Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет8/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
тасполатова А

Бұлт: «ақша бұлт – ақ орамал», «көк бұлт», «сүмбіле бұлты», «қаңбақтай көшетін бұлт», «ән сынды жеп-жеңіл бұлт», т.б.
Жел: «самал жел», «жібек жел», «әуенді ала қашып ескен жел», «есер жел»,
«бала боп жүгірген жел», «қатігез жел», «күз желі», т.б.
Күз: «сары күз», «сары шаш күз», «бұла күз», «ерте кеткен есіл күз», «жетім күз», «дөкір күз», «күз-тозақ», «айман-күз»,т.б.
Көктем: «жігіт көктем», «ақ моншақтар – көктемнің өлеңі», «аршын төс көктем», «көктем ән», «жасыл отау - көктем», т.б.
Қыс: «кәрі құда қыс», «кәрі қыс», «оның аты – қылышын сүйреткен Қыс», «кәрі ақпан», т.б.
Жаз: «күлгін көйлекті жаз», «өтеді жаз бұлақ қып ақ тұманы, шалғын қырды шаңдаққа айналдырып», «жаз жетеді жайнайды дала тағы», т.б.
Лирикалық және көркем бейнелер:
Туыстар мен ауылдастар, замандастар: ақын, шалдар, ана, әке, аға, әже, Бәлшен кемпір, Қолдасбай шал, Кенбай ұста, Әждүрлі қария, Өтежан бала, жылқышы, Түрікпенбай, Дауымбек қария, ақ бәйбіше, Қанағат шофер, Ғарифолла, рейім шал, Көркембай ақсақ, Айдым, дәрігер қыз, құдаша,т.б.
Лирика-поэтикалық бейнелер: Саламатхан, күйші қыз, өзбек қызы, Рахиля қыз, кепкен шал, жас сұлу, сыңар құс,т.б.
Тарихи бейнелер: Қазтуған, Сүйінқара, Сүгір, ер Шабай, Малайсары, Жалаңтөс, Шоқан, Хан Кене, Темір, Абылай, Бабыр, Ескендір, Цезарь, Клеопатра,т.б.
Ақын-жазушылар бейнесі: Тоқаш ақын, Сәбит, Бауыржан, Ғабит, Мұқағали, Жүсіп, Тахауи Ахтанов, Ұлықбек, Аманхан,т.б.
Діни және аңыздық бейнелер: Адам ата, Хауа ана, Сүлеймен, Мұса, Ибраһим, Нұх, Ғайса, Жүсіп, Қожа Ахмет Иасауи, Бекет ата, Сыпыра, т.б. 
Қорыта келе, Есенғали Раушанов өлеңдерін қарап отырсақ, сыршыл сезімді лирик ақын дей алмаймыз, қара өлеңнің шебері, кестелей жөнеле түсе береді.

2.2 Е.Раушанов позяисындағы жаңашылдық және дәстүр сабақтастық

Қазақ өлең құрылысы бойынша іргелі еңбек – З.Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы» мен «Казахское стихосложение» атты зерттеулері екендігінде дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт өлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар. Қазақ өлең құрылысы ғылымының негізін салушы академик З.Ахметов өзіне дейінгі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі бойынша жазылған азды-көпті ғылыми жұмыстарды зерделеп, солардың негізінде қазақ өлеңінің тарихы мен қазіргі үдерісін тереңінен, жан-жақты тексерген ғалымның концептуалды еңбектері әдебиеттанудың маңызды, іргелі бағдары ретінде ғасырдан-ғасырға көше берері хақ.


Өлең құрылысы дамымай, бірқалыпта өзгермей қалатын сала емес. Жаратылыс пен қоғам сияқты поэзия да даму эволюциясынан өтетіндіктен оның мазмұны мен түрі де дәуір тынысына сай түрленеді. Қазақ поэзиясының бастауында тұрған халық өлеңдері әуендік сипатына сай екі түрлі өлшемге жеті-сегіз буынды жыр үлгісі мен он бір буынды қара өлеңмен шектелсе, дана Абай реформасының арқасында өлең жүйесі сан түрлі интонациялық мәнер тауып, ауызекі, шешендік және аралық сияқты мәнер үлгісінің дамуына жол ашты. Уақыт өте келе өлшемдердің жаңа түрлері қолданысқа еніп, поэзияда тамыр жайып, әбден бекінгені белгілі. Олар бес, алты, жеті буынды өлшемнің 3+4 кестесі, сегіз буынды өлшемнің 3+3+2 және 4+4 өрнектері, тоғыз буынды және он, он екіден басталып, жиырма бес буынға жетіп жығылатын өлшемдер еніп, қазақ өлеңінің тақырыптық-мағыналық жүгін лайықты көтеріп жүр. Еркін өлеңдердегі өлшемдердің сан алуан сабақтастығы әр ақынның шығармашылығында жеке сипат алып келеді. Бұл дәстүрлі ырғақтық-интонациялық құрылымдардан өзге талантты ақындардың жеке ізденісі ретінде танылып, жалпылық сипат ала алмай келе жатқан жаңа жүйелер: ақ өлең, прозалық өлеңдер, верлибрлер өлең жүйесінің ерекше мүмкіндіктерін танытып келеді. Өлең құрылысының теориялық тұжырымдарының өз еңбектерімен бітпейтіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты жасаса, соншалық жалғасатынын академик зерттеу еңбектерінде аңғартып кеткен-ді. Қазақ өлеңтануы оның поэзиясымен бірге даму, түрлену жолынан өтеді. Сондықтан өлеңтанушылар өлең өрісіндегі жаңа құбылыстарды дер кезінде байқап, теориялық байыптаулары ұсынылып отыруы тиіс.
Өлең теориясы – әдебиет салаларының ішінде ең дамыған түрі. Әдебиеттану ғылымында да оның зерттелуі оның өзге салаларынан озық тұрды. Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан аса мұқият зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес. Сондықтан қазақтың ақындары өлеңнің техникасына екі түрлі көзқараста. Бірқатары мазмұн мен көркемдігі күшті өлеңге техниканың қажеті шамалы деп, өлең архитектоникасының мәнін бағаламағанмен, бірқатары өлеңінің өзгеше өрісін өрнектерді түрлендіру арқылы тауып жүрді. Өлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесін мазмұнға сай түрлендіру Абай шығармашылығында ерекше мәнге ие болып, мақсатты түрде жасалған үрдіс еді.
Қазір өлеңнің құрылымдық жүйесі өз деңгейінде бағаланып, ақындардың шығармашылығын зерттеуде көңіл бөлініп, ден қойылып жүр. Өлеңнің құрылымдық саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылды, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында талданды.
С.Елікбаев «60-80 жылдардағы өлең құрылысы» атты кандидаттық диссертациясында осы кезеңдердегі ақындардың шығармаларына тән ерекшеліктерді іздейді. Зерттеушінің өлең құрылымын талдаудағы ізденістерін айта отырып, өлең теориясының ұғымдарына қатысты мәселерді айқындап алған дұрыс. Ізденуші өз жұмысында өлеңдегі ұғымдарды атауда еркіндікке жол берген. Зерттеу жұмысында «құлдима тармақты шумақ» «бағанды тармақ», «60-80 жылдар арасындағы ақындарда бағанды тармақ қана емес, сырғалы тармақтар да жасалды», «Мағына үшін бөлген сынған тармақтар пайда болды, үстеме жамылған сырғалы тармақтар, сүйретпе тармақтар, сөйлем немесе сөз тіркестері қосылған, аралары нүктемен бөлінген құрама тармақтар, қайталанып келіп отыратын балдақты тармақтар шықты. Шумақ басында басқамен ұйқаспайтын буыны бөлек «ерке тармақтар», ортасынан ажыратылған «топтама тармақтар» дүниеге келді. Тек бас әріптерден тұратын «ерекше тармақтар», ортасынан бөлінген «буындалған тармақтар» жасалады.» деген ұғымдар қазақ өлең теориясында бұрын кездеспеген. Қазақ өлеңі бойынша келелі ойлар айтқан зерттеушілер С.Мұқанов, Е.Ысмаилов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, С.Негимовтардың еңбектерінде жоғарыдағы ұғымдар ұшыраспайды. Олар зерттеуші сияқты тармақтарды түрлерге де жіктемейді. Себебі қазақ өлеңінде әр ақында түрліше көрінетін тармақтардың түрінің барлығына ат беру мүмкін де емес, және ол өлеңтанушылардың өзін де жаңылыстырары сөзсіз. Бұл тармақтардың сыртқы кескіндері оның ырғақтық жүйесіне ықпал етпейтіндіктен оларды жіктеп, термин жасау артықтық етеді. «Бұрынғы салттық ұйқастар сақталып қалды» Қазақ өлеңінің құрылысы бойынша жазылған жұмыстарда салттық сөзінің орнына ұғым ретінде қалыптасқан дәстүрлі ұйқастар деген нақты атау бола тұра, зерттеушінің осындай сөз қолданысын түсіну қиын.
«Біз де өз тарапымыздан тіліміздің мағыналық реңктерді жіктеп, бейнелеуге икемділігін пайдаланып, толымсыз ұйқастың жоғарыда сөз болған соңғы түрін бұрынғы толымсыз ұйқас түрінен айырмалауды, сөйтіп Т.Шапаевтың бейнелі түрде айтқан сөзін нақтылы терминдік атауға айналдырып, шартты түрде кетік ұйқас деп атауды ұсынамыз. Өйткені, соңғы ұйқас үлгілері – тек қана Темірхан Медетбековтің жеке ұйқас ерекшелігі емес, қазақ поэзиясына 1960-70 жылдары келген Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов сияқты ақындардың шығармашылықтарында жеке элемент – нышандардың бой көрсетуімен басталып, қазіргі поэзиямызда орнығып келе жатқан тұтас бір тенденция деуге тұрарлық белгі». Қабош Батырболаттың қазіргі қазақ өлеңінің бейнелілік және түрлік мәселелерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұсынылып отырған кетік ұйқас ұғымына қатысты пікіріміз де жоғарыда айтқан ұғымдарды ұсынуда сөз талғамына ерекше қарау қажеттігі байқалады. «Кетік, ақсақ, балдақты» деген ұғымдарға телінген поэзияда сымбат бола ма?
Екі зерттеушінің жаңа ұғымдары өлең құрылысының жаңа ізденіс нәтижелерінен туындап отырғаны анық. Қазіргі қазақ өлеңінде ақын дәуірлеріндегі құрылымдық жаңа үрдістердің пайда болуымен жаңа ұғымдар еніп жатады. Мұндай мәселелерді зерттеушілер өздігінше шешуге тырысатындықтан ондағы тұрақты ұғымдарға әртүрлі атау беріліп, кей жұмыстарда еркіндікке жол беріліп жатады. С.Елікбаев атаған тармақтар олардың ырғақтық-интонациялық жүйесіне қатысты емес, сыртқы графикалық суретіне қатысты болғандықтан, зерттеуші «еркіндігін» түсінуге болады дегенмен қазақ өлең құрылысының соңғы, яғни, 70-жылдардан кейінгі қазақ өлең құрылысының теориясында шешілмеген мәселелердің барлығы анықталады.
Оның алғашқысы қазақ өлең құрылысын зерттеуге қатысты. Орыс өлең құрылысын зерттеуде екі түрлі бағыт бар: оның бірі – статистикалық, яғни есептік, екіншісі – ырғақтық-интонациялық. Қазақ өлең құрылысының негізін салушы академик З. Ахметов өз еңбектерінде екі зерттеу түрін қоса алып жүрді. Қазақ өлең өлшемдерінің буындық, бунақтық және ырғақтық сипатын, сабақтасу мүмкіндіктерін айта келіп, оның интонациялық ерекшелігіне, өлең мазмұнын ашудағы айтылу мәнеріне зор көңіл бөлді. Қазақ өлеңін интонациялық тұрғыдан әуендік, ауыз екі сөйлеу және декламативті деп бөлді. «Өлең теориясы саласында қордаланған тәжірибелер бір аса маңызды қорытындыға алып келеді. Өлең құрылысын зерттеуде статистикалық, ырғақтық өрнектерді схемалау, суреттеу мәселесі игеріліп болуы тиіс. Біржақты құрылымды өрнектермен шектелу өлең өрнектерінің терең зерттеу ырғақтардың алуан түрлі комбинацияларын санамалап берумен шектеледі. Бұл бағыт аса өнімді емес, сондай-ақ өлеңнің құрылымдық негіздерінің өзара сабақтастығының күрделі қырлары, өлеңнің ырғақ өрнектерінің көркемдік бай мүмкіндіктері толық ашылмайды» [8,23]. Ғалымның бұл пікірі орыс өлеңтанушысы Б. Гончаровтың «К проблеме интонации в стиховедении» деген еңбегінде де көрініс табады. «Әдебиеттану ғылымының алдында көркем интонацияны көркем тілде туындайтын ерекше құбылыс ретінде зерттеу міндеті тұр. Интонациялық категорияларға жүгінбей, көркем тілді, оның ішінде өлеңді зерттеу мүмкін емес» деген пікір статистикалық зерттеулердің өлеңнің құрылымынан толық сипаттап бергенмен, шығарманың ішкі логикалық жүйесімен байланыспай, өлең құрылымының көркемдік мәні ашылмай қалатынын алға тартады [38, 48].
«Статистикалық есептеулер өлең шынайы дыбысталуын қалыптандырып, қарабайырландырып жіберетіні сонша, негізінен тілдің өлең жасаушылық ерекшелігін ғана сипаттайды» [3,7]. Осындай үрдіс кей зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында бой көрсетіп қалатыны жасырын емес. Қазіргі қазақ поэзиясы өлеңнің ырғақтық-интонациялық құрылымын жай өлең өрнегі деп қана қарамай, көркемдік ерекшелігі ретінде бағалайтындай деңгейге өскендігі байқалады. Қазіргі қазақ поэзиясының интонациясы құнарланып кеткендігі сондай ырғақтық өлшемдер ғана емес, тыныс белгілері, тасымал, синтаксистік ерекше құрылым сияқты алуан түрлі көркемдегіш құралдар белсенді түрде өлең әлеміне енді. Олар ақындарда әртүрлі дәрежеде қолданылады.
Өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттелігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді. Сөздің ұғым-түсіні беретін мәнін, бейнелі мағынасын оның өлеңдегі ырғақ-үнділігі, әуезділігі сан түрлі рең беріп толықтыра түседі.
Өлең құрылысы дамымай қалатын сала емес. Жаратылыс пен қоғам сияқты да поэзия эволюциясынан өтетіндіктен мазмұны мен түрі де заман ағымына қарай түрленеді. Өлең құрылысының теориялық тұжырымдарының өз еңбектерімен бітпейдіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты жасаса, соншалық жалғасатынын өлеңтанудың негізін қалаушы академик З.Ахметов зерттеу еңбектерінде атап көрсетіп берген еді.
Поэзия – киесі бар өнер. Талғамы терең, толғауы тоқсан. Поэзия есігін тек жүрегі түкті, сенімі мықты, таланты сала құлаш, талабы таудай ақын ғана аша алуы керек. Стиль ақын не жазушының талантының диапазонын керсететін манометр десек қателеспейміз. Талант әр түрлі, бірыңғай, бір шкалалы, ортақ дәрежелі талант болмайды. Ал, стиль сол таланттың өзіне ғана тәуелді, өз өрнегі бар, өз даму стратегиясы бар кеңістігін анықтайтын аспап деп түсінген жөн. Жеке тұлғаның, жеке дарынның стилі өзгеге ұқсамауы тиіс, тек нағыз таланттардың туындылары бір-бірімен салыстыруға, бәсекелесуге тұрарлық болуы қажет.
Өлең теориясы - әдебиет салаларының ішінде дамыған түрі. Әдебиеттану ғылымында да оның өзге салаларынан озық тұрады. Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан терең зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес. Қазір өлеңнің құрылымдық жүйесі өз деңгейінд бағаланып, өлеңнің құрылымдық саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар зерттеу еңбектер, кандидаттық диссертациялыра жазылды.
Өлең өлшеміне келсек, негізінде Абай енгізген жаңалықта, ол ұстанған бұрынғы форма да бар. Кезінде Сәкен, Ілияс, Сәбит өлеңдері қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтерді. Қазақ өлеңінің көпшілігі әлі «қара өлең» формасында жазылады. Он бір буынды «а-а-а-а» болып келетін ұйқас – көне ұйқас. Ал, жеті буынды жыр формасы фольклорға еліктеушілік болып табылады дейді кейбір зерттеушілер.
Ал, Есенғали ақынның өлеңдерін оқып отырсақ, өлең ұйқасы бірінен кейін бірі өз орнын тауып отырады, ұйқас түрлері де кездеседі, буын саны әр түрлі болып келеді. Мысалы,
Сыбырлайды,
Жылайды,
Күліп тәтті,
Сүйеді екен ол мені,
Ұмытпапты.
Өлең құрлысына келсек, 5+5+3+11+12+12 осымен бір қатары да, сол қатардағы ой да жинақталады. Қарап тұрсаңыз осындай буын саны шығар деп те ойлайсыз. Өлең формасына қарай өлең құрылысы соңына дейін өзгеріп те құбылып отырады. Мұның өзі ақынның жаңалығын білдіреді. Ал ары қарай тізбесек, 7 буынды, 8 буынды, 12 буынды болып та келеді.
Енді біздің зерттеуіміздегі поэзияның өлең құрылысына келсек, буын саны артып та отырады. Ежелден келе жатқа он бір буынды да, алты-жеті буынды да өлең ұйқасына қарай келе береді. Және бір айта кететін жайт еркін ұйқасты өлең түрлері де кездеседі. Он бір буынды тармақ екі бунақтан, жеті буынды тармақ екі бунақтан, сегіз буынды тармақ үш бунақтан да келе береді.
Енді ақын өлеңдерін құрылысына қарай, схемасын жасасақ:
Схемасы: 11 буынды, 11 буынды, 11 буынды, 11 буынды.
Ұйқасы: а-а-б-а.
Аң патшасы болғанмын, сауық ері,
Бақты мені орманның қауым елі
(Бауырым, сен «бастығым мисыз» дейсің,
Дұрыс. Бұрын себебі ол тауық еді).
(Еркін дүние-ай, ен далам, ерек далам)
Ақын өлеңдері екі бунақты, 4 тармақты шумақ, 11 буынды, шұбыртпалы ұйқас та болып келеді. Яғни: а-а-а-б-а.
Қартайдым деп, жастықтан жырақпын деп,
Ой, қайтесің біреуді сыбап күндеп...
Кетіп бара жатсың ба, оқасы жоқ,
Ертең қайтып келесің. Бірақ кім боп?
Ақынның қай өлеңін алсақ та қатып қалған қағида жоқ, яғни өз ерекшелігіне қарай ұйқастың түрлеріне де өлеңдері төгіле береді.
Бір бунақты тармақ, 6 тармақты шумақ, 8 буынды, шалыс ұйқас.
Схемасы: 5 буынды, 7 буынды, 11 буынды, 3 буынды, 7 буынды, 11 буынды.
Ұйқастары: а-б-б-а-б.
Жаз да жетті-ау,
дегенше әне-міне,
Көз жүгіртем өткен күз әлеміне.
Басқа бір
күн жылытқан жаным мынау,
Қызғанамын бірақ мен сені әлі де. (Жаз да жетті-ау) [38]
Ақында 3 бунақты тармақ та кездеседі ұйқасына қарап, 4 тармақты шумақ, қара өлең ұйқасы.
Төменде келтірілген өлең шумағына тоқталсақ, 5 бунақты, 8 тармақты шумақ, 7 буынды шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқас 6 буынды, 7 буынды, да болып келеді. Құрылымы: а-а-а-а-а.
Даңқ құмарлық
еді десем кәдімгі?
Біліп тұрып,
Ұғып тұрып сан рет,
Ұшырдым
мен қолға конған бағымды.
Атағы жоқ,
Шатағы көп кезім-ді,
Түсінбеді ел мына мендей кежірді. (Атағы жоқ, шатағы көп кезім-ді) [39]
3 бунақты өлең жолдарына келсек, 6 тармақты шумақ. 7 буынды қара өлең ұйқасы. А-б-в-д-в-е.
Алақанында сағымның
Қаратау-арман қалғиды.
Сенем мен соған әлі де,
Сенем мен соған керемет.
Өзеннен өтсем... бәрі де
Өзгеріп сала берер ед...[39]
Есенғали Раушанов өлеңдерінің құрылысы әртүрлі болып келеді, мысалы, 2 бунақты, қара өлең ұйқасымен бастаса, бір бунақты шұбыртпалы ұйқаспен де, кезекті ұйқаспен де өлең жолдары аяқтала береді. Яғни, бұл деген сөз заңдылықты бұзу емес, ақынның ерекшелігі, сөз бен сөзді байланыстыруы, қиюластыруы.
Ақын өлеңдерін оқысаңыз көз елегінен өткізесіз, сезімге берілесіз. Ақынның тағы бір ерекшелігі жансыз нәрсемен тілдесе отырып, өз өмірінен сыр шертеді. Түнмен сырласа, персонаж ретінде қарайды.
Мәңгі ұйықтап
қалған секілді атырап,
Түн.
Ұйқыда, сезер емес тауың түк.
Сен қалтырамашы, жетім жапырақ,
Менің жанымды ауыртып.
«Ендігі күнім қараң» демеші,
Мен тірімін ғой себебі, көкем.
Сүйеді екен адам неге осы,
Адам неге осы өледі екен?
Ұйықтай алмаспын бұл түні дағы,
Сыртта қап-қара даланы көрем.
Түн.
Жұлдыз.
Таулар -
бір күні бәрі
Қалады-ау, шіркін, қалады менен.
Қалады менен андызды атырап,
Өтеді зулап ағын-ғасырлар.
Сен қалтырамашы, жалғыз жапырақ,
Менің жалғыз қарындасым бар.[39]
Есенғали Раушанов өлеңдерінің құрылысы Жұмекен Нәжімеденов пен Мұхтар Шаханов поэзиясына сәйкес келіп, ерікті өлеңнің даму шыңына жеткен. Әр ақын өз дәуірінің романтикалық рухын қалыптастарады. 3+4+7+7, 5+5+11+11, 4+3+4+5 сияқты күрделі өрнектер өлеңнің ырғақ жүйесін түрлендіріп, ырғақтық-интонациялық композициясын мәнерлі етіп тұр. Өлең тұтастай ұзынды-қысқалы тармақтардың сабақтастығына негізделген айналымы ырғаққа құрылған өлеңге біздің зертеуіміздегі ақын өлеңдері де тән болып келеді. Бұл негізінен жыраулар поэзиясында да кездеседі.
Тарыққандық-ау -
Таптырмасыңды білсем де табынатыным.
Зарыққандық-ау -
Жақтырмасыңды білсем де сағынатыным.
Жанымды сәруәр шуаққа бөлеп арманым,
Мен саған өлең арнадым.
Атқан таң күн боп батады дегенге сонда
Сене де алмадым.
Тұрды да төніп кәрі ақпан,
Желкенді бұлтын кетті алып желік таратқан.
Ей, шуақ дүние,
сен мені неге күтпедің
Нұр болып келіп,
күн болып сөніп баратқан?
...Сезбедің-ау сен түнектің торлағанын бір,
Сонда да күтіп жүргенін сол бала ғұмыр.
Атпайтын таңым,
армандап өлмесем сені -
Өзіңе менің
шын ғашық болмағаным бұл.
Сонымен қатар, ақын өлеңдері заңға бағынбай-ақ сөз өрімі өріле береді, өріле береді:
Тоқтады боран,
Тоқтады қары,
Құдай-ау, мынау көктем бе?
Бір күндей болған жоқ бәрі дағы,
Салауат деші өткенге.
Жапырақтары желге ұша берген
Жаяды тоғай кең құшақ.
Болдырған ол да мен құсап әбден,
Күледі тағы мен құсап.
Айта ғой деймін не тілеріңді,
Берейін бәрін, көк өскін.
Жұбатқым
келеді жетімегімді,
Жұбатпаса
да мені ешкім.
Қорыта келе, біздің қарастыруымздағы Е.Раушанов өлеңдерінің құрылысынан Абай, Мағжан, Мұқағали поэзиясынан бастау алып келе жатқан 7,11 буынды өлең өлшемдері орын алады. Бірақ әр ақынның өз стилі қалыптасқандықтан 8, 10, буынды және және 13 буынды өлең өлшемдері де кездеседі. Есенғали ақынның өлең құрылысынан осыны байқаймыз. 3,4,5 буынды тармақтар да араласып келетін өлең жолдарын да кездестіреміз. Темірхан жырларында эпифоралық қайталаулар мен кейіптеу тәсілдері және тың теңеулер, тапқыр оралымдар мен айшықтаулар мол. Әсіресе, өлең ішінде бір тармақтың шегелей айтылып қайталауға түсуі өлеңнің интонациялық қызуын арттырып, ақынның нені айрықша атап өткісі келетіндігінен хабар береді. Ақынның ой ұйқасына құрылған жырлары басқа да жоғарыда айтылған көркемдік бейнелеу құралдарынсыз солғын тартқан болар еді.
Е.Раушанов жырлары ежелгі жыраулар поэзиясының ізімен, негізінен, аралас буынды, ерікті ұйқасқа құрылады. Ақын өлеңдеріндегі алты, жеті тармақтан тұратын бір ғана шумақтың өзі бірнеше буыннан тұратынын байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет