Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет4/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
тасполатова А

Зерттеу нысаны. Зерттеу обьектісіне Есенғали Раушановтың шығармашылығы және «Қара бауыр қасқалдақ», «Періштелер мен құстар», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Бозаңға біткен боз жусан» жыр жинақтары зерттеу нысаны етіп алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Әрине табиғат лирикасында, өлең құрылысын жеке-жеке зерттеген (мысалы, Оразханова М.И. «Қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы» 2005ж канд.дис.) [1], (Қыяхметова Ш.Ә. «Қазақ лирикасындағы табиғат пен тағдыр» 2001 ж канд.дис) [2], (С.Б.Ержанова «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» 2009, докторлық диссертация) [3] ғалымдар мысал ретінде еңбектерінде пайдаланған. Біз бұл жұмысымызда ақынның өлеңдеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты, көркемдік ізденістерді, ақындық шеберлігін ғылыми түрде анықтамақпыз. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді қойдық:
- 1970-2000 жылдардағы қазақ поэзиясына тоқтала отырып, қара сөзбен өлең жазудың хас шебері екенін айқындау;
-ақынның негiзгi бейнелеу әдiсiнiң сыр сипатын толымды ашу мақсатында, оның поэзиясындағы өзге де тiл байлығының қайнар көздерi антоним, синонимдердiң қолданылуы.
- Е.Раушанов поэзиясындағы ой-санасына, эмоциялық сезiмiне әсер ететiн астарлы бейнелi теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейiптеу, ассонанс, аллитерация, көрiктеу, құбылту құралдарын ақын қолданысындағы әр түрлi амал-тәсiлдерiн анықтау.
Зерттеу жұмысының материалдары: Есенғали Раушановтың таңдамалыт шығармалар жинағы.
Зерттеудің әдіс- тәсілдері: Талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, тұжырым жасау әдіс-тәсілдері қолданылды
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріне ұлттық әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі Байтұрсынов А. [4], Жұмалиев Қ. [5], Қабдолов З. [6], Тәжібаев Ә. [7], Ахметов З. [8], Базарбаев М. [9], Нұрғали Р. [10], Мырзалиев Қ. [11], Негимов С. [12]., Әлімбаев М. [13], Кәрібаева Б. [14]., Шәріп А. [15], Жәмішев А. [16], Жүсіп Қ. [17] т.б. зерттеу еңбектері негізге алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет