Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет2/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
тасполатова А

6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.


АНЫҚТАМАЛАР

ЛИРИКА - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді.


ИДЕЯ – әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Ол автордың өмір құбылыстарын, жекелеген уақиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен кейіпкерлердің халын қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан-ақ белгі беріп тұрады.


МЕТАФОРА (грек. metaporah – ауыстырып қою), - екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелеу сөз немесе сөз тіркесі.


ТЕҢЕУ– құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.


РИТОРИКАЛЫҚ СҰРАҚ (лепті сұрау) – шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді, әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінді айту.


ПРОЗА- әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман). Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі.

ӘҢГІМЕ- Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады.


ХИКАЯ- шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин. Хикая - повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Xикая желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторлары белгісіз. ауызша тарап, фольклорлық сипаталған Xикаялар да бар. Хикаяның өлеңмен жазылған түрі "хикаят" делінеді.


РОМАН- үрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет