік. Шығарманың жазылуындағы ерекшелік те осында, осындай қарама-қарсылықта дер едік. Кейіпкердің екіге жарылған ішкі дүниесін, сол екі түрлі сезімнің арпалысын аша түседі.
Сөзімізді тұжырымдасақ, Есенғали Раушанов – қарасөзбен өлең жазуда да сөз бен ой үйлесімін терең сезініп, меңгерген, бұл жанрда да өзінің суреткерлік шеберлігін көрсете алған ақын демекпіз.
Міне, әдебиетке Жұмекен Нәжімеденовтың лирикалары қадам басу арқылы басыңда прозалық стильдегі поэзия деп сыналғанымен жаңа бір поэзияның қыры көріне бастады. Бұл поэзия келе-келе «бұтақтары биікке, тамырлары тереңге» тартып отыр. Бұдан шығатын қорытынды, поэзиялық шығармалардағы прозаның әсері шығарма мазмұнын берумен бірге формалық өзгешелікке де итермелейтін, жаңалыққа құмар қарқынды танытып отырады. Поэзия бұдан кеміп қалмайды қайта поэзияға жетісе бермейтін біршама нақтылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, мәтіннің түр жағынан бостандығын, логикалық интонацияға негізделген ішкі саздық пен әуездік сипаттың басым болуын, түр, мағына, сөз айқындығын танытуға жетелейді.
Ғалым З. Ахметовтың: – «Бүгінгі поэзиямызда өлең жүйесінің байып, толысуы – өзекті мәселелердің бірі» [16] екендігіне аса мән бере отырып, кейінгі жылдары басылып жатқан шығармалардың мазмұндық және пішіндік жағынан өзгешеліктерін жіті байқап, танып, тауып, талдау негізінде ғылыми қырағылығын тағы бір мойындатып отыр.
Поэзияны жаңартуға бағытталған, оның прозалануы – ақындардың прозаға және одан кері жылжуы сияқты, әрине, жаңа құбылыс.
Бұл мағынада прозалану – поэзияның жаңа кеңістікті жаулауынан бұрын, оның өзімен-өзі болу – немесе поэзия болып қалу құқығын сақтай отырып, жаңа мәдени – тілдік шынайылықта өз орнын табуынан анығырақ байқалады. Поэзия болса, сирек ақынның сирек түскен сәтінің арқасында, интуитивті түрде табыла алады. Сондықтан біз, «проза мен өлең» туралы бағзы дауға жаңа ештеме қоспай және пайымдар соғысына араласпай, тек, бұл даудың шегінен әрі кетіп, қазіргі заман ақындары үшінші шешімі жоқ осы екі пікірді қалай шешетінін және содан пайда болатын қосындының қаншалықты тиімді екендігін көргіміз келеді. 
Демек, поэзия мен прозаның алмасқан үлгілері поэзиялық шығармалар құнын көтеріп қана қоймай оған қосымша көркемдіктерді дарытуымен құнды. Бірақ қазақ поэзиясы белгілі бір дәуірдің тынысын, өзгерісін беруде еркін қалыпқа түскен сөз тіркесімен беру қолайлы екенін біз талдаған шығармалар дәлелдеп келеді. Поэзиядағы жаңа құбылыстың әлі күнге дейін арагідік кейбір шығармаларда ғана көрініп жүргенімен жаппай қолданысқа түскен сипаты көрінбейді. Бірақ көркемдіктің құбылысын, көркемдік айшықтарын беруде атқаратын қызметі біршама.
А.Квятковскийдің 1966 жылы Москвада «Совесткая энциклопедия» баспасы шығарған «Поэтикалық сөздік» еңбегінде: «Поэтика (от.греч.поэтика – поэтическое искусство)-көркем шығарманың структуралық формасы және жаңа мазмұнның әсері арқылы осы формалардың өзгеріуінің тарихи заңдылықтары туралы ғылым деп көрсетілген. Л.Тимофеев пен Н.Венгров: поэтика-көркем әдебиет туралы ғылым, әдебиеттің теориясы, әдебиеттану ғылымының бір бөлігі дейді.»
Поэтикаға әдеби энциклопедияда берілген анықтамада поэтика-әдеби туындылардың құрылысы мен және онда қолданылған көркемдеу құралдарының эстетикалық жүйесі туралы ғылым делінген. Сонымен, поэтика – зерттеуге алынып отырған обьектінің барлық табиғаты деген сөз. Біздің қарастырмағымыз да Есенғали Раушанов поэзиясының күллі табиғаты, поэтикасы болмақ.
Поэзия – көркем әдебиеттің сұлу да әсем әшекейлі жанры. Лирикалық поэзия – адам санасының түрлі иірімдерінің барша құпясын, күллі, тілсіз, яки айтуға тіл жетпейтін құбылыстарын жеткізетін өнер түрі. Лирикалық поэзияның арнасы (туу, жетілу, өсу, гүлдену, кемеліне келу сияқты үдерістері) кең, тіні тереңде, тамыры тарам-тарам. Аты, заты белгісіз ықылым замандардан бері халықпен (қазақпен) бірге жасасып келе жатқан лириканы (өлең-жанрды) шартты түрде ауыз әдебиетінің бас жауынгер жанры ретінде алға тартамыз, яки лирика тарихы фольклордан бастау алады екен. Адамзат өркениетке ұмтылып, санасы дамып, қағаз-қалам алып ғылымға, өнерге бас қойғанда Аристотель, Әбу Нәсір әл-Фарабилер өлең өнері яғни лирика хақында алғашқы ой-пайымдарын айтты. Сөйтіп, «Поэтика», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» дүниеге келді. Ұлт өлеңінің ғылыми негізде қарастырылуын Шоқан Уәлиханов есімімен байланыстыра тұра, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ дала-сын шарлаған саяхатшы-зерттеушілер Н.П.Рычков, П.С.Паллас, А.И.Левшин зерттеулерінде, сәл кейінірек В.В..Радлов, А.Васильев, Я.Я.Лютин, А.Е.Алекторов және басқалардың еңбектерінде тіл мен әдебиеттің (өлең-сөздің) мәселесі батыл қозғалғаны бүгінде баршаға аян. Әсіресе В.В.Радловтың «қазақ ауыз әдебиеті туралы, оның ішінде қазақ поэзиясы туралы алғашқылардың бірі болып, байсалды ғылыми пікірлер айтқанын» [14,20.] ауыз әдебиеті мұрасын зерттеп, жинаушы жидашы ғалым А.Сейдімбеков өз еңбегінде атап өтеді. Жаңа заманға бет бұра мәдени өмірдің сәулесі шуағын мол төге бастаған кезеңде Шоқан салған ізбенен Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев еңбектерінде қазақтың өлең-жырының табиғатына алаң көңілмен ден қоя бастаған бірлі-жарымды көзқарас пайымдар туа бастады. Қазақ өлеңінің ғылыми түрде толыққанды зерттелуі нысана көзіне ілінді. Ә.Марғұлан, Б.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.С.Сильченко, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, С.Қирабаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, М.Дүйсенов, Б.Уақатов, З.Ахметов, А.Сейдімбеков, Р. Нұрғали, М.Мағауин, Қ.Өмірәлиев, К.Сейдеханов, С.Негимов және басқалардың зерттеулерінде өлең-сөздің келелі мәселелері тұщымды сипат тапты. Қазақ лирикасының көрнекті өкілдерінің белгілі тұлғаларының шығармашылығын жеке дара алып қарастырылуы, зерттеу нысанына алынған өлең-сөз өкілінің бітім-болмысына тереңдеу барып, тұтас қопара, індете тексеру әдіс-тәсілдері ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен басталып бүгінге дейін дәстүр жалғастығын табуда. Мысалы, Абай (М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов т.б.), Сәкен (С.Қирабаев, Е.Ысмайылов, Т. Кәкішев т.б.), Жамбыл (Н.Төреқұлов, Б.Кенжебаев, М.Жолдасбеков, С.Садырбаев т.б.), Ілияс (М. Қаратаев, М.Дүйсенов, Т.Әбдірахманова т.б.), Бейімбет (Қ. Жармағамбетов, Т.Нұртазин, Б. Наурызбаев, С.Ордалиев т.б.) Сұлтанмахмұт (Б.Кенжебаев, А. Дүйсенбаев, А.Еспенбетов т.б.), Махамбет (Қ.Жұмалиев, Х.Досмұхамбетұлы, Б.Аманшин т.б.), Сәбит (Т.Нұртазин, М.Хасенов, С.Мақпырұлы, Қ.Ергөбек т.б.). Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қауымына қайта оралған ақын арыстарымыздың мұраларын басы-бүтін зерттеу қолға алына бастады. Мәселен, Шәкәрімнің (М.Мағауин, Ш.Сәтпаева, Б.Әбдіғазиұлы, С.Ізтілеуова т.б.), Мағжанның (Ш.Елеукенов, М.Базарбаев, Б.Қанарбаева т.б.), Міржақыптың (М.Әбсәмет, Ж.Ысмағұлов т.б.), Ахметтің (Р.Нұрғали, Ө.Әбдиманов т.б.) шығармашылық өрістеріне терең барлау жүргізілді. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбалары қалған Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Ж.Саин, Х. Ерғалиев, С.Мәуленов, Ж.Молдағалиев, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Орманов, Б.Бекхожин, А.Тоқмағамбетов, Ө.Тұрманжанов, сондай-ақ сол дәуірдің басқа да ақындарының шығармашылық табыстарына толымды талдаулар жүргізіліп, кандидаттық диссертациялар қорғалды, монографиялық зерттеулер жарияланды.
Қазақ әдебиетінің, оның поэзиясының шарықтау кезеңі ХХ ғ. 60-90 жылдар еншісін иеленгені белгілі. Ренессанс дәуіріне баланған жылдардың белгілі көрнекті өкілдері М. Мақатаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, М.Шаханов, М.Айтхожина, Ф.Оңғарсынова, К. Ахметова, С. Жиенбаев, І. Мәмбетов, Б. Ысқақов, Т.Медетбеков, Ж. Жақыпбаев, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков және басқалардың поэзиясын тексеру және олардың ақындық болмысын анықтау мәселелері әдебиеттанудың соңғы он-жиырма жылдың еншісіне тиеселі рухани-ғылыми ізденістер болып табылады. Қазақ лирикасының өзекті мәселелері өз кезеңінде идеологиялық бағытпен шығарылған «Уақыт және қаламгер» (1973-1990 ж.ж.), «Сөзстан» (1980-1987 ж.ж.) жинақтарында сыни әрі ғылыми әдіспен қарастырылды. Бұл аталған жинақтарда өлең-сөздің жай-күйін (жетімді және қарастырған зерттеушілер С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, З.Ахметов, М.Қаратаев, Ә.Жәмішев, С.Әшімбаев, Ж. Әбдірашев, Қ.Ергөбеков, З.Серікқалиев, Ә.Бөпежанова, У.Қалижанов, Б.Сарбалаев, С.Дәуітов, А.Егеубаев, Ө.Күмісбаев, Ж.Дәдебаев және басқалардың зерттеу мақалалары жарияланып, ұлт лирикасының заманауи тұрмыс-тіршілігінен мол мағлұматтар беріліп отырды. Тарих қатпарында қалған ол еңбектердің өз кезінде жас талапкер-ақындардың өлеңді өнер деп тануына үлкен әдістемелік көмегі болғаны даусыз шындық. Қазақ лирикасының тек түрінде дамуының өзіндік ерекшеліктерін, өнер ретіндегі, яки «сымбаты бөлек сырлы сөз» боп ерекшеленетінін пайымдаған зерттеулердің бірі ретінде Асқар Егеубаевтың «Сөз жүйесі» (1985) кітабын атап өткен жөн. «Расында да, лирика деген дәйекті түсініктің өзіне нақ жанрдың басты белгілері сыршылдықпен сезімталдық аңғарылып тұрған жоқ па? ол сыршылдық пен сезімнің азаматтық мұраттар деңгейіне көтерілуі өз адына көркемдік-эстетикалық проблема» [18,93.] деп ұғындырады зерттеуші лирика хақындағы көзқарастарында. тыңғылықты, тиянақты пікірін білдіреді. Бірін-бірі қайталамайтын өлең өнері өкілдерінің сөз сарасы сорабындағы басқан ізі әр қилы өрнекте өз кестесін салса, ғалым Ә. Жәмшев те [17] олардың ақындық қолтаңбаларын бір-біріне ұқсатпай, өз қабілет-дарындарының шеңберінде шебер пайымдай алған. Бүгінгі поэзияның бағдары, ақындардың заман тынсына сай аяқ алысы, шеберлік нақыштарын жетілдіру амалдары, әдеби үдерістің үддесінен шығу жолы, дәстүр мен жаңашылдық жайы, мазмұны мен пішінінің өсу, өзгеру құбылысы, шығармашылық өзгешеліктер мен ерекшеліктер, тағы осы сынды күрделі өзекті мәселелерді Ә.Жәмішев әр ақынның суреткерлік бітім-болмысына тереңдеп бару арқылы айқындап, негіздеп отырады. Сыншылық пен зертеушілік тізгінін тең ұстаған Ә.Жәмішев ақындар шығармаларын талдап, таразылауда жүйелі әдеби көзқарас ұстанады. Лирикалық поэзияның тақырып ауқымын бүгінгі ақындар қалай толықтыруда, бүгінгі оқырманның қалауы қандай, талғам-түсінік қалыптастыруда ақындар қауымы шынайы жыр ләззатын сыйлай алды ма, идеялық мақсаттың түп негізі неде деген сұрақтардың жауабын Ә.Жәмішев осы мақаласында («Ақын жыры - уақыт сыры») беруді жөн санапты. «Поэзияны жылға бөліп жіктеу, жіліктеу мүмкін емес» дейді ғалым зерттеу кіріспесінде. Ғалым дәстүрлі «дарадан топтап, топтаудан даралап» талдау үлгісі мен аға буын өкілі Х. Ерғалиевтің «Санаттағы сарбаз» жыр жинағына барлау жүргізеді. Атауынан аңғарылғандай сұрапыл жылдардың мұңды тарихынан сыр суыртпақтаған кітаптағы өлеңдер мазмұнына қатысты ақын: «Ақынның ауыр кезең сұсты жорық туралы тебіреністері... кешегі соғыстың сұрапыл шайқастарын бастан өткерген ұрпақ өкілінің өлеңдері қашан жазылса да дәл бүгінгідей күшінде тұр да нақ бүгінгі сөздей естіледі»-дейді ғалым. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының басты ерекшелігі - қазақ әдебиеті тарихында әдебиеттің идеяларға тола, еркіндік сарынын барынша жүрегін толқытқан барлық рухани күшімен жырлаған поэзия. Тәуелсіздіктің қуанышын ғасырлар бойы тәуелді болған халық ғана біледі және оны өз мазмұнында, өзіне лайық әуенмен жырлай алады. Сондықтан болар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы идеялық жаңашылдығы, тақырыптық ерекшелігі, лирикалық кейіпкерлері, көркемдік сарындары жағынан бұрын қазақ поэзиясында болмаған жаңа парақтарды ашты. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқының поэзиясында жаңашылдық лебі есті. Дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да мазмұн мен идеяда жаңашылдықтар, көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді.
Сонымен бірге қазіргі қазақ поэзиясы әлем әдебиеті мен жүрек соғысы бірге соғып, әлемдік, жалпы адамзаттық проблемаларға еркін араласып, еркін пікір жүргізіп отырған , әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүр, жаңа бағыттарға үн қосып, әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүрлерді еркін пайдаланып отырған жаңа дәуірдің жаңа поэзиясы. Кеңестік дәуірдегі «батыс еуропалық», «кеңестік идеология», «кеңестік емес жат идеология» деп бөлуден біржола құтылып, дүниеге жалпы адамзатқа қажетті құндылықтар көзімен қарайтын поэзия. Сондықтан казіргі қазақ поэзиясында пікір еркіндігі, шығармашылық еркіндік, стилдік ізденушілік, әлем әдебиеті мен бірге толғану, бірге тебірену сияқты жаңа тенденциялар жасап келеді. Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жабдығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер сөзімен келтіре білген Е.Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Ақынның тереңнен тамырлаған «Бастау» (1980), «Шолпан жұлдыз туғанша» (1988), «Қара бауыр қасқалдақ» (1995), «Періштелер мен құстар» (2006), «Бозаңға біткен боз жусан» (2006) жыр кітаптары айғақтай түседі.
Кез келгенде жырауларша толғайтын, сөйте тұрып қат-қабат жан әлеміндегі қалтарыс-бұлтарыстардағы сезімталдықпен нәзік тұспалдай жырлайтын Есенғали – бүгінгі поэзияның дамуына өзіндік үлкен үлес қосқан дара стильді, ерекше болмысты ақын. Қайсы өлеңiн, поэзиясын, не әнiн алмаңыз, оқушы мен тыңдарманды, өнер сүйер қауымды өмiрдiң терең иiрiмiне, тылсым да жұмбақ астарына жетелейдi. Нәзiктiк пен сұлулық, адалдық пен адамгершiлiк, махаббат пен сүйiспеншiлiк, сағыныш пен қайғы ақын поэзиясынан ерекше орын алады. Осы құндылықтар ақын қаламынан жаңаша өмiр танып, жаңаша тыныс алады. Сол себептi ақын өлеңдерiнiң өзектi мәселесiне үңiлiп, оның даралығы мен талантын танудың өзi талмай зерттеудi талап етедi.
Ақын шығармашылығы жайлы жазылған бұрын-соңды зерттеулер мен мақалалардағы ой-пікірлерді қорытындылап, бүгінгі таңдағы әдеби процесс ағымында қарастыру, жаңаша бажайлау, тың көзқарас, ой-тұжырымын жасау уақыт талабы туындатып отырған қажеттілігі деп танимыз. Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі де осы тұрғыдан анықталмақ.
Поэзия - әлемдік өмірдің жан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні». [19,46 ] Сағат Әшімбаев: «Поэзия – жүректің сөзі. Бір жүректен шыққан сөз кем дегенде жүз жүректе бұғып жатқан бұла сезімнің бұлықсып бас көтеруіне түрткі болады. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деген ұлағатты сөздің өлеңге де қатысы бар. Жүректегі сезімді оятқан өлең, тегін өнер болмаса керек. Өлеңнің өнегесі сол, ол адамдық сезімді ғана қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді. Азаматтық асқар сезімнің шыңы ұлттық сезімде өлең арқылы оянып рухани күш салады.»-деп өлеңнің данышпандығын, сезімді дір еткізер қасиетін айта кетеді. [20,56] Поэзия әрқашанда сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын, адамның көңіл-күйін байқататын киелі өнер. Ақын поэзиясына қашан да болсын өскен ортасы, қоғам әсер ететіні анық. Бұл элементтердің барлығы қай поэзияға болмасын тән.
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп келе жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып келе жатқан, жаңаланып келе жатқан құбылыс. Поэзияның ғана құдіреті келетін заман үнін, адам күйін, тіршілік еткен жанның мұңы мен зарын, ішкі ой-сезімін, ой-арманын өлең өрнегімен жеткізеді. Поэзия мен бейнелеу өнері ілгері дамыған елдерде, әсіресе, қыл қалам шеберлері мәңгілік туындылар жасаған елдерде адам күйінің бар сырын поэзия тереңірек аша ма, әлде көркемсурет дәлірек көрсете ме деген пікірлер болған. Леонардо да Винчи: «Көркемсурет – тілсіз поэзия, ал поэзия көрінбейтін көркемсурет » деген екен. Бұдан, әрине, өнердің осы екі түрінің бейнелеу амалдары барабар деген ұғым тумайды. Екеуінің де адамға күшті әсер ететінін мойындау.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі он жылда алдыңғы буын ақындардан Ә.Тәжібаев, Х.Ерғалиев, Д.Әбілев, С.Сейітов, Т.Әбдірахманқызы, Ә.Сәрсенбайұлы, Ғ.Қайырбеков, Қ.Шаңғытбаев, Ш.Әбенұлы, К.Салықов, Е.Әукебаев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, Ө.Нұрғалиев, С.Иманасов, М.Айтхожа, О.Асқар, А.Бақтыгереева, Д.Қанатбаев, Е.Дүйсенбай, М.Шаханов тағы басқа ақындар жаңа өлең, жаңа жыр жинақтарымен көрінгені, орта буын ақындар арасынан Н.Оразалин, Т.Медетбек, Иран-ғайып, К.Ахметова, И.Сапарбай, Қ.Бұғыбаева, А.Егеубай, Н.Айтұлы, С.Тұрғынбекұлы, А.Әлім, С.Ақсұңқарұлы, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов, С.Адай, Г.Салықбаева т.б. жыр жинақтарымен қатар жаңа өлеңдері де жарияланды. Алғашқы он жылда түрлі баспалардан әр түрлі ақындардың жүзден аса кітаптары жарық көрсе, соңғы он жылда бұл көрсеткіш үш есеге өскен [21]
Зерттеу нысанымызға айналып отырған Есенғали Раушанов шығармашылығына келер болсақ, өз алдына дүние. Біз ақынды қарасөзбен өлең жазатын ақын ретінде қарастырмақпыз. Ақын Е. Раушанов шығармашылығынан кездесетін «қара сөзбен жазылған өлең» үлгілері өз алдына жекелей қарастыруды қажет ететін зерттеулер болмақ. Олар – «Ымырт», «Тас балбал», «Сатқын». Әсілі, қара сөзбен өлең өру екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиындығы мол тәсіл. Ұйқас, ырғақ сияқты өлеңге керек компоненттердің орнын поэтикалық тіркестер мен ойдың үйлесімі ауыстыра алса ғана бұл жаңа, синкретті «жанр» көркемдік талаптарға толығымен жауап бере алатын құнды дүниелерге айналмақ. Аталған туындылардың әрқайсысының кейіпкері бар. Ол кейіпкерлер – бейне дәрежесіне жеткен табиғат мезгілдері, табиғаттағы заттар, сондай-ақ өзімізбен замандас адам. Ең алдымен «қара сөзбен жазылған өлең» деген не, оның поэзия тарихынан алар орны қандай деген сауалға ғылыми-теориялық еңбектердегі тұжырымдарға сүйене отырып, жауап беріп көрейік. 
Еуропалық әдебиет үшін қара сөзбен жазылған өлең жанры үйреншікті машыққа айналған. Мұнда мазмұндық артықшылыққа ерекше мән беріледі, сондай-ақ бірінші кезекте автордың лирикалық көңіл-күйі тұруы керек. «Қара сөзбен жазылған өлең – прозалық пішіндегі лирикалық туынды. Оған тән белгілер: көлемнің қысқалығы, жоғары эмоция, сюжетсіз құрылым, субъективті әсер мен күйзелістің білдірілуі; бірақ ырғақ, өлшем, ұйқас жоқ. Сондықтан қара сөзбен жазылған өлеңді поэзия мен проза аралығындағы метрикалық белгілері бар ырғақты (ритмдік) прозамен және еркін (ақ) өлеңмен шатастыруға болмайды. Қара сөзбен жазылған өлең түрі еуропалық поэзияда романтизм дәуірінде проза түріндегі діни лирикада бибилиялық дәстүрді тірек ете отырып дамыды, ал, француз поэзиясында басқа тілдегі өлеңдерді аударудағы тәсіл болды. Қара сөзбен жазылған өлеңнің алғашқы үлгісі деп А. Бертранның «Гаспар из тьмы» (1842 ж. шыққан) кітабын санайды. «Қара сөзбен жазылған өлең» термині Ш.Бодлердің «Цветы зла» кітабында қолданылды. Орыс әдебиетіне И.С.Тургеневтің 1878 – 82 жылдары жазылған туындыларымен енді», - делінген «Әдеби энциклопедиялық сөздікте». Жанр ретінде кең түрде дамымағанымен, бұл салада да өзіндік ізденістер болды. Әлемдік әдебиетте қара сөзбен жазылған өлеңге деген қызығушылық толастаған емес. Лирика жанрының ішкі түрлерінің өзін қара сөзбен пішіндеу де ізденістің бір жүйесін құрады. Мәселен, Даниил Хармс қара сөзбен жазылған сонеттердің тамаша үлгісін ұсынған. Пішіндік ерекшелікке бағынатын сонеттің қара сөзбен өрнектелуі көп ізденісті һәм шеберлікті талап етері анық. Даниил Хармстың сонеттерін арнайы зерттеген А.А. Добрицын «Сонет» в прозе: Случай Хармса» еңбегінде бұл «жаңа» жанрлық түрдің мазмұндық, көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты талдайды.
Өлең сөз бен қара сөздің табиғаты, олардың бір-біріне қатысы туралы әдеби ортада даулы тұжырым-пікірлер өріс алғаны рас. Орыс поэзиясының білгірі саналатын М.Л.Гаспаров «ХХ ғасыр басындағы орыс өлеңі. Түсініктеме» атты еңбегінде өлеңтану басты үш сұраққа жауап беруді талап етеді дей келе, «оның біріншісі: өлең сөздің қара сөзден айырмасы не?» деген сұрақ және ең қиыны да осы сұрақ дейді . «Көркем сөздің негізгі екі типі бар – проза және поэзия. Әдебиеттануда әлі күнге дейін осы екеуінің бір-бірінен айырмашылығы не деген талас толастамай келеді» дейді Э. Я. Фесенко. Сол таласты пікірлерден мысал келтіре отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Метрикалық проза» (А. Белый. «Петербург»), «ұйқасты проза» (Р. Роллан. «Кола Брюньон»), «аллитеративті проза» түрі бар; сондай-ақ «қара сөзбен жазылған өлең» жанры бар екенін ескеру керек. Өлең сөздің белгілері мен сипаттарын иеленгенімен, проза проза болып қалады. Екінші жағынан - өлең жолдарымен жазылғаны болмаса өлеңге тән сипаттары жоқ еркін(ақ) өлең түрі бар. Өлең сөз бен қара сөздің арасында қатаң шекара жоқ» . Бұл екі типті көркем сөз бір-бірімен тығыз байланыста болып, әдебиеттің дамуында шешуші орын алып келеді. 
Қара сөзбен жазылған өлең үлгілері орыс ақыны М. Ю. Лермонтов шығармашылығынан кездеседі. Тағдыр жазуымен саналы өмірінің біразын Кавказ жерінде өткізген ақынның Кавказ тауларымен сырласуы, табиғатына тіл қатуы, сондай-ақ бұл өлкеде ғұмыр кешкен халық тағдыры, салты ақындық толғаныспен бейнеленген. Ұлттық ақынымыз Мағжан Жұмабаев та өзінің шығармашылық тәжірибесінде бұл тарапта қалам тартқан. Ақынның «Балапан қанат қақты», «Домбыра» атты қара сөзбен жазылған өлеңдерінің сыршыл сазы, терең лирикалық-психологиялық иірімдері, әсем үйлескен бейнелі тіркестер ақынның шеберлігін айқындай түседі. Жалпы, қара сөзбен жазылған өлеңдер белгілі дәрежеде поэзияның даму тарихында өзіндік орын алады.
Е. Раушановтың қара сөзбен жазылған өлеңдері – мазмұндық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан арнайы қарастыруды қажет ететін дүниелер. Ақындық дүниетанымында көне ұлттық рухани бастаулар ерекше орын алатын автор «Ымырт» өлеңінде уақыттың осы мезетін тақырып етіп алған. Сөз көне түрік әріптерінен басталады:
«Мынау көне түркінің әріптері. Қара тасқа қашалған әрі жат, әрі жақын жазулар... Бір кезде менің ұрпақтарым да ата-баба мұрасына дәл бүгінгі маған ұқсап түсінбей қарауы мүмкін-ау деген ой келеді.»
Күллі түркі әулетінің әдеби-тарихи құнды ескерткіштері – Орхон, Талас жазулары болса, мұндағы тасқа қашалған таңбалар – ата-бабаларымыз тұтынған тілдің бейнесі. Көне түркі әріптері – көне тарих, көне тіл көрінісі. Бүгінгі ұрпақ үшін мәні түсініксіздеу әріптер әрі жақын, әрі жат екені рас. Екінің бірі көз жүгіртіп, оқып шыға алмайтын, қыры мен сыры көп беймәлім әріптер. Бұл әріптерді тану жолында қаншама әлемдік түркітанушылар ғұмырларын сарп етті. Осы әріптер – біздің өткеніміз. Түркі қағанатынының даңқты Білге қағаны мен Күлтегін батыры, Тоныкөк данасы уақыт асуларынан осы әріптер болып асып, бүгінгі ұрпақпен қауышты. Ең алғаш дат ғалымы В.Томсен «түркі», «тәңірі» деген сөздерді оқып, бұл құпия әріптердің кілтін тапқаны белгілі. Сөйтіп көшпелі мәдениеттің хас тұлғалары саналатын далалықтардың жазба мәдениеті күллі әлемге мәшһүр болды.
Осындай тарихы мен тағдыры бар көне түркі әріптерін поэтикалық әлемінде қозғалысқа көшіріп, жан бітіре бейнелеу арқылы ақын терең ойларға мегзейді:
«Ымырт. Ұзамай қаламызға қараңғылық орнайды. Қараңғы түнде көне түркі жазулары қара тастан қанаттарын дыбыссыз қағып ұшып шығады да, қаламызды шарлап кетеді. Олар алаңдар мен проспектілерді, Үкімет үйін (ескісін де, жаңасын да), сыраханалар мен перзентханаларды көреді, адамдардың әңгімелерін тыңдайды...» Ымырт мезгілін алудың өзі туындының поэтикалық бояуын қалыңдата түскен. Күн батқан, тіршілік тыныштық қалып кешіп, қараңғылық түскен шақ. «Қара тастан қанаттарын дыбыссыз қағып ұшып шыққан» көне түркі әріптері өздерінің бастапқы қалыптарынан мүлде қашықтап, жаңа бейнені иемденген. Мифтік танымда табиғаттағы кез келген зат пен құбылыс саналы рух деп қабылданатыны белгілі. Діни мифологияда адам жаны шыбын немесе құс түрінде болады деп айтылады. Бұл екеуі де қанатты. Көне әріптерді қанатын қағып, ұшқан қалыпта бейнелеудің мифопоэтикалық астарына үңілсек, осы рух болмысын аңғарамыз. Сондай-ақ халықтың рух азаттығын, бостандықты аңсауы құстың кеңістікте қалықтауымен бейнеленеді. М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» атты қара сөзбен жазылған өлеңінде де осындай рухани кеңістікті аңсау тілегі көрінеді. Көне түркі әріптеріне қанат бітіріп, оларды саналы әрекетке көшіру – ақынның тосын да жаңа бейнелеуі. Қаланы аралап ұшқан көне әріптердің саналы әрекеті көне мен бүгіннің байланысын, сабақтастығын, өзіміз сезе бермейтін ішкі әлемдегі көне бастауларға ұмтылу, түп негізді іздеу сияқты рухани тілекті аңғартқан. Рухтың мәңгіліктігі туралы мифтік сананы поэтикалық әлемінің көркемдік нысаны етіп алған ақын көне түркі әріптерін сол рух бейнесіне айналдырған. 
Лирикалық кейіпкер туынды мазмұнынан белсенді түрде болмаса да бой көрсетіп отырады. Әуелі өлеңнің кіріспесінде. Сол «қанаттарын қағып, тастан ұшып шыққан әріптердің» әрекетін бақылаушы ретінде көріне отырып, ішкі эмоциясын, субъективті көзқарасын қоса білдіреді. Ал, туындының соңындағы «...Шаһардың шетіндегі менің пәтерімнің терезесінің алдына қонып, ашық жатқан дәптеріме үңіледі. Қандай әсер алды екен? Білмеймін. Білетінім – олар ұзамай орындарына барып, қара тасқа айналып қатып қалады. Мәңгіге!», - делінген жолдардан лирикалық қаһарманның рухани дүниесінің ахуалы көрінеді. Ұлттық рухани бастаулардың дамудағы маңызын, одан алыстап, жатсынудың қасірет екендігін жалаң ұранды сөздермен, үгіт-насихатпен айтқаннан гөрі терең мәнді, санаға әсер ететін тұспалды бейнелеулермен беру – лириканың басты ерекшелігі болса, осы сипат қара сөзбен жазылған өлеңде де өзінің көркемдік қызметін жоғары деңгейде орындай алған. Көне түркі әріптері – көркемдік деталь (бөлшек). Осы детальдарды өлең мазмұнындағы суреттеу барысында персонажға айналдыру үлкен идеялық мақсаттан туындаған. Қараңғы түнде (тылсым оқиғалардың көп болатын шағы) қанат қағып, қаланы аралаған әріптерді бейнелеуде субъективті әсер ерекше көрінеді. Далалық өткеніміз бен қалалық бүгінімізді шендестіре отырып, ақын солардан үйлесім іздейді. Бүгінгі ұрпаққа мәдени ескерткіш экспонаты ретінде қабылданатын көне түркілік жазбалар – ұлттық рухани болмысымыздың бір белгісі екендігін поэтикалық қалыппен, субъективті әлемнің түйсінуімен беру мақсатында ақын тұтынған қара сөзбен жазылған өлең түрі маңызы роль атқарған. 
Сыртай қарағанда ымырттағы бір оқиғаны әңгімелеген пішінде жазылған бұл өлеңнің санадағы түйсінулер мен ойлар ағынын бейнеге айналдырған лирика-психологиялық желісі «синкретті жанрдың» поэтикалық мүмкіндігінің тамаша бір мысалы. Бұл туындының негізгі өзегіне алынған желі келесі «Тас балбал» мәтінінде жалғасын тапқан. «Біздің ауылдың шығысында тас балбал тұр. Оның басынан қаншама бұлттар, ғасырлар көшті. Үлкендер «балбал – қара діннің мұрасы, мұсылманға жат нәрсе» деп бізді жолатпайды, өздері де бармайды. Қасы-көзі қиылған бұл жігіт кім болды екен, мүмкін бабамыз шығар...».
Осындай жолдармен басталатын мәтін мазмұны біздің ойымызды арғы дәуірлерге қарай жетелейді. Қазақ даласына мұсылмандық таралмай тұрғанда тәңірілік таным үстемдік еткені тарихтан белгілі. Табиғаттағы жанды-жансыз заттар мен құбылыстарды кие тұтып, оларға табынған көне түркілік сенімнің бір куәсі – балбал тастар. Талай тылсым тұншығып қалған үңгір – 
Қанша жұмбақ өзіңде қалғанын біл!
Тас балбалдар күзетер босағаңды –
Тас жүректі жібітер жанға ділгір – [22] деп жырлаған біз де көнеден жеткен бір белгі – балбал тастарға, неге екенін білмеймін, түйсіктің түбінен бас көтерген бір аянышпен қараушы едік. Зерттеуші Ж.Айтмұхамбетова ақын Е.Раушанов шығармашылығындағы осындай сипаттағы үлгілерді теріп ала отырып олардың саяси-әлеуметтік сипатын ашумен қатар заманымыздың толғақты мәселелерін де айғақтап отырады.
Түп бабаларымыздың сенімін тәрк етіп, олардың мұрасынан үркудің астарында өткеннен бас тарту әрекеті жатыр. ХХ ғасырдың басындағы алмағайып заман, жаңа орнаған қоғамның ұлттық рухани құндылықтарды мансұқтау саясаты қаншалықты қасірет әкелгені тарихтан белгілі. Ақын ескі мен жаңаның қарама-қайшылықтарын тас балбалға деген көзқарас арқылы көрсете отырып, қалай болған күнде де бұл тастың біздің тарихымызға тікелей қатысты екенін риторикалық сауал тастау арқылы ескертіп өтеді. 
Тас балбал демекші, ауыздан ауызға жырланып жеткен ғашықтық дастан – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры кейіпкерлерінің тарихта болғанын дәлелдейтін кешен-ескерткіш бар. «Аягөз бойында тұрған бұл кешен мен оның ішіндегі мүсін тастар – исламнан көп бұрын жасаған өте ескі дәуірдің белгілері. Олар түрік қағанаты кезінде (ҮІ-ҮІІІ ғ.) шыққан. Адамның суретін салған мүсін тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген», – деп жазады академик Ә. Марғұлан. Аталмыш жырды алғаш арнайы зерттеген тұңғыш қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов та кешен жанындағы тас мүсіндерге ерекше назар аударған. Шоқан, сондай-ақ қазақтардың көне наным-сенімдері туралы арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көшпелілердің табиғатты тәңір тұтқан сенімінің түп тамырына үңіледі. Белгілі бір кезеңде халықтың кие тұтар қасиетті ескерткіштеріне айналған балбал тастар енді бір дәуір алмасқанда, керісінше, шошына қарайтын заттарға айналды. Дәл осы тас балбалдан үрку, оларды санадан аластау әрекетін ақын өлеңнің өзегіне ала отырып, өзгеше тұспалға барады. Халықтың тарихы мен тағдырын бойына көшірген тас бейненің, асылында, еш кінәсі жоқ. Ақынның өзі бір өлеңінде айтқандай, «бар кінә біздің өзімізде». Ұлттың өткенін үлгі тұтып, бүгініне алаңдаған лирикалық қаһарман осы ойды аңғартады. Мәтіндегі жапа шегуші, жалғыздық халге түсуші, ортасынан аласталған – тарих сипатындағы тас балбал болса, оны қастерлейтін Күн (ақиқаттың, мәңгіліктің, жарық дүниенің, жоғары рухани күштің ишарасы) ғана. 
«Әр таң сайын оған Күн ғана келеді. Балбалдың мойнына асылып, оттай балқып тұрады-ау бір. Сұп-суық ерніне жабысып, ұзақ сүйеді. Мұздай денені ыстық демімен жылытқысы келеді. Сол кезде балбал да жібитін секілді».
Балбалға деген адалдығын сақтап қалған Күн – күллі әлемге жарық шашушы тіршілік көзі, сондай-ақ мәңгілік рух бейнесі деуге болады. Өлеңде ол үлкен міндетті арқалаған персонажға айналған. Өткенге деген құрмет адамдардың өлшеулі, шектеулі ой-санасы емес, нағыз жоғарғы шындық тарапынан жасалады. Осы философиялық ой-толғаныс лирикалық қалыпта Күннің тас балбалға деген мейірімі түрінде бейнеленеді. 
«Біздің әкелеріміз одан сырт айналып өткен, біз де жат көзбен қараймыз, оны сатпаған Күн ғана. Ал, ол біздерге қарап, сәл таң қалған пішінде тұрады да қояды», – деп аяқталады өлең. Белгілі бір уақыт, кезең теріс қарап, қабылдамағанымен, тарих жоғалмайды, оның санадағы ізі өшпейді. Рухпен бірге жаңғырып, жасайды. Тас балбал мен Күнді кейіпкерге айналдырған өлеңінде ақын ұлттық негізден, рухани бастаулардан қол үзбеу ойын бейнелей жеткізіп, өткенге жасалар қиянаттың түп себептерін іздейді. Халықтың көне сеніміндегі тас балбал – ата-баба рухы, кие тұтар қасиетті нысан. Ақынның поэтикалық танымындағы тас балбал – өткен тарихтың келбеті. Табиғат пен Адам бірлігі – көне мифологиялық ойлау дәуірінің көрінісі ғана емес, табиғат – адами ізгілік қасиеттерге қуат беруші рухтың қайнар көзі. Табиғатты жатсыну, одан қашықтау, оған қиянат жасау түптің түбінде рухани қасіретке, апатқа ұрындырары анық. Осы ойды философиялық толғаныс аясынан алып шығып, әсері күшті лирикалық шеңберде бейнелеу, оған психологиялық шырай беру ақынның қара сөзбен өрілген өлеңдерінің негізгі желісі болып, бір-біріне жалғасып отырған. Көне түркі әріптерінен тас балбалға қарай ауысқан ой ауаны енді тікелей бүгінгі заманның кейіпкеріне ойысады. 
Алдыңғы екі мәтінге қарағанда бұл туындының психологиялық иірімі тереңдеу. Қазіргі модерндік әдебиетке тән кейіпкердің атын атамау арқылы оған жалпылық сипат дарытылып, типтік қалыпта көрсетілген. Сана ағымы арқылы бейнеленген ішкі әлем қалпы реалистік баяндаудан гөрі субъектінің қабылдауы бағытында ашылған. Модерндік, постмодерндік ағым белгілеріне жақын келетін бұл өлең мазмұнында Табиғат-Адам қарым-қатынасы Дария мен Ол арасында көрсетіледі.
«Ол Дариясына оралды. Өзінің Дариясына... Көп заман өтіпті-ау...Бұл жолы жанында қонақтары бар еді. Жаутаң-жаутаң қараған ағын-әлемге тіпті мойнын да бұра алмады. Ду-ду гәп, айқай-шу, ән-күйлер, дарақы күлкілер жарқабақтарды жаңғыртып жатты» [22].
Лирикалық сазбен басталған жолдардан табиғатқа (рухани бастауға) деген нәзік сағыныш лебі бар. Дария мен жаутаң-жаутаң қараған ағын-әлем арқылы тазалық пен бейкүнәлілік аңғартылады. Бірақ осы нәзіктікті көміп, жарқабақты жаңғыртқан пенделік басым түскен. Жаутаңдаған ағын-әлем – ішкі рухани әлемнің табиғат аясына көшіп, ауыстырыла бейнеленген қалпы. Кәдімгі пенделік тірлікте жиі ұмытылып, ойдан шығарылып қала беретін жүрек түкпіріндегі сезім, жан тереңінде тұнып қалған адами бастаулар қашан да жапа шегіп, зәбір көруші. Ол және оның қасындағы қонақтар – пенделік тірліктің ырқына көніп, сәттік қызықты місе тұтушылар. Бірақ, оның жан түкпіріндегі сезім дария мен ағын-әлем арқылы көрінген. «Көптеген туындыларда кейіпкер есімдерінің белгісіз болып келуі адам құндылығына күмәнмен қарау, алайда, бәрін бағалауға тырысу, өмірлік қайталаулардан шаршап, бұрыннан мәлім нәрсе, құбылыстардан жаңа сипат іздестіру талабынан, жеке тұлғадан гөрі бұқаралық тәртіп параметрінің басымдығын түсінуден туса керек», – [23,56] деп жазады әдебиеттанушы ғалым, профессор Б. Майтанов. Осы тұжырымды ескерсек, «Ол» деп аталған орталық кейіпкердің бойындағы рухани бұлқынысты бұғаулаушы – айналасындағы қонақтар, яғни пенделік ортасы. Негізінен Ол – жалғыздық халге тап болған, өз ортасымен ішкі дүниесі аса қабыспаған жан. Дегенмен, бойындағы екінші сезім – пенделік ниет басым. Оның қасіреті де осында. Кейіпкердің екіге жарылған ішкі дүниесін, сол екі түрлі сезімнің арпалысын аша түсетін сурет мәтіннің келесі жолдарынан орын алған:
«Ол әлдеқандай бір пәнәйі себеппен дария жаққа қараған. Осы сәт күн ұзақ аулақта булыға өксіп жүрген ақ жаулық толқын бері қарай сүріне-қабына алып ұшқан еді, қаба сақал Қара түн қарсы шығып, омырауынан кері итеріп, шалқасынан түсірді. Ол бір сәт сілейіп тұрып қалды да, тез-тез жүріп, машинасына беттеді».
Ақынның тосын бейнелері лирикалық кейіпкердің ішкі әлемін қапысыз жеткізген. Дария жаққа көз салу – бір сәтке болса да адами қалыпты еске алуды нұсқаса, булыға өксіп жүрген ақ жаулық толқын – ішкі әлемдегі нәзік те ізгі сезім. Ал, сол ақ жаулық толқынды қарсы алдынан шығып, омырауынан кері итеріп, шалқасынан түсірген қаба сақал Қара түн – сәттік тірлікке бой алдырып, өз бойындағы ізгілікті тұншықтырушы пенделік ниет. Ақ жаулықты толқын мен қаба сақал Қара түн – әрқайсысы жеке, бір-біріне қарама-қайшы сипаттағы екі персонажға айналған ішкі рухани болмыстың екіге жарылған бейнесі. Екеуі де ақын қаламына ғана тән тым жаңа әрі тосын бейнелер. Бұл суреттеулер де ақынның шеберлігін айғақтай түсетін дәлелдер. Өлең: «Тас жол. Тас қараңғы. Тас жүрек» деген жолдармен аяқталады. Мұнда қайталана келіп, айқындау қызметін атқарған «тас» сөзі арқылы күллі шығарманың көркемдік-идеялық мазмұны айқындалған. Қаттылықтың, суықтықтың, мейірімсіздіктің ишарасына айналған бұл сөз лирикалық кейіпкердің болмысын барынша танытқан. Табиғаттан алшақтау – өзінің рухани бастауынан алшақтау. Ендеше Ол – өз-өзін сатқан адам. Яғни «Ол» атауын иеленген лирикалық қаһарман – сатқын. «Сатқын» сөзінің бұл өлеңдегі мәні қалыптағы мағынасынан әлдеқайда терең. 
Қорытындылай келе, Есенғали Раушанов – қара сөзбен өлең жазуда да сөз бен ой үйлесімін терең сезініп, меңгерген, бұл жанрда да өзінің суреткерлік шеберлігін көрсете алған ақын демекпіз. 
Ю.М.Лотманның пайымдауынша, прозаны эстетика тұрғысынан қабылдау поэтикалық мәдениет арқылы ғана мүмкіндік алады. Проза – поэзиядан кешірек пайда болған құбылыс. Көркем проза әлдебір поэтикалық жүйені жоққа шығару мақсатынан туындайды.
Сонымен, поэтикалық және прозалық мәтіндердің қарама-қарсылығы түр және мазмұн тұрғысынан көрінеді. Поэтикалық және прозалық мәтіндердің түрлері мен мағыналары поэтикалық және прозалық ойлау типіне байланысты. Поэтикалық және прозалық мәтіндердің түр және мазмұн жағынан салыстырмасын талдаулардың негзі бойынша мынадай сараптау жасауға болады. Поэтикалық мәтінде мағынаны білдіру басым, бейнелік-лирикалық фабула басым, поэтикалық мағыналардың ауыспалығы басым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет