Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет7/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
тасполатова А

Саулы інгеннің үрпіндей жұмсақ желге,
Ботакөз көл жаудырап тосты ерінін.
Бұл жолдардан ұлтымызға тән өзімізге жететаныс сурет көрінеді. Желдің айқындауы – жұмсақ деген сөз болса, осы жұмсақ желдің өзіне өте сәтті теңеу табылған: Саулы інгеннің үрпіндей. Желдің көлге немесе көлдің жерге қатысын суреттейтін тұстың өзі тың сурет. Көл бейне әрекет иесі, желге ерінін тосады. Табиғат суретінің әсем бір сәтін соншалықты жанды да нәзік түрде бейнелеген тұсының бірі – ботакөз көлдің жаудырауы.
«Ақын қашан да әлемге әр түрлі қатынас жасағысы келеді және оны әр түрлі қабылдайды, өзі құлақ түрген дауыстарға еліктейді,» - деген А.Блок пікірі ақындық табиғатын жете түйсінгеннен туындаған болса керек.
Мұңды қайың жай ғана тербеледі,
Ей, табиғат,
Қарапта жерге мен!
Қайтсем менің нәзігім шаттанады,
Қайтсем тартып аламын жерден оны? [33, 6.]
Метафоралық бейнеге айналған қайын – ұнамды сипатта болса, оны жәбірлеуші жел – ұнамсыз сипатта. Бастан аяқ алып қарағанда белгілі бір оқиға желісін арқау еткен өлеңде сезім әлеміндегі қақтығыс шашауы шықпай, бір желінің бойында астарлы мәнмен өрілген. Көркемдік шындық тұрғысынан қайың болып бейнеленген кейіпкердің ақиқат өмірдегі нәзік жанды, қорғансыз қыз табиғанынан еш айырмасы жоқ. Өлеңдегі содыр жел де өмірдегі бір типтерге ұқсас. Мифологиялық ойлау жүйесіне тән анимистік сенімнің көркемдік ойлау шеңберінде метафоралық –символдық мәнге ұласып, сыршыл сезімге толы өлеңнің өзегі болғанына талдауымыз мысал.
Шығармашылық иесі өзін танытатын метафораларды, яғни өзін ауыстыра бейнелейтін нысанды міндетті түрде табиғат аясынан, аң-құс, жан-жануарлардан іздейді. Есенғали Раушановтың:
Мен оралдым, айтам енді
Анашымның қартайғанын...
Желдеп кетіп, қайта келді
Жез бұйдалы нар тайлағың... – деген өлең жолдарындағы «желдеп келіп, қайта келген жез бұйдалы нар тайлақ» - ақынның лирикалық «менін» ауыстыра бейнелеп тұрған автометафора. Оның айғақ-дәлелдемесі – өзінің оралғанын тілге тиек еткен алғашқы екі жол. Ана алдындағы баланың мәңгілік сәби қалпын «нар тайлақ» метафорасы аңғартады. 
«Әке қабірі басында» өлеңінде:
Келіп тұрмын басыңа, тағы, міне,
Қос түп жусан өсіпті қабіріңе...
Қос түп жусан... қалыпты солып бірі,
Көңіл құрғыр босайды көріп мұны,
Екіншісі қарайды бәрімізге,
Таңның мөлдір шығына толып бүрі...
Анық түрде ашып айтылмай, тұспалдай алынған автометафора – «таңның мөлдір шығына бүрі толған» екінші түп жусан. Солып қалған бір түбі – фәниге өткен әкенің, екіншісі – ақынның өзінің ауыстырылған бейнесі екендігін өлеңнің соңғы шумағынан қапысыз аңғарамыз:
Солды деуге құқым да, қақым да бар,
(Солғандар ма, жоқ, гүлдің сапында олар.)
...Екіншісі жайлы мен не айтайын,
Өзгелердің айтқаны мақұл болар... 
Бір түп жусанның солуы адамның о дүниелік болғанын меңзесе, екінші түп жусанның бүрлеп, шыққа тұнып тұрғандығы – өмір сүру ишарасы. Автометафоралар Есенғали Раушанов қолданысында басқаша мәнерде, өзгеше тәсілмен көрінеді. Бұл тұста орыс ақыны А.Блоктың: «Ақындар бір-біріне ұқсастығымен емес, бір-бірінен айырмашылығымен қызық,» - деген тұжырымын келтіре кеткен орынды болар. Ақынның қызғалдақпен, бір түп жусанмен ауыстырылуы оның жан дүниесінің қайнар бұлағы – өлеңнің шықпен бейнелеуіне сабақтасады. Ал, гүлдің қауызына, жусанның бүріне таң алдында тұнатын мөлдір шық – көмейге кептелген өксік, көзге тығылған жас – ақынның кіршіксіз таза сезімі мен өмірге деген құштарлығынан туындайтын өлеңнңің метафорасы. [34, 67.]
Ақын өлеңдерін талдай отырып, оларды былай жүйелеуге болады.
Табиғат көрінісі мен жыл маусымдарына қатысты поэтикалық тіркестер: 
Түн: «түнек түн», «ұйыған сүт секілді түн», «қара түн», «ақ түн», «меңсіз
қара ат мінген Түн», «қара шашын жел жайып аққан түн», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет