Мазмұны Қолданылған қЫСҚартулар тізімі



бет2/30
Дата03.07.2016
өлшемі3.4 Mb.
#175377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

1. Бағдарлама төлқұжаты

Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Орал қаласының даму бағдарламасы

Дайындау негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 18 маусым 2009 жылғы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 2009 жылғы №1297 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізуге қатысты маңызды қорытындыға бағытталған Концепция, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 наурыз 2010 жылғы №931 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан ары іске асуының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы, 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 19 наурыз 2010 жылғы №958 «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарлама және Республика Президентінің кейбір жарлықтарының күшін жойғандығын мойындау туралы» Жарлығы

Орал қаласының негізгі сипаттамасы

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Негізі 1613 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қала Азия мен Еуропаның арасындағы өзіндік сауда қақпасы болып табылады. Жалпы Сырт ауданы және Төменгі Орал платосындағы Каспий ойпатының солтүстік, Қазақстанның жазықтық құрғақ даласы бөлігін алып, Орал өзені орта ағысының оң жақ жағалауында және Шаған өзені төменгі ағысының сол жақ жағалауында орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен биік. (32÷34 метр). Орал қаласы ҚР-ның батыс аймағындағы негізгі автокөлік, темір жол және әуе транспорттық магистралдарының қиылысында орналасқан. Қала территориясында халықаралық «Орал» әуежайы, Жайық және Шаған өзендері арқылы өтетін екі теміржол және бес автокөлік көпірлері, жолаушы вокзалы мен темір жолға арналған жүк станциялары, Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шығатын өзен порты бар.

Орал қаласының тарихы қаланың рухани бай мұрасы, түрлі заманның тарихи ескерткіштері, мәдени дәстүрлері бар халық пен мәдениеттің тоғысуы негізінде дамығандығымен бірегей болып саналады. Аймақ түрлі кезеңдерде көптеген танымал және тарихи тұлғаларды аңшылық және балық аулау орындары бар өзіндік табиғатымен қызықтырған.

Қазіргі кезде қаланың территориясы 720 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Тұрғылықты қоры – 4,3 млн шаршы метр, халық саны – 249,8 мың адам. Қала құрамында Зашаған, Круглозерное, Деркөл, Желаев ауылдық округтері бар.

Қаладағы халықтың тығыздығы 1 шаршы км территориясына 361 адамды құрайды.

Экономикалық белсенді халық санының орташа жылдық есебі 116,5 мың адамды құрайды.

Машина жасау, металл өңдеу, металлургиялық, тамақ өнеркәсіптері мен құрылыс материалдарының өндірісі негізгі салалық өнеркәсіп болып табылады.



Даму бағыттары

Қаланың экономикалық дамуы.

Әлеуметтік саланың дамуы.

Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы

Территориалды (аймақтық) құрылым дамуы.

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы.


Мақсаттары


Өнеркәсіп кешенінің динамикалық дамуы, өнеркәсіптік өндірістің диверсификациялану және оның инновациялық бағытталуын күшейту негізінде қала экономикасының өсуі.

Демографиялық және көшіп-қонудың оңтайлы тенденцияларын сақтап қалу, еңбек нарығын, адами капиталды дамыту, білікті мамандардың болашағын толықырақ ескере отырып, халықты жұмыспен қамту құрылымын өсіру.

Қаланы энергия және жылумен, сумен, көлікпен қамту жүйесін модернизациялау негізінде коммуналды қызметтің деңгейі мен сапасын арттыру.

Экологилық жағдайды сақтау және жақсарту, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру.

Қала іші территориясын толық қолдану негізінде функционалды-құрылымдық ұйымдарды қатыстыра отырып, қала кеңістігінің (аумағының) сапасын жақсарту. Қаланың туристік имиджін қалыптастыру.

Мемлекеттік органдар қызметінің қорытындылығын арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту.



Міндеттері

Қаланың экономикалық дамуы:

-Индустриалды-инновациялық даму, кәсіпкерлікті қолдау арқылы экономиканың дайын өнім секторының бәсекелеске қабілеттілігін арттыру.

-Инновациялық инфрақұрылымды дамыту, өндірістік-технологиялық кластерлер ретінде инновациялық циклді іске асыруға бағытталған өнеркәсіптік ұйымдардың, ғылымның, шағын бизнестің арасында өзара әрекет етудің жаңа формаларын қалыптастыру;

- аймаққа инвестицияларды тарту, алдыңғы қатарлы технологияларды, адами ресурстарды қалыптастыру үшін қолайлы инвестициялық климат пен жағдайды туғызу;

- инвестициялық белсенділікті арттыру, құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен бөлшектерін өндіру;

- қолайлы кәсіпкерлік климатты қамтамысыз ету, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту шараларын іске асыру;

- аймақтың туристік қызықтырушылығын арттыру, туристік инфрақұрылымды дамыту және туристік қызмет көрсету істерінің сапасын арттыру;

Әлеуметтік даму:

- халықтың дүниеге келуінің тұрақтануы, өлім деңгейінің қысқартылуы, көшіп-қону өсімін реттелуі негізінде қаланың демографиялық болашағын нығайту;

- ана мен бала өлімінің төмендету, еңбекке қабілетті жасында ерлердің өлімін төмендету;

- халықтың барлық категориясына қолжетімді сапалы және тиімді дәрігерлік-әлеуметтік және дәрілік көмекпен қамтамасыз ету;

- алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмектің басым дамуының, уақытынан бұрын түрлі профилактикалар және диагностикамен қамтамасыз ету мен ауруларды анықтаудың, әлеуметтік маңызды ауруларды дер кезінде емдеудің арқасында халықтың денсаулық жағдайын жақсарту және ауруға шалдығу деңгейін төмендету;

- салауатты өмір салтын ұстану үшін жағдай жасау және оны насихаттау, дене шынықтыру және спортты дамыту, қалада қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылымды қалыптастыру;

- халықтың білім алуын кеңінен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі мекемелердің саны ұлғайту, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім алу қызметін арттыру;

- білім берудің материалдық базасы мен инфрақұрылымын дамыту, инновациялық даму міндеттеріне сәйкес білім бері мекемелер желісінің құрылымын жетілдіру;

- Халықтың тілдік қорын дамыту;

- еңбек ресурстарын кәсіби дайындау, жұмыс күшінің сапасын арттыру, еңбек нарығын дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту;

- халықтың ерекше мұқтаж табын еңбекке араластыруда мақсатты түрде мемлекеттік қолдау жасау;

- қала тұрғындарының табысын арттыру, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын өсіру, тұрмысы төмен азаматтардың үлесін азайту, абсолюттік және қатыстық кедейлік масштабын қысқарту үшін жағдай жасау;

- халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағыты мен тиімділігін күшейту.

Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

- халықтың тұрғын үй жағдайы мен жалпы тұрғын үй қоры ахуалын жақсарту, тұрғын үйлер мен олардың ішіндегі инженерлік құрылғыларды және желілерді пайдалану мен иеленудің нормативті деңгейімен қамтамасыз ету;

- халыққа жоғары сапалы коммуналдық қызмет көрсету мақсатында салалық инженерлік инфрақұрылымды үйлесімді дамыту;

- электроқуатты дамыту, қалада энерго тапшылықты азайту, энерго жинақтаудың қатал саясатын жүргізу және энергияның альтернативті көздерін пайдалану;

- жылумен, газбен, сумен қамтамасыз ету, су тарату жүйелерін модернизациялау және дамыту;

- жаңа замаңғы байланыс қызметтерін енгізу, телефон байланысын модернизациялау және қайта құрастыру.

Территориалды (аймақтық) құрылым дамуы:

- кешенді қала салуды жоспарлау негізінде территориалдық өзгерістерді реттеу арқылы қалалық аймақ сапасын жақсарту;

- қала экономикасының тиімді қалыптастыруға және адамның өмір сүруіне қолайлы ортаны құруға ықпал ететін қала салудың рационалды шешімдерін іске асыру арқылы қала территориясын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- қала территориясын кеңейту және Орал қаласының біртұтас аймақтық кешені шеңберіндегі жаңа алаңдарды дамыту;

- жол желілері мен жол инфрақұрылымы нысандарын дамыту, автокөлік жолдарының сапасы мен жүруге рұқсат алу мүмкіндіктерін арттыру, қаланың жоғары жылдамдықпен жүруге мүмкіндік берілген жолдарында біркелкі жүйені және қала мағынасындағы магистралдарды қалыптастыру;

- жолда жүру қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және қала тұрғындарының демалуына жағдай жасау;

- қоршаған орта сапасы мониторингінің, автокөлік экологизациясының әсерлі жүйесін құру;

- ірі стационарлық ластану көздерін экологиялық тұрғыда жөндеу және модернизациялау;

- өзендердің жағдайларын жақсартуға байланысты шаралар жүргізу;

- тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру жүйелерін жетілдіру;

- ТЖ-ды болдырмауға байланысты шараларды қамтасыз ету.

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

- жұмысты жоспарлау, бюджеттеу және реттеу үрдістерін жетілдіру арқылы әкімдік пен маслихат істерінің тиімділігін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарының шарттарын жақсарту, техникалық жабдықтау мен компьютерлік сауаттылықты өсіру, жергілікті арқарушы органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігін арттыру;

- аймақтық басқаруда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және практикалық қолдану;

- барлық бюджет көрсеткіштерін толық пайдаланудың жетістіктері бойынша іс-әрекетті реттеу, қорытындыға бағытталған мемлекеттік бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезеңмен енгізу;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, халыққа арналған жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстары арқылы электронды түрде көрсетілетін интерактивті әлеуметтік маңызды қызметтердің санын ұлғайту;

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

- қала тұрғындарының қоғамдық санасындағы мемлекеттік саясатты қолдауының деңгейін арттыру, этника аралық және дін аралық келісімді нығайту, дін таңдау бостандығын қамтамасыз ету;

- Жастар ұйымдары істерін жандандыру;

- қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, алдын алу жүйелерін дамыту.



Іске асыру кезеңдері


1-кезең – аралық кезең (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – алғашқы кезеңдік және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру;

2-кезең – соңғы кезең (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған шараларды жүзеге асыру және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму негіздерін қалыптастыру

Мақсаттық көрсеткіштер


2009 жылғы 63200 млн. теңгемен салыстырғанда, 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 115685 млн. теңгені құрайды. 2015 жылы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі 71,8%-дан кем құрамайды (2009 жылы-67,1%).

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 83034 млн.тенгеге дейін өседі (2009 жылы – 42450,3 млн. теңге).

2015 жылы инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі өсуі - 13,5 % (2010 жылы - 4.7%)

2015 жылы құрылыс материалдар өндірісінің көлемі 9064 млн. теңгені немесе 2009 жылмен салыстырғанда 58,8%-ға көп деңгейді құрайды (2009 жылы - 5708,5 млн. теңге).

2015 жылы 2010 жылға қарағанда туристік қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың жалпы табысының өсімі 15%-дан төмен емес.

2015 жылға болжалданған халықтың өмір сүру ұзақтылығы 73,5 жасты құрайды.

2015 жылда өлім көрсеткіші 9,6 промилге, 100 мың тірі туғандарға шаққанда, ана өлімі 26,6 промилге, нәресте өлімі 9,0 балаға қысқарады (2009 жылы – 1000 тірі туылғандарға шаққанда 13,8).

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар - 79% (2009 жылы - 63%).

12 жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс жасайтын мектептер үлесі - 100% (2009 жылы -0).

2015 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді.

2015 жылы өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халық үлесі 3,1%-ға дейін төмендеді.

2015 жылы халықтың полицияға сенімінің болжамды деңгейі 50%-дан кем болмайды.

Мемлекеттік тілді игерген қала халқының деңгейі 2013 жылы 63%-ды, 2015 жылы - 65%-ды құрайды.

Мәдениет саласы бойынша қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2013 жылы 41%-ды, 2015 жылы - 44% -ды құрайды (2009 жылы - 35%).

2015 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту егде халықтың 27% -на жетеді.

2015 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балаларды қамту 22,5 %-ды құрайды.

2015 жылы 1 адамға есептелген тұрғын үй аумағы 0,56 шаршы метрден кем болмайды.

Жалпы аумақтағы апат жағдайында тұрған тұрғын үй ауданының үлесі 0,2 %-дейін қысқарады.

2015 жылы қатты жамылғымен жабылған жол үлесі 43 %-ға өседі.

2015 жылда электр желілерінің істен шығу деңгейі 52,8%-ға төмендейді.

2015 жылы қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтылу 87%-ды құрайды.

2015 жылы жергілікті телефон байланысының сандық жүйесінің енуі 100%-ға жетеді.

2040 жылға дейін қаланың бас жоспарының түзетулері мен бекітілуінің аяқталуы

2010 жылға қарағанда 2015 жылы қала мен ауылдық округтердің жарықпен қамтылған көшелерінің санын 62% -ға дейін жеткізу

2015 жылы қаладағы көгалдандыру алаңы 1 тұрғынға шаққанда 10 шаршы метрге өседі

2015 жылы абаттандырылған қала және ауыл алаңдарының санын 39 бірлікке дейін жеткізу

2015 жылы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшуі 78% -дан кем емес

2015 жылдағы веб-портал арқылы электрондық мемлекеттік сатып алудың 100%-дық үлесі

2015 жылы шаруашылық жүргізуге құқығы бар шығыны көп мемлекеттік кәсіпорындардың 20%-ға дейін қысқаруы

2015 жылы қоғамдық санада жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтық қоғам институттарының дамуына бағытталған Мемлекет және мемлекеттік саясат даму стратегиясын қолдау деңгейі 55%



Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаттары, несиелік қаражаттар

Қаржыландыру көлемі:

2011 жыл –19346,4 млн. теңге

2012 жыл – 23963,1 млн. теңге;

2013 жыл – 22261,8 млн. теңге;

2014 жыл – 18380,4 млн.теңге;

2015 жыл – 15405,6 млн.теңге.
Барлығы: 99357,2 млн. теңге



2. АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қала ахуалының позитивті және негативті жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі қаланың үлесі көп, ол 2009 жылы 72%-ды немесе 63,2 млрд. теңгені құрады.

Өндеу өнеркәсібі машина жасау және азық-түлік саласымен көрініс табады. Өңдеу өнеркәсібі үлесінің артуын бақылай отырып, оның құрамында тамақ өнеркәсібі өнімі үлесінің көтерілгендігін көреміз.

Облыстың агро-өнеркәсіптік кешеніндегі қалалық агро-өнеркәсіптік кешеннің үлесі азғантай. Қаланың ауыл шаруашылығы саланың жалпы өнімінің 4 %-ын ғана қамтамасыз етеді.

2009 жылы негізгі капиталдағы облыстық көлемдегі инветицияның 9,9 % ғана Орал қаласына тиесілі болды (Бөрлі және Зеленов аудандарынан кейін 3-орынды иеленді), ал ол 2005 жылы негізгі капиталдағы инвестицияның облыстық көлемінің 29,5%-ын құраған еді.

Облыстық сыртқы тауар айналымның жалпы көлемінде Орал қаласы маңызды орын алады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты.

Экспорттың не импорттың құрылымында көлемі өсіп келе жатқан машина, құрылғылар мен механизмдер, электротехникалық құралдар, азық-түлік тауарлары, бағалы емес металдар және олардан жасалған бұйымдар, минералды өнімдер басым болып отыр.

Облыстың еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша 2005-2009 жылдар аралығында экономикалық белсенді қала халқы деңгейінің көрсеткіші 10,6%-ға артқандығы байқалады. 2009 жылы жұмыспен қамтылған халық саны сауда (19,6%), құрылыс (16,6%), өнеркәсіп (13,3%), білім беру (12,6%), денсаулық сақтау (8,3%) салаларында шоғырланды.

2005 жылдан 2009 жылға дейін жұмыссыздықтың үлесі 9,7%-дан 5,6%-ға кемуінің тұрақты тенденциясы, экономикалық белсенді халық пен жұмыспен қамтылғандар санының тұрақтылығы, еңбекке араласқандар санының өсуі байқалды. Осы кезде БҚО-нда бұл көрсеткіштер 9,0%-дан 6,3%-ға дейін қысқартылды.

Орал қаласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 15,4%-ды ғана құрап, облыс көрсеткішіне жол береді. Бұл ретте облыс көрсеткіші 39,9%-ға сәйкес келеді.

Кедейлік көрсеткішінің төмендеуінің оң тенденциясы байқалып отыр. 2004 жылдан 2009 жылға дейін қаладағы кедейлік тереңдігі 3,0-тен 0,5 %-ға (ауылдық елді-мекендерде 10,3-тен 2,2 %-ға), кедейлік өткірлігі – 0,8-ден 0,1 %-ға (ауылда 3,5-тен 0,6 %-ға) кеміді.

Кедейлік көрсеткішіне қатысты деңгей бойынша (өмір сүру минимумы мөлшеріне төмен табысына ие халықтың үлесі) Қазақстан аймақтары арасында облыс 10 рангті иеленеді, бұл – халықтың 8,2%-ы, яғни ол орташа республикалық маңыздылықтан төмен. Бұл көрсеткіш қалалық елді-мекенде одан әрі төмен – 3,5%.

Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері дүниеге келудің тұрақты өсуімен, адам өлімінің кему тенденциясымен және халықтың табиғи өсуімен айқындалады.

Көшіп-қону жағдайы қала халқы үшін көшіп-қонудың оң сальдосымен сипатталады. Қала елді-мекеніне еңбекке қабілетті халықтың келуі материалдық ырысты жақсарту және өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

Экономкалық өсудегі оң тенденцияларға, негізгі әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің жақсаруына қарамастан, қала дамуында шешімін таппаған төмендегідей маңызды мәселелер қала берді:

1. Өнеркәсіп пен құрылыстың тұрақты және сапалы дамуы үшін негіздемелер құрылған жоқ. Қаланың өнеркәсіптік кешенінің сапалы сипаттары нашарлауда.

2. Мұнайгаз кешенін бюджеттік қаржыландыру мен оған тапсырыс беру қаланың өсу мен дамуының негізгі генераторы болып табылады. Бұл жалпы алғанда, қаланың әлеуметтік және экономикалық ахуалының шикізаттық көмірсутектік ресурстарындағы әлекмдік нарық бағасына тәуелділігін нығайта түседі.

Өнеркәсіптің негізгі салалары бірқатар мәселелермен соқтығысып отыр. Олардың қатарына өнеркәсіптік құрылғылардың жоғары дәрежеде істен шығуы, өндірістік құралдардың бәсеңдеп қалыпқа келтірілуі, несиелік ресурстарға қол жетімділіктің шектеулігі және олардың жоғарғы пайыздық мөлшері, кәсіпкерліктің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділігі, жаңа инновациялық жобаларды енгізу әлсіз динамикасы, өңдеу секторның кейбір салаларының бәсекелестікке қабілеттілігінің жеткіліксіз дәрежесі жатады.

3. Еңбек қосымшасы саласы ретіндегі өңдеу өнеркәсіп рөлінің төмендеуі. Зерттеу кезеңінде бұл саладағы халықтың еңбекпен қамтылуы үлесі 11,2% -дан 9%-ға қысқарды. Өндірістің жоғары дәрежедегі мәдениет пен жоғары білікті мамандарға ие жұмыс орындарының қысқаруы орын алып отыр, оның орнына еңбектің төмен біліктілігіне ие секторларда жұмыспен қамтылу өсуде.

4. Әлеуметтік қызмет көрсету салаларында төмендегідей шешімін таппаған мәселелер бар:

Білім беру саласына келер болсақ, бейімделген алаңдарда орналасқан мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орынның тапшылығы, білім беру ғимараттарының физикалық және моральді істен шығуы, оқушы орындарының жеткіліксіздігі білім беру қызметтерін көрсету сапасына кері әсерін тигізеді;

Денсаулық сақтау саласында – дәрігерлер тапшылығы.

5. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында – тұрғын үй қорларының ескіруі, соның ішінде тозу және апат жағдайына байланысты ҚПҚ-мен 300-ден астам үй қамтылмаған; инженерлік желілер мен құрылғыларының ескіруі – энергетикада - 80%, канализацияда – 32%, ЖЭО-ның ескірген құрылғылары, 38% ғана жолға асфальт-бетон жамылғысы төселген.

6. Автокөлік және өнеркәсіп кәсіпорындары қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Жайық өзенінің экожүйесін сақтап қалу мәселелері экологиялық проблемалар болып табылады. Орал қаласының канализациялық тазалау құрылысының істен шығуы, қалдықтарды пайдаға асыру мәселелері жергілікті экологиялық мәселелерге жатады.

2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының анализі
2.2.1 Орал қаласы экономикасының анализі

Батыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына Орал қаласы үлкен үлес қосады.

2005-2009 жылдары БҚО өнеркәсіптік өндірісіндегі Орал қаласының өнім үлесі 13,7-ден 14,7 %-ға, сауда саласында 48,7-де 64,8%-ға өсті, тек құрылыста 73,4-тен 19,7%-ға қысқартылды. Бұл тау-кен өндірісі өнімін шығарудың құрылыста аса өсуімен түсіндіріледі.

1-кесте


Батыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі салаларының өндірістік өніміндегі Орал қаласының үлесі





2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Өнеркәсіп млрд. теңге: БҚО

180,9

247,9

296,5

439,4

430,1

Орал қаласы

24,8

31,3

40,1

54,0

55,4

БҚО-на қарағандағы Орал қаласының %

13,7

12,6

13,5

12,3

12,9

Құрылыс, млрд. теңге:БҚО

43,6

47,2

45,7

54,2

52,3

Орал қаласы

32,0

27,8

32,0

15,4

10,3

БҚО-на қарағандағы Орал қаласының %

73,4

58,9

70,0

28,4

19,7

Сауда,млрд. теңге: БҚО

55,8

60,6

69,0

76,5

79,5

Орал қаласы

48,7

52,3

59,0

65,4

64,8

БҚО-на қарағандағы Орал қаласының %

87,3

86,3

85,5

85,5

81,5

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.batys.stat.kz
Дамуы Орал қаласының экономикасының шынайы өзгеруіне үлкен қосқан салаларға өндеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және байланыс жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет