Мазмұны Қолданылған қЫСҚартулар тізімі



бет9/30
Дата03.07.2016
өлшемі3.4 Mb.
#175377
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

3. ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫН БОЛЖАУ


Орал қаласы өңдеу өнеркәсібі мен жоғары білікті қызмет секторларының тұрақты дамуы, экологиялық жағдайдың позитивті қарқыны, ыңғайлы аймақтық орта мен тиімді көлік инфрақұрылымын құру негізінде халықтың өмір сүру сапасының тұрақты өскен территориясы болады.

Орташа ұзақ мерзімдегі Қазақстан Республикасының перспективасы мұнай-газ кешенінің одан әрі дамуымен байланысты болады. Батыс Қазақстан аймағында орналасқан Орал қаласының дамуы, бірінші кезекте, Батыс Қазақстан облысының және жақын маңда орналасқан мұнай өндіру аймақтарының машина жасау, металл өндіру, құрылыс материалдар индустриясы, азы-түлік өнеркәсіп өндірісі өнімдеріндегі, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика қызметтері саласындағы қажеттіліктерімен анықталады.

Территорияның дамуының негізгі мақсаты – халықтың жоғарғы деңгейлі әл-ауқатымен және өмір сүру сапасының жоғарғы стандарттарымен, әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт қызметтерімен, өмір сүруге қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ететін қарқынды дамыған, теңестірілген, диверсификацияланған және бәсекелестікке қабілетті экономиканы қалыптастыру.

Жалпы болжауды іске асыру мынадай жағдайларға бағытталған:

- машина жасау, металлургия және металл өңдеу, тамақ өнеркәсібі және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру сияқты өңдеу өнеркәсібінің өнімдері өндірісінің көлемін арттыру;

- білім беру, денсаулық сақтау, рекреациялық-туристік қызмет, құрылыс, көлік және логистика салаларындағы қызмет секторларын дамыту;

- аймақтың шағын және орта бизнесінің бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту және арттыру үшін қолайлы жағдай жасау;

- Қазақстанның басқа облыстарымен және шетел мемлекеттерінің шекаралас аймақтарымен ынтымақтастық формалары мен бағыттарын дамыту;

- табиғатты рационалды қолдану, қоршаған ортаға келетін экологиялық ауыртпашылықты азайту, қалалық табиғи ортаты белсенді дамыту арқылы қолайлы экологиялық жағдайды сақтау және дамыту;

- халықтың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру;

Түрлі орындау кезеңдеріндегі Бағдарламаны жүзеге асыру құралдары мыналар болып табылады:

- 2011-2015 жылдарға арналған Орал қаласы территориясының даму Бағдарламасындағы шаралар жоспары;

- орын алған мемлекеттік органдар басқармасының стратегиялық және операциялық жоспары;

- коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың биснес жоспарлары мен жобалары.

Орташа мерзімді кезеңдегі Орал қаласы территориясының даму Бағдарламасының артықшылықтары:

I артықшылық

Өңдеу өнеркәсібін дамыту

II артықшылық

Жоғары білікті қызмет көрсету салаларын дамыту

III артықшылық

халықтың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын өсіру

Орал қаласының БҚО мен Батыс Қазақстан аймағының дамуындағы миссиясын іске асыру үшін келесідей міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету қажет:
1. Машина жасау, металлургия және металл өңдеу

Мемлекеттік индустриалдық саясатты жүзеге асыру құралдарын пайдалану арқылы бәсекелестікке қабілетті өнімдерді өндіру үшін қалалық машина жасау кәсіпорыдары мен шетелдердің осы бейіндегі компанияларының бірлескен кәсіпорындарын және басқа да ынтымақтастық формаларын қалыптастыруды қалыптастыру. Мемлекеттік индустриалдық саясатты жүзеге асыру құралдарын ашып айтсақ, олар төмендегідей:

- индустриализацияның ұлттық және аймақтық картасына қосу,

- қазақстандық мазмұнды қамтамасыз етуде мемлекеттік, ұлттық және трансұлттық компаниялардың ұзақ мерзімді тапсырыстарын орындау,

- жергілікті кәсіпорындар өнімінің мемлекеттік тапсырыстары үшін халықаралық бюджет мүмкіндіктерін қолдану,

- машина жасау өнімдерінің ұлттық байқау орталықтарын құру (бәрінен бұрын теңіз мұнайын өндіруге арналған құрылғыларды байқау).



2. ауылшаруашылық қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі:

- өңдеу өнеркәсібінің одан әрі дамуын қамтамасыз етудің негізі ретінде жергілікті тауар шикізат базасын қалыптастыру үшін ауылшаруашылықты дамытуды мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді қолдану мақсатында өкілетті мемлекеттік органдардың, өндірушілердің және ауылшаруашылық өндірушілерінің ықпалдасу механизмін құру, аграрлық ғылымды жетілдіру, мамандарды дайындауды жақсарту;

- ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі өнімдерін қайта өңдеу секторындағы өнімдердің жаңа түрлерін игеру, Батыс Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жақын аймақтардың қатысуының үлесін және жергілікті өнеркәсіптің маңыздылығын арттыру.
3. құрлыс материалдарының өндірісін дамыту:

- аймақтағы мемлекеттік құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жергілікті өнеркәсіпті және құрылысты тарту,

- жеке құрылыстың барлық формаларын дамыту және қолдау.

4. Шағын және орта іскерлікті дамытуға бағытталған жоғары білікті қызметтерді дамыту бойынша:

-мемлекеттік-жеке серіктестік негізде рекреациондық (санаториялық-сауықтыру) жүйені мына жолдар арқылы қалыптастыру:

жобаның операторы ретінде - мемлекеттік-жеке кәсіпорындар ашу,

территорияда рекреациондық потенциалды бағалау жұмыстарын жүргізу,

даму және ұйымдастыру түрлері бойынша жоспарын жасау,

сыртқы мамандандырылған фирмалар мен инвесторларды, қаражаттарды тарту;

- туризмді дамыту бойынша:

- көпсалалы туризмді және ойын-сауық секторын дамыту жоспарын жасау,

- территорияның архитектуралық дамуында жаңа концепциялар, мақсаттар мен бағыттар анықтау.

- техникалық және кәсіби оқыту мен жоғары оқу орны жүйесіндегі дамыту бойынша:

-еңбек нарығы мен білікті жұмыс күштерін даярлауда өзара қатынастардың комерциялық механизмін қалыптастыру және Батыс Қазақстанның басқа облыстарында жұмыс күшін даярлау және қайта даярлау бойынша аймақтық мемлекеттік және жеке бағдарламаларға қатынасуды көбейту;

денсаулық сақтау жүйесі бойынша:

-мамандар құрамын жастармен толықтыру,

- жеке медицинаның нарықтағы үлес салмағын және қызметтер көрсету түрін көбейту,

- басқа мемлекеттердің медициналық мекемелерінің болуы.

- экология бойынша:

- қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен санитарлық өлшемдері бойынша жақсы динамикаға көшу.

Бағалық, технологиялық және интитуционалдық факторлармен қала территориясын әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасы өзара жағымды үйлесім тапқанда ғана ол жоғарғы экономикалық және әлеуметтік тиімді сипат алады.

Басты мақсаттық индикаторлар:

Қала экономикасы:

2009 жылғы 63200 млн. теңгеге қарағанда 2015 жылға қарай өнеркәсіп өнімінің көлемін қазіргі бағадан 115 685 млн. теңгеге өсіру.

2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптердің үлес салмағын жалпы өнеркәсіптік өндірісте 71,8 % дейін өсіру (2009 жылы – 67,1 % ).

Өңдеуші өнеркәсіптердің жалпы үлес салмағын (2009 жылы –42450,3 млн. теңге) 83034 млн.тенге дейін өсіру.

Өңдеуші өнеркәсіптерде еңбек өнімділігі 2009 жылға қарағанда (5871 млн.теңге) 1,8 есе артады,

2015 жылы машина жасау өнеркәсібінің өнім көлемі 7100 млн.теңгеге өседі (2009 жылы – 13746 млн.теңге),

2015 жылы азық-түлік өнідірісінің өнімі 35392 млн.теңгеге (2009 жылы – 16366,8) өседі,

Жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде иннновациялық кәсіпорындардың үлес салмағын 6,8% өсіру.

2015 жылы құрылыс материалдарын өндірудің көлемі 9064 млн.теңгені құрайды немесе 2009 жылдық деңгейден 58,8% жоғары (2009 жылы -5708,5 млн.теңге).

Ауыл шарушылығында еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай 2009 жылмен салыстырғанда бір адамға шаққанда 1718 мың теңгеге өседі,

2015 жылы шағын және орта іскерлікте жұмыспен қамтылу экономикалық белсенді халықтың жалпы санынан арасалмағы 35,3% дейін артады,

2015 жылы адам басына есептегендегі бөлшек сауда айналымы 295,8 мың теңгені құрайды (2009 жылы – 259,3 мың теңге).

2015 жылы туристік қызмет саласындағы ұйымдардың жинақ кірісі 2010 жылға қарағандағы деңгейден 15 % кем емес көлемге өседі.


Әлеуметтік сала және адамдар әлеуеті:

2015 жылға қарай күтілетін халық өмірінің ұзақтығы 73,5 жасқа ұзарады;

2015 жылға қарай жалпы өлім 9,6 промилльге төмендейді;

Аналар өлімі 100 мың туылған тірі нәрестеге есептегенде 26,6 % құрайды;

Нәресте өлімі (2009 жылғы 1000 тірі туылғанға 13,8) 9 адамға төмендейді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту (2009 жыл – 60,3%) 79% құрайды,

12-жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс жасайтын мектептер үлесін (1,5,11 кластар) (2009жыл - 0)-100 өсіру;

Жалпы салалық мектептердің санынан жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептердің үлесі - 5% құрайды;

35 % орта және техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесі қолданылады (2009ж.-0)

Жоғары және бірінші санатты, білікті педагог мамандардың жалпы педагог мамандар санынан үлесі 35 % құрайды (2009 жыл – 30% ).

Жалпы білім беру ұйымдары санынан инклюзивті білім беруге жағдай жасалған ұйымдардың үлесі 30 % (2009 жыл - 9%) құрайды,

Жанұяларға орналастырылған, жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мекемелері тәрбиеленушілерінің үлесі (2009 жылы – 5,3%) 19,6 % құрайды.

ТжКО оқу орындарын бітірушілердің оқуды аяяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасқандарының көлемі 76,5% құрайды (2009 жылы – 60,2%).

2015 жылы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін 4,7% төмендету.

2015 жылы күнкөріс минимумынан төмен кірісті халықтың үлес салмағы 3,1% дейін төмендейді.

2015 жылы халықтың полицияға сенімінің болжамдық деңгейі 50,0 %-дан кем емес көлемді құрайды.

Мемлекеттік тілді білетін қала халқының үлесі 2013 жылы 63%, ал 2015 жылы 65% құрайды

Қала халқының мәдениет салалары қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі (2009 жылы-35%) 2013 жылы-41%, 2015 жылы - 44% құрайды.

Дене шынықтыру және спортпен айналысушы азаматтардың қамтылуы 2015 жылы 27 % құрайды.

Дене шынықтырумен балаларды қамту 2015 жылы 22,5% құрайды.


Инфрақұрылымдық кешен:

2015 жылға қарай тұрғын үй енгізу есеппен 1 адамға 0,56 шаршы метр.

Тұрғын үй қорының жалпы санынан апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің көлемі – 0,2 % төмендейді.

2015 жылы өткен жылдарға қарағанда көрсетілген тасымалдау қызметі 103,5% құрайды;

2015 жылға қарай қаланың асфальтбетонмен жабылған жолдарының көлемінің 43% өседі;

2015 жылы қолданыстағы бағдаршамдардың 100% диодтармен жарқыраған бағдаршамдармен ауыстырылады

2015 жылға қарай елді мекендер тұтынушыларын орталықтанған сумен қамту 50%-нан төмен емес,

2015 жылға қарай электр желілерінің тозуы 52,8% төмендейді,

2015 жылға қарай тұтынушылардың коммуналдық қызметтерген қанағаттануы 50% -ды құрайды;

2015 жылға қарай қаланың орталықтанған сумен қамту 87% - ды құрайды;

2015 жылы тұрғын үй қорын нормативті қолданумен қамтылған кондоминимум нысандарының үлесі 80% - ды құрайды (2009 жыл - 70%);

2015 жылы менеджменттің заманауи әдістерін еңгізген коммуналдық сектор кәсіпорындарының үлесі 34% - ды құрайды (2009 жыл - 15%);

2011-2015 жылдар аралығында тұтынушылардың барлық түрлерін табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ету 34% құрайды

2015 жылға қарай лифт құрылымдарымен қамтамасыз ету тұрғын үйлерде 98 % құрайды.

2015 жылға қарай жергілікті телефон жүйесін сандық жүйеге ауыстыру 100% -ды құрайды.
Территорялық (кеңістіктік) құрылым:

2040 жылға дейінгі қаланың Негізгі жоспарын түзетуді аяқтау және бекіту;

Қаланың Негізгі жоспарын орындауды 100% қамтамасыз ету;

Қала құрылысы және басқада жобалық құжаттардың қажеттілігін 100% қамтамасыз ету;

Қабылдау коммисиясына, мемлекеттік қабылдау коммисиясына қолдануға беру мерзімін сақтай отырып, дайын нысанды бірінші тапсырғанда 100 % талапқа сай тапсыру;

2015 жылы қала және ауыл округтері көшелерін жарықтандырылған көшелер санын 2010 жылға қарағанда 62 % жеткізу (2010 жыл – 560 көше);

2011 жылы жарықтандырылған көшелерді АСУНО-РО2 100% қамту;

2015 жылға қарай қаладағы жасыл желектер көлемі 1 адамға шаққанда 10 кв.м көбейеді;

2015 жылға қарай қала мен ауыл округтеріндегі көркейтілген скверлер мен алаңдар санын 39 бірлікке жеткізу;

2015 жылға қарай ластаушы заттарды атмосфераға лақтырудың 2009 жылға қарағанда жалпы көлемін 5,5% қысқарту (2009 жыл – 108,8 мың тонна).

Қала жүйесінің мобилизациялық даярлыққа дайындығының деңгейі 80% жеткізу;

Жергілікті көлемдегі төтенше жағдайды ескерту және жоюға азаматтық қорғаныс қала жүйесінің даярлық деңгейі 100% жеткізу ;

Қалалық деңгейде далалық өрттердің алдын алу және сөндіру, мемлекеттік өрт сөндіру органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруге әзірлік деңгейі 100% жеткізу.
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

Қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың регламентті сақтауды 100% қамтамасыз ету;

2015 жылы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді 78% электронды форматқа көшіру,

2015 жылы халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін 19,3% өсіру (2009 жыл - 10%);

2015 жылы халықтың көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейі 100 % құрайды;

2015 жылы мемлекеттік сатып алулар көлемінде веб-портал арқылы электронды мемлекеттік сатып алу үлесі 100 % құрайды;

2015 жылға қарай шығынды мемлекеттік кәсіпорындарының санын 20 % дейін төмендету;

Қала экономикасының дамушы салаларына болжау көрсеткіштерін 100 % қамтамасыз ету;

2015 жылы тұтынушылардың отандық ақпараттық өнімді қажет ету деңгейі 40 %;

2015 жылы мемлекеттің басымды дамулары жөніндегі ақпаратпен БАҚ арқылы хабардар болуы45% жеткізу;

2015 жылы жергілікті басқару және азаматтық қоғамды дамыту бағыты бойынша мемлекеттің даму Стратегиясын қоғамдық сананың қолдау деңгейі 55%;

2015 жылы қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік институттардың өзара әрекетін қанағаттанарлық деп бағалайтын халықтың үлесі 38% (2009 жыл - 32%) жеткізу;

Жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанатын 29 жасқа дейінгі халықтың үлесі 53% құрайды;

Округтер территориясында жергілікті бірлестіктерді дамыту жобасын ендіру 100%.



4. НӘТИЖЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ, КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
1. БАҒЫТ. АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ
Аймақтың индустриальды-инновациялық дамуы
1.1 Мақсат. - Индустриальды-инновациялық даму жолы арқылы қала экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сыртқы экономикалық серіктестіктерді кеңейту және нығайту.



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Бағалау

1 кезең

2 кезең

Жауапты орындаушы

2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Мақсаттық индикаторлар:

жалпы өнеркәсіпте өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2015 жылы 71,8%-дан кем емес көлемді құрайды (2009 жыл-67,1%)

%

68,2

68,8

69,5

70,2

70,9

71,8

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 2009 жылғы деңгейге қарағанда 1,8 есе артады (2009 жыл – 5871 млн. теңге)

тыс.

тенге

6059

6681

7421

8219

8806

9226

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі





Инновационды-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2015 жылға қарай 13,5 % артады

%

4,7

5,6

7,9

10,2

11,3

13,5

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Өнеркәсіптердің дамуын сипаттайтын жалпы индикаторлар:

1

Өнеркәсіптік өндірістер көлемі

млн.

теңге


66483

73794

82090

91375

102551

115695

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2

Өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлемінің индексі

2009 жыл – 103,9%)



%

105,2

103,3

104

104

104

104,5

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

1.1.1. Міндет. Өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуы

1

Өңдеуші өнеркәсіптер өндірісінің көлемі

(2009 жыл –42450, 3 млн. теңге)



млн.

тенге


45341

50734

57035

64174

72748

83034

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2

Өңдеуші өнеркәсіптер өндірісінің өсу қарқынының көлемі

% өткен жылға қарағанда

106,8

104,1

105,1

105,2

105

105,7

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Металургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын дамыту

3

Металлургиялық өнеркәсіп өнімін және дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі

(2009ж.– 6339,4 млн.теңге)



млн.

тенге


7300,0

8115

9032

10087

11085

12601

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Соның ішінде толық сипаттағанда:




Арматура, құбыр

тонна

51

52

53

55

56

57







Ұнтақтаушы шарлар

тонна

13705,0

13896,0

14160,9

14500,7

14921,2

15420,0







Металлургиялық өнеркәсіпте өндірістің артуы 2015 жылы республикалық деңгейде 3,0%

%

2,3

3,0

3,0

3,0

3,0

3,0

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Металлургиялық өнімнің экспорты 2015 жылы республикалық деңгейде 2,8%

%

1,1

1,0

2,8

2,8

2,8

2,8

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Металлургиялық өнеркәсіп өнімінің экспорт көлемі

млн.

теңге


2800,0

2870,0

2990,0

3100,0

3200,0

3500,0

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Химиялық өнеркәсіптің дамуы

4

Химиялық өнеркәсіптің жалпы өндірісі (2009 жыл – 379 млн. теңге)

млн.

тенге


380

415

453

494

545

603

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Химиялық өнеркәсіп саласының өсу қарқыны

%

101,1

101,6

101,9

102,1

102,2

102,3

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Машинажасаудағы еңбек өнімділігінің өсуі


тыс.

тенге


4058

4358

4825

5272

5838

6479

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Машинажасау өнімінің өндіріс көлемі

млн.

тенге


7864

8572

9631

10676

11992

13496

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет